Материалы тренинга на тему: Досты? татулы?тан басталады.
Материалы тренинга на тему: Досты? татулы?тан басталады.
Досты? – адамдарды? бір-біріне адал, ?алт?ысыз сеніп, бір м?дделі, орта? к?з?араста болатын ?асиеті. Досты? ?зара жауапкершілік пен ?ам?орлы?ты?, рухани жа?ынды?ты? белгісі. На?ыз досты? кісіге шабыт беріп, ?мірде кездесетін т?рлі с?тсіздіктерге мойымау?а, бас?а т?скен ?ай?ы мен ?иыншылы?ты бірге к?теруге ж?рдемдеседі. Дос-жарандарды? мінездері ?р т?рлі болып келуі м?мкін. Мысалы, біреуінде ?ызбалы? не шабанды?, екіншісінде т?йы?ты? не жігерсіздік бай?алса да, б?лар досты??а кедергі бола алмайды, ?айта на?ыз досты? осындай кемшіліктерден арылу?а к?мектеседі. Сат?ынды?, екі ж?зділік, ?тірікшілік, ?зімшілдік досты?пен сыйыспайды. ?аза?ты? д?ст?рлі ?деп ж?йесінде досты??а ?лкен к??іл б?лінеді. Халы? арасында досты? туралы ма?ал-м?телдер жеткілікті: “Дос жылатып, д?шпан к?лдіріп айтады”, “Досы жа?сыны?, ?зі де жа?сы”, “Д?ниеде адамны? жал?ыз ?ал?аны — ?лгені, ?ай?ыны? б?рі соны? басында”. Досты??а ?арама-?арсы ??ым — ?асты? пен к?ншілдік. М?ндай сезімге ерік алдыр?андар бас?аны? ?уаныш-?ызы?ын, ырыс-ба?ын к?тере алмайды, дос дегенні? не екендігін білмейді. Д?рыс дос та?дай білу — ?мірлік ма?саттарды? бірі; Саясаттануда?ы Досты? ??ымы мемлекеттер арасында?ы саяси, экономикалы?, м?дени м?дде т?р?ысынан ынтыма?тасты? орнату шараларын бейнелеу ?шін ?олданылып ж?р.
?азір бізге досты? б?рын?ыдан бетер ?ажет. Досты? – б?л ?мірдегі ешн?рсемен ба?аланбайтын ??ндылы?.
Дос табу о?ай, ал оны са?тау одан да ?иын. Досты? ?атынас?а н?зіктікпен ?арап, берік са?тау керек. ?йткені ол да баптауды ?ажет ететін н?зік ?сімдік сия?ты. Біздер досты?ты са?тау ?шін жан-т?німізбен е?бектенбеуіміз керек. ?айтарымын ?ажет етпей, беруді? жолдарын ?йрену керек. Сенім мен жар?ын к??іл – досты?ты берік ететін тірек саналады. ?зі шынайы дос бола білген адамны? достары да к?п болады ж?не жер бетінде ?зін жал?ыз сезінбейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Материалы тренинга на тему: Досты? татулы?тан басталады.»
Достық татулықтан басталады.
тренинг сабақ
Мақсаты: Оқушылардың арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: Адам қарым –қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.
Барысы:
Оқушылар хормен:
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»,
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Сәлем дос (қолды беру)
Сен қалайсың? (арқасын қағады)
Мен сені сағындым (жүректеріне қолдарын апарады)
Сен міне келдің (құшағын жаяды)
Келгенің тамаша болды (құшақтасады)
Мұғалім. Құрметті оқушылар, бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбы: «Достық татулықтан басталады» Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер дос деген сөздің мәніне жетпейді.
«Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі тренингіміз дос туралы талқыланатын боламыз.
Балалар, алдымен достық деген не, оны қайсысымыз қалай түсінеміз, соны айырып алайық.
Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық та болмайды. Ал адалдық деген -рухани тазалық. Онсыз сен досың үшін майданда да жан бере алмайсың?
Тақырыпты ашу сұрақтары.
1.Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам.
Мені жақсы түсінетін адам.
Көмекке ардайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.
2.Сендер өз достықтарыңды неге теңейсіңдер? (жауапты сурет арқылы беру. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.
Бірінші жауап Адамдар арасындағы байланыс. Екінші жауап. Достықты шеңберге теңедім.
Үшінші жауап Жүрекке Төртінші жауап Байтерекке
3.Досың барма? Ол қандай?
4.Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
5.Жақсы дос жаман дос қандай болады?
6.Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
7.Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?
«Жалғастырып көр» ойыны
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені....................
Ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...............
Б) Сыйластық бар жерде.......
Сауалға жауап іздеу.
1.Біздің сынып қандай?
2.Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу -тәрбие жұмысында қолдану,топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайды орнату.
Нұсқау.
Балалар сіздерге сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз сыныптарынан үш адам есімдерін жазасыңыздар.
1.Кіммен дос болғың келеді?
2.Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3.Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
Өміршендік ережелері.Әр адамның ережесі -өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрект жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
Осы қасиеттер бойларыңызда дари берсін. Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Адал достық–өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, сондықтан балалар адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза ақ ниетті болыңдар. Бүгінгі тренинг сабағымызды қортындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін.Өздерің де нағыз бола біліңдер.