Просмотр содержимого документа
«"Ер есімі ел есінде!"»
«Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Тақырыбы:
«Ер есімі – ел есінде!»
(Мерекелік іс-шара)
Тәрбиешілер: Исаева А.
Изимова Г.
Күні: 05.05.2017 ж
Ақтау қаласы – 2017ж
Тақырыбы: «Ер есімі ел есінде!»
Мақсаты: тәрбиеленушілерге Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлұмат беру.
Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тәрбиеленушілерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанғасүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Сәлемдесу. Тәрбие сағатымызды ҚР Әнұранымен бастайық.
Тәрбиеші:
Балалар, алда қандай мейрам, еліміз алдағы күндері қандай мерекені тойламақшы? (Дұрыс айтасыңдар, Жеңіс күні)
Жеңіс күні – бұл еліміздегі айрықша, басты мерекелердің бірі. Неліктен деп ойлайсыңдар? (Балалардың пікірлері тыңдалады)
9-мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
- Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Тәрбиеші:
- «Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет , қантөгіс, өлім – жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
-Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
-Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттер арасында болды?
-Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
-Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады?
-Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз.
Тақпақтар айту
Мереке:
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Яков:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
Без малого четыре года Гремела грозная война. И снова вся наша природа Живого трепета полна.
Слайд. Обращение Левитана 22 июня 1941 года. Объявление о начале войны.
Өздеріңізге белгілі 1941 жылдың 22-маусымы күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашисттік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. Шығыста таң шапағы жаңа ғана білініп жатқан кез. Еңбек адамдары еш алаңсыз ұйқыда болатын, себебі, келесі күн жексенбі еді. Кенет батыстан қызылды - жасылды оттар шекараға таяп, жер дүние астан - кестең болды да кетті. Фашисттік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып, басып кірген еді. Олар күшті армия жинақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру үшін соғыс ашты. Фашисттер күзге дейін Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Гитлершілер соғыстың бас кезінде бізге 190 дивизияны, 5000 ұшақты, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам зеңбірек пен минометті шабуылға шығарды. Суық хабар сол күні - ақ радио арқылы әйгілі диктор – Левитанның қуатты үнімен байтақ жерімізге түгел тарады.
1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды.
Слайд. Ерлердің ерлігі ұмытылмайды
Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі.
Фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест қамалынан Смоленскіге дейін, Киевтен Тулаға дейін қозғалған жау әскерлеріне Отандастарымыз қайсарлықпен тойтатарыс бере білді. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196164 адам қатысты, 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды.Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай қазақстандық шайқасты.
Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екендігін дәлелдеді. Мәскеу түбіндегі шайқаста, Сталинград үшін шайқаста да біздің отандастарымыз ерлікпен шайқаса білді.
Слайд. Қазақстанықтар Ұлы Отан соғысында
Би: «Катюша»
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар: Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Қарсыбай Сыпатаев, Әлия, Мәншүк, Хиуаз, т.б
Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.
Слайд. Б. Момышұлының өз дауысы.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ, жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы соғыста 30 млн адам құрбан болды. Ал миллиондаған адам жарақат алып, мәңгілікке мүгедек болып қалды. Масқара соғысты бастаған фашисттер 1945 жылы 9 - мамырда Берлинде тізе бүкті. Біздің жауынгерлер елімізді, жерімізді, ақ сүт береген ана, бауыр еті баласын қорғады, Отанымыздың бостандығын, тәуелсіздігін қорғады. Барлық аға – апаларымыз қасықтай қандары, шыбындай жандары қалғанша жаумен шайқасып, туған жерге, туған елге аман қалғандары ғана ғана жеңіспен оралды. Осы алапат сұм соғыста қаза болған, хабарсыз кеткен аға – апаларымыз қаншама.
Советтік армия фашисттік Германиядан тек КСРО – ны ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерді де азат етті. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ, біз бұл соғыста 27 миллионнан астам адамнан айырылдық.
Слайд. Левитан – конец Великой Отечественной Войны
Би: «Сарбаздар»
Ән: «Атамекен»
Орындайтын: Алданазарова А.
Қорытынды. Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. 1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірімен қолға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан ата-апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз.
Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман болсын,- деп тілей отырып, сөз кезегін осында отырған қонақтарымызға береміз.
Маңғыстау облысы
КТБО МКМ – нің
әдіскері С.Н.Нұртановаға
тәрбиеші Г.Изимовадан
Мәлімдеме
Осы мәлімдемемді төмендегіше жаза отырып, яғни 05.05.2017 ж. КТБО – да орналасқан жасөспірімдермен:
Алданазарова А .
Алашаев М.
Фирсова В.
4.Мишенов А.
5.Павлюк Я.
6.Сейтанов А.
Сабақтың тақырыбы: «
Тақырыбы: «Ер есімі ел есінде!»мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: тәрбиеленушілерге Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлұмат беру.
Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тәрбиеленушілерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу