kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Геометриялық фигуралар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту; нүкте, сызық, түзу және қисық сызық, кесінді туралы түсініктер қалыптастыру.

№1 тапсырма. Иілгіш сым темір туралы ертегіден бастауға болады. Бұл сым темірдің көмегімен геометриялық фигуралар келтіруге болады. Тақтадағы сурет: түрлі сызықтар, нүктелер, қисық, тура сызықтар. Тақтаға, қағазға, ауаға, құмға және т.б. сурет саламыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Геометриялық фигуралар.»

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР

Сабақтың мақсаты: геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту; нүкте, сызық, түзу және қисық сызық, кесінді туралы түсініктер қалыптастыру.


№1 тапсырма. Иілгіш сым темір туралы ертегіден бастауға болады. Бұл сым темірдің көмегімен геометриялық фигуралар келтіруге болады. Тақтадағы сурет: түрлі сызықтар, нүктелер, қисық, тура сызықтар. Тақтаға, қағазға, ауаға, құмға және т.б. сурет саламыз.

Нүкте, түзу, қисық сызықтарды бейнелейтін адамдардың (балалар) иллюстрациясы балаларды олардың атауымен таныстыруға мүмкіндік береді. Балалар тақтаға бор немесе маркермен, қағазға қарындашпен осы фигураларды салып жаттығады.

Кесінді қалай пайда болғанын көрсету үшін ертегі айтып беруге болады немесе екі жағынан керілген сым темірді немесе жіпті пайдалана отырып, тура кесінді қалай пайда болатыны көрсетіледі.







№2 тапсырма. Ені әртүрлі отырғышқа аңдарды орналастыру. Жапсырма қағаздарды (наклейка) таңдап алып, төменде көрсетілгендей етіп жапсыру керек. Ені бойынша салыстыру туралы түсініктер нақтыланады. Балалардың бұл түсініктерді шатастырмауын қадағалау керек.

№3 тапсырма. Балалар тиісті түс арқылы кестедегі ұяшықтарда берілген геометриялық фигураларды бейнелейді. Суретті сала отырып, фигураны атау керек: мен қызыл кесінді сызып жатырмын, мен көк түзу сызық сызып жатырмын, т.б.








№4 тапсырма саусақ қимылдарын дамытады және жаңа тақырыпты бекітуге мүмкіндік береді. Мұғалім сыртына шығармай сызық жүргізіп, ішін бояу қажеттігін еске салады. Сызықтарды атын атай отырып жүргізіп шығады.

Ауызша жұмыс үшін «Ұлудың жолы» немесе «Көліктің жолы» үлестірмелі материалын ұсыныңыз. Алдымен бағдарша бойынша қимыл бағытын қайталаңыз. Нүктелерді санаңыз.

Заттардың қасиетін бекіту үшін үлестірме материал пайдаланыңыз. Суреттегі заттарды қарастырамыз. Әрбір карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата.



Металдан жасалған түрлі пышақ, шанышқы, қасық, ара, бұранда, гайка кілтінің суреті берілген (асүй заттары мен құрал-саймандарын екі топқа жіктеу)

Киім және аяқкиім суреті берілген (шалбар, майка, жейде, көйлек, кроссовка, туфли, етік).

Жабайы және үй жануарларының суреті берілген (түлкі, қасқыр, аю, кірпі, мысық, ит, сиыр, ешкі, ...)

Жасыл және сары көкөністердің суреті берілген (қияр, кәді, жасыл бұрыш, сары бұрыш, асқабаң, патиссон, сәбіз)

6 жасар балалардың ұғымталдығы дамытылады, геометриялық фигураларды өзгертуді үйренеді, мәселен, бірнеше үшбұрыштан төртбұрыш, бесбұрыш, шеңбердің бөліктерінен толық шеңбер жасайды. Мұғалім балаларда бар фигураларға көз жүгіртіп, пішіні бойынша оларды бөлуге тапсырма береді, олар қалай аталатынын, өлшемі қандай екенін айтады, содан кейін 2-3 фигура алып, оларды біріктіре отырып қандай фигуралар құрастыруға болатынын ойластырады. Тапсырманы орындағаннан кейін балалар қандай жаңа фигуралар шыққанын, олар қандай фигуралардан құрастырылғанын әңгімелейді. Бөлшектерден тұтас фигура құрастыра отырып, балалар 2-4 жартыдан неше шеңбер құрастыруға болатынын табады, т.б.

Балалармен жұмыс жүргізгенде геометриялық мазмұндағы қызықты ойындар мен жаттығулардың пайдасы мол. Олар математикалық білімге деген қызығушылықтарын арттырады, балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар бас қатыратын, жұмбақ тапсырмаларды жақсы көреді. Мәселен, бір фигураны екіншісіне біріктіре отырып, 7 таяқшадан 2 шаршы құрастырады, 1, 2, 3 таяқшаны өзгерте отырып, бір фигурадан басқа фигура алады (үйдің фигурасынан жалау жасайды және т.б.); қандай да бір аппликация картина құрастыруда неше шеңбер, үшбұрыш, тіктөртбұрыш қолданылғанын анықтайды; сызба немесе өрнек қандай фигуралардан құрастырылғанын, олар нешеу екенін табады. «Танграм» (геометриялық конструктор) ойынын ойнау барысында балалар қоян, тырна, әтеш және басқа аң-құстардың күрделі фигураларын құрастырады, оларды қарапайым 7 геометриялық фигурадан жасайды.

Мұғалім балалардың дербестігін жоғары бағалап, оларды тапсырманы өздері орындаса қызықты болатынына сендіреді. «Мына фигураларға қараңдар. Ол кімді елестетеді? Иә, бұл - әтеш. Бұл әтешті 7 фигурадан құрастыру қажет. Бұл фигура қандай бөлшектерден тұратынын қараңдар. Әр бөлшегі қандай фигуралардан құралған? Олардың шамалары қандай және қалай орналасқан? Әтештің фигурасын қалай құрастыратындарыңды айтып беріңдер», - деп балаларды ой жүгіртуге, жұмыс істеуге ынталандырып, соңынан шешімін тексереді. Бастапқыда мұғалім балалармен бірге фигураны қарастырып, содан кейін талдау жоспарын берсе, енді балаларды өздігінен талдау жасауға үйретеді. Балалар алғашқы 2-3 күрделі фигураны оның жалпы контуры ғана берілген үлгісіне қарап құрастырады. Кейіннен олар 7 фигураны пайдалана отырып, қандай заттар бейнелеуге болатынын өздері ойластырады.

Тапсырмаларды орындау барысында мұғалім балалардың шешу жолын дұрыс таңдамаудан бас тартуға үйрете отырып, ойлау икемділігін дамытады («Дұрыс шықпаса, басқаша қалай жасауға болатынын ойлан»), қатты қиналса, жартылай шешімін көрсетеді, дұрыс тапқан алғашқы қадамына мақтау айтады («Бұл фигураларды сен дұрыс қойдың, әрі қарай не істеу керектігін ойлан»). Тапсырмалар балалар орындай алатындай болуы тиіс, әйтпесе олардың қызығушылығы басылып қалады. Сондықтан геометриялық сипаттағы танымдық тапсырмалар балалар пішін туралы білімді меңгергенде, оларды дұрыс атап қана қоймай, оларды құрастырып, өзгертіп, айналадағы заттардан геометриялық негіз көре алатын кезде беріледі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Геометриялық фигуралар.

Автор: Мырзаева Айжан Ботаевна

Дата: 12.02.2017

Номер свидетельства: 390985

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Геометриялы? фигуралар. Периметр. Аудан. "
    ["seo_title"] => string(45) "gieomietriialyk-fighuralar-pierimietr-audan-1"
    ["file_id"] => string(6) "161086"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422180435"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Геометриялы?  фигуралар. Периметр.Аудан."
    ["seo_title"] => string(45) "gieomietriialyk-fighuralar-pierimietr-audan-3"
    ["file_id"] => string(6) "253786"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447667076"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "Сыныбы: 4 П?ні: Математика Саба?ты?  та?ырыбы: Геометриялы? фигуралар. Аудан"
    ["seo_title"] => string(67) "synyby4pnimatiematikasabaktyntakyrybygieomietriialykfighuralaraudan"
    ["file_id"] => string(6) "283430"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453826511"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Открытый урок на тему "Геометриялық фигуралар. Ауданның өлшем бірлігі. Палетка""
    ["seo_title"] => string(80) "otkrytyi_urok_na_tiemu_gieomietriialyk_fighuralar_audannyn_olshiem_birlighi_pali"
    ["file_id"] => string(6) "449535"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515754063"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Открытый урок на тему "Геометриялық фигуралар""
    ["seo_title"] => string(49) "otkrytyi_urok_na_tiemu_gieomietriialyk_fighuralar"
    ["file_id"] => string(6) "449541"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515754798"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства