№30.ТАҚЫРЫБЫ: Ғажайып теңіз әлемі (ғаламтордан). Х дыбысы. | Мектеп: |
Күні: | Педагогтің аты жөні: |
Мектеп алды даярлық сыныбы | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | 0.1.1.1.Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.1.2.Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау. 0.1.3.1. Тыңдалған мәлімет/ хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау. 0.1.4.1.Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу. 0.1.5.1. сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым – қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (Кешіріңіз, Тыңдаңызшы! Және т.б.) қолдану. 0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу. 0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы) 0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру. 0.3.2.1. сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу. 0.3.3.2. Қарапайым жиектерді штрихтап салу. |
Күтілетін нәтиже | Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: -Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. -Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады. - Х дыбысы дауыссыз дыбыс, х дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. -Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі х дыбысының орнын ажыратады. -Қарапайым жиектерді штрихтап салады. Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: -Тыңдалған мәлімет/ хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды. -Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар ) ажыратып, талдау жасай алады. - Х дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы х дыбысының орнын ажыратады. -Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті) сөйлеу барысында қолданады. -Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әрпінің элементтерін жазады. Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады: -Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. -Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. -Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. -Х дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. -Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі). -Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, (Кешіріңіз, Тыңдаңызшы! Сау болыңыз! Және т.б) сөздерін қолданады. |
Тілдік мақсат | Тәрбиеленушілер: Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру. Суретте бейнеленген оқиғаны өз жағдайларында жалғастыру.. Көптілділік: Ғажайып- чудеса – miracles |
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Теңіз әлемі |
Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. -Еліміздің астанасы қай қала? -Астана қаласының қандай көрікті жерлерін білесің? -Сен қандай жерлерінде болдың? |
Өткен сабақтардан алған білім | Туған жер, Отан, Астана, Алматы қалалары туралы бұрыннан білетіндерін айтады. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
1.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 мин 2.Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3-5 мин | Сабақта жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге. Сурет бойынша әңгіме. Тәрбиеленушілер жаңа сабақтыңне жайында болатыны туралы болжамдайды. | Тақырып мазмұны бойынша көрнекті құралды (флипчартқа шығаруға болады) «Әли мен Айя» мультфильмі Х дыбысымен танысады. Ғажайып теңіз әлемі туралы өз болжамдарын жасайды. |
Сабақтың ортасы 3.Тақырып бойынша жұмыс. 6-30 мин | (ПТ) Тақырыппен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. 1-тапсырма.Әңгіме құрастыруда сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілеріне сәйкес құрастырған сөйлемдердің соңына нүкте, сұрақ, леп белгісін қою. (2- тапсырма) Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіреді. Жұмбақты шеш. (3 тапсырма) Халықта бар, Елде жоқ. Халатта бар, Көйлекте жоқ. (Х дыбысы ауызша түсіндіріледі) (П) Әли мен айя мульфильмі Х дыбысымен таныстыру үшін мульфильмді көрсетеді. Ғажайыпстанға саяхат барысында мультфильмнен көргендерін дауыс ырғағын сақтап (Сәлеметсіз бе? Рақмет, атай! Сау болыңыз!сөздерін қолдану. Х- дауыссыз дыбыс. Х дыбысы жасалу жағынан Ғ-ға ұқсас. Оны көк текшемен белгілейміз. Сергіту жаттығуы: Отырып –ақ орнымда, Айдын көлді кещемін. Сен білмесең егер де, Былай ескек есейік. (Қимылмен көрсету) | (Ұ) Педагогті мұқият тыңдайды. (Ө)Жұмбақты шешеді. Музыкалық сүйемелдеумен бой сергіту жаттығуын жасайды. |
| -Суретте ненің суреттері берілген? (4- тапсырма) Әліппе-дәптердегі заттардың аттарына сөз сызбасын құрастыру. Осы сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы Х дыбысының орнын ажыратқызады. Көк текшемен боятқызады. Тәрбиеленушілердің өздеріне Х дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды. «Кімге не қатысты?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: суретте берілгендерді сызық бойынша қос. 5,6 – тапсырмалар орындатылады. Әліппе-дәптердегі жазу жолын, жоларалық кеңістікті жолдың жоғарға және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазуға арналған тапсырманы орындату. Үзік сызықтарды қосу арқылыл тәрбиеленушілердің қолдарын жазуға жаттықтыру. | Х дыбысына сөз ойлап айтады.Берілген суреттердің аттарын атайды.Берілген сурет бойынша сөз, буынды құрастырады. Х дыбысының орнын ауызша талдайды, буынға бөліп, сөйлем құрастырады. Х дыбысын көк текшемен белгіленетіні біледі. (Ө) Саусақ моторикасын дамыту жаттығуларын орындайды. (Ұ) Бүгінгі өткен сабақ бойынша педагогтің сұрақтарына жауап береді |
Сабақтың қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин | Елордамыз Астана мен бас қала Алматының көрікті жерлері туралы білімдері кеңейіп, жаңа дыбыспен танысады. Өткен дыбыстар мен жаңадан өткен дыбысты қатыстырып сөздер ойлап, сөйлем құрастырып, талдау жұмыстарын жүргізе алады. Сабақ барысында қандай қиындықтарды кезіктірдің? Суреттрге қарап сөйлем құрасыру қызықты болды ма? Қай тапсырманы орындау қызықты болды? Тапсырманы орындауға ұмтылу. Рефлексті бағалау- өз жұмысын смайлик бойынша бағалап қорытады. Тәрбиеленушілердің қолына таратылған смайликтер бойынша жаңа тақырыпта толық түсінсе, смайликтердің күліп тұрғанын, ал толық түсінбесе аузы тіктеп тұрған смайлик, мақсатқа жетпесе ренжіп тұрған смайликті белгілейді. | . Өз жұмысын смайликтер бойынша бағалайды. |
Қосымша ақпарат |
Жіктеу- тәрбиеленушілердің көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеттірек тәрбиеленушілердің қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз? | Бағалау – тәрбиеленушілердің прогресс/ білімін бақылауды қалай жоспарладыңыз? | Пәнаралық байланыстар: «Өзін-өзі тану», «АКТ». Құндылықтар. |
Педагог қажеттігіне қарай мөлшерлеу көмегін көрсетеді. Тәрбиеленушілердің мотивация деңнейін көтеру. Шығармашылық тапсырма: Тәрбиеленушілерге арналған сұрақтарды пайдалану. | Тәрбиеленушілердің жұмысын, олардың өзіндік жұмыстарын қадағалай отырып. Әліппе – дәптердегі тапсырмаларын (қорытынды, тапсырмалар) қарай отырып. Тәрбиеленушілер рефлекциясының қорытындыларын талдай отырып. | «Өзін-өзі тану » сабағын «Туған жерімді сүйемін» тақырыбымен байланыстыру. Өзін –өзі және құрбыластары мен үлкендерді түсіну, сыйлай білуге үйрету. |
Байқаулар Оқытудың / сабақтың мақсаттары қолжетімді болды ма? Тәрбиеленушілер бүгіне неге үйренді? Оқыту жағдайы (атмосф) қандай болды? Тәрбиеленушілер арасында жіктелу (дифф) бойынша әрекеттер табысты болды ма? | Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағалау Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз. 1. 2. Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз. 1. 2. Сынып жайында және оның жеке тәрбиеленушілері жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме? |