kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ертегілер еліне саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету. Танымдылық қабілетін дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ертегілер еліне саяхат»»

Ертегілер еліне саяхат

Жарияланды 20-01-2018, 14:26 Категориясы: Бала-бақша 

«Жазира» ортаңғы тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: Ортаңғы топ
Білім беру саласы: Әлеумет, коммуникация, таным, шығармашылық, денсаулық
Бөлімі: Кіріктірілген, Қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, ҚМҰҚ, сурет салу, дене шынықтыру.
Тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
БМ: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету.
ДМ: Танымдылық қабілетін дамыту
ТМ: қарым - қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрету.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: ертегі туралы әңгімелеу.
Әдіс – тәсілдері: дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер, ролик арқылы түсіндіру, сұрақ – жауап.
Қажетті құралдар: боялмаған әтештің суреті, бояу, бас киім, гуаш, қыл қалам, сүрткіш.
Көрнекілік: Pinnacle бағдарламасы арқылы жасалған интерактивті тақта, этеш және бояулар ертегісі мен ғажайыпстанға саяхат ертегілері біріктірілген ролик, flash бағдарламасында жасалған дид. ойын: «Тығылған сандарды тап», Ару мен құбыжық ертегісі - пазласы, қорытынды презентация «Ой мен ойын».
Билингвизм компоненті: әтеш - петух - cock, бір - один - one, екі - два - two,
үш - три - three, төрт - four, бес - пять – five

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп апайды қарашы.
Бәріңе де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.

Ұйымдастырушылық ізденістік
- Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі болмақ, себебі бізге ертегілер елінен сиқырлы поезд Желаяқ келе жатыр екен.
- Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Онда ертегілер еліне барайық.
Поезд: (роликтен көрсетіледі)
Саламатсыңдар ма, балалар! Мен ертегілер еліндегі Желаяқ поездымын. Ертегілер еліне барар жолымыз ұзақ, жаяу барсаңдар шаршап қаласыңдар бәріңіз поездға отырыңдар әндетіп барайық.

Тыныштық сәті: Ертегілер елі өте ғажап, айнала толы әдемі түрлі - түсті гүлдерге, жап жасыл ағаштарға толы керемет. Ол жерде сен жақсы көретін ертегі кейіпкерлерің жүр. Солармен бірге сенде ертегі елінде жүресің. Ол қандай ертегі көзіңді жұмып елестетші?
- Ал енді терең тыныс алып көзімізді ашамыз. Біз ертегілер еліндеміз.

Қандай ертегіні елестеттіңдер?
Кейіпкерлерді атайықшы?

- Ертегілер еліне де келіп жеттік.
Кенеттен боялмаған Әтеш пайда болады. Ол көңілсіз екен, мұңайып тұр. (роликтен көрсетіледі)
Мынау кім?
- Балалар әтештен сұраңдаршы неге ол көңілсіз?
Кім оны өкпелетті, ренжіткенін білейік.
Әтеш: - Сәлеметсіңдер ме балалар,
Балалар бірінші мынау мен туралы ертегіні көріп, мен туралы әңгімені тыңдасаңдар, барлығы түсінікті болады, сұрақтарыңның жауабы сол жерден табасыңдар.
Әтеш және бояулар ертегісі
Мені бір суретші бала салды, содан ол мені бояуды ұмытып кетіпті. Содан мен аулаға серуендеуге шықсам, барлығы маған күле бастады. Кішкентай балапандар да күлді. Содан алдымнан бір күшік шығып, ол таңырқап маған қарап тұр екен. Мен ол күшіктен сұрадым. Күшік неге таңырқап қарап тұрсың? Күшік ой сен неге аулада боялмаған түріңмен жүрсің? Мен күшікке сенбей аулада жатқан көлшікке барып суға қарасам, расында мен боялмаған екем. Бәрі түсінікті болды, барлығы не үшін күлгендері. Содан мен көңілсіз отыр едім қасыма күшік келді.
Енді мен не істеймін, аулада қалай жүремін?- дедім мен күшікке
- Әтеш сен қорық па, сас па, сен балаларға бар, көмек сұра оларда бояулар көп солар саған көмектеседі - деді күшік. Мен сөйтіп балалар сендерге көмек сұрап келдім, менің бірақ арманым бар, мені әдемі етіп бояп беріңдерші?
- Балалар сендер Әтештің оқиғасын көрдіңдер, әтешке қандай көмек керек екенін айтыңдаршы?
- Дұрыс айтасыңдар!
- Балалар біз сиқырлы ертегілер елінде емеспіз бе?
- Әтешке көмектесеміз бе?
- Әрине, көмектесеміз. Біз бояуларға айналыуымыз керек, ал ол үшін басымызға әр түсті бояудың иегерін білдіретін, бояу бас киімін киіп алайық. Ал енді боясақ бояйық, менің сиқырлы себетім бар, сол себетте бояулар бар, қазір бояуларды алып әтешті бояймыз. Әтештің арманын орындаймыз.
Балалар сендер бояулар бар себетті көріп тұрсыңдар ма? себетіміз қайда?
Айналамыздан іздеп көрейікші. Міне сиқырлы себет.
Мыналар нелер?
- телефон, суреттер бар екен.
- телефоннан скайп арқылы ертегі еліндегі Елдос пен Аружан хабарласып жатыр екен.
Скайп
- Саламатсыңдар ма! Біз сендерге көмектесу үшін хабарласып отырмыз. Зұлым сиқыршы себетті сиқырлап қойды, егер балалар себеттегі берілген тапсырмаларды, дұрыс орындасаңдар себеттің сиқыры кетіп түрлі түсті бояулар пайда болады сонда ғана әтешке көмектесе аласыңдар.
Балалар орындаймыз ба?
Балалар суреттер берілген екен, суреттердің артында тығылған санды тауып, санамақ айтыпберуіміз керек, орындай аламыз ба? ал іске сәт, бастайық.
«Тығылған санды тап»( интерактивті тақта арқылы)
Шарты: тапсырмада суреттің артындағы санды табу керек. (санамақтар айтады)
- Бұл қайдай сан?
Қане 1 санына кім санамақ айтады?
Қане 2 санына кім санамақ айтады?
Қане 3 санына кім санамақ айтады?
Қане 4 санына кім санамақ айтады?
Қане 5 санына кім санамақ айтады?

- Иә, дұрыс.
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар енді біздің себетіміздің сиқыры жойылды, ішінен бояуларды алып әтешті бояйық, балалар екі топқа бөлініп бір топ қылқаламмен бояса, екінші топ болып дәстүрлі емес әдіспен түрлі түсті дәнді дақылдармен желім арқылы жапсырып орындаймыз.
(роликарқылы түсіндіремін)
Ал балалар жарайсыңдар біз әтешке көмектестік міне біздің боялған әтешіміз қандай әдемі, енді ол аулада ұялмай серуендей алады.
(Сол кезде әтеш балаларға келіп )

Әтеш:
- Балалар сендерге рахмет, маған көмектесу үшін сендер көп тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысып, күш салдыңдар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар мен сендерге шексіз ризамын.

Ал енді дем алып алайық, әтешпен бірге сергіту жаттығуын орындайық
(ролик арқылы)

Сергіту сәті:
Әтеш ерте оянды
Жан жағына қарады
Шынықтырып денесін
Қанаттарын қағады
Билингвизм компоненті: әтеш - петух - cock, бір - один - one, екі - два - two, үш - три - three, төрт - four, бес - пять - five
Балалар қане әтешпен бірге ойын ойнауға келісесіңдер ме?
«Ертегі құрастыр» (пазл)
Шарты: суреттерге қарап ертегі кейіпкерлерін рөлін дұрыс құрастырып, сол ертегіні айтып беру.
Әтеш: Ал енді мен өз аулама барып өзімнің сұлулығымды көрсетейін, сендерге көп - көп рахмет, сау болыңдар.
- Балалар біздің қайтар жолымыз өте ұзақ, сондықтан сиқырлы поезға отырып әндетіп қайтайық.(ролик)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ертегілер еліне саяхат»

Автор: Сейтмуратова Амангуль Юсупбаевна

Дата: 02.05.2018

Номер свидетельства: 468218

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Ертегілер еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier_ielinie_saiakhat_3"
    ["file_id"] => string(6) "423173"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1498463765"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертегілер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier_ielinie_saiakhat_7"
    ["file_id"] => string(6) "461792"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520999932"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Конспекта урока  "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(47) "konspiekta-uroka-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "287666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454515022"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Ертегілер еліне саяхат" ертегілер жинағы"
    ["seo_title"] => string(44) "ertegiler_eline_saiakhat_ertegiler_zhinagy_1"
    ["file_id"] => string(6) "518530"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1566919966"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертегілер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "ertegiler_eline_saiakhat_2"
    ["file_id"] => string(6) "557387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1599920458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства