-Балалар ол кім деп ойлайсыз? Балалар, біз еште?еден ?оры?паймыз. ?ане, ?андай тапсырмалар екен к?рейік. Ендеше тапсырмаларды орындайы?. «Ж?лдызды ?алашы?» мынадай тапсырма дайында?ан екен.
-?те жа?сы ?арышкерлер, сіздер берілген тапсыманы жа?сы орындады?дар. Енді бізге ?шу?а кедергі жо?. Дайындалы?дар ?арыш ?леміне ?шу?а р??сат берілді.
5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады) балалар к?здерін ж?мып, айналып орындарына келеді. Мінекей, балалар біздер ?арыш ?леміне келдік. М?нда к?птеген аспан денелері бар екен. Оларда біздерге арнал?ан тапсырма бар екен. Орындаймыз ба?
1- тапсырма: Мен ж?ріп келе жатып, еменні? тасасынан екі ?зын ??йры? ж?не т?рт ?зын ??ла? к?рдім. Олар нелер, нешеу? (2 т?лкі, 2 ?оян)
2-тапсырма.
Дарбаза артынан 4 д??гелек к?рініп т?р. Дарбазаны? артында неше машина т?р деп ойлайсы?? (1 машина)
3 тапсырма:
Екі мысы?ты? ая?ы нешеу? (8)
4-тапсырма.
Екі сиырды? м?йізі нешеу? (4)
-Балалар сендер тапсырманы д?рыс орындады?дар. Енді ?аламшардан естелік ретінде ж?лдыздар ала кетейік.
Просмотр содержимого документа
««?арыш?а математикамен бірге» »
Ортаңғы топ балаларының ашық ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Аухатина Магира Тасжановна ортаңғы топ тәрбиешісі
БҚО Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ЖОББМ жанындағы шағын орталығы
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: Балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: саяхат, үстел үсті тапсырмалар, қисынды есептер, дидақтикалық ойындар.
Қажетті құралдар: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, қисынды есептер, суреттер.
Алдын-ала жұмыс: ғарыш әлемі, аспан денелері ғаламшарлармен танысу.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері:
Кәне, кәне тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға қарап, солға қарап,
Егеменді ел көрдім.
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Іздену ұйымдастырушылық кезеңі
-Балалар біздер бүгінгі оқу іс-әрекетінде ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
-Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
-Зымыран.
-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.
-Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық?
-Балалар қараңдаршы пішіндердің көлемінің бәрі бірдей ме? Төбесі үлкен үшбұрыш, қанаттары кішкентай үшбұрыштардан тұралды екен.
-Міне, балалар зымыранымыз да дайын болды. Енді бізге ғарышқа ұшуға болады.
Осы жерде «Жұлдызды қалашықтың» патшайымының дауысы естіледі.
-Сендер ғарышқа ұшпақсыңдар ма? Қара бұларды. Мен бәрін көріп отырмын сіздерді менің тапсырмаларымды орындамай ғарышқа өткізбеймін.
-Балалар ол кім деп ойлайсыз? Балалар, біз ештеңеден қорықпаймыз. Қане, қандай тапсырмалар екен көрейік. Ендеше тапсырмаларды орындайық. «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма дайындаған екен.
Тапсырма аты: «Орнын тап» деп аталады.
Бұнда біздер «жұлдызды қалашықтағы» сандар жапсырылған үйлерді өз ретімен орналастыру.
Тақпақтар.
-Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсыманы жақсы орындадыңдар. Енді бізге ұшуға кедергі жоқ. Дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді.
5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады) балалар көздерін жұмып, айналып орындарына келеді. Мінекей, балалар біздер ғарыш әлеміне келдік. Мұнда көптеген аспан денелері бар екен. Оларда біздерге арналған тапсырма бар екен. Орындаймыз ба?
1- тапсырма: Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан екі ұзын құйрық және төрт ұзын құлақ көрдім. Олар нелер, нешеу? (2 түлкі, 2 қоян)
2-тапсырма.
Дарбаза артынан 4 дөңгелек көрініп тұр. Дарбазаның артында неше машина тұр деп ойлайсың? (1 машина)
3 тапсырма:
Екі мысықтың аяғы нешеу? (8)
4-тапсырма.
Екі сиырдың мүйізі нешеу? (4)
-Балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді ғаламшардан естелік ретінде жұлдыздар ала кетейік.
Ай тапсырмасы.
Сергіту сәті.
Күнге қарап қол созайық 1, 2, 3.
Жауқазындай жайқалайық 1, 2, 3.
Дөңгеленіп би билейік 1, 2, 3.
Үлкен болып өсейік 1, 2, 3.
Жапсыру жұмысы.
-Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?