kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тасқала ауданы

Мерей ауылының

Айгөлек балабақшасының

Бірінші   санатты тәрбиешісі

Джанаева Данагүл Максотқызы

Ұсақ және жалпы моториканы дамыту, баланың жан-жақты дамуына әсері.

Қазақстан Республикасының 2015жылға  дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық»делінгендей. Мектепке дейінгі жастағы балаға тәрбие мен білім беруде, бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор.Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру.
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:
- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғылысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
- жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым:
- педагогтың балалармен бірлескен қызметі;
- балалармен жекелей жұмыстар;
- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.
Ұсақ қол моторикасы дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:
• саусақтық ойын тренингісі
• қол мойнына массаж
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б.
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері
• графикалық моториканы дамыту
• трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану.
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау  балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.
Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы. Бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан  баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады.                Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.
Жұмысқа кіріспес бұрын қалай жұмыс жасау керек, қандай материалдар қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым. Жұмысымның негізіне ойындар енгіздім. Қозғалысты ойын - балалар үшін дүниені танудың бір тәсілі. Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты терең таныса алады. Алдымен мектепке дейінгі орта буын балаларының (4-5 жасар) саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика жасадым. Диагностика жасау барысында балаларға үш түрлі жаттығу ұсындым:
- доппен ойнау (допты лақтыру және оны ұстап қолмен алу, ұстаған допты бір қолмен еденге ұрып алып жүру, жоғары лақтырып, оны қағып алу)
- қарындашпен ойнау (затты айналдырып сызу және оны сызыққа тастау)
- саусақпен жеке қимыл жасау.
Өзіме мынадай міндеттер қойдым: саусақ қозғалысын жақсарту, өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату, баланың жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді орындау үшін жұмыстың түрлі нысандарын пайдаландым. Педаогог  пен балалардың бірлескен қызметіне баланың логикасын және басқа да қабілеттерін дамытатын жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге асыратын мақсат қойдым.
Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызметтің түрлі нысандарын меңгеруді дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдастыруға да міндет қойдым. Балаларды жеке тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым – қатынасын негізге алған микроклимат жасалды.
Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Жұмысымның негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырдым. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты, саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналады. Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаландым. Жаттығуға ұласқан тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын дамытады. Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека құрастырдым: «Саусақтық жаттығулар», «Жолшықпен жүру», «Физминуткалар».
бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді.
Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын жән келісілген сенсомоториканы дамытады. Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына, сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.
Сондай –ақ, балаларды ойындар мен инсцениравкада қолданған қағаздан ұсақ – түйектер жасауға үйреттім.
Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін пайдаландым: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен қолдан жасалған мөр және т.б. Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.
Басты назар суреттерді бояуға бөлінді. Бұған бояу альбомы мен дайындамалар қолданылды. Бояу қозғалыс үйлесімін дағдыландыруда ұсақ қол моторикасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін түр сызықтарының бірнеше түрлерін қамтыды. Қол қозғалысының анықтылығы мен сенімділігін дамыту бойынша нақты бағытта параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да қолдандым.
Баланың графикалық дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс – тәсілдер жеткілікті: нүктелер бойынша суретті бір – біріне қосу. Элементарлы математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған суреттер), есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдандым. Қызметтің осы түрлері балалардың байқағыштық, зерделілік, ойлау және қиялдау, ұғыну қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айттым деген бала шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер ұсынылды.
Балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады. (ЛЕГО базасындағы конструкторлар). Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды. Конструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды. Балаларға пазл құрастыру, қармақ бауына моншақтар тізбектеу өте ұнады. Сондай - ақ, ұсақ заттарды (түймелер, бұршақтар, фасольдар, талшын және т.б.) қолдандым. Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарға массаж жасау, сипау арқылы затты анықтау, сипау арқылы заттарды санау.                                                                                                                   Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға байланысты дидактикалық ойындар кітапшасын ойластырдым: Кітапшаны бала денсаулығына зиянсыз фетра материалынан тіктім. 2-5жасқа дейінгі балаларға арналған.Кітапша беттерін дайындағанда балалар қызығатындай қанық түстерді пайдаланным.Бала кітапшаны қолына алған кезде байлаулы тұрған лентаны көреді. Және осы лентаны шешуден бастап ұсақ қол моторикасын дамытады. Одан әрі  «Санайық» ойыны (бау арқылы заттар санының қатыстылығы мен саны), «Сиқырлы моншақ» ойыны (түрлі нысандағы жазық геометриялық фигуралар көлемін тізбектеу, баудың түсі; заңдылықты сақтай отырып, жазық бойынша фигураны орналастыру)т.б.ойын жаттығуларымен күрделене береді
Өткізілген жаттығулар мен ойындарды жұмыстың түрлерімен ұластырдым. Әрине, жұмыс жасау барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен психофизиологиялық дамуын ерекше ескердім.Мен осы шығармашылық жұмысым бойынша  жылдық жоспар құрып оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, балалардың бос уақытында, ойын кезінде тиімді пайдаландым.

Өз тәжірибемде қолданылатын балаларды диагностикалауға арналған тапсырмалар.

  • «Саусақпен мұрын амандасады»
  • «Теңгелерді қорапқа жина»
  • «Саусақпен дөңгелектер суретте»
  • «Амандасайық»

Қорытынды:Бұл ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсарды, театрландыру элементтерін пайдалану балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар  өз тәжірибемде саусақ ойындарын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде, сергіту жаттығуында, ертеңгілік жаттығуларда үнемі пайдаланып отырдым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері.»





Тасқала ауданы

Мерей ауылының

Айгөлек балабақшасының

Бірінші санатты тәрбиешісі

Джанаева Данагүл Максотқызы



Ұсақ және жалпы моториканы дамыту, баланың жан-жақты дамуына әсері.

Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық»делінгендей. Мектепке дейінгі жастағы балаға тәрбие мен білім беруде, бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор.Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру .
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:
- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғылысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
- жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым:
- педагогтың балалармен бірлескен қызметі;
- балалармен жекелей жұмыстар;
- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.
Ұсақ қол моторикасы дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:
• саусақтық ойын тренингісі
• қол мойнына массаж
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері
• графикалық моториканы дамыту
• трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану .
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.
Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы. Бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады . Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.
Жұмысқа кіріспес бұрын қалай жұмыс жасау керек, қандай материалдар қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым. Жұмысымның негізіне ойындар енгіздім. Қозғалысты ойын - балалар үшін дүниені танудың бір тәсілі. Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты терең таныса алады. Алдымен мектепке дейінгі орта буын балаларының (4-5 жасар) саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика жасадым. Диагностика жасау барысында балаларға үш түрлі жаттығу ұсындым:
- доппен ойнау (допты лақтыру және оны ұстап қолмен алу, ұстаған допты бір қолмен еденге ұрып алып жүру, жоғары лақтырып, оны қағып алу)
- қарындашпен ойнау (затты айналдырып сызу және оны сызыққа тастау)
- саусақпен жеке қимыл жасау.
Өзіме мынадай міндеттер қойдым: саусақ қозғалысын жақсарту, өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату, баланың жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді орындау үшін жұмыстың түрлі нысандарын пайдаландым. Педаогог пен балалардың бірлескен қызметіне баланың логикасын және басқа да қабілеттерін дамытатын жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге асыратын мақсат қойдым.
Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызметтің түрлі нысандарын меңгеруді дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдастыруға да міндет қойдым. Балаларды жеке тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым – қатынасын негізге алған микроклимат жасалды.
Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Жұмысымның негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырдым. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты, саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналады. Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаландым. Жаттығуға ұласқан тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын дамытады. Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека құрастырдым: «Саусақтық жаттығулар», «Жолшықпен жүру», «Физминуткалар».
бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді.
Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын жән келісілген сенсомоториканы дамытады. Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына, сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.
Сондай –ақ, балаларды ойындар мен инсцениравкада қолданған қағаздан ұсақ – түйектер жасауға үйреттім.
Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін пайдаландым: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен қолдан жасалған мөр және т.б. Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.
Басты назар суреттерді бояуға бөлінді. Бұған бояу альбомы мен дайындамалар қолданылды. Бояу қозғалыс үйлесімін дағдыландыруда ұсақ қол моторикасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін түр сызықтарының бірнеше түрлерін қамтыды. Қол қозғалысының анықтылығы мен сенімділігін дамыту бойынша нақты бағытта параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да қолдандым.
Баланың графикалық дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс – тәсілдер жеткілікті: нүктелер бойынша суретті бір – біріне қосу. Элементарлы математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған суреттер), есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдандым. Қызметтің осы түрлері балалардың байқағыштық, зерделілік, ойлау және қиялдау, ұғыну қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айттым деген бала шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер ұсынылды.
Балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады. (ЛЕГО базасындағы конструкторлар). Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды. Конструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды. Балаларға пазл құрастыру, қармақ бауына моншақтар тізбектеу өте ұнады. Сондай - ақ, ұсақ заттарды (түймелер, бұршақтар, фасольдар, талшын және т.б.) қолдандым. Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарға массаж жасау, сипау арқылы затты анықтау, сипау арқылы заттарды санау. Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға байланысты дидактикалық ойындар кітапшасын ойластырдым: Кітапшаны бала денсаулығына зиянсыз фетра материалынан тіктім. 2-5жасқа дейінгі балаларға арналған.Кітапша беттерін дайындағанда балалар қызығатындай қанық түстерді пайдаланным.Бала кітапшаны қолына алған кезде байлаулы тұрған лентаны көреді. Және осы лентаны шешуден бастап ұсақ қол моторикасын дамытады. Одан әрі «Санайық» ойыны (бау арқылы заттар санының қатыстылығы мен саны), «Сиқырлы моншақ» ойыны (түрлі нысандағы жазық геометриялық фигуралар көлемін тізбектеу, баудың түсі; заңдылықты сақтай отырып, жазық бойынша фигураны орналастыру)т.б.ойын жаттығуларымен күрделене береді.


Өткізілген жаттығулар мен ойындарды жұмыстың түрлерімен ұластырдым. Әрине, жұмыс жасау барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен психофизиологиялық дамуын ерекше ескердім.Мен осы шығармашылық жұмысым бойынша жылдық жоспар құрып оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, балалардың бос уақытында, ойын кезінде тиімді пайдаландым.

Ай аты

Тақырыбы

Басқа жұмыстармен сабақтастығы

Мақсаты

Қыркүйек

Жазғы жайлау

Қ/ойын: «ауа,су,жер»


Жапсырмалар арқылы күн,бұлт,оюды өз орындарына жапсыру. Қоршаған ортаның эстетикалық құндылығын көрсету, оны тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Сипау арқылы моншақты гүлді санау.

Ақ қоянмен саяхат

Тақпақ жаттау «Ақ қоян»

Батырмалар арқылы әуе шарларын орналастыруға үйрету. Қол және көз, қолдың ептілігі, қозғылысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;

Қазан

«Кел,санайық», «Сиқырлы моншақтар» ойыны

Санамақ жаттау

Моншақты санай отырып тізбектеу және түстеріне қарай сандарды орналастыру.Байқағышты, зерделілік қабілеттерін дамыту.

«Мысық жіппен ойнайды»

Жұмбақтар жасыру.


Мысық қалай дыбыстайды? Деген сұраққа жауап бере отырып,шығыршықтан жіпті өткізуге үйрету. Бұлшық ет икемділігін арттыру.

Қараша

«Менің күшігім»

Сурет бойынша әңгіме.

Мозайка құрастыру.


Күшіктің мойнына қарғыны тағу арқылы саусақ қозғалысын жақсарту,сөздік қорын молайту.

«Балық аулаймыз»

Сурет салу «Аквариум балықтары»

Тірі организімнің қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту

Желтоқсан


«Түсіне қарай пішіндерді орналастыр»

«Түстер әлемі» саусақпен сурет салу.

Пішіндерді атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. ,

«Жануарларды тамақтандырайық»

Бақылау «Мысық және күшік»


Жануарларды тамақтандыру ,оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру

Қаңтар

«Алма жинау»


Ертегі қойылымы: «Алма»


Түстері бойынша кәрзенкелерге алмаларды жинауға үйрету. Ықылас зейінін дамыту.

«Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту». (Жоба)

Саусақ ойыны:«Түлкі», «Әтеш»




Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту.

Ақпан

«Менің аяқ киімім»


Жаңылтпаш жаттау


Бәтеңке бауын байлау арқылы,өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру.

Икемділікті арттыру

«Машаға моншақты жеткіз» лабиринт


Саусақ жаттығуы «Аю»


Сипау арқылы моншақты Машаға жеткізу. Қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғылысын үйлестіру.

Наурыз

«Сырма салып үйренем»

Тұзды қамырмен жұмыстар


Өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу,өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін қалыптастыру.

«Ілгекті қадаймыз»

«Гүлденген әлем» гратажда сурет салу.



Балаларды ілгектің түсіне сәйкес гүлдерді қадауға үйрету. Таным белсенділігін дамыту.

Сәуір

«Сәлем саусақ қал қалай!»

«Отбасы» санамақ жаттау

Қол саусақтарының нәзік қимылдарын дамыту. Сөздік қорын молайту.

Таяқшамен ойын: «Үй», «Тал», «Қайық»

Табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу

Балаларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Жасаған жұмыстарына талдау,қорытындылау іскерліктерін жетілдіру.

Мамыр

«Көзәйнек» саусақ ойыны

Пазлы құрастыру

Бала қолының ептілігін жетілдіру.

Бір қорап қыстырғыш

Әңгіме: «Өздеріңді дұрыс ұстаңдар»

Ойын: «Жақсы-жаман»

Қысқыштағы суретті қорап ішіндегі суретке сәйкестендіру.




Жоспарды құра отырып балалардың деңгейін, шығармашылығын,ізденімпаздығын,білімін дамытқым келіп жобаны енгіздім. Жоспарыма «Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында жобаны кірістірдім. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға өте тиімді,онда балалардың өздерінің жан-жақты екендігін көрсете білді. Жоба үш айға созылды.Осы уақыт аралығында балалармен жұмыстанып көптеген нәтижелерге жеттік.

Мен бұл жобадамда заманауи технологияларды енгізе отырып интерактивті тақта арқылы дидактикалық ойындар және сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін қолданып балалардың қызығушылығын тудырдым.Осы жоба кезінде балалардың еркін шығармашылығы артып, әр баланың жеке іскерлік қабілеті ашылды.


Жоба:Тақырыбы«Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту».

Жобаға қатысушылар:Тәрбиеші,ересек топ балалары,ата-аналар

Жобаның орындау мерзімі:Қысқа мерзімді

Жобаның мақсаты: Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту

Жобаның тапсырмасы

  • Заттық-дамытушылық орта құру

  • Жұмыс құралдарын жасау

  • Балалармен жұмыс

  • Ата-аналармен жұмыс

Жобаның өзектілігі: Үлкендердің мақсаты-балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі дамыту. Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту.Құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалдық жайлы жағдай жасау.

Шығатын қорытынды:Шығармашылық процестен, өз туындысынан ләззат алып, әр жұмысты, әр істі қызығушылықпен орындауға болатынын үйренеді.

Жобада қолданылған құралдар: Суреттер, аппликациялар, фотосуреттер,үнтаспалар, бетперделер,қимылдық,дидактикалық ойындар.

Әдіс – тәсілдері:

  • Саусақ ойындары

  • Қолдың бұлшық еттеріне арналған массаж

  • Сергіту жаттығулары

  • Саусақ театры

  • Дәстүрден тыс бейнелеу әрекеті

Ата-аналармен жұмыс

Кеңестер беру: «Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамытуға арналған тіл дамыту құралы»

«Саусақпен ойнаймыз – тілді дамытамыз»

Семинар- практикум:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту»

Дәстүрден тыс сурет салу
Берілген техника бүлдіршіндердің әрекетіне белгілі жаңалық еңгізумен бірге қалаған нәтижеге тез жетуіне мүмкіндік береді, балалардың қызығушылығын оятады.




Саусақ театры

Күннің екінші жартысында қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар жоспарланып өткізіледі



Өз тәжірибемде қолданылатын балаларды диагностикалауға арналған тапсырмалар .

  • «Саусақпен мұрын амандасады»

  • «Теңгелерді қорапқа жина»

  • «Саусақпен дөңгелектер суретте»

  • «Амандасайық»

Қорытынды:Бұл ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсарды, театрландыру элементтерін пайдалану балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар өз тәжірибемде саусақ ойындарын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде, сергіту жаттығуында, ертеңгілік жаттығуларда үнемі пайдаланып отырдым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері.

Автор: Джанаева Данагуль Максотовна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375462


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства