Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Әдебиет теориясы көркем әдебиетті барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша әдебиет теориясы зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Қазақ ғалымдарынан әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғылыми еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғылыми айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі
Жалпы өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай әдебиет теориясы үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде жаңа бағыттар қалыптасады. 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғалымдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. З.Ахметовтың
“Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды зерттеулер.
Әдеби тіліміздің суреттеу тәсілдерін және көркемдегіш құралдарын, сөз байлығын, олардың қыр-сырын білу– сол әдеби тілде сауатты сөйлей де, жаза да білу; әдеби тіл нормаларынан ауытқымау; оны көздің қарашығындай сақтау.
Әдебиеттің теориясының көркемдегіш құралдары
Әдебиетте көбінесе суреттеу тәсілдері қолданылады. Суреттеу тәсілдеріне мінездеу, портрет, бейнелеу, пейзаж жатады. Суреттеуде көріністі, бет-әлпетті, қимыл-әрекетті, әдетті нақтырақ көз алдымызға келтіре отырып сөзбен баяндайды.Суреттеу әсерлі болса, шығарма да тартымды болады.
Портрет - адамның түр-сипатын киген киімі, қылығымен бірге суреттеу.
Көркем сөздің шебері Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесінен жазушы жасаған портретті алайық:
«Кезінде келбетсіз болмаған ақсұр шал. Көк бурыл қабағы, селдiр мұрт, ұзынша сұйқылт сақалы бет алдын буалдырландырып жiберген. Көзiнiң алдындағы бiрер қыртысы болмаса, жүзiн әжiм алып жарымапты. Ылғи назарын тiктемей, бейтарап қарайтын қоңырқай көзi ештеңе аңғартпайды. Аңда-саңда өзiнен-өзi бiр мырс етiп қояды».
Пейзаж - табиғатты суреттеу.
Кей шығармаларда табиғат кейiпкерлердiң қуаныш-қайғысымен байланысты суреттеледi.
Әбдiжамал Нүрпейiсовтың “Қан мен тер” трилогиясының бiрiншi кiтабының “Ымырт” деп аталуы жайдан-жай емес. Билеушi таптардың уысынан шыға алмай, құрдымға кеткелi тұрған балықшының ауыр тағдыры батып келе жатқан ымыртпен қатар суреттеледi. Осы бөлiмдегi қоңыр күздiң суық бейнесi де балықшылардың өмiрiмен бiртұтас берiледi.
«Кешкі ымырт тез тұтасып,төңірек тұнжырай бастады. Еламан ертең болмаса, ауды бүгін басқа жерге аударып салуға үлгере алмасын білді. Шынында, бұл кезде батып бара жатқан күн алыстағы жалдың біріне иек сүйеп, еңкейіп қалған еді. Құбыла бет тұтас қызарып, жел жыртып дода-додасы шыққан бұлт батар күннің шапағатына бауырын бояп алаулап атты. «Апырай».деп Еламан құбыла беттен көз алмай, ұзақ қарады. Кезегі келгенде күн басына да зауал төніп,бар әлем тіл тартпай, түн құшағына кіріп бара жатқандай.
.Бар әлем бүркеу. Суық жел ызғырып, төңірек шаңытып тұр. Қабағын түйген қытымыр күннен қыстың таяу тұрған қаһары сезіледі. Еламан күн мінезін жақтырмай, жүрегі мұздап тұр еді, қасына қауқылдап сөйлесіп бір топ кісі келді.»
Композиция. Оқиғаның басталуы, өрбуi, аяқталуы-барлығы бiртұтас композицияны құрайды. Тек табиғат немесе адамның көңiл-күйi суреттелсе, бұл да композиция болады. Айталық, Мұхтар Әуезовтің “Көксерек” әңгiмесiндегi оқиға былайша өрбидi: Әкесi алдымен қасқырдың iнiнен қасқырдың бөлтiрiгiн ұстап үйiне әкеледi. Оны Құрмаш асырайды. Әжесi қанша сақтық қылса да, құлақ аспайды, қайта түнде қасына алып жатады. Әуелi Көксерек ауыл иттерiнен ығып жүредi. Кейiн үйiрiне қосылып кетедi. Ауыл малына ауыз сала жүрiп, бiр күнi Құрмашқа тап бередi. Құрмаш ақырында өзi кiшкене кезден баққан жыртқыштың жемтiгi болады. Оқиға соңы Аққасқа ит пен аңшылардың Көксеректi өлтiруiмен тынады. Мiне,бұл - “Көксерек”әнгiмесiнiң композициясы.
Баяндау - жазушының болған, естiген, ойластырған оқиғаны өз шығармасымен жеткiзуi. М.Әуезов “Көксерек”әңгiмесiн баяндап жазды. Әр жазушы шығармасын баяндап жеткізеді.
Сюжет - адамдардың әрекетiнен, қарым-қатынасынан туындайтын оқиғалар бөлшегi. Композицияның әр элементi сюжет болып есептеледi. ”Балықшы мен балық” ертегiсiндегi кемпiрдiң патша боп үлде мен бүлдеге оранып отыруы, сөйтiп жан-жағына қаһарлана әмiр беруi – бiр сюжет. Балықшының алтын балыққа барып, тілек тілеп, кемпірінің теңіз патшасы болғысы келгендігін баяндауы, одан балықтың теңіз түбіне сүңгіп жоқ болуы-бір сюжет.
Экспозиция - оқиғалы шығарма басталмас бұрын сол оқиғаның тууына қандай себептер болғаны туралы алдын-ала түсінік берілуі, яғни әңгіменің басталуы. М.Әуезов «Еңлік –Кебек» пьесасында қайғылы оқиғаны алдын-ала сездіріп, абыздың аузына сөз салады.
«. Кәрі көңіл ол бір зәр,күні еңкейіп,көлеңке басқан бейуақтай. Самал желді мұздай, көк майсаны сыздай етті. Ызғар сезген бойым бар. Панасыз ел баладай. Аспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып, телегей ойнап дауылдатып ол келеді. Соны білмей бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, шашып ойнайды. Қамыққан қамқор қаны.Бағлан қаны.»
Еңлік пен Кебек оқиға соңында үстем таптардың құрбаны болып, қанға батады. Абыз соны меңзеп отыр.
Эпиграф - қаламгерлердің жазылған шығармалардың мазмұны мен идеясына қарай алдына келтірген нақыл сөздері не өлең жолдары. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабына эпиграф ретінде А.Құнанбаевтың «Махаббат, қызық мол жылдар» өлеңінің бір шумағын алып жазады.
Қайда екен, шіркін, сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын жылыстап,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!
Егер батырлық туралы жазылған шығарма болса, «Батыр туса, ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақалды эпиграф ретінде алуға болады.
Эпизод - шығарма сюжетіндегі жеке оқиғалар.
«Есін жиып, көзін ашқанда көргені ұлын құшақтап, ботадай боздаған әйелі мен қолын айқастыра телміріп тұрған ақ халатты дәрігер жігіт. Дәрігер жігіт бұған жымиып қарап, алғаш сұрағаны: Қай жеріңіз ауырады? – деген сөз болды.
- Екі аяғымның басы сыздап шыдатпай жатыр, - деді Аспан. Хирург жігіт ұлын құшақтап отырған әйелге жалт қарады.
- Жүз жасайсыз,- деді де тез-тез басып шыға жөнелді. Әйелі солқылдап жылауын одан әрі үдете түсті. Жанындағы он жасар ұлы кәперсіз, беті қабартып, үсіктің таңбалары мүлдем өзгертіп жіберген әкесін танымай қалды ма, үрке қарайды.»
Монолог екіге бөлінеді.
І
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт