kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екінші кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екінші кіші тобына арналған сөйлеуді дамыту пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тақырыбы: "Алақай қыс!"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екінші кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»

















Екінші кіші тобындағы

ӨМІР ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕРІ бойынша өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жұлдыз» тобы









Тәрбиеші: Ержанова А.Ж



Костанай қ. 2018 – 2019 оқу жылы

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения: 27.12.2018

Тәрбиеші/ Воспитатель: Ержанова А.Ж.

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Сәлем,жаңа жыл!»

Тақырыбы/Тема: «Алақай қыс!»

Мақсаттары/Цели:

Тәрбиелік - воспитательная: Балаларды белсенділікке, ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық - развивающая: Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, бас қала жайлы білімдерін кеңейту, қойылған сұрақтарды тыңдап, барлық сөз таптарын пайдалану арқылы дидиактикалық ойындар арқылы сөздік қорларын дамыту.

Оқытушылық - обучающая: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені, кімді, кімдерді, қандай деген сұрақтарға нақты жауап беруге

Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті, монтесорри технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: Шаңғы, шана, коньки, аққала суреті, аққала бөлшектері, ыдысқа салынған қар, су, мұз.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент:  қыс- зима, шаңғы-лыжи, тайғақ- скользко

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:  

Ғажайып сәт. Желдің дауысы естіледі. Есік қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты. Қане, есікті ашып көрейін.
Қыс ханшайымы кіреді.
Қыс ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қыс ханшайымымын. Мен сіздердің қыс мезгілі туралы айтып жатқандарыңызды естіп қалып, қонаққа келдім.
Балалар: Сәлеметсіз бе, ханшайым!
Қыс ханшайымы: Балалар мен сіздерге құр қол келген жоқпын, тапсырмалар әкелдім. Менің тапсырмамды орындауға дайынсыздар ма?
Балалар: Иә, дайынбыз
 


2.Негізгі бөлім/оснавная часть: 1 - тапсырма. Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады?
Ол не? (аяз)

Өзі сондай аппақ,
Жердің бәрін жаппақ.
Ол не? (қар)

Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

Ол көңілді сайқымазақ емес,
Үш қабатты бірақ үй емес. (Аққала)

Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма?
Балалар: Мұздай
Балаларға қар, мұз, су көрсетіледі.
Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
Тәрбиеші: Мынау не?
Балалар: Бұл – мұз.
Тәрбиеші: Мұз қалай пайда болады?
Балалар, мұз су мен қардың араласуынан пайда болады. Ал күн жылыса қар не істейді?
Балалар: Қар суға айналады.
Тәрбиеші: Дұрыс.
Қыс ханшайымы: Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Қыс ханшайымы: Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады
Қыс ханшайымы: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар: Дөңгелек.
Сергіту сәті
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Шанамен де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Конькименен
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент:  қыс- зима, шаңғы-лыжи, тайғақ- скользко


Тәрбиеші: Балалар, біз жаңа ненің қимылдарын жасадық?
Балалар: Шаңғы, шана, коньки тепкендегі қимылдарды жасадық.
Қыс ханшайымы: Балалар, шаңғы, шана, конькиді көргендеріңіз бар ма? Кімде бар?
Балалардың жауабы.
Қыс ханшайымы: Балалар, мен сіздерге шаңғы, шана, коньки әкелдім.
Балаларға көрсетіледі.
- Біз қыстан, аяздан қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз. Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
Тәрбиеші: Ал бұдан да басқа қыста – шаңғы, коньки, шана ойындары бар екен. Біздің жақта бұл ойындар көп ойнала бермейді, сондықтан біз бұл ойындарды біле бермейміз.
Балаларға шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп жүрген балалар суреті көрсетіле отырып түсіндіріледі.
- Міне, мынау құралды - «шаңғы» деп атаймыз. Шаңғыны аяғымызға киіп алып, қолымызда екі таяқшасын ұстап, биіктен төменге қарай сырғанаймыз, жоғарыдан төменге тез түсеміз.
Мынау коньки. Бұл конькимен мұз үстінде ойнаймыз.
- Қане, бәріміз бұл ойындардың атын қайталап жіберейік.

Сендер бақшаға келгенде қалай киінесіңдер?
Қыс ханшайымы: 2 - тапсырма. Балалар қазір қыста далаға киінетінімізді көрсетейік, ойын жаттығулар арқылы (қимылмен көрсету)

Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу – зу – зу,
Шанамен зулаймыз.
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт – сарт – сарт,
Қолымызды соғамыз.
- Рахмет балалар, Сендер білімді екенсіңдер. Енді мен сендермен келесі қыс мезгіліне дейін қоштасамын. Сау болыңыздар



Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: 

3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:

- Балалар, бізге кім қонаққа келді?
- Қазір қандай мезгіл екен?
- Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?
- Қар қандай түсті?
- Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнауға болады екен?
Тәрбиеші: Балалар, осымен біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Енді, қонақтарымызбен қоштасайық. Балаларға қағаздан жасалған қар таратылып беріледі.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Екінші кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Автор: Ержанова Арай Жангалиевна

Дата: 26.12.2018

Номер свидетельства: 492865

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(199) "Екінші кіші тобына арналған қоршаған ортамен таныстыру пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі"
    ["seo_title"] => string(80) "ekinshi_kishi_tobyna_arnalgan_korshagan_ortamen_tanystyru_p_ninen_uiymdastyrylga"
    ["file_id"] => string(6) "492877"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545825892"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(157) "Екінші кіші тобына арналған ҚМҰҚ пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі"
    ["seo_title"] => string(80) "ekinshi_kishi_tobyna_arnalgan_kmuk_p_ninen_uiymdastyrylgan_oku_kyzmetinin_konspe"
    ["file_id"] => string(6) "492871"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545824808"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Орыс тілі және ҚМҰҚ-дан кіріктірілген оқу қызметінің конспектісі"
    ["seo_title"] => string(65) "orys_tili_zh_ne_kmuk_dan_kiriktirilgen_oku_kyzmetinin_konspektisi"
    ["file_id"] => string(6) "486845"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542798985"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Дене шынықтыру ҰОҚ"
    ["seo_title"] => string(19) "dene_shynyktyru_uok"
    ["file_id"] => string(6) "527735"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1574181526"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства