kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертегі еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                         «А?бота»  естияр  тобында ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеттеріні?

                                                                          технологиялы? картасы.

                          ?тілетін к?ні:      09. 11. 2012ж.                        Т?рбиеші: Шуканаева Р.С.

                          Білім беру саласы:   Таным.

                          ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті:    Математика 

                          Кіріктірілген саба?  т?рлері:    Тіл дамыту, дене шыны?тыру, ?орша?ан  орта, экология.

                          Та?ырыбы:     Ертегі  еліне  саяхат.

                           Ма?саты:   Баларады?  геометриялы? пішіндер,  к?лем,  ке?істікті ба?дарлау,  уа?ытты ба?дарлау

                                                туралы т?сініктерін  ке?ейту.

                                                 Міндеттер:

                         Білімділік:  геометриялы? пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.

                         Дамытушылы?: -Логикалы? ойлауларын, есте са?тау ?абілеттерін дамыту

                                                     - тап?ырлы?ын арттыру.

                                               - берілген  тапсырмалар, ойындар  ар?ылы балаларды? тілдерін дамыту.

             Т?рбиелік:         Зейінділікке, ойшылды??а, ?ам?орлы??а, бір-бірімен ?арым-?атынас жасай білуге т?рбиелеу;

              Алдын-ала ж?ргізілген ж?мыстар:   Ертегі  ж?не батырлар жайында  балалар?а   т?сіндіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертегі еліне саяхат »

«Ақбота» естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 09. 11. 2012ж. Тәрбиеші: Шуканаева Р.С.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика

Кіріктірілген сабақ түрлері: Тіл дамыту, дене шынықтыру, қоршаған орта, экология.

Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат.

Мақсаты: Баларадың геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттер:

Білімділік: геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.

Дамытушылық: -Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту

- тапқырлығын арттыру.

- берілген тапсырмалар, ойындар арқылы балалардың тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Ертегі және батырлар жайында балаларға түсіндіру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

I. Шаттық шеңбері.

«Біз қандаймыз, қандаймыз»

Е.Өтетілеуұлы.


II. Ғажайып сәт.

Ортаға жебенің келіп түсуі.


-Сұрақ – жауап.

-Бұл не?

-Мұны кімдер ұстайды?

-Батырлар жайлы қандай ертегілер білесіңдер?

- Таңғалу, жебедегі хатты көру.

- Ашып оқу.





Өлең жолдарын қимылмен көрсету.




Тосын сәтке таңғалу.




Берілген сұрақтарға толық өз ойымен жауап беру.






Хатты оқуға қызығушылық таныту.




Батыр туралы өз білетіндерін айта білу.



Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Ұйымдастыру - іздену

1. Хаттың мазмұнымен таныстыру.

-Сұрақ – жауап.

1.1. Теледидардан тау суретін көрсету.

- Тасболдың дауысы.


2. Тауға саяхат.

1. Кедергі. «Гүлдерден өту»


Тапсырма: Пішіндердің ортақ белгісін анықта.


Мақсаты: «Мағынаны тану»








2. Кедергі: Өзеннен өту.

Тапсырма: Салыстыру: Ауыр,жеңіл, үлкен, кіші.

Ой қозғау.

а)Суретпен жұмыс: Конверттегі суретті ашу. (аю және қоян, қайсысы ауыр)

б) Қарапайым салыстыру терминдерін мысал сөздер арқылы қалыптастыру, сөздік қорын дамыту.

Бой сергіту жаттығуы.

«Қақпа»


3. Кедергі. Торғайларға кездесу.

Дид ойын: «Тізбек»

Тапсырма: Тізбекті жалға.

Торғайларды пішіндер арқылы тізбектеп жинау.

(Мыс: Қызыл үшбұрыш, жасыл дөңгелек, көк шаршы)




4. Кедергі. Таулардан өту.

Тапсырма: Тасболдың мекеніне апарар жол картасын бейнеле. Мақсаты: «Кеңістікті бағдарлау»

Дид ойын: «Кім тапқыр?»

-Жұмбақ жасыру.(жұмбақтың шешуі арқылы әр затты өз орнына қоя білу.)

Ағаш, күн, гүл, бұлт, көл.





5. Дид ойын: «Қатесін тап» (Суреттерге кездесу)

Мақсаты : «Уақытты бағдарлау»

-Төрт мезгілдің суреттері.

- Дұрыстау.

-Мезгілдер жайлы тақпақ.


6. Релакция. Әуенмен демалу.



Таңғажайып сәт: Ортаға хат байланған жебе түсу.

Хатты оқу.


Қуанышты сәт. Шапалақ.

7. Тастан өту. Балабақшаға қайту.

Тапсырма: Логикалық сұрақтар


Сабақты зейін қойып тыңдау.



Дауысқа таңғалу, тыңдау.




Саяхатқа шығуға қызығушылық таныту.













Берілген тапсырманы орындай білу.





Тапсырмаларды орындауда өз ойын ашық айта білу.






Сабаққа қызығушылық таныту.


Математикалық ұғымдарды дұрыс айырып, мағынасын түсіне білу. Өз түсініктерін толық жеткізе білу.



Суретке қарап өз ойын айта білу.

Ауыр, жеңіл, үлкен, кіші ұғымдарын дұрыс айта білу.


Аю үлкен, қоян кішкентай т.б.



Салыстыру терминдерін дұрыс айта білу.







Сергіту жаттығуларын қимылмен дұрыс орындай білу.

Пішіндер туралы өз ойларын толық жеткізе білу.






Пішіндерді ретімен дұрыс қоя білу.



Торғайлардың аузындағы пішіндерді және торғайларды ажырата білу.












Жұмбақ шеше білуге қызығушылық, шапшаңдық таныту.





Жол картасын дұрыс орналастыра білу.


Өз сөзімен жеткізу. Күн жоғары да тұрады т.б.















Таудан өтуде тепе – теңдікті сақтуды түсіне білу.





Жыл мезгілдерін айыра білу.






Суреттегі қателерді дұрыс табу.


Жыл мезгілдері туралы

өздері білетін тақпақтарды айту.



Әуенді ойша тамашалау арқылы демалу.





Таңғажайып сәтке қызығушылық таныту.





Өз қуаныштарын дұрыс бере білу.



Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, апта аттарын дұрыс айту.



Логикалық есептерді ойланып шеше білу.


Сөздік: Жебе, сиқыршы, шатқал.


Дауыс.

Ха –ха –ха мен сиқсршы Тасболмын. Ертөстік мен енді сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жіберем, сен жалғыз қаласың. Мен бәрін көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің, ендеше саған берген тапсырмамды онан сайын қиындатамын. Ха - ха – ха.






Мысалы: Үшбұрыштардың түсі, пішіні бірдей . Айырмашылығы: көлемінде.











Салыстыру.


Аю қоянннан үлкен, сондықтан ағшты аю басып кетті, өйткені аюдың салмағы ауыр.

Сөздік.

Ауыр, жеңіл, ұзын, қысқа.


Бой сергіту: «Қақпа»

Қақпа биік дегенде, қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.

Қақпа аласа дегенде еңкею.

Жіп ұзын дегенде қолды екі жаққа созу.

Қысқа дегенде қоды жинап тұру.










Жұмбақтар:

-Тас төбемде алтын табақ,

Танытады жарқын қабақ. (Күн)

- Торланып тұрып, төгеді бүркіп. (Бұлт)

- Көркіне көрік,

Жазға серік.Не? (гүл)

-Өрге қарай аттамас,

Ойға қарай тоқтамас. (Су)






Тақпақтар.


Қыс.

Ақ боран болады,

Үскірік соғады.

Ой шұқыр бітеліп,

Ақ қарға толады.

Ә. Дүйсеков.



Көктем.

Жасыл көктем келеді,

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейіп,

Мөлдір жаңбыр төгеді.

Ә. Дүйсеков.


Жаздыгүні.

Жазды күні шілдеде,

Жеміс пісіп толады.

Қызыл, жасыл гүлдерге, Көбелектер қонады.

Н. Әлімқұл.

Күз.

Көрінеді шалғайдан,

Бел - белестер сарғайған.

Сары жапырақтар төгілген, Тоғайды да көрдім мен.

Қ. Баянбаев.










Логикалық есептер.

  1. Қандай пішін жақсы домалайды?

  2. Қандай геометриялық пішінде бәрі үшеуден?

  3. Суға үш торғай қонды, бір торғай ұшып кетті суға неше торғай қонды? (суға торғай қона алмайды)

  4. Әтеш қай кезде шақырады?

  5. Таңертең неше көзімізді ашамыз?


Рефлекстік түзету

Сұрақ - жауап.


Дид ойын: «Атын ата»

- Әр кедергіден өткендерін бір күнге есептеп апта аттарын атау.

Балаларды мадақтау.





Берілген сұрақтарға толық жауап бере білу.









Сабақтан алған әсерлерін ортаға салу.


Достарын бағалау.

Сұрақ –жауап.

-Саяхатқа шығып, гүлге кездестік, бұл қай күн еді?

- Бір күн өткен соң аю мен қояннң суретіне кездестік, ол қай күн болатын?

- Тағы бір күннен соң торғайларға кездестік, олқай күн?

-Онан соң тауларға кездестік, ол қай екен?

- Осыдан кейін бір күн өткен соң суреттерді дұрыстап, Тасболдың мекеніне жеттік, сонда бүгін қандай күн?

-Ал енді үйге барып дем аламыз, олар қандай күндер?

-Бәрін бірге қайталап жіберейікші.

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Геометриялық пішіндер , геометриялық ұғымдар туралы түсініктері болу керек.

Игеру: Салыстыру, кеңістікті , уақытты бағдарлау ,ойлай отырып тауып, шапшаңдық көрсету түсініктерін игереді.

Меңгеру: Пішіндердің қасиеттері және ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсініктерді, қиындықтан шығу жолдарын түсіне білу дағдыларын меңгереді.

1 Хат.

Құрметті «Ақбота» тобының балалары мен сендерден көмек сұрап хат жазып отырмын.

Мен өздерің білетін Ертөстік батырмын. Сендер мені ағаларымды іздеп жүргенімді білесіңдер.

Мен оларды таптым, бірақ оларды тау шатқалында Тасбол деген сиқыршы сиқырлап қойыпты.

Енді не істерімді білмей отырмын, қайтсем ағаларымды құтқара аламын.

Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

2 Хат.

Құрметті балалар, мен сендерге өте ризамын, өйткені сендердің көмектеріңнің арқасында

Тасболдың сиқырынан ағаларымды босатып алдым. Мен енді ағаларыммен бірге боламын.

Сендер білімді екенсіңдер, сендерге көп-көп рақмет, сау болыңдар балалар. Мен енді ата-анамды қуантайын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ертегі еліне саяхат

Автор: Шуканаева Рая

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163475

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Та?ырыбы: "Ертегі еліне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(36) "tak-yryby-iertieghi-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "170285"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423529182"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(196) "Саба?: К?ркем  ?дебиет Та?ырыбы: Ертегі  еліне   саяхат.?уырша? театры  « Ма?та  ?ыз бен  мысы?» ертегісі  бойынша. "
    ["seo_title"] => string(121) "sabak-korkiem-diebiiet-tak-yryby-iertieghi-ielinie-saiakhat-k-uyrshak-tieatry-mak-ta-k-yz-bien-mysyk-iertieghisi-boiynsha"
    ["file_id"] => string(6) "224228"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1438606838"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ертегі еліне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(28) "iertieghi-ielinie-saiakhat-2"
    ["file_id"] => string(6) "241167"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445188439"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Ертегі еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(23) "ertegi_eline_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "542578"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1584033911"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Ертегі еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(24) "iertieghiieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "275143"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452523246"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства