kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қызықты математика. Інжу тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математика»

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі  сандар туралы білімдерін пысықтау, балаларға апта күндері, уақыт бөліктері туралы түсініктерін кеңейту;  Математикалық тілдерін, зейіндерін, байқағыштықтарын, цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу дағдыларын дамыту; Білім, сан ұғымдарын адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру арқылы өз білімдерін сайыс түрінде көрсету.

Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ, сергіту сәті, тақпақтар.

Көрнекіліктер: слайд, дидактикалық және электронды ойындар, тапсырмалараға қажетті ойындар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қызықты математика. Інжу тобы»

«Інжу» ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні: 17.10.2018 ж

Тәрбиеші: Жолдыбай Зарухан Күмісбекқызы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математика»

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандар туралы білімдерін пысықтау, балаларға апта күндері, уақыт бөліктері туралы түсініктерін кеңейту; Математикалық тілдерін, зейіндерін, байқағыштықтарын, цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу дағдыларын дамыту; Білім, сан ұғымдарын адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру арқылы өз білімдерін сайыс түрінде көрсету.

Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ, сергіту сәті, тақпақтар.

Көрнекіліктер: слайд, дидактикалық және электронды ойындар, тапсырмалараға қажетті ойындар.

Барысы:

Қонақтармен сәлемдесу:

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуйте!

Good morning!

Оқу қызметінің ұйымдастыру кезеңінен басталады. Балалар «Білімділер», «Алғырлар» болып екі топқа бөлінеді.

Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз күндегіден ерекше болмақ, себебі бүгінгі өткізілетін оқу қызметіміз сайыс түрінде болады.

Құрметті қонақтар! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайыс ережесімен танысу:

Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.

1. «Таныстыру» (топтың ұранымен таныстыру);

2. «Санамақтар» (білім, сандар туралы тақпақтар);

3. «Ойна да, ойлан» (математикалық жұмбақтар жасыру);

4. «Цифрлы көліктер»

(әр топтағы әр балаға цифрлы үйшік пен цифрлы көліктер беріледі. Көліктердегі есептің жауабын есептеп, сәйкес келетін үйшікке орналастыру);

5. «Ғажайып мақалдар» (математикалық мақал – мәтелдер айту);

6. «Қызық екен» (қызықты, электронды тапсырмаларды орындау);

7. «Тәуелсіз құс» («рухани жаңғыру» мақаласы аясында қыран құсты түрлі геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, топтық жұмыс көрсету);

8. Қорытынды (асықтарды санап, жеңімпаз топты анықтау, марапаттау).

Сайыс кезеңдерінде әрбір сұраққа немесе тапсырмаларға дұрыс жауап берген балаға бір асықтан беріледі. Сайыстың қорытынды бөлімінде әр топтың жинаған асығын санап, жеңімпаз топты жариялаймыз. Жеңімпаз топ алғыс хатпен марапатталады.

-Ал, балалар сайыс ережесі түсінікті болса, ендігі кезекте қазылар алқасымен таныс болайық.

Сайысымыздың қадірлі қазылар алқасы:

Балабақшамыздың аса қадірлі меңгерушісі – Гүлбарам Ділдәнқызы.

«Балдырған» ортаңғы тобының тәрбиешісі – Нұргүл Бурханқызы.

Топтағы қатысушы сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастаймыз.

1 – кезең: «Таныстыру» (топтың ұранымен таныстыру)

1) «Білімділер» тобының ұраны:

Білімді мыңды жығады,

Білікті бірді жығады.

2) «Алғырлар» тобының ұраны:

Білім басқа бітеді.

Қына тасқа бітеді.

2 – кезең: «Санамақтар» (білім, сандар туралы тақпақтар)

«Алғырлар» тобы

1.Оразбек Аяулым:

Бір – таңертең тұр.

Екі – шынығып, бекі.

Үш – тазала тіс.

Төрт – сабындап жу бет.

Бес – сүртіп тез.

Алты – үйді жина жалпы.

Жеті – киін енді.

Сегіз - асыңды жеп, іш

Тоғыз – ыдысты жу тегіс.

Он – сабақ оқы.

Осыдан соң

Бұл санамақ жаңа

Күнде өстіп сана.

2.Бақытбек Алихан:

Бес – қолыңда бес саусақ

Іске даяр тұр самсап.

Тас қамалды бұзамыз,

Жұдырықтай бір болсақ

3.Асылбек Аяулым:

Оқу келер еңбекпен,

Қиындықты жеңбекпен.

Еңбектен қашқан әр кезде,

Кездеседі дөңбекпен.

4.Айдарбек Ағзам:

Пайдамыз тиіп Отанға,

Риза болып халқымыз.

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.

5.Жағыпбар Әлисұлтан:

Бір дегенім – бәйтерек,

Екі дегенім – емен.

Үш дегенім – үйеңкі,

Төрт дегенім – тұт.

Бес дегенім – беке,

Алты дегенім – арша.

Жеті дегенім – жиде,

Сегіз дегенім – сексеуіл.

Тоғыз дегенім тораңғы,

Он дегенім – орман

Орман – аң-құстарға қорған.

«Білімділер» тобы

1.Махамбетова Жанеркем:

Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп қараймын,

Кітап көрсем жаңадан.

2.Есенғазы Нұрғиса:

Бір – білім ал,

Екі – ерлік көрсет.

Үш – үлгі тұт

Төрт – тәртіп керек

Бес – бестік баға ал

Алты – алғыс ал

Жеті – жеңіс біздікі

Сегіз – сенім керек

Тоғыз – тоқу керек

Он – оқу керек.

3.Арыстанбек Айша:

Бір ауыз сөз,

Екі айтпайтын адам.

Үш қайтара сәлем,

Төрт түлік мал.

Бес уақ намаз,

Алты алаш.

Жеті қабат жер асты,

Сегіз қырлы жігіт.

Тоғыз торау жол,

Он сақа ой.

4.Алимбек Асқар:

Бір дегенің – білеу,

Екі дегенің – елу.

Үш дегенің – үкі,

Төрт дегенің – төсек.

Бес дегенің – бесік,

Алты дегенің – асық.

Жеті дегенің – желке,

Сегіз дегенің – серке,

Тоғыз дегенің – торқа

Он дегенің – оймақ.

5.Данияров Алдияр:

Бір дегенің – бесігіңді түзедің

Екі дегенің – Егеменді ел дедің.

Үш дегенің – ана тілім асылым.

Басқа тілден мәртебесін асырдың

Төртіншіңіз төреліктен таймаған

Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған.

Бес дегенің – берекелі болғаны.

Алты дегенің – ұраның айбының асырған

Жеті дегенің – ту ұстадық көк түстен.

Сегізінші салт – дәстүрін оралған

Тоғызыншы атың кетті алысқа,

Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа

Он дегенің – орындалып ойдағың!





3-кезең: «Ойна да,, ойлан» (математикалық жұмбақтар жасыру)

1-жұмбақ:

Бір – бірімен жарысқан

Екі аю, бір арыстан

Екі қоян, Үш түлкі

Бәрі нешеу ойлан сен?! (Жетеу)

2-жұмбақ:

Нанбасаңыз сұраңыз

Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті екеуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі?! (Үшеуі)

3-жұмбақ:

Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанда бес есеп.

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?! (Жеті алма)



4-жұмбақ:

Көлден ұшты алты қаз

Қайтып келді екі қаз.

Қонбай кетті қанша қаз

Шешуін кім табады тез. (Төрт қаз)

4. «Цифрлы көліктер»

(әр топтағы әр балаға цифрлы үйшік пен цифрлы көліктер беріледі. Көліктердегі есептің жауабын есептеп, сәйкес келетін үйшікке орналастыру)

5. «Ғажайып мақалдар» (математикалық мақал – мәтелдер айту);

6. «Қызық екен» (қызықты, электронды тапсырмаларды орындау);

7. «Тәуелсіз құс» («рухани жаңғыру» мақаласы аясында қыран құсты түрлі геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, топтық жұмыс көрсету);

8. Қорытынды (асықтарды санап, жеңімпаз топты анықтау).






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қызықты математика. Інжу тобы

Автор: Жолдыбай Зарухан Күмісбекқызы

Дата: 29.10.2018

Номер свидетельства: 482608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства