Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Барысы:
Хоровод:«Новогодняя считалка» песня – танец
(Оқушылар қолдарына жанатын таяқша ұстап, билеп, ән айтып шығып, шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші:Кел, жаңа жыл,жаңа жыл!
Төрле,төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
Армысыздар, құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар және қонақтар.Жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
(Сахна сыртында көңілсіз даусы естіледі,бір топ сайқымазақтар келеді.)
Сайқымазақтар:
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймыз
Сарайымызды былғайтын.
Жүргізуші:-Сәлеметсіздерме. Бұл сіздердің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Сайқымазақтар: Тек біздің мектебімізге айналған сарайымызда ойнамақшы болдыңдар ма?
Жүргізуші: Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Сайқымазақтар: Біз ешқандай кідіре алмаймыз.Тезірек сарайымызды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте сиқырлап тастаймыз.
Жүргізүші: Қап, әттеген ай бұл жер сіздердей сайқымазақтардың сарайы екенін білген жоқпыз ғой. Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да сиқырлап тастаса не болады? Енді қайттік?
Жүргізуші: Ханшайымдар сабыр сақтаңыздар,
Ханшайымдар дәл бұлайша қатал болмас.
Жамандықпен ешкім сіздерді ескере алмас,
Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,
Жаныңыздың мұз жарасы ешқашанда жазылмас.
Сәлем беріп біздер сізге
Бар өнерімізді саламыз.
Өнерлі ханымдар келді деп
Әлемге жар саламыз!
-Бізде өнерлі балалар,өнерлерін қабыл ал!
Сайқымазақтар: Солайма, жарайды,сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті.Ендеше біздің бір шартымыз бар.Балалар бізбен бірге би билейсіңдер.
Жүргізуші: Жарайды,біздің балалар шетінен өнерлі.Балаларды биге шақырамыз.
Сайқымазақтар:Біздің мына әнмен, биден кейін көңіліміз жайланды. Бір жеңілдеп қалдық. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Біздің сарайымыз енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық! Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
(Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.)
Сұлтанның сөзі:
Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?
ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз
Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!
ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар! Сізге ұнайды деп ойлаймыз!.күтейік!
Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші. көрсетші!
ЖҮРГІЗУШІ: Суық, қарлы Солтүстіктің аруы ғой!
Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер! Көрсетіңдер! Барыңыздар да, алып келіңіздер!
Музыка ойналады ( мыстан кемпірдің келуіне жағымсыз әуен орындалады)
ЖҮРГІЗУШІ: Жоқ, мыстан! Сұлтанның қалыңдығы Ақшақар! Олар Аяз Ата екеуі келе жатыр.
Сұлтан: Әлгі сұлу қыздарың осы ма? Бұл не қылған сұмдық?! Дереу ұстап алып алдыма алып келіңдер!
ЖҮРГІЗУШІ: Сұлтаным бұл солтүстіктің қызы емес, бұл жалған айтып тұр.
Сұлтан: Басын алыңдар! жазалаңдар бұны.
(Уәзірлер оларды сұлтанның алдында бас игізеді.)
Мыстан: Ой мені кешіре көріңіз! мен сіздерге арнап өз өнерімді көрсетейін! Балалар, маған көмектесіңдер! Өтінем!
Хоровод:Ай-да, елочка!
ЖҮРГІЗУШІ: Балалар Мыстанның Сұлтанды және мына қонақтарды алдағаны үшін көрсеткен өнері сендерге ұнады ма?
БАЛАЛАР: Иааааа!
Мыстан: Рұқсат болса мен кетейін! Сау болыңдар балалар!
БАЛАЛАР: Сау болыңыз!
(Мыстан залдан шығып кетеді)
ЖҮРГІЗУШІ: Жарайсыңдар балалар!Балалар бүгінгі біздің кешіміздің арасында біздің ескі жылымыз Доңыз да бізбен бірге жүр екен.Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп!
Доңыз жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.
Доңыз:
(Ескі жыл кетеді)
БАЛАЛАР: Сау болыңыз!
Жүргізуші: -Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды.Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, кәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық!
БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!
( Аяз ата мен Ақша қар келеді)
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!Балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарына кезек берейік.
АЯЗ АТА: Мен бұл мерекеге Жаңа Жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, Оны алдап өзімен алып кетті.Егер Жаңа Жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең немереме үйленуге рұқсат беремін.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Сұлтанымыз Жаңа Жылды алып келгенше жайғасыңыздар! Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Хоровод: Как красива наша елка! ЖҮРГІЗУШІ –Аяз Ата енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымыз ата-аналармен бір ойын ойнап жіберейік!
Аяз ата : Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге Мен бастаймын, Ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Жүргізуші: Қанекей балалар Аяз атамызмен «Ручки-ручки» ойынын ойнайық.Барлығымыз әуенге сәйкес би қимылдарын бірге жасап билейміз.
(Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!) Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер! Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
СҰЛТАН: Міне, Аяз ата! Мен бұйрығыңызды орындадым! Жап-жаңа Тышқан жылын алып келдім! Бірақ маған Маша Тышқан жылын бергісі келмейді!
Аяз ата: Маша болмайды бұл біздің жаңа жылымыз. Мында шыршаны безендіріп Жаңа жыл Тышқан жылын күтіп балалар жүр. Одан да сен бізбен бірге балалардың өнерін тамашала!
Маша: Жарайды, мен сендерге Тышқанымды беремін! Бірақ маған сендер би билеп бересіңдер!
ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық!
Тышқан:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мен Тышқан келіп қалдым ортаңызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Армысыңдар балалар, армысыңдар жамағат.
ЖҮРГІЗУШІ:Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!
БИ: «Тышқандар» биі
Хоровод: «Келді міне, жаңа жыл»
АЯЗ АТА: Ал қарақтарым Уәдемді орындап Сұлтанға немереме қосылуға рұқсатымды беремін! Бақытты болыңдар! Енді Ақшақар екеуімізге тағы да серік қосылды! Жарайды! Бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
ЕНДІ БІЗДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР БАЛАЛАР!
ЖҮРГІЗУШІ
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. (Аяз ата, ақша қар кетеді. ) Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Сайқымазақтардың тышқан жылын қарсы алуы"»
№5 мектеп-лицей
«САЙҚЫМАЗАҚТАРДЫҢ
ТЫШҚАН ЖЫЛЫН ҚАРСЫ АЛУЫ»
Өткізген: Рейм Қ.К
Уралбаева Г.А.
МАД «А»және «Б» топтары
2019-2020 оқу жылы
«САЙҚЫМАЗАҚТАРДЫҢ ТЫШҚАН ЖЫЛЫН ҚАРСЫ АЛУЫ»
Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Барысы:
Хоровод:«Новогодняя считалка» песня – танец
Припев:
И рaз, двa три, и рaз, двa три,
Скoлькo мaльчикoв xoрoшиx, пoсмoтри.
И рaз, двa три, и рaз, двa три,
Скoлькo дeвoчeк xoрoшиx, пoсмoтри.
1.Мы зa руки вoзьмёмся.
Мы встaнeм в xoрoвoд.
Пoпляшeм, пoсмeёмся
И встрeтимНoвыйгoд.
У ДeдушкиМoрoзa
Всeгдaпoлнoxлoпoт,
Нoникoгдaнeпoзднo
НaмвстрeтитьНoвыйгoд.
Припев:
И рaз, двa три, и рaз, двa три,
Скoлькoмaльчикoвxoрoшиx, пoсмoтри.
И рaз, двa три, и рaз, двa три,
Скoлькo дeвoчeк xoрoшиx, пoсмoтри.
И раз, два три, и раз, два три!
Самый лучший праздник по земле идёт!
И раз, два три, и раз, два три!
Даже в Африке встречают Новый Год!
2.Пусть кружится плaнeтa
Вoкруг свoeй oси.
Зaпoмни пeсню эту
И всeм eё нeси.
У Дeдушки Мoрoзa
Всeгдa пoлнo xлoпoт,
И нaдo нам сeрьёзнo
Нaм встрeтить Нoвыйгoд.
(Оқушылар қолдарына жанатын таяқша ұстап, билеп, ән айтып шығып, шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші:Кел, жаңа жыл,жаңа жыл!
Төрле,төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
Армысыздар , құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар және қонақтар.Жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
(Сахна сыртында көңілсіз даусы естіледі,бір топ сайқымазақтар келеді.)
Сайқымазақтар:
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймыз
Сарайымызды былғайтын.
Жүргізуші:-Сәлеметсіздерме. Бұл сіздердің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Сайқымазақтар: Тек біздің мектебімізге айналған сарайымызда ойнамақшы болдыңдар ма?
Жүргізуші: Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Сайқымазақтар: Біз ешқандай кідіре алмаймыз.Тезірек сарайымызды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте сиқырлап тастаймыз.
Жүргізүші: Қап, әттеген ай бұл жер сіздердей сайқымазақтардың сарайы екенін білген жоқпыз ғой. Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да сиқырлап тастаса не болады? Енді қайттік?
Жүргізуші: Ханшайымдар сабыр сақтаңыздар,
Ханшайымдар дәл бұлайша қатал болмас.
Жамандықпен ешкім сіздерді ескере алмас,
Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,
Жаныңыздың мұз жарасы ешқашанда жазылмас.
Сәлем беріп біздер сізге
Бар өнерімізді саламыз.
Өнерлі ханымдар келді деп
Әлемге жар саламыз!
-Бізде өнерлі балалар,өнерлерін қабыл ал!
Сайқымазақтар:Солайма, жарайды,сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті.Ендеше біздің бір шартымыз бар.Балалар бізбен бірге би билейсіңдер.
Жүргізуші: Жарайды,біздің балалар шетінен өнерлі.Балаларды биге шақырамыз.
Сайқымазақтар:Біздің мына әнмен, биден кейін көңіліміз жайланды. Бір жеңілдеп қалдық. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Біздің сарайымыз енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық! Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
(Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.)
Сұлтанның сөзі:
Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?
ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз
Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!
ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар! Сізге ұнайды деп ойлаймыз!...күтейік!
Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші... көрсетші!
ЖҮРГІЗУШІ: Суық, қарлы Солтүстіктің аруы ғой!
Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер! Көрсетіңдер! Барыңыздар да, алып келіңіздер!
Музыка ойналады ( мыстан кемпірдің келуіне жағымсыз әуен орындалады)
ЖҮРГІЗУШІ: Жоқ, мыстан! Сұлтанның қалыңдығы Ақшақар! Олар Аяз Ата екеуі келе жатыр.
Сұлтан: Әлгі сұлу қыздарың осы ма? Бұл не қылған сұмдық?!! Дереу ұстап алып алдыма алып келіңдер!!!
ЖҮРГІЗУШІ: Сұлтаным бұл солтүстіктің қызы емес , бұл жалған айтып тұр.
Сұлтан: Басын алыңдар!!! жазалаңдар бұны.
(Уәзірлер оларды сұлтанның алдында бас игізеді.)
Мыстан: Ой мені кешіре көріңіз! мен сіздерге арнап өз өнерімді көрсетейін! Балалар, маған көмектесіңдер! Өтінем!
Хоровод:Ай-да, елочка!
1.Ай-да, елочка! Хороша, хороша!
Ай-да, Елочка! В гости к нам пришла!
Припев: Хлоп-хлоп ручками подружней,
подружней!
Топ-топ ножками, потанцуем веселей!
2.Ай-да, Елочка! Высока, высока!
Ай-да, елочка! Достает до потолка!
Припев: Хлоп-хлоп ручками подружней,
подружней!
Топ-топ ножками, потанцуем веселей!
3.Ай-да, елочка! Не колись, не колись!
Ай-да, елочка! Огоньками засветись!
ЖҮРГІЗУШІ: Балалар Мыстанның Сұлтанды және мына қонақтарды алдағаны үшін көрсеткен өнері сендерге ұнады ма???
БАЛАЛАР: Иааааа!
Мыстан: Рұқсат болса мен кетейін! Сау болыңдар балалар!
БАЛАЛАР: Сау болыңыз!!
(Мыстан залдан шығып кетеді)
ЖҮРГІЗУШІ: Жарайсыңдар балалар!Балалар бүгінгі біздің кешіміздің арасында біздің ескі жылымыз Доңыз да бізбен бірге жүр екен.Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп!
Доңыз жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.
Доңыз:
(Ескі жыл кетеді)
БАЛАЛАР: Сау болыңыз!
Жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
-Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды...Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, кәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық!
БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!
( Аяз ата мен Ақша қар келеді)
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!Балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар:
Сұлтан:Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле, төрле жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын.
Серікова Айару:Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық
Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық
Құттықтаймыз келер жылды алдағы
Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық
Әлинур:Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз тойда біз.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Жұлдыз:Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!
Дихан:Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел балалар,келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.
Серік Ислам:Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып, қуанып,
Шырқап ән айтамыз.
Қайсар:Қараңдар мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті.
Ұлан:Жапалақтап ақша қар Жауды күнде қайталап Қырға шықты балалар Шаңғыларын арқалап.
АЯЗ АТА: Мен бұл мерекеге Жаңа Жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, Оны алдап өзімен алып кетті.Егер Жаңа Жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең немереме үйленуге рұқсат беремін.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Сұлтанымыз Жаңа Жылды алып келгенше жайғасыңыздар! Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Хоровод: Как красива наша елка! Как красива наша елка! Как красива наша елка! Зелена и высока! И вершина веткой колкой,. И вершина веткой колкой Достает до потолка Ля - ля – ля! Ля - ля – ля! Достает до потолка. Ля - ля – ля! Ля - ля – ля! Достает до потолка.
Есть на елке все игрушки, Есть на елке все игрушки: Куклы, мячики, шары. А на самой на макушке, А на самой на макушке Леденцы для детворы. Ля - ля – ля! Ля - ля – ля! Леденцы для детворы. Ля - ля – ля! Ля - ля – ля! Леденцы для детворы.
Наша елка просто чудо! Наша елка просто чудо! Огоньки горят на ней. И подмигивая будто, И подмигивая будто, Приглашают в круг друзей. Ля - ля – ля! Ля - ля – ля! Приглашают в круг друзей. Ля - ля – ля! Ля - ля – ля! Приглашают в круг друзей. ЖҮРГІЗУШІ –Аяз Ата енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымыз ата-аналармен бір ойын ойнап жіберейік!
Аяз ата : Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге Мен бастаймын, Ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Жүргізуші: Қанекей балалар Аяз атамызмен «Ручки-ручки» ойынын ойнайық.Барлығымыз әуенге сәйкес би қимылдарын бірге жасап билейміз.
(Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!) Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер! Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Тақпақтар:
Рзаева Каусар:Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Өркен:Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Жанібекова Кәусар:Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз тойда біз.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр. Мансур:Жаңа жылмен шаттанып, Жаңарады бар дала. Шырша тойын тойлайды, Дөңгеленіп бар бала.
Сезім:Қайда қызық думан болса, Аяз ата сонда болды. Балалармен бірге ойнап Балалармен бірге қонды.
СҰЛТАН: Міне, Аяз ата! Мен бұйрығыңызды орындадым! Жап-жаңа Тышқан жылын алып келдім! Бірақ маған Маша Тышқан жылын бергісі келмейді!
Аяз ата: Маша болмайды бұл біздің жаңа жылымыз. Мында шыршаны безендіріп Жаңа жыл Тышқан жылын күтіп балалар жүр. Одан да сен бізбен бірге балалардың өнерін тамашала!
Маша: Жарайды, мен сендерге Тышқанымды беремін! Бірақ маған сендер би билеп бересіңдер!
ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық!
Тышқан:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мен Тышқан келіп қалдым ортаңызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Армысыңдар балалар, армысыңдар жамағат.
ЖҮРГІЗУШІ:Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!
БИ: «Тышқандар» биі
Хоровод: «Келді міне, жаңа жыл»
Келді, міне,Жаңа жыл!
Шаттық сыйлап әр үйге!
Жаңа бақыт, жаңа нұр,
Үлкен, кіші, сәбиге.
Жаңа жауған ақ ұлпа,
Қар жамылды даламыз.
Балаларды сағынта,
Келді Аяз атамыз.
Айдай ару Ақшақар,
Көмекшісі сол екен.
Аяз ата-ақсақал
Сыйлықтары мол екен!
Қандай сұлу шыршамыз,
Ортамызда тұр жайнап!
Жаңа жылда баршамыз,
Шаттанайық кел ойнап.
АЯЗ АТА: Ал қарақтарым Уәдемді орындап Сұлтанға немереме қосылуға рұқсатымды беремін! Бақытты болыңдар! Енді Ақшақар екеуімізге тағы да серік қосылды! Жарайды! Бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
ЕНДІ БІЗДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР БАЛАЛАР!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
ЖҮРГІЗУШІ
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. (Аяз ата, ақша қар кетеді. )
Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!