kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Достық көпірі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Здраствуйте, получили материал дайте знать№за ранее спосибо!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Достық көпірі»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы «Ақбота» ортаңғы тобы.

Уақыты:21.02.17.

Тәрбиеші: Асанғалиева Р.Қ.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Достық көпірі.

Мақсаты: Сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге, қойылған сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.Сөздік қорларын молайту.Ойын арқылы ойлау қабілетімен,өзара сыйластық,қарым-қатынасты дамыту.Досыныың сөзін аяғына дейін тыңдауға,бір-біріне көмектесуге ,бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Суреттер, мультфильмдер қарау, достық туралы әңгіме жүргізу.
Көрнекіліктер: бейнетаспа, жүрекше, үнтаспа, теледидар,сандықша,диск, топтық жұмыс,картоп,мақта таяқшасы,губка,шанышқы,гуашь,сулы шүберек,үлестірмелі материал.
Сөздік жұмыс:
дос,достық
Билингвальды компонент:
дос - друг,достық - дружба,адал дос-верный друг,достар-друзья.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар келген қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме?

-Здраствуйте?

-Good morning?


-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ән саламыз бүгін біз

Досымызды табамыз

Сәлемет пе?Міне мен!

Доспын енді сенімен

Сәлемет пе апайлар

Доспын енді сіздермен.

Сүйеміз барлық жемді

Әлемдегі бар елді

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз

Почташы бізге сәлемдеме әкеледі.

(диск)

Балалар үш тілде амандасады.



Қимылмен көрсетеді.







(бір-біріне қарап күлімсіреді)





Балалар почташы апаймен амандасады.

Ұйымастырушылық-ізденістік

-Балалар, ішінде не бар екен ?

Сендердің де көргілерің келе ме?

Ендеше ашып көрейік.

(Бейне сюжет"жағдаят" көрсету)

1-жағдаят.

Екі қыз дос болады.Азиза және Дана.Олар әрқашанда бір-біріне өтірік айтпайтын.Тек қана шындық айтатын.
Бір күні Дана абайсыздан Азизаның қуыршағын сындырып алды.

-Менің қуыршағымды кім сындырды?- деді Азиза жылап тұрып.

Дана: -Білмеймін, Захар сындырған болар.

Азиза: -Сен қуыршағымды неге сындырасың- деді Захарға.

Захар мен сындырған жоқпын.Оны Дана сындырған.Мен өз көзіммен көрдім,-деді Захар.

Азиза: -Мүмкін емес Дана менің жан досым, ал достар бір-бірін алдамайды.

Азиза Дананың қасына келіп: Сен неге мені алдадың?

-Мен қорқып кеттім.Сен менімен ойнамай қоя ма деп.

-Азиза, келесі де олай жасама.Достар бір-бірін алдамай, адал болу керек.

2-жағдаят.

Санжар мен Нұрәлі боямақ болып отырады.

Бір кезде Санжардың бояуының ұшы сынып қалады.Ол досынан дәл сондай бояуын бере тұруын сұрайды.

-Нұрәлі маған бояуыңызды бере тұршы.Менің бояуымның ұшы сынып қалды,-деді Санжар.

-Қойшы, өзіме керек, неге сұрай бересің,бермеймін, -деді Нұрәлі.

Санжар үндемей барып орнына отыра кетті .Нұрәлі өзінің қатесін түсініп Санжардың қасына барып:

-Кешірші Санжар менікі дұрыс болмады.

Достар қызғанбай қолындағысын бөлісу керек екенін естен шығарыппын.

Санжар: Ештеңе етпейді.Сен менің досымсың ғой.Мен ренжіген жоқпын саған.Қызғаншақтық жаман нәрсе.Дер кезінде түсінгеніңе қуанып тұрмын.

3-жағдаят.

Екі қыз дос болады.Азиза және Дана.Олар әрқашанда бір-біріне өтірік айтпайтын.Тек қана шындық айтатын.
Бір күні Дана абайсыздан Азизаның қуыршағын сындырып алды.

-Менің қуыршағымды кім сындырды?- деді Азиза жылап тұрып.

Дана: -Білмеймін, Захар сындырған болар.

Азиза: -Сен қуыршағымды неге сындырасың- деді Захарға.

Захар мен сындырған жоқпын.Оны Дана сындырған.Мен өз көзіммен көрдім,-деді Захар.

Азиза: -Мүмкін емес Дана менің жан досым, ал достар бір-бірін алдамайды.

Азиза Дананың қасына келіп: Сен неге мені алдадың?

-Мен қорқып кеттім.Сен менімен ойнамай қоя ма деп.

-Азиза, келесі де олай жасама.Достар бір-бірін алдамай, адал болу керек.

2-жағдаят.

Санжар мен Нұрәлі боямақ болып отырады.

Бір кезде Санжардың бояуының ұшы сынып қалады.Ол досынан дәл сондай бояуын бере тұруын сұрайды.

-Нұрәлі маған бояуыңызды бере тұршы.Менің бояуымның ұшы сынып қалды,-деді Санжар.

-Қойшы, өзіме керек, неге сұрай бересің,бермеймін, -деді Нұрәлі.

Санжар үндемей барып орнына отыра кетті .Нұрәлі өзінің қатесін түсініп Санжардың қасына барып:

-Кешірші Санжар менікі дұрыс болмады.

Достар қызғанбай қолындағысын бөлісу керек екенін естен шығарыппын.

Санжар: -Ештеңе етпейді.Сен менің досымсың ғой.Мен ренжіген жоқпын саған.Қызғаншақтық жаман нәрсе.Дер кезінде түсінгеніңе қуанып тұрмын.

3-жағдаят.

Әділ үндемей жалғыз өзі отырады.Көңіл күйі жоқ.

Бір кезде қасына Захар келеді.

-Әділ саған не болды? Көңіл күйің жоқ қой.Күлші, күлген сондай жарасады саған.

-Әрі кетші, жақындама маған.

-Жарайды.Көліңді жай сұрайтын дегенім ғой деп кетіп қалады.

Бір кезде Әділ Захардың қасына барып:

-Кешірші Захар, сен сондай жақсы доссың.Менікі дұрыс болмады.Енді кел екеуміз күліп жүрейік.Татулыққа не жетсін!


Балалар ұнады ма, достық туралы айтқан пікірлер? Дос не екенін түсінген шығарсыңдар.

-Өз досың туралы айтып берші?

Балалар сендерге жалғыз ойнаған немесе жалғыз серуендеген ұнай ма?

-Досыңның қандай болғанын қалайсын?

-Дос деген кім? Дос қандай болу керек?







Түйін:

Дұрыс балалар ,жалғыз ойнағымыз келмейді.Жалғыз серуендесек,жалғыз тамақтансақ,жалғыз ойнасақ көңілсіз.Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін бізге дос керек.

Қане, достық туралы тақпақ айтайық.


1.Досыңа бол адал жан,

Бірдей бөліс сынақты

Бір нүктеге қадалған,

Екі көзің сияқты.


2.Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз.


3.Дос дегенің өмірдегі тірегің,

Дос дегенің кеудедегі жүрегің.

Егер досың адал ниет жан болса,

Орындалар армандағы тілегің!


4.Адал дос барлық жерде керек екен

Өмірде достың орны бөлек екен

Жақсы дос жадыратса,жан дүниеңді

жаман достан жаманжық келеді екен.


5.Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын кең аспан.


6.Дос дегенің байлық қой,

Басқа байлық іздеме.

Досың болса ойнайтын,

Қарамайсың түзге де



(Музыка әуені қойылады)

Сергіту сәті: "Если весело живётся, делай так.


Шығармашылық жұмыс.

-Жарайсыңдар балалар, енді досымызда қуанту үшін сыйлық ретінде досымызға сурет салып берейік.

("Детство" күйі ойналады)

Ойын:" Достық неден басталады?"

1. Достық танысудан бастала ма?

2. Достық төбелестен бастала ма?

3. Достыққа мейірімділік жараса ма?

4. Достық ренжісуден бастала ма?

5. Достыққа адалдық жараса ма?

6. Достық мазақтағаннан бастала ма?

7. Достыққа татулық жараса ма?

8. Достыққа сүйіспеншілік жараса ма?

9. Достық қолындағысын бөлісуден бастала ма?

10. Достыққа кешірімді жараса ма?

Мақал- мәтелдер

Жүз теңгең болғанша ,

Жүз досың болсын.


Ағаш тамырымен мықты,

Адам досымен мықты.


Досы көпті жау алмайды ,

Ақылы көпті дау алмайды.


Шын дос-қиын сәтте әрқашанда қасыңда.


Дос табу оңай,

Сақтау қиын.



Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылыатып айтады.


Күлме досыңа

Келер басыңа.


"Достық жүрекшесі"

Балалар бір-бірден тілектерін айтып достық ағашына жапсырады.

1: Бәріміз дос болайық!

2: Достарымыз көп болысын!

3: Достарымызға қайырымды болайық!

4: Достық көңілдер, мөлдір бұлақтай таза болсын!

5: Аспанымыз ашық болсын!

6: Достармен тату болайық!

7: Деніміз сау болсын!

8: Достығымыз берік болсын!

9: Достар мейірімді бола білейік!

10: Бейбітшілік болсын!

11: Әрқашан күн сөнбесін!

12: Күніміз жарық болсын!

13: Отбасымыз аман болсын!

14.Достығымыз ұзағынан болсын!

-Бәрекелді балалар,тілектерің орынды.Сіздер сияқты арттарыңнан ілесіп келе жатқан кішкентай топқа,яғни "Алма"тобына сыйқырлы тілек толы сандықшаны сыйлаймыз.Екі топтың арасындағы "Достық көпірі " болсын.

Біздің достығымыз топтағы қарым қатынастан басталады.Достықты сақтайда ,қадірлейде білу керек.Доссыз бала болмайды.Дос бола білудің маңызы зор.Досың көп болу үшін әдепті,ақылды,кешірімді болу керек.Сонда сен де дос көп болады.



Балалар ішінде не бар екен деп қызығушылық танытады.
















-Сыр бөлісетін адам.

-Мені жақсы түсінетін адам.

-Сенімді адам.

-Қолындағысын бөлісетін.

-Қандай қиындық болса да сені тастамайтын, сипаттайтын адам.

















































































Балалар өз ойларын айтады

-жоқ ұнамайды.

-Мен досымның өтірік айтпайтын шыншыл болғанын қалаймын.

-Мен досымның адал, мейірімді болғанын қалаймын.

-Ал, мен досымның ақылды, намысты болса екен деймін.



























Балалар достық туралы тақпақтарын айтады.















қимылмен корсетеді.




Балалар достарына сыйлық әзірлейді.Әр түрлі салынған ойыншықтарды дәстүрлі емес әдісті қолдана отырып бояйды.




Балалар ойынға қызығушылықпен қатынасады.














Балалар мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын түсіндреді.

















Балалар "достық жүрекшесін" сыйқырлы қорапшасына тілектерін айтып салады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар сендерге рахмет, бүгін үлкен жақсылық жасадыңдар.Сонымен сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

Досымыз көп болу үшін қандай болуымыз керек екен?

Барлығыңа рахмет!

"Адал достық" медалімен марапаттау . Ендеше,барлығымыз достық туралы әнмен, бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Ән:"Дос болайық бәріміз!"

Ал енді балалар келген қонақтарға рахметімізді айтып,қоштасайық.

-Сау болыңыздар!

-Досвидания!

-Good buy!



-Ия,ұнады.


-ақылды,мейірімді,

көмекке дайын,адал болуымыз керек.






Балалар бәрі қосылып"Дос болайық бәріміз" әнін шырқайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: достық,сыйластық туралы;

Игереді: достықтың маңызы туралы білімді;

Меңгереді: Қарым-қатынаста, достықта жылы сөздерді қолдана білуді;




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Достық көпірі

Автор: Асангалиева Райхан Кансултановна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407435

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Досты?ты са?тайы? "
    ["seo_title"] => string(19) "dostyk-ty-sak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "132524"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416342181"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Дос  ж?не досты?""
    ["seo_title"] => string(19) "dos-zh-nie-dostyk-3"
    ["file_id"] => string(6) "321039"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461215782"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Досты?- асыл ?азына"
    ["seo_title"] => string(16) "dostykasylkazyna"
    ["file_id"] => string(6) "278948"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453149142"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""?аза?стан досты?ты? ?негесі"  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(40) "kazakstandostyktynonieghiesitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "294196"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455618433"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Дос және достық"
    ["seo_title"] => string(17) "dos_zh_nie_dostyk"
    ["file_id"] => string(6) "347973"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1476098251"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства