Ынталандыру. Педагог балаларды ойын жағдайына тартады. Кез келген көлікпен жүру үшін бағытты таңдау керек. Балалардан «бағыт» сөзінің мағынасын сұрайды. Өзектендіру. Кейіпкерлеріміз саяхат жасап келді. Олар сапарды еске түсіру бойынша аппликациялар жасау жарысына қатысуды ұйғарды. Жарыстың талаптары бойынша қолдан бұйым жасау үшін тек бір пішімді – геометриялық фигураны пайдалануға рұқсат берілді. Əлия шеңберді таңдады. Педагог жиынтық полотноны пайдаланады. Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырмада берілген дөңгелектерді қандай бөліктерге бөлуге болатынына қарауды ұсынады. – Əлия шеңберлердің көмегімен қалай қолдан бұйым жасады? Жаңалық ашу. (Т) Тəжірибелік жұмыс. Шеңберді бөліктерге бөлуге болады. Əрі қарай дөңгелектерді бүктеп тəжірибелік жұмыстар жасап көруге болады (жартысын, ширек бөлігін алу). 2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда балалар шеңбердің бөліктерін атайды жəне суретті таңдауы бойынша бояйды. Бүтін фигураларды бір түспен, ал бөліктерін басқа түспен боя. Жаңаны қолдану. (Ө) 3-тапсырманы орындауды ұсынады, онда өрнектер құрастырылған бөліктерді атау қажет. |