Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Көктем жыл мезгілінде неше ай бар? Бір аптада неше күн бар? Қазір аптаның қай күні? Дұрыс айтасыңдар. Балалар фишканы алып, екі топқа бөлінеді. Өткен сабақты қайталау өткізіледі. 1 топ- Жайлауға гүлдерді қойып, астына цифрларды орналастырады 2 топ- Баспалдақ. Сандарды ретімен орналастырады, тура, кері санайды. Қоңырау соғылады екі топ ауысады. Балалар шеңберге жиналады Балалар біздер бүгін сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз. Ғарышқа бару үшін бізге не керек? «Танграмм» дидактикалық ойыны. Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, зымыран суретін құрастырады. Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық. Өте жақсы ғарышкерлер, сендер берілген танграммды жақсы құрастырдыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады). Ғарышқа да келдік. Біздің айналамызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар. Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді. Күн: аспанда неше күн бар? (1) Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3) Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5) Жұлдыз: адамда неше көз бар?(2) Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мұнда қараңдар балалар біздер күн, жер, ай, жұлдыздың берген сұрақтарына жауап беріп жатқанда жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. Бұл іздер қай жағымызда орналаскан? Дұрыс айтасыңдар. Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік. Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастырады. Балалар сендер рет санымен сандарды орналастырдыңдар, бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап, жаттығу жасап алайық. Бой сергіту жаттығуы 1,2,3 ал қанеки ұш 4,5,6,7 мынау ауыл шеті 8,9,10 ал қанеки қон. Асық па да саспа Бірден қайта баста. Күшімізді жинап келдік, қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік. Таңғажайып сәт Инопланетянин кіріп келеді ( музыка ойналады). Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен осы ғаламшарда тұрамын. Мен сендерге тапсырма беремін. Сендер орындайсыңдар ма? (Логикалық есептер). Ал ,балалар мұқият тыңдандар. 1-тапсырма ( суреттерін көрсету) Табақта бес алма Қолымызда екі алма Қосқанда барлығын Болады неше алма? (7) 2-тапсырма Қонжық екеу, табаны нешеу? (4) 3-тапсырма Екі қоянның аяғы нешеу? (8) 4-тапсырма Үйге жұмсап жарқынды Алдырдық біз екі түйе Үш қап бидай артыңды Әр түйенің үстінде Тпқыр болсаңдар, ал санап Бидай алды қанша қап? (6 қап) Балалар өте жақсы сендер бұл тапсырманы да жақсы орыңдай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздері ғайып болып кетті ғой. Дидактикалық ойын: « Орнын тап». Балалар сендерге енді соңғы тапсырма беріліп отыр. Алдымызда жануарлардың үйі тұр. Бұл жануарлар нешінші пәтерде, нешінші қабатта тұрады екенін анықтауымыз керек. Арыстан -1-ші қабатта,2-ші пәтерде тұрады Қоңжық – 3-ші қабатта, 1-ші пәтерде тұрады. Тиын – 2-ші қабатта, 4-ші пәтерде тұрады Кірпі – 4-ші қабатта, 4-ші пәтерде тұрады. |