Ортаңғы«Шаңырақ» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні : 13.04.20 ж
Тәрбиеші: Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: : «Қазақстан ғарышкерлері»
Тақырыбы: "Ғарыш әлеміне саяхат"
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту
дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.
Оқыту:
Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту.
Билингвалдық компонент: ғарышкер- космонавт, зымыран-ракета
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жылулық шеңбері.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
2. Негізгі бөлімі:
Суретпен жұмыс: (ғарышкер, зымыран, жұлдыз, күн)
Жұмбақ жасыру:
1. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
2. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
3. Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
4. Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Жарайсыңдар балалар!
Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасады?
Аспан әлемінде.
Тілді дамыту жаттығуы:
- ер, - ер, - ер
Біз боламыз ғарышкер.
- ға, - ға, - ға
Біз ұштық Айға.
Д/о " Біз «Сиқырлы ағаш» планетасы "
Шарты:
Тақтада ағаш жапсырылып тұр. Соған жемістерді жапсыру.(жемістердің арасында көкөністерде болады). Айырмашылығын айту.
3. Қорытынды:
Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қортындылау. Мадақтау