Ұйымдастыру шылық ізденістік | Ғажайып сәт: «Есік қағылып, күшік ішке кіреді». Күшік балаларға қонаққа келгеннен айтып, балалардан қандай құралдарды пайдалануға болатынын, ал қандай құралдарды мүлдем пайдалануға болмайтыны түсіндіріп, беруін сұрайды. -Енді мына сиқырлы қорапшаға назар аударыңдар. Сиқырлы қорапшаның ішінде бірнеше затттар бар. Мен жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар, онда қорапшадағы заттарды алуға болмайды. Жұмбақтар: Жүрген сайын жүйрігім, Қысқарады құйрығың. Жаңалықты жинайды, Жұртшылыққа сыйлайды. Бақырайған көзі бар, Кірпігін жиі қағады. Білімі көп сөзі бар,жаны жоқ. Бірақ бағалы. Алған құнын жүз мың есе ақтайды, Қасында оның кыртыс киім жатпайды. Бар екен бір айдаһар білесің бе, Қап-қара ноқаты бар төбесінде. Ноқатын сүйкеп қалса от шығады, Лапылдап жанын кетсең өлесің де. Құлағы бар, естімейді, Қырқып, қиып, кескілейді. Билингвальді компанент: Теледидар-телевизор, Пышақ-нож,қайшы-ножница, үтік-утюк, сіріңке- спичка. -Жарайсындар сендер заттардың шешуін тауып едіңдер заттардың өзі пайда болды. Енді, мұқият қарап алыңдар осы қауіпті заттарды ұстауға пайдалануға және үлкендердің көмегінсіз қолдануға болмайтынын білдіңдер. «Артығын тап?» дидактикалық ойын: Тәрбиеші үстелге қызыл және жасыл түсті сандықшалар қойып,қауіпті заттар мен қауіпсіз заттарды бөліп қоюы тиіс екенін айтады (сіріңке, тарақ, ине,жіп,пышақ,компьютер, кітап, айна, әртүрлі ойыншықтар) Осындай қауіпті заттарды ұстамау үшін қандай бала болуымыз керек? Тақпақ: Мен кішкетай баламын, Айтқан тілді аламын. Апам нанға кеткен де, үйде жалғыз қаламын. Шкафтарды ашпаймын, Кітаптарды шашпаймын. Текшелерден үй жасап, Қызық ойын бастаймын. (Ө.Тұрманжанов) «Менің не екенімді тапшы?» Ойыннын ұйымдастыру. Қимылмен келтіру. Ыммен ишара. Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып шайқалған. Мнемотехника мақал- мәтел шешу: От пен су тілсіз жау. Оттың қолы ұзын. Отпен ойнама жанарсың. Сумен ойнама батарсың. Балалар қәне осы біз атаған заттарды суретін салып бейнелеп берейік. Алдымен теледидарды жанына үтіктің суретін салсақ. Күшік сабақ соңында балалармен қоштасып, рахмет айтады. Сонымен біз бүгін не туралы әңгімеледік? Қандай қауіпті заттарды ұстауға болмайтынын үйрендік? Сұрақ- жауап алып білімдерін бекіту. | Қонақты қарсы алады. Ине жіп Теледидар Компьютер Үтік Сіріңке Қайшы Балалар қайталайды. Балалар тапсырманы орындайды Ақ сандықшаға мүлдем пайдалануға болмайтын заттарды ( Пышақ , қайшы, сіріңке т.б) Көк сандықшаға өз бетінше пайдаланатын заттар (кітап, журнал, тарақ, айна, т.б) Жақсы, әдепті, ақылды Балалар жауабын табады: Үтік, қайшы, ине жіп, компьютер, пышақ,тарақ. Кітап. Сергіту жаттығуларын қимылмен орындайды. Балалар бірге қайталайды. |