Балалар, бүгін біз ауылға саяхатқа барамыз. Ауылда не көреміз деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар. Ауылда тұратын ата мен әжеге арнап сыйлық әзірлеп алайық. (Балалардың жартысын өнер орталығына бөліп отырғызады) -Ата мен әженің үйіне еденге салатын кілемше жасап апарайық. Кілемшені әдемілеп өрнек салып әшекейлейміз. -Ал балалар, ауылға қандай көлікпен барамыз? Біз баратын ауыл таудың арасында. Онда арнайы тас жол жоқ. Ендеше біз бүгін ат арбамен барамыз.(Арбаға жегілген аттың суретін көрсетеді) Мен атты жүргізіп отырамын, ал сендер арбаның үстіне отырасыңдар. Ал кеттік.(Арбаның үстінде келе жатқанды көрсетеді) (Мазмұнды ойын орталығына келеді)(Орындықта әже қуыршақ отырғызылады) -Сәлеметсіз бе әже. Біз ауылда не бар екенін көргіміз келіп келдік. Атамыз қайда кеткен. Апа: - Сәлеметсіңдер ме айналайындар. Аталарың өрісте мал бағып жүр. Көргілерің келсе дүрбімен қараңдар. -Балалар, қане дүрбімен қарайықшы ата не істеп жүр екен (балалардың назарын сюжетті суретке аударады) -Атаны көріп тұрсыңдар ма? -Ол не істеп жүр? -Қандай жануарларды көріп тұрсыңдар? -Қандай жануарлар бірге жүр? Балалар, осы жануарлардың қимылдарын салайықшы. Жылқы желіп шабады. Сиыр мүйізін екі жаққа шайқайды. Түйе ұзын мойнын созады. Ал момақан қой бір орнында тұрады.(2-3 рет қайталайды) «Не береді?» дидактикалық ойыны -Балалар, үй жануарлары адамдарға көп пайда әкеледі.Әже маған олар туралы көп нәрсе айтып берді. Қазір сендердің олар туралы қаншалықты білетіндеріңді байқайық.(Допты кезек-кезек балаларға лақтыра отырып сұрақтарға жауап алады) -Сиыр не береді? -Түйе не береді? -Қой не береді? -Ешкі не береді? - Жылқы не береді? -Шошқа не береді? Дұрыс айтасыңдар. Жануарлардан біз өте көп дүние аламыз.Үстіміздегі киімнен бастап үйдегі кейбір заттар да олардың терісі мен сүйегінен жасалады. «Неден жасалған?» дидактикалық ойыны. (Балалардан стол үстіне дайындап қойған суреттерді(тарақ, торсық, күртеше, етік, былғары қолғап, тоқыма бұйымдар,сүт өнімдері) алуын өтінеді) -Қолдарыңда ненің суреті бар екен? -Айзере, сенің қолыңда ненің суреті бар? Оны біз неден жасаймыз? -Балалар Бекзаттың қолында торсықтың суреті бар екен. Торсықты жылқының немесе түйенің терісінен жасаған. Оған сусын құяды.Мал баққанда, жол жүргенде шөлдегенде сусынды торсықтан ішеді. -Балалар, біз үй жануарларынан көп нәрсе аламыз. Ал оларға қалай қамқор боламыз? Ия, жаз мезгілінде шөпті шауып жинайды.Қыста ол малға азық болады. Қораны жылылайды. Өріске апарын оларды бағады, суарады. Сурет бойынша әңгімелеу.(Суретте рет-реттілігімен әженің қойдың жүнінен шұлық тоқығаны көрсетіледі: қойдың жүнін қырқуы, жүнді жууы, жүнді сабауы, жүнді түтуі, жүнді иіруі, жіптен тоқуы.) Балалар мұнда әженің шұлықты қалай тоқығаны көрсетіліпті. Әженің не істегенін айтып беріңдерші. Балалар қойдың жүнін қай кезде қырқып алуға болады деп ойлайсыңдар? Неліктен? Дұрыс айтасыңдар, жаз кезінде .Себебі жазда қойға ыстық болады жүнмен жүрген. Ал қыста жүнін алып алуға болмайды, ол тоңады. | Ауылда болатын үй жануарларын, үй құстарын атайды.
Үлгіге қарап өрнекті бояйды.
Балалар көлік түрлерін атайды.
Жұдырықтарын дүрбіге ұқсатып суретті мұқият қарайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап бере отырып, суреттегі жануарлардың атауын атайды, олардың не істеп жүргенін айтады.
Қимыл-қозғалыстарды тәрбиешіге қарап қайталайды.
Допты қағып алып қойылған сұрақа жауап береді, өздері білетін ақпаратпен бөліседі. Бұйымдар мен сүт өнімдерінің қайдан алынатынын айтады.Жаңа ақпарат алады. Үй жануарларына адамдар алай қамқор болатынын әңгімелеп береді.
Сурет бойынша әженің іс-әрекетін әңгімелеп береді. Өз ойларын айтады.
|