Іздену ұйымдастырушы | Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Өткен дыбыстарды қайталау. «Кім білгіш?» ойыны арқылы өткен дыбыстарды қайталау. Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты айтсам, екі қолдарынды жоғары көтеріп, шапалақтайсыңдар, ал дауыссыз дыбысты айтсам, еңкейіп тізелерінді шапалақтайсындар. -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын табындар. Жалғыз таяқ болып тұр. Төбесінде доп тұр. Бұл не? - Жақсы балалар, ендеше экрандағы І әрпі бар сөздерді тауып көрейікші. - Жақсы балалар, енді келесі тапсырмаларды орындайық Тапсырма: «Ілгіш» сөзіне дыбыстық талдау жасау. І дыбысы қандай дыбыс? І дыбысы қандай текшемен белгіленеді? Ілгіш сөзін буынға бөл? - Жақсы балалар. ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру Әке, әпке, әженің, Басын бастап беремін. Дәрігер, сәбіз, кәмпиттің, Ортасында келемін. Есік қағылып сырттан әжей кіреді. Әже: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? - Сәлеметсіз бе әже , төрлетіңіз, қош келдіңіз Әже жайғасып отырады. Әже ойын ойнатады. Сюжеттік ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, әлди. Әсел: - Әже, әлди жылады. Әже: - Әлди-бөпем әжең келе жатыр. Әже «әлдиді» тербетеді... Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық. Әкеле ғой, көрпесі ме жастығын. Әжесі мен Әсел әлдиді бесіктен шешіп алады... Әже мен Әсел бесік жырын айтады. Тәрбиеші: -Ойынға кімдер қатысты? - Бұл сөздер қай дыбыстан басталады? Ә әрпін балаларға көрсетемін. - Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздер айта аласындар? - Балалар, әтеш, әпке, сәбіз сөздерін буынға бөлейік. - Балалар, Ә әрпін айтып көрейікші. - Ә әрпін әндетіп, кедергісіз айтамыз, ендеше Ә әрпі дауысты дыбыс. - Ә дыбысы қызыл текшемен белгіленеді. Жақсы балалар, енді экрандағы тапсырмаға назар аударайық. Сергіту сәті: Әлди-әлди бөпешім, Ұйықтай қойшы көкешім. Саусақтарын майысып Ұста болар ма екенсің? Күйші болар ма екенсің?... Тіл ұстарту жаттығуы Ән, ән, ән, Қамба толы дән Оқулықпен жұмыс: Ә әрпі бар сөздерді дауыстап хормен оқу Ә әрпін тақтаға жазып көрсетемін. Ә әрпін ауада жаздыртамын. Дәптермен жұмыс: Сергіту сәті: Бір, екі, үш Жинап алып күш Қолға қалам аламыз Ә әрпін жазамыз. Бір жолға әдемі, сауатты жазу. | Балалар оқу құралдарын алып, дайындалады. Балалар дауысты дыбыста екі қолдарын жоғары көтеріп, шапалақтайды, ал дауыссыз дыбыста еңкейіп тізелерін шапалақтайды. Балалар жауабын айтады. І әрпі. ілгіш, іні, кітап, түлкі, із. Балалар сұрақтарға жауап береді. Іл-гіш «Ә» әрпі Балалар әжемен амандасады. Ойынды қызығушылығымен тамашалайды. - Әже, Әсем, әлди. - Ә. - Әтеш, әткеншек, әпке, әке, сәбіз, дәрі, ән,әңгіме,... - ә-теш, әп-ке, сә-біз. Балалар дауыстап Ә әрпін айтады. Дауысты Жіңішке Қызыл текшемен Іс-әрекет арқылы жасайды. Балалар дәптерге Ә әрпін жазады. |