Сөздік қоры: «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Олар: Әнұран, Көк ту, Елтаңба
Ұлт өкілдері: Орыс, қазақ.
Сабақ барысы: Балалармен бірге Хольнова Нина апай да бірге кіреді. Қолында әдемі, гүлденген қорапша бар.
Шаттық шеңбері: Амандасу.
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейінші жараса
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн.
Аман – есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.
Ой балалар тоңып кеткен жоқсындар ма? Мен тоңып кеттім.
Мына жапырақтар қайдан түскен?
Ағаштан.
Түсі қандай?
Сары
Бұл қай мезгіл?
Күз мезгілі.
Күзде күн салқындайды, аспанды бұлт торлайды. Жиі – жиі жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді. Қане балалар кім күз туралы тақпақтар біледі.
Ақгүл: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Сағыныш: Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Өте жақсы балалар.
Тәрбиеші: - Балалар бізбенен бірге кірген кім?
Қай тілде сөйлеп тұр.
Орыс тілінде.
Біздермен ойын ойнады.
Енді біз қонақпен қоштасайық.
Бұрыштарға барып қазақ елін бейнелейтін бұрышты тауып алып.
Тәрбиеші:
Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
Қазақстан.
Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?
Астана.
Біздің ұлтымыз қандай?
Қазақ
Біз қандай тілде сөйлейміз?
Қазақ тілінде.
Тәрбиеші: Балалар мынау кең байтақ Қазақстанжерінде көп ұлт өкілдері тұрады.
Олар: Орыстар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Ақтоты: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Өте жақсы. Қане балалар шеңберге тұрайық.
Біз ұлтты мекенбіз
Ортақ біздің үйіміз
Ортақ біздің жеріміз
Жаса Қазақстаным
Жасасын қазақ еліміз.
Тәрбиеші:
Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі. Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз.
Әнұран, елтаңба, көк ту.
Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев.
Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.
Балалар Астанаға барғандарың бар ма?
Онда не көрдіңдер?
Зарина мен Астанаға бардым. Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.
Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік. Аяулым елтаңбаның қасына тұрып,
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.
Еркежан:
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте досым қазақтың жерін
Қамбаға жылда алтын дән құйған
Қазақстан Республикам менің!
Балалар қазір ойын ойнаймыз.
Ойынның аты:«Өз түсіңдң тап»
Ортаға шеңбер, жан – жақты түрлі – түсті ленталар тағылған. Сендер өздеріңе ұнаған лентаны ұстай бастаңдар. Тәрбиеші бақан болып көтерген кезде киіз үй сияқты болып шығады.
Шаңырақты көтеріп
Уықтарды құрайық
Өрімдей болып өріліп
Киіз үй болып тұрайық.
Балалар қуанып, шаттанады. Енді бұл киіз үйде не болуы керек. Сандыұ, көрпе, дөңгелек үстел. Ойнымызды серуенде жалғастырамыз.
Қорытындылау сұрақтары:
Балалар біз қандай елмен таыстық. Қай ел туралы айттық?
Рәміздер қалай аталады?
Бізге кім қонаққа келді?
Жақсы жауап берген балаларды бағалау.
«Қазақ тілін білемін»
(мектепке даярлық тобында ата-аналармен бірігіп өткізілген сайыс)
Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру. Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту.
Қатысушылар: Балалар және ата - аналар
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!
Әнұран айтылады
Жүргізуші: - Бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақ тілін білемін» тақырыбымен өткізілгелі отырған отбасылар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің балаларымыз өздерінің ата - аналарымен сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетпек. Ал, енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Залға «Елім менің» әнінің әуенімен сайыскерлер кіреді.
Жүргізуші: Ал, қазір қоржының ішінен асықтар таңдап алу арқылы (асықтың түсіне сәйкес, сайыскерлердің қызыл түсті асық - (1 нөмір), көк түсті - (2 нөмір ), сары түсті асық – (3 нөмір), жасыл түсті асық – (4- нөмір), сайыскерлеріміздің реттік нөмірін белгілейміз.
№1 Шувакиндер отбасы
№2 Юренковтар отбасы
№3 Воробьевтар отбасы
№4 Өмірғалиевтер отбасы
Жүргізуші: Біздің сайысымызды бағалап отыратын әділқазылар алқасымен танысайық. (әділқазылар алқасын таныстыру). Енді бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
1- кезең «Өзім туралы» (өзін - өзі таныстыру сайысы)
Жүргізуші: Балалар, сендер Қазақстан республикасының рәміздерін білесіңдер ме? (Балалардың жауабы) Өте дұрыс балалар, Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті қазір біздің сайыскерлеріміз де мемлекеттік рәміздер туралы толығырақ айтады.
2- кезең «Сен білесің бе?» сұхбат.
Шувакиндер отбасы:
Анасы: Туымыздың түсі қандай?
Бала: Туымыздың түсі – көгілдір.
Анасы: Тудың ортасында не орналасқан?
Бала: Күн.
Анасы: Күннің астында не бар?
Бала: Күннің астында қыран бейнеленген.
Юренковтар отбасы:
Анасы: Туда қандай бейнелер бар.
Бала: Туда ұлттық ою- өрнек бейнеленген.
Анасы: Тудағы бейнелердің түсі қандай?
Бала: Күн, шұғыла, қыран және өрнек алтын түсті.
Анасы: Тудың авторы кім?
Бала: Шәкен Ниязбеков.
Воробьевтар отбасы:
Анасы: Елтаңбамыздың басты белгісі не?
Бала: Елтаңбамыздың басты белгісі - шаңырақ.
Анасы: Шаңырақтың айналасында не бар?
Бала: Уықтар бар.
Анасы: Уықтарды не қоршап тұр.
Бала: Оны пырақтар қоршап тұр
Өмірғалиевтер отбасы:
Анасы: Балам, бүгін не үйреніп келдің?
Бала: Бүгін рәміздер туралы үйрендім.
Анасы: Онда еліміздің рәміздерін айтып берші.
Бала: Олар: ту, елтаңба және әнұран.
Анасы: Ой, жарайсың, балам! Мынаны есте сақта: әрқашан еліміздің рәміздерін құрметтеп жүр.
Анасы: Балам, сен әнұранды жатқа айта аласың ба?
Бала: Ия, бәріміз әнұранды жаттап алдық.
Анасы: Жарайсың балам! Үлкен азамат бол.
Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 2- кезеңін бағалағанша, біз «Зеректер» тобының балаларының «Рәміздер айтысын»тыңдайық.
«Рәміздер айтысы»
Жүргізуші: Бір күні үш дос кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Біреуі елтаңба болып, біреуі елтаңба болып, ал үшіншісі әнұран болып ойнайды.
Ту айтты:
- Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке - тойларда төрден орын алатын менмін.
Елтаңба болса, былай дейді:
Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша тиындарда, бағалы қағаздарда боламын. Адамдардың төлқұжаттарында мен бармын.Тіпті, шекарадағы бағаналарда тұрып елді қорғаймын.
Сонда әнұран сөзге араласты:
Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.Барлық үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін мен аяқтаймын.Мен, сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір - қасиеті болмайды. Ешкім ол елді құрметтемейді.
Жүргізуші: Ал, енді балалар сәл тынығып, сергіп алайық.
Әуенді – қимылды ойын «Қызыл орамал»
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық тілі қандай? (балалардың жауабы) Олай, болса қазір, біздің сайыскерлеріміз мемлекеттік тіл, Отан туралы айтады.
3- кезең: «Көркем сөз үлгілері»
Шувакиндер отбасы: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Өйткені қазақ тілі - ең бай, ең сұлу, ең керекті тіл. Осындай елде туып, азамат болғаныма мен өте қуанамын.
2. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
Юренковтар отбасы: 1.Біздің Отанымыз - ең үлкен. Елімізде тоғай, өзен, көл, бау - бақша, қала, ауыл көп. Қазақстан Республикасында көп халық тұрады. Олар - тату. Біз Отанымызды сүйеміз, ардақтаймыз.
2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Воробьевтар отбасы:
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен , асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...
2.Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағымыз
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл!- деп қараңыз.
Өмірғалиевтер отбасы:
1.Ұлттық бейнең тіл болар, 2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Ұлттық байлық тіл болар. Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Тілін ұмыт қалдырған, Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Басқа тілге құл болар Болашағым, бақытым, дара тілім!
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің,
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің
Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 3- кезеңін бағалағанша, біз ойын ойнаймыз.
Ойын «Айгөлек».
Жүргізуші: Ал, қазір «Ақбұлақ» тобының балаларының орындауындағы ән - шашуды қарсы алыңыздар келіпті.
Ән «Ана тілін сүйеміз».
(Әділқазылар алқасына сөз кезегін беру)
4- кезең «Ою ойғанның – ойы ұшқыр»
Жүргізуші: Ал, енді сайыскерлеріміз өздерінің үй тапсырмаларын көрсетеді. Олар ұлттық киім, тұрмыстық заттардағы ою - өрнек туралы айтады.
Жүргізуші: Балалар, сайыскерлер дайындалғанша «Ұландар» тобының бүлдіршіндерінің билерін тамашалаңыздар.
«Бүркіт» биі
«Сыр сандық» Жанкүйерлерге сұрақ. (Балалар ою - өрнектердің қазақша атауларын атайды. Ұпай саны қалаған сайыскер тобына қосылады)
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі ұлттық тағамдар туралы әңгімелеу.
5- кезең: «Ұлттық тағам» (Үйден жасап, әкелген ұлттық тағамдардың құрамы, дайындау тәсілі туралы әңгімелейді)
Шувакиндер отбасы: Айран.
Юренковалар отбасы: Бауырсақ.
Воробьевтар отбасы: Құрт.
Өмірғалиевтер отбасы: Қазақша жасалған ет.
Жүргізуші: Балалар, әділқазылар алқасы 4- кезеңді бағалағанша, мен сендерді ойын ойнап, сергіп алуға шақырамын.
Ойын: «Күміс алу».
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)
«Алтын бала» кіреді.
«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын” Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын,жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын,мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, йта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік.
Ән: «Туған жер».
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі) Сайыскерлерді марапаттау.
Жүргізуші: Балалар, бізге «Алтын баланың» әкелген сыйлығы бар екен. Сыйлықтарды тарату.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар сайысқа келіп, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Бүгінгі сайысымызға қатысқан ата-аналарымызға, балаларымызға деген алғысымыз шексіз.