Қажетті көрнекі құралдар: геометриялық фигуралардың суреті, қалталы полотно, нәрселердің суреті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру:
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын шашайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Кең әлемге шашайық.
Өткенді еске түсіру
12345678910 және кері10987654321
Талшында барлығы 5 жеміс болды.Оның 2уі алма,алмұрттар саны нешеу?
5 -2=3
Алиханның 3машина 2 ұшағы бар.Алиханда барлығы неше ойыншықтбар?
3+2=5
-Балалар біз қандай фигураларды білеміз еске түсірейікші.
-Төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек,шаршы.
-Балалар мына фигураларға назар аударамыз. Бұлар шеңбер және сопақша. Бұлар бірдейме?
Шеңбер дөңгелей алады, оған ештеңе кедергі келтірмейді. Сопақша-бұрыштары болғанымен, дөңгелемейді. Жұмыртқа сияқты бір бөлігі кең, екінші бөлігі тар келеді. Сопақшаның биіктігі шеңбердің диаметріне тең болуы керек.Үшбұрыш барлық қабырғалары үшеу,бұрыштары үшеу болғандықтан үшбұрыш деп аталады.Сол сияқты төртбұрыштың да бұрыштары төртеу,қабырғалары төртеу.
№1 тапсырма
Сурет қандай фигуралардан құрастырылған?Осы суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады?
№2 тапсырма
Төмендегі шартты белгі бойынша фигура сал.
Сергіту сәті:
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
№3 тапсырма
Араның жолын сал.Оңға- солға,астыға-үстіге бағыттар арқылы араның жолын салу.
№4 тапсырма
Фигуралардан құралған үйлерді сәйкестендіріп бояу.
Қортынды:
-Қандай фигуралармен таныстық?
-Дөңгелек,үшбұрыш,төртбұрыш ,шаршы тб.....
-Төртбұрышты неге төртбұрыш деп атаймыз?
-Оның бұрыштарының саны төртеу болғандықтан.
Күтілген нәтиже:
Нені біледі: фигуралардың қабырғаларын, фигуралардың бұрышын ажыратуды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: шеңбер мен сопақшаның аралығындағы айырмашылықты меңгереді.Барлық фигуралардың
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз бетімен тапсырманы орындауға дағдыландыру.