Мотивациялық қозғаушылық: Ұйымдастырушы-лық-ізденістік: Рефлексиялық- түзетушілік | Шаттық шеңбер: Шеңберге тұрып бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік. Амансың ба, алтын Күн! Амансың ба, Жер-ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам. Орнымызға жайғасып отырамыз. Ғажайып сәт. -Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі? Есікті қағып қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдаркөсе келеді. -Сәлеметсіздер ме, балалар. -Мен ертегілер елінен келген Алдаркөсемін. -Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер? -Балалар мен сіздерге «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін алып келдім, ертегілер тыңдағыларын келеме? -Ендеше балалар видео роликтен «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін қарайық. Ертегі аяқталды балалар. -Ертегіде қандай жануарлар бар? Оларға қысқаша тоқталып өту. Қасқыр жыртқыш жабайы аң екенін, ешкі үй жануары екенін, лақ оның төлі екенін айту. Көптілділік компонент: қасқыр-волк- wolf . ешкі-коза- goat. лақ –козлёнoк- kid. -Өте тамаша балалар. -Енді балалар бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Шөре-шөре, лағым, Тентек болма, шырағым. Секеңдеме, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. -Жарайсыңдар балалар. №12 үлестірмелі материалмен жұмыс. Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тапқызу. -Балалар бұл суретте лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тап дейді. -Қане бәріміз лақтарға көмектесейік. Алдаркөсе: -Өте тамаша балалар, мен сендерге ризамын. Енді мен кетейін. Ақылды тәртіпті балалар болыңдар. Сау болыңыздар! Жарайсыңдар балалар. Қорытынды: -Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе? -Ертегі қызықты болды ма? -Ертегілер елінен кім келді? Өте жақсы балалар. -Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық. -Балалар бүгін сіздер оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңыздар. -Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? -Оқу іс-әрекеті аяқталды, сау болыңдар! | Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады. Өлеңді бірге қайталап, қимыл-қозғалыс жасайды. Ертегілер елінен келген Алдаркөсемен амандасады. - «Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ» т.б. ертегілер білетіндерін айтты. -Ия. Балалардың бәрі ертегіні мұқият, зейін қойып қарап отырады. Балалардың жауабы. -Қасқыр, ешкі, лақтар бар. Балалар қасқырдың жауыздығын сипаттайды. Көптілділік компонент: қасқыр-волк- wolf . ешкі-коза- goat. лақ –козлёнoк- kid. сөздерін тәрбиешімен бірге қайталайды. Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтінде өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар тәрбиешінің көмегімен дұрыс жолды тауып белгілейді. Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды табады. Балалар Алдаркөсемен қоштасады. Балалар сұрақтарға жауап береді. -Ия, түсіндік. -Иә, қызықты болды. -Алдаркөсе келді. Балалар шеңбер бойына тұрып қонақтармен қоштасады. - Балалар өздерінң жетістіктеріне қуанады. -Иә, ұнады. -Сау болыңыз |