kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Достық татулықтан басталады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Татулық,адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру.Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Достық татулықтан басталады"»

Тақырыбы: «Достық – татулықтан басталады».

Мақсаты: Татулық адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру
- жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- татулыққа тәрбиелеу; Көрнекі құралдары: түрлі- түсті жүрекшелер, шырақ, саусақ театрына арналған қағаз қуыршақтар мен үй макеті, тақырыпқа байланысты мазмұнды суреттер, ленталар.
Шаттық шеңбері :
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Әңгімелесу
Балалар, бүгінгі «Өзін - өзі тану» сабағында біз «Достық» аялдамасына тоқтап , бұл аялдамада «Достық - татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы
туралы түсінік аламыз.
Суретпен жұмыс
• Балалар, сендерге жалғыз ойнаған ұнайды ма?
• Ал сендер, «татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Татулық деген бірін - бірі ренжітпеу, ойыншықтарын, қолдарындағы тәттілерімен бөлісу, бірге ойнау т.б.
Түйіндеу.
Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет.Тату балалар бір - бірін
ренжітпейді, тату - тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі.
Сондықтан да достық татулықтан басталады делінеді.
Ойын: «Ренжістік, достастық» / әуенмен
Пікірлесу. - Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл - күйде болдыңдар?
/қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл - күйді сезіндіңдер?
/уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір - бірімізбен достықта татулықта болғанға не жетсін.
Енді жинақталып отырып «Тату балалар» атты саусақтар туралы ертігіні тыңдайық.
Әңгімелеу «Тату балалар» ертегісін әңгімелеп беру.
Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкенін - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, сұқ саусақ, үшіншісін - Ортан терек, 
төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі.
Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген
- екен.Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша, бес
ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.

Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда, бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен күшке
айналды.Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға қарай, кері қаша жөнеліпті.Ал, ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен.Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық , бірлік, достықтарын көрсете білді.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі қалай аталады?
- Неліктен тату балалар деп аталады?
- Ағайынды балаларды аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?
/Олардың достығы, татулығы, бірлігі/

Міне, бұл айтылған сөздердің астарынан «Татулық - табылмас бақыт» деген бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі шығады.
Дәйексөз Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. «Татулық - табылмас бақыт» деген нақыл сөзді осы негізге сүйеніп айтса керек. Таңғажайып сәт. / Есік жақтан біреудің жылаған даусы естіледі /
Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы біреу жылай ма, естіп отырсыңдар ма?
- Бұл жүрек екен жылап тұрған.
- Келе ғой кішкене жүрек, саған не болды?
Жүрек: - Мені қатігез досым тастап кетті.Мен жалғызбын, не істерімді білмеймін.
Тәрбиеші: - Балалар қандай аянышты, жұбатайықшы жүректі.
/ Балалар жақындап келіп, жұбаныш сөздерін айтады /

Балалар: - Жүрек, сен жыламашы.
- Жүрек, сен жалғыз емессің.
- Жүрек, біз сенімен дос боламыз.
- Жүрек, біз сені жақсы көреміз.
Тәрбиеші: Міне көрдің бе, кішкене жүрек, сен мейірімді де тату достарға тап болдың, енді мұңайма.Сені тастап кеткен досың да жалғызсырап жатқан шығар, сен енді досыңа бар , қуант. /жүрек қуанады, жанады/
Жүрек: - Балалар, сендерге көп рахмет!Мен өте қуаныштымын.Сау болыңдар! /Жүрек қуанышпен шығып кетеді/
Тәрбиеші: - Балалар, сендер өте мейірімді іс жасадыңдар.Жылаған жүректі жұбата білдіңдер.Мен де қуанып, сендердің тату - тәтті достар бола алатындарыңа сеніп, риза болып отырмын.
Шығармашылық жұмыс./ әуен ойналады /

- Енді , балалар біздер жалғыз емес екенімізді, жүректеріміздің бір екенін білдіре отырып, мына тұрған әдемі де үлкен жүректің қасына өзіміздің дайындаған кішкене жүрекшелерімізді өз есімдерімізді жазып, тату - тәтті дос болайық, достарымыз көбейе берсін деген ізгі ниетпен қосып қояйық.
/ Балалардың шығармашылық жұмысы орындалады /
Энерджайзер жаттығуы. / әуенмен /
Ғажайып сөздер
Қане, енді балалар бүгінгі сабақта айтып, үйренген өнегелі ғажайып сөздерімізді қайталап айтып көрейік.
- Дүниедегі ең қымбат – татулық.
- Біз тату доспыз.
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық.
Татулық бар жерде достықтың , бірліктің, сыйластықтың болатынын білдік.
Жүректен жүрекке:
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, мына сиқырлы түрлі - түсті баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын беріп тұрмын.Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
Тәрбиеші: - Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.
- Малика: Менің жүрегім жылы.
Аружан: - Менің жүрегім қуанышты.
Жансейт: - Менің жүрегім адал.
Айнара: - Менің жүрегім нәзік.
Қанағат: Менің жүрегім сыпайы.
Айдын: - Менің жүрегім батыл.
Бағдәулет: - Менің жүрегім ыстық.
Әльфараби: - Менің жүрегім сезімтал.т.б.
Тәрбиеші: - Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық..
/ алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу / Қорытынды: Достық - бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты қалаған кішкентай жүректеріңдегі қуаныш, үміт шоғы өмір бойы сөнбесін , осы шырақтай сәуле шашып жана берсін. Мейірімді жанарларыңнан тараған шапағат нұры
шырақтан тараған жылудай жер дүниені жылытсын деп тілеймін.
Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітте, тамаша бір әнмен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
» әнінін орындау.
Сөзін жазған: Х. Талғаров
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз, 
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер, 
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті, 
Еңбекті сүйіңдер
Қайырмасы:.
Дос болайық, бәріміз, 
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, 
Атсын күліп таңымыз





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Достық татулықтан басталады"

Автор: Атагалиева Жумакул Бектургановна

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396294

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Досты? татулы?тан басталады"
    ["seo_title"] => string(28) "dostyk-tatulyk-tan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "312534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459351481"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты: Досты?, татулы? - е? жа?сы ?асиет!"
    ["seo_title"] => string(41) "trbiiesagatydostyktatulykienzhaksykasiiet"
    ["file_id"] => string(6) "283436"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453827186"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Татулы? осты?тан басталады"
    ["seo_title"] => string(27) "tatulyk-ostyk-tan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "268147"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450553478"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Материалы тренинга на тему: Досты? татулы?тан басталады."
    ["seo_title"] => string(59) "matierialy-trieningha-na-tiemu-dostyk-tatulyk-tan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "315599"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459927395"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Достық - татулықтан басталады!"
    ["seo_title"] => string(30) "dostyk_tatulyk_tan_bastalady_1"
    ["file_id"] => string(6) "408369"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491905622"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства