kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Гимнастика жаттығуын жасау түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда.  Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,- деген болатын.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылған. Цифрлы білім беру ресурстары білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Цифрлы білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Гимнастика жаттығуын жасау түрлері»

Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі

«№10 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ




Зерттеу жұмысы


Тақырыбы:

«Қазақ тілінің латын қаріпіне көшуінің тиімділігі»


Зерттеуші: Әмірханова Мерейім Мұратқызы


Ғылыми

жетекшілері: Оспан Айдана Уақитқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Ғылыми

кеңесші: Карашинов Батырхан Серикбаевич,

№10 жалпы орта білім беретін

мектептің ғылыми-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі орынбасары





Арқалық қаласы



Аннотация

Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.

Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.



Аннотация

Мы, народ Казахстана, чтобы, не отставая от времени войти в число развитых стран мира, а также для сохранения национальных ценностей должны пораньше перейти на латиницу. Это - требование времени.

Переход на латиницу один из путей независимости нашего национального сознания. Один пример, название нашей страны в новом варианте мы написали бы Qazaqstan, а не Kazakhstan.



Annotation

We, people of Kazakhstan must change our alphabet to the Latin one in order to come into the list of developed countries of the world and keep the national values. It is time demands.

Changing into the Latin alphabet is one of the ways of independence of our national thoughts. Only one example, the name of our country in a new variant of writing would be Qazaqstan, not Kazakhstan.





















Жоспар:

І. Кіріспе

1.1. Латын әліпбиіне көшу мәселесі.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Қазақ жазуын латын графикасына көшіруде әлемдік оң тәжірибеге сүйену.

2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы туралы.

2.3. Латын әрпіне көшу- уақыт талабы.

ІІІ. Тәжірибе бөлімі

3.1. Сауалнама және оның қорытындысы.

3.2. Мәтінді латын әліпбиінің әріптері арқылы жазу.

3.3. «Латын әріптерімен жазып көр!» диктант байқауының қорытындысы.

ІV. Қорытынды.



























Андатпа

Зерттеудің мақсаты: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру үрдісінің ерекше­лік­теріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы.


Тақырыптың өзектілігі: 2025 жылға дейін оқулықтар, мерзімді басылымдар, іс жүргізу, латын графикасында шығарылады. Қазіргі уақытта жаңа графикада әліпби бекітіліп, оны үйретуге дайындық басталды. Бұл реформа табандылықты, шыдамдылықты және қаржыны қажет етеді.


Зерттеудің міндеті: Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы бекітіліп, әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет.


Зерттеу жұмысының дерек көздері: зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды.


Болжам: халық болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын. Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әрқайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.


Зерттеу әдіс-тәсілдері: зерттеу барысында өз бетімен іздеу, мағұлмат алу, жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.


Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. Елдің болашағын ойласақ, қазақ тілінің болашағын ойласақ, жаңа әліпбиді қабылдауға құлшына кіріскеніміз абзал. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін биіктерге бастайды.

Зерттеудің жаңалығы: латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Компьютерлік жаңа технологиялар арқылы тіліміз ақпарат кеңістігіне еркін ене алады. Түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолдануда. Біз олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қатынастарды оңайырақ, одан әрі нығайта алатын боламыз.


Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу бөлімінен,қорытындыдан, пайданылған әдебиеттерден тұрады.



Кіріспе

Менің ғылыми ізденіс тақырыбым «Қазақ тілінің латын қаріпіне көшуінің тиімділігі». Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім дәл қазіргі уақытта осы тақырып ересектер мен оқушылар арасында көп айтылуда. Мені де осы сұрақ ойландырды. Яғни, «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 26 қазандағы №569 жарлығы шыққан болатын. 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.

Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді.

Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.

Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.


2.1.Қазақ жазуын латын графикасына көшіруде әлемдік оң тәжірибеге сүйену.


Жазу – адамзат ақыл-ойының үлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық құндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен көрінетіндіктен жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады.

Әлемдегі бүкіл халықтар секілді қазақ халқы да өзінің тарихи өрлеуі барысында саяси, қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі жазу үлгілерін қолданды.

Қазақ мәдениеті тарихында алфавит, емле мәселесінің өз орны бар. Өйткені жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Жалпы жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс, адамның рухани байлығының үлкен жетісітігі. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Оның адамзат өміріндегі маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.

ХХ ғасыр басында тікелей оқу-ағарту ісімен немесе әдеби­етпен айна­лысқандарды ғана емес, бүкіл қазақ қоғамын алаңдатқан үлкен проблема болды. Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. Көпшілікке мәлім, қазақ жа­зуын (араб гра­фи­касы негізіндегі) басқа графикаға көшіру мәселесі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бас­тап көтерілген болатын. Сол уақыттағы бас­пасөз беттерінде араб жазуының кемшілік жақтарын, оның түркі тілдеріне жарамсыздығын айтып сынаған мақалалар көптеп кез­де­седі. Кей мақаланың авторлары араб  жазуының қазақ ті­лі­нің ды­быс­тық жүйесін толық бере ал­май­тындығын, бас әріптердің, тыныс белгілерінің жоқ­тығы оқу­да қиындық ту­ғызатынын көрсете келіп, қазақ жазуын жетілдіру керек не басқа алфавит алу керек деген пікір айтады. Қа­зақ оқы­ғандары, оның ішінде Ы.Ал­тын­сарин тәрізді ағар­тушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қа­лыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа ал­фавит қабыл­дау­ды, не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тәртібіне  қоя  бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақ­сат­та­рына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бас­таған мис­сио­нерлер араб жазуының кемшілік­терін сынай отырып, қазақ жа­зуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағызда­ды.

Араб жазуын жетілдіру не басқа графикамен алмастыру мәселесі ХІХ ға­сырдың екінші жар­тысында көтерілгенімен, бірақ өз шешімін таба ал­май аяқталды. Бұған нендей себеп бол­ғанын шығыстанушы Н.Яковлев былай деп көрсетеді: “Орыс графикасы миссионерлер мек­тебі арқылы таратыл­ғандықтан кейбір халықтардың ұлттық се­зіміне жағымсыз әсер етті. Бұл  орыстандыру  және зорлықпен ұлт­тық ерек­шеліктерді жою үшін істелінген іс деп есептелінді”.

ХХ ғасыр басында туған шытырман заманның түрлі қо­ғам­дық-саяси оқи­ға­ларына қазақтың көзі ашық ұлтжанды зиялы то­бының өкіл­дері бейтарап қарап отыра алмады. Олар қоғамдық дамудың алғы шарт­тарының бірі – халыққа білім беру деп танып, қалың бұқараның сауатын тез ашу үшін оқыту жүйесіне реформа жасаудан бастау ке­ректігін қазақ зиялылары жақсы түсінді. Мектептер мен мед­ре­селерде діни сабақтармен қоса әр түрлі ғылым салаларынан алғашқы мә­лі­меттер берілетін болды. Жаңа әдіспен оқы­тудың пайдалы екендігін түсінген Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов,  Исен Бейсен­ба­ла­сы т.б. ха­лықты  ана  тілінде  тез  сауаттандыру үшін төте жазумен жа­зылған жа­ңа оқу құралдарын құрастырып,  жаңа әдіспен оқытуға ар­нал­ған әліппе, емле ережелерін құрастырумен айна­лысты.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ даласында «Жәдид» бас­та­масын батыл қолдай отырып, қазақ алфавитін түрленген жаңа жүйеге келтіруге, ежелеусіз оқу мен төте оқуды қа­лыптастыруға жол салды. Бұрынғы әліппе бойынша, ескі араб әрпімен (хадимше) түсініксіз сөздерді жат­таудың ор­нына, тура өз тілімізде оқып-жа­затын жаңа әдіс ұлт мә­дениетінің тарихында орасан зор маңызды оқиға болды.Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың бас кезінде араб әліп­­песін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп өз­герістер ен­гізді. Ол қазақ әліппесін жүйелеп, оқу құралдарын жасады, фонетика,  грамматика саласын зерт­теп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулер жазды.

Кеңес үкіметінің жүргізген саясатына байланысты 1930 жылдардың ортасы мен соңына қарай ұлттық республикаларда орыс тілі ортақ қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданыла бастады. 1940 жылы орыс графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі қабылданды.

1990 жылдары қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі алфавитке ауыстыру мәселесі көтерілді. Біраз түркі тілдес республикаларда (Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан) қайта құру кезеңі басталғанда латын графикасына ауысты. Сол республикалардың оң тәжірибелерін зерттеп, бізде де латын графикасына көшу мәселесін қарастырып жатқан ғалымдардың еңбектерін зерделеу қазіргі күн тәртібінің өзекті мәселелерінің біріне жатады.   





2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы туралы.


Латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселе көтерілгеннен бері еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі іс-шаралар жолға қойылып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығы және оның әрі де жалғасын табатыны сөзсіз.

2017 жылдың 11 қыркүйегінде латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасы Парламент мәжілісінде талқылауға ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді, көпшілік қауым қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерісті бей-жай қалдырмады. Бұл – құптарлық іс.

Алдыңғы жобамен салыстырғанда диграфтардың барлығы дерлік апострофпен өзгертіліп, әліпбидегі әріптің саны 32 болып отыр.

Диграфпен белгіленген ә, ө, ү, дыбыстарының таңбалары ae, oe, ue түрінде екі дауыстының әрпі қатар тұрғаннан кейін визуалды түрде қабылдауға қиындық туғызатындығы белгілі еді, себебі а-ның да, е-нің де өзіне тән дыбыстық сипаты бар, көп жағдайда, әрине көз үйренбегеннен соң, екі дауысты сипатында қабылдауымыз мүмкін болатын және бір әріптің орнына екі әріпті жазу арқылы мәтіннің көлемі ұлғаятыны да анық жайт.

Міне, бір ай уақыттан кейін 2017 жылдың 9 қазанында Елбасыға латын әліпбиінің өзгертілген жаңа жобасы таныстырылды және төмендегідей өзгерістер еніпті:

Біріншіден, алдыңғы жобадағы 8 диграф апострофпен өзгертіліп, апострофпен берілген әріптердің саны 9-ға жеткен және «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталған;

Екіншіден, аффрикат ц әліпбиден алынып тасталған;

Үшіншіден, Уу әрпі Ww-мен таңбаланса, енді Y’y’түрінде апостроф арқылы берілген;

Төртіншіден, Іі мен Йй таңбалары Ii сипатында белгіленсе, қазіргі жобада қазақтық төл дыбысы жеке Іі арқылы, ал Ии мен Йй бір ғана І’і’ арқылы апострофпен таңбаланған;

Бесіншіден, алдыңғы нұсқадағы Йй әрпі Jj арқылы болса, қазір ол әріппен Жж белгіленіпті.

Осыларды саралай келе, бұл әліпби нұсқасындағы диграфтың апострофпен өзгертілгені, Цц-ның алынып тасталғаны, қазақ тілінде Ии дауыстысы жоқ екендігі ескеріліп, Ии мен Йй-ді бір таңба арқылы беруі, жалпы алғанда, «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталғанғандығы көңіл құптарлық іс болып отыр.

Дегенмен, Уу-ды Ww түрінде таңбаласақ, Жж, Шш әріптерінің Zhzh, Shsh түрінде диграфпен белгіленуібұрыннан өзімізге таныс болғандықтан сол сипатында қалдырып, апострофты азайтуға мүмкіндік жасауға болар еді немесе Жж-Jj нұсқасын өзгертпей, Шш-ны Cc-мен де таңбалауға болады, себебі бұл әріп қолданылмай тұр. Уу-ды Ww түрінде таңбалауды жөн көріп отырғанымыздың тағы бір себебі Уу-ды да, Ыы-ны да YyY’y’деп таңбалауға қатысты. Ыы мен Уу әріптері жуан-жіңішке жұпты құрайтын дыбыстардың таңбасы болмағандықтан, екеуі бірдей таңбаланып, тек апостроф арқылы ажыратылып тұрғандығы қиындық туғызатын сияқты. Ал АаӘә (AaA’a’), ОоӨө (OoO’o’) дыбыстарының жуан-жіңішке сыңарлары ретінде апострофтың қойылуы түсінікті. Сондай-ақ Ыы дыбысының жіңішке сыңарын І’і’ арқылы, ал  Ии мен Йй-ді Іі арқылы белгілеген жөн болар деген ойдамыз.

Жалпы алғанда, қазіргі ұсынылып отырған әліпби жобасында игерілмей тұрған үш әріпті (ХхСс,Ww) ұтымды пайдаланған дұрыс болар еді.

Әрине, аталған әліпби жобасының әлі бекітілмегенін, талқылауда екенін ескерсек, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, жалпы халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қазақ тілінің заңдылықтарына сай әліпбидің өмірге келетініне шүбә болмауға тиіс деп ойлаймын.

2.3. Латын әрпіне көшу- уақыт талабы.

Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде 3 рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұның астарында халықтың ғасырлар бойғы жинақталған бай рухани тарихын біржолата ұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендіру саясаты жатқандығын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.

1929-1940 жылдар аралығында ресми түрде қолданылған латын әліпбиімен үкіметтің қаулы-қарарлары, мемлекеттік баспасөзі, көркем әдебиеті т.б. жарық көріп тұрды. Кейіннен бұл жазу кеңестік идеологияның саясатын мүлтіксіз жүргізуге кедергі келтіреді, біртұтас кеңес халқын жасаймыз, барша жұрт орыс тілінде сөйлесе, солғұрлым коммунизмге тез жетеміз деген желеумен әліпбиді кириллицаға көшіріп жіберді.

Соңғы уақытта осы латын жазуына қайта көшу немесе қайта оралу мәселесі көпшілік арасында біраз пікірталасқа айналып отыр.

Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу біздерге көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.

Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.

Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі – көршіміз Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуы деген сөз емес. Бұл – тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей мен Қазақстанның достық негіздегі байланыстары екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға еш кедергі келтірмейді.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабылдайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір – ömir т.б

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.

Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.








Тәжірибе бөлім


3.1. Сауалнама және оның қорытындысы.

Мен осы жобамды жүргізу барысында өзімнің №10 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу» туралы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды.

қ/с

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1

Сіз латын әліпбиіне көшу қажет деп ойлайсыз ба ?

80%

20%

2

Сіз латын әліпбиінің соңғы ұсынылған жобасын көрдіңіз бе?

85%

15%

3

Сіз «Латын әліпбиіне көшу –жарқын бастама» деген оймен келісесіз бе ?

80%

20%

4

Сіз осы мәселеге ойланып, сөздерді немесе мәтіндерді латын әріптерімен жазып көрдіңіз бе ?

30%

70%



Тұжырым: Осы сауалнама қорытындысына қарап мен адамдар бірте-бірте бұл мәселеге дұрыс көзқараспен қарап келеді деген ойдамын.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көптеген қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі.

Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.

Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден - араб әліпбиі (1929 жылға дейін), екінші - латын әліпбиі (1929-1940 жылдары), үшіншісі - кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940 жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).

Өткен ғасырдың 20 жылдарындағы қазақ газетінің логотипі[3].


«Біз кириллицаны жоққа шығарып отырған жоқпыз, мысалға онда қазақ тіліне қажет емес артық әріптер бар. Мысалға, қазақтарда «щ» және «я» әріптеріне сөздер жоқ. Жуан және жіңішкелік белгілері жоқ, тағы да «ч» мен «ц» да жоқ. Олар біздің әліпбиде болса да, қолданыста жоқ. Олар қазақ тілінің негізін бұзады» деді Елбасы.

Қазақстан халқы 18 миллионға жуық, оның 71 пайызын қазақ ұлты құрайды. Қазыргі күні халықтың 80 пайызы қазақ тілінде сөйлейді. Доминантты ұлт – қазақтар. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін қазақ тілін меңгеру 95 пайызға артады. Болжау бойынша 2030 жылы халық санында қазақ ұлтының үлесі 85 пайызға жетеді. Бұл деректер латын әліпбиіне көшу үрдісінің қажетті де маңызды реформа екендігін дәлелдейді[3].


3.2. Мәтінді латын әліпбиінің әріптері арқылы жазу.


Мен осы жұмысымды жүргізу барысында

Солтүстік Қазақстан облысы

Арқалық қаласы

10 орта мектеп

9 «А» сынып оқушысы

Әмірханова Мерейім

деген сөздерді соңғы ұсынылға латын әліпбиінің әріптері арқылы жазып көрдім, маған ұнады.

ФОТО

Сонымен қатар мен өзімнің қазақ тілі оқулығымдағы 29-жаттығудағы «Магнит» деген мәтінді де жаздым. Қолым біршама жаттығып қалған секілді, аса қиналмадым. Осы жұмысты жүргізбей тұрған кезде мен «Үйрене алам ба?» деп ойланушы едім. Қорқынышым сейілді. Мен жаздым, демек сіздердің де қолдарыңыздан келетініне сенімдімін. Жазып көріңіздер!


Сонымен қатар мен тағы да Қазақстан «Рухани жаңғыру-елдіктің тірегі» деген сөздерді жаздым.



3.3. Мектепте өткізілген Бүкілхалықтық диктант қорытындысы.

Қатысушылар контингенті

Қатысушылар саны

Олардың ішінде

өте жақсы

жақсы

Қанағаттанар

лық

Қанағаттанар

лықсыз

1

Мұғалімдер

40

-

6

23

11

2

Тәрбиешілер

5

-

-

4

1

3

Оқушылар

49

-

8

26

15

Жалпы саны

94

-

14

52

27























Қорытынды


Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.

Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу орындары аралық келісімшарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас студенттерімізді оқыту барысында көріп жүрміз. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.

Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік.

Ендігі ретте латынға көшу не үшін қажет?- дейтін сауалға ғалымдардың дәлелдеуімен жауап беріп көрейік.Бұл сауда мен экономика саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге жақын мәселе. Себебі, шетелден келетін күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік өнімдеріне дейін, соның ішінде бренд өнімдерінің барлығы дерлік атауы латын графикасымен жазылған. Біз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде сағат сайын, сәт сайын осы мәселемен ұшырасамыз. Мысалы, Mersedes, Toyota, Land Cruzier деген атаулардың барлығын айна-қатесіз оқып, қиналмастан оның қандай маркалы автокөлік екендігін жазбай танимыз. Сонымен қатар, тұрмыстық техника құралдарын алатын болсақ LG, Samsung, Panasonic, Sony тағы басқаларының барлығының аты латын графикасымен жазылған. Бұл – әлемдік стандарт атаулыларының барлығына латын графикасы тән екендігін, атаулардың барлығы латын әрібінде жасалғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны, мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.

Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әрқайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.


Ұсыныс:


Мектептерде оқушылырға «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» екендігін насихатайтын еріктілер топтарын құру.

Латын әріпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою.

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.

































Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.

  2. Городкова Ю.И. Латинский язык. Учебник-6-е изд,

  3. http://e-history.kz/kz/contents/view/6807

  4. Боровский Я.М , Болдырев А. Учебник латинского языка изд-4

  5. Ақпараттық көздер.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Гимнастика жаттығуын жасау түрлері

Автор: Альмаганбетов Сакен Шашубаевич

Дата: 30.01.2019

Номер свидетельства: 497805

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Волейбол. Допты т?меннен беру. "
    ["seo_title"] => string(34) "volieibol-dopty-tomiennien-bieru-1"
    ["file_id"] => string(6) "164113"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422593940"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Спирттер "
    ["seo_title"] => string(9) "spirttier"
    ["file_id"] => string(6) "164240"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422615778"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Гимнастика. Акробатикалы?  жатты?улар. 7 сынып"
    ["seo_title"] => string(45) "gimnastika-akrobatikalyk-zhattyg-ular-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "306226"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458068111"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері."
    ["seo_title"] => string(72) "u_sak_zh_nie_zhalpy_motorikany_damytu_balanyn_zhan_zhak_ty_damuyna_sieri"
    ["file_id"] => string(6) "375462"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483560545"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?аза?ты? ?лтты? спорт т?рлері "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-tyn-u-lttyk-sport-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "160448"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422038864"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства