Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейте отырып, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатындағы ұйымдастырылған оқу қызметі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ғарыш әлемі" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі»
№31 «Күншуақ» МДҰ
«Ғарыш әлемі»
(ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)
Дене шынықтыру жетекшісі: Жубатова Р.Ж.
2015 – 2016 оқу жылы
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»
Мақсаты:
Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейте отырып, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету.
Дамытушылық: Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу сияқты негізгі қимыл іс-әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ойындар арқылы шынықтыру, төзімділікке, ептілікке, шапшаңдыққа баулу және адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: гимнастикалық таяқшалар, массажды дорожка, құм салынған қапшықша, кегли, гимнастикалық орындық, гимнастикалық төсеніш, тунель, гимнастикалық баспалдақ, құрсаулар, т.б.
(Балалар залға саппен кіреді)
І. Дайындық бөлім.
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Оқу іс-әрекетінің мақсатын түсіндіру.
Жетекші: - Сап түзел! Тік тұр! Саламатсыздар ма? Балалар, бүгін біз қызықты саяхатқа шығамыз. Ең алдымен айтыңыздаршы, ғарыш дегенде көз алдарыңызға нелер келеді? (ай, жұлдыз, планеталар, аспан, т.б.) Ғарышқа қандай адамдар бара алады? (дені сау, мықты, батыр, т.б.) Сіздер ғарыш әлеміне барғыларыңыз келе ме? Ендеше, ғарышқа бармас бұрын денемізді шынықтырып, дайындық жасап алайық.
2. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар.
- қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру; б.ж.
- қол белде, өкшемен жүру; б.ж.
- қол белде, жартылай отырып жүру; б.ж.
- өрмекші болып жүру; б.ж.
3. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.
- жай жүгіріс;
- 1 саптан, 2 қатар құрап жүгіру;
- 2 саптан, 1 қатар құрап жүгіру.
4. Тыныс алу жаттығулары.
5. Жалпы дамыту жаттығулары (музыкамен жетекші нұсқауы арқылы жаттығу түрлерін орындау)
ІІ. Негізгі бөлім.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
Массажды дорожка үстімен жүріп өту;
Құм салынған қапшықшаны тбесіне қойып, қолды екі жаққа созып кедергілердің арасымен жүріп өту;
Гимнастикалық орындықпен алға тартылу;
Гимнастикалық төсеніштен баспен алға айналу;
Тунель ішімен еңбектеп өту;
Гимнастикалық баспалдаққа мініп, түсу;
Қолды белге қойып, құрсаудан құрсауға қос аяқтап секіру.
Жетекші: - Міне, денемізді шынықтырып алдық. Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен? Олай болса, аспан әлеміне бару үшін біз көлік дайындауымыз керек. Ол қандай көлік?
Эстафеталық ойын: «Зымыран»
Жетекші: - Міне, балалар, біздің зымыранымыз немесе ғарыш кемеміз дайын болды. Енді қиялымызға ерік беріп, бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Бір, екі, үш,
Зымыран ғарышқа ұш!
Қимылдық ойын: «Қара үңгір»
Жай ойын: «Жер мен Ай»
Жетекші: - Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап жерімізге оралайық. Міне, балалар, балабақшамызға да оралдық. Сендердің батыр, ержүрек, шапшаңдықтарыңның арқасында ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды.
Тыныштық сәті. (Баяу әуен қосылады)
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыздар. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалғында жатырсыз. Жасыл шөп сіздің денеңізді сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің иісін сезесіз, өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз... Тыныштықта жатып, өзімізді тыңдайық, жер-анамызды тыңдайық. Көзімізді ақырын ашып, бізге өмір, қуаныш, жақсы көңіл-күй сыйлаған «Жер - Анамызға» «рахмет!» деп айтамыз.
ІІІ. Қорытындылау.
№4 «Балдәурен» ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: денсаулық Бөлімі: денешынықтыру
Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»
Мақсаты: Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейте отырып, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету.
Дамытушылық: Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу сияқты негізгі қимыл іс-әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ойындар арқылы шынықтыру, төзімділікке, ептілікке, шапшаңдыққа баулу және адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: гимнастикалық таяқшалар, массажды дорожка, құм салынған қапшықша, кегли, гимнастикалық орындық, гимнастикалық төсеніш, тунель, гимнастикалық баспалдақ, құрсаулар, т.б.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Сапқа тұрғызу. Амандасу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Саптағы жаттығулар; түзел, тік тұр, оңға, солға, айнал, еркін тұр.
Жүру жаттығулары;
- қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру; б.ж.
- қол белде, өкшемен жүру; б.ж.
- қол белде, жартылай отырып жүру; б.ж.
- өрмекші болып жүру; б.ж.
Жүгіру жаттығулары:
- жай жүгіріс;
- 1 саптан, 2 қатар құрап жүгіру;
- 2 саптан, 1 қатар құрап жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары.
Жалпы дамытушы жаттығулары.
Жетекші нұсқауымен саптық, жүру, жүгіру, тыныс алу және жалпы дамыту жаттығу түрлерін орындайды.
Іздену-ұйымдастырушы
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
Массажды дорожка үстімен жүріп өту;
Құм салынған қапшықшаны тбесіне қойып, қолды екі жаққа созып кедергілердің арасымен жүріп өту;
Гимнастикалық орындықпен алға тартылу;
Гимнастикалық төсеніштен баспен алға айналу;
Тунель ішімен еңбектеп өту;
Гимнастикалық баспалдаққа мініп, түсу;
Қолды белге қойып, құрсаудан құрсауға қос аяқтап секіру.
-Міне, денемізді шынықтырып алдық. Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен? Олай болса, аспан әлеміне бару үшін біз көлік дайындауымыз керек. Ол қандай көлік?
Эстафеталық ойын: «Зымыран»
-Міне, балалар, біздің зымыранымыз немесе ғарыш кемеміз дайын болды. Енді қиялымызға ерік беріп, бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Бір, екі, үш,
Зымыран ғарышқа ұш!
Жетекші нұсқауымен балалар жеке-жеке негізгі қимыл-қозғалыс жаттығу түрлерін қайталап, орындайды.
Зымыран
Балалар екі топқа бөлініп, гимнастикалық таяқшалардың көмегімен зымыранды құрастырады.
Рефлексивті түзету:
Қимылды ойын: «Қара үңгір»
Жай ойын: «Жер мен Ай»
- Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап жерімізге оралайық. Міне, балалар, балабақшамызға да оралдық. Сендердің батыр, ержүрек, шапшаңдықтарыңның арқасында ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды.
Тыныштық сәті. (Баяу әуен қосылады)
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыздар. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалғында жатырсыз. Жасыл шөп сіздің денеңізді сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің иісін сезесіз, өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз... Тыныштықта жатып, өзімізді тыңдайық, жер-анамызды тыңдайық. Көзімізді ақырын ашып, бізге өмір, қуаныш, жақсы көңіл-күй сыйлаған «Жер - Анамызға» «рахмет!» деп айтамыз.
Қорытындылау. Қоштасу.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Жерде кездесетін заттар болса аяқтарын топылдатады, аспан әлемінде кездесетін заттар болса қолдарын шапалақтайды.
Зымыранға мініп, жерге оралады.
Гимнастикалық төсеніштердің үстеріне ұзыннан жатып, тыныштық сәтін өткізеді.
Саппен залдан шығады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Берілген тапсырманы зейін қойып орындай.
Игеру: Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу сияқты негізгі қимыл іс-әрекеттерін.
Меңгеру: Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасын және ғарыш әлемін.