Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»
Тақырыбы: Қыс қызығы»
Мақсаты :
Тәрбиелеу: Жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларының суретін түтікше арқылы үрлей отырып, бейнелеуге үйрету.
Дамыту: Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту.
Оқыту: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту.
Билингвалдық компонент: аяз-мороз, қар-снег, аққала-снигавик.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
Негізгі бөлім: Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны (аққала)
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
Қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады. Бұлар сауысқан, қарға, торғай. Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.
- Балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
-Қыс мезгізгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қыс мезгілінде неше ай болады?
-Қане, аттарын атайықшы?
-Қыс айнала қандай түске орнанады?
-Қандай мерекелерді білесіңдер?
Билингвалдық компонент: аяз-мороз, қар-снег, аққала-снигавик.
-Қыста немен ойнауға болады?
-Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
-Қыста ауа-райы қандай болады?
Дидактикалық ойын : "Қайсысы артық?"
Ойын шарты: Балалар артық затты тауып алады.
Қыс мезгілінде жан-жануарлар не істейді?
-Жануарлар қайда өмір сүреді?
-Қандай жануарларды білесіңдер ?
Сергіту сәті:
Боран соқты оң жақтан,
Боран соқты сол жақтан.
Қарды жерден алайық,
Домалатып алайық.
Лақтырайық ойнайық
Қолымызды қағайық.
-ал ендеше мен сендерге жануарлар туралы жұмбақ жасырамын, шешімін тауып көріңдер.
Жұмбақ:
Өзіне болған қорған – орман,
Ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң. (аю)
Өзі айлакер , өзі қу
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын «Көжек» дейді. (қоян)
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Орманда тіршілік ететін аңдар туралы сұрау?
Балалар қыста қоян өзінің түсін өзгертеді?
Не себепті деп ойлайсындар?
Ал, аюлар қыста ұйқыға бжатады.
Қорытынды:
Қыс мезгізгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қыс мезгілінде неше ай болады?
-Ауа райында қандай өзгерістер орын алады?