Білім беру саласы ; Шығармашылық. Уақыты:17.02.2017ж
Бөлімі ; Сурет салу .
Тақырыбы; Үйдің терезесіндегі жарықтар.
Мақсаты; қылқаламмен үзік сызықтарды кеңістікте дұрыс орналастыра сызуды үйрету.
Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сурет салуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар .демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал –жабдықтар;әр балаға бір-бірден сары түспен боялған қағаздар ,ақ бояу қылқалам,қол сүрткіштер,су.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс кеш кезінде жағылған жарықты бақылату.
Сөздік жұмыс жарық
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық.
Тәрбиеші балалардан бір-біріне деген жылы сезімдерін айтуды сұрайды .Кеш мезгілі болғанда қараңғылық түсетінін ,сол кезде үйлерде ,дүкендерде және т.б .мекемелерде жарық жағылатынын айта отырып ,күннің сол мезгілінде терезеден не байқағандары жайлы әңгімелеседі.
-Біз бүгін терезеден түскен жарықтың суретін саламыз.
Тәрбиеші жарықты салу жолдарын озі көрсете отырып түсіндіреді .
-Сендердің алдарында терезенің жарық жанып тұрған суреті бар ,сол терезеден жарық сәулелерінің шашырап тұрғанын қылқаламды сары бояуға батырып ,қатты бастырмай сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар арқылы саласыңдар .
Сергіту сәті :Қылқаламды қояйық,
Орнымыздан тұрайық .
Қолымызды созайық ,
Оңға қарай иіліп,Солға қарай иіліп,
Біз тынығып алайық.
Тәрбиеші балаларға бағыт-бағдар беріп отырады .
Осындай жарық сәулелерін салған кезде отырады .
Осындай жарық сәулелерін салған кезде қылқаламды қатты баспай ,ұшымен,сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар түріндегі шамның жарығын жан-жаққа шашырата салу керектігін естеріне түсіреді .
Балалар бір-біріне жылы тілектерін айтады.Балалар не байқағандары жайлы өз сөздерімен айтып береді .
Балалар тәрбиешінің көрсетуімен жарық сәулелерін салады .
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды .
Балалардың өз бетінше жұмыстары .Сүйкей жағу арқылыүзік сызықтар салады.
Рефлексиялық түзетушілік .
Тәрбиеші балаларға ризашылығын білдіреді ,бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.
Өздерінің жұмыстарына баға береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:кеш болғанда барлық үйде жарық жанатынын;
Игереді: жарық көздері туралы түсініктерін кеңейтеді .
Меңгереді: үзік сызықтарды шашырата сызу арқылы жарық сәулесін салуды.
Білім беру саласы : Коммуникация Уақыты:
Бөлімі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы:»Жақсы деген немене ,жаман деген деген немене.
Мақсаты:қоршаған ортада жақсы деген не екенін түсіндіру.Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.Әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер :суреттер.
Сөздік жұмыс:әдепті ,қамқор ,шыншыл,тәрбиелі.
Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық –қозғаушылық.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын» деп ойла.
Жамандық көрсен біреуден
«Мен қандаймын деп ойла.
-Балалар ,бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.
Тәрбиешімен бірге орындайды .
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
-Балалар,бүгін біз В.Маяковскийдің «Жақсы деген немене ,жаман деген немен»өлеңімен танысамыз.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Өлеңнің мазмұнын ашып беру.
Мұқият тыңдайды.
Рефлексиялық түзетушілік.
«Мен қандаймын» ойыны Мақсаты:Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.
Ойын барысы: Балалар шеңберге тұрып ,бір-біріне допты беріп,сол бала жайлы пікірін айтады.
Мысалы:Іңкәр,сен әдемісің,мейірімдісің,жақсы қызсың. Т.б.
Ойынға белсене қатысады.
-Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде ненің жақсы ,ненің жаман екенін білдік.»Жақсы бала»деген атқа лайық болу үшін әдепті, ақылды ,қамқор ,тәрбиелі болу керек екен.
Балалар бір-біріне пікірлерін айтады .
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жақсы қасиет пен жаман қасиетті ажыратуды.
Игереді: өлең мазмұны арқылы жақы қасиеттерді.
Меңгереді: әдептілік нормаларын.
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі :Сенсорика.
Тақырыбы: «Көкөністер.
Мақсаты: дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге,сәйкес пазылдарға пішінді орналастыра отырып ,дөңгелекті ( қызанақ )сопақшадан( қияр )ажырата іріктеуге үйрету.жазықтықта үлкен көлемді геометриялық фигураларды салыстыра білуге,қияр-сопақша, қызанақ –дөңгелек,балалар ойындарына қосымшаларды қосуды жалғастыру .Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктермен құрал жабдықтар:бір түсті үлгі қалып,пішіні мен өлшемі бойынша дөңгелек пен сопақшаға сәйкес болатын диаметрі 4 см дөңгелек шеңбер және сопақша ойықтар ;бір үлгі қалыпта ;балаға салу үшін 3 дөңгелек пен 3сопақша сәйкес келеді,3 сопақша3дөңгелек қиынды.Ойынға арналған жинақ ;»көкөністер»қияр 10 дана,қызанақ 10дана.
Балалар тексере қарайды,бір қолынан екінші қолына ауыстырады,саусақпен шеттерін жүргізеді .,алақандарында қысады.Балалар кезекпен ойыншық көкөністерді тәрелкеге салады .Көжекке –қияр, қонжыққа-қызанақ береді.
«Сопақ»,дөңгелек сөздерін қайталайды .
Ойындық әрекет үрдісінде балалар көкөністер атауын қайталайды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
-Балалар,қараңдар,көжек пен қонжық не істеп жатыр екен?Көрініс ;аңдар көкөністерді жеп,бір-бірін сыйлап және балаларға алғыстарын айтады.
Балалар көжек пен қонжық пен қоштасады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:дөңгелекті сопақшадан ажырата алады.
Түсінеді:толықтырушы заттармен жұмыс жасау дағдысын;
Қолданады:көкөністердің атауын және олардың түстерін.
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Сенсорика
Тақырыбы:»Шырша бізге қонаққа келді»
Мақсаты: балаларда әр түрлі түстегі ойыншықтарды шыршаға дұрыс орналастыру дағдыларын дамыту,балалардың көңілді шеңбермен жүру дағдысын жетілдіруді жалғастыру,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру,оқу іс-әрекеттерінде шығармашылық ,психологиялық жағымды атмосфераны тудыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: ойыншықтар,тиін,шырша,шыршалардың кескіндері ,әр балаға қызыл,жасыл ,сары көк түстерден түрлі түсті қысқыштар,шырша ойыншықтары.
Сөздік жұмыс:инелер.
Билингвальды компонент :шырша-елка,тиін-белка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық –қозғаушылық.
Ойындық жағдаят.
Тәрбиеші балалардың назарын есік сыртындағы сықырға аударады .Тәрбиеші есіктен шығып ,топ бөлмесіне тиін мен шыршаны алып келеді.
Тиін:Сәлеметсіздерме, балалар, мен ешкімді шошытқым келген жоқ ,тек сендерге сыйлыққа орманнан шырша ала келдім.
Билингвальды компонент:шырша-елка,тиін-белка.
Тәрбиеші:
-Балалар кәне,тиінімізге әкелген шыршасы үшін рахмет айтайық.Тиін, неліктен сен бізге мұндай сыйлық жасайын деп шештің?
Тиін:-Балалар,жақында қандай мереке болады?
Ол қалай аталады?
Тәрбиеші балаларға тиіннің орманнан қалай жеткенін айтып береді.
Тәрбиеші: -Жаңа жыл мерекесінде шыршаны әсемдейді.Орманда мынадай үлкен шыршалар көп өседі.
Бірақ тиін сендерге арнап ең кішкентай шыршаны таңдап алыпты
Орманнан тиін бізге қарай ұзақ жүріпті,шұңқырлардан секіріп өтіпті,міне былай деп көрсетеді.жолдармен жүріп әрең дегенде балабақшаға жетіпті.
Балалар тиінмен амандасып,өз ойларымен бөліседі.
Алғыс айтады.
-Жаңа-жыл.
Балалар аяқтарының ұштарымен тұрып,қолдарын,қолдарынжоғары созады.Балалар педагогтың барлық әрекетін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
-Балалар ,шыршаның инелерін ұстап көрсеңдер болады,тек байқаңдар ,саусақтарыңа кіргізіп алмаңдар.
Сөздік жұмыс:инелер.
Тәрбиеші:-Тиін ,біздің балалар шыршаны безендіре алады.
«Шыршаны безендір» ойыны.
Тәрбиеші шыршаны балаларға таратып береді де оны ойыншықтармен безендіруді ұсынады.
Тиін:-Балалар,мен сендерге сыйға тарту еткен ағаш қалай аталады?
Оның инелерінің түсі қандай?
-Сендер қандай түсті ойыншықтармен шыршаны безендірдіңдер?
-Біз шыршаны қандай мерекеге безендіреміз?
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
«Инелер сөзін қайталайды.
Балалар тапсырманы орындайды және ойыншықтардың түстерін атайды.
-Шырша .
Инесінің түсі жасыл.
-Қызыл,көк,жасыл,,сары.
-Жаңа-жыл мерекесіне.
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар ,кәнекей ,қонағымызға шырша туралы қандай әндер білетінімізді көрсетейік .
-Балалар ,тиін бізге Жаңа жылымызға сыйлыққа шырша алып келді ,енді біз оған жаңғақтан дәм таттырайық..
Тиін,-Балалар ,сендерге қонақта болу маған ұнады ,бірақ маған қайтадан өзімнің қысқы орманыма оралуым керек.
Сау болыңдар,балалар.
Балалар тәрбиешімен бірге безендірілген шыршаны айнала көңілді шеңбер құрып ,ән айтып береді .Балалар тиінге жаңғақтан дәм таттырады. Тиінмен қоштасады.
Шыныаяқтарды құрастырады,көлемін анықтап түсін айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Себетке қарап сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмаларды орындайды.
Санайды, салыстырады анықтайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Түсіне қарап ,әр кесенің қасына бір қасықтан қойып шығады.
Қонжықтың анасының ренжіп ,қуанып тұрған күйін көрсетеді.
Түстерді кезектестіре отырып,моншақ жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті-түзетушілік.
Қонжыққа жасаған моншақтарын ,шыныаяқтарын ,себеттегі құлпынайды сыйлауды ұсынады .Балаларды мадақтап ,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Қонжықтың анасына арнап дайындаған сыйлықтарын береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:заттардың көлемі пішіні,түсі бойынша бір немесе бірнеше болатынын түсінуді.
Нені игереді: логикалық тапсырмаларын түсініп ,орындауды.
Нені біледі:тапсырмаларды орындау барысында дұрыс шешім қабылдауды.
Білім беру саласы: «Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ә.Дүйсеновтің «Біздің үйде» өлеңі.
Уақыты:20.02.2017ж
Мақсаты:сөйлеу тілінде біріңғай мүшелерді қолдана білуге үйрету,дыбыстарды таза ,анық айтуды;сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгерте білуге үйрету.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қуыршақ Айша келеді. Балалармен амандасып ,қандай мерекенің келе жатқанын сұрайды .
Қуыршақпен амандасады .
Ұйымдастыру-іздестіру.
Суретпен жұмыс
Анасына гүл шоғын ұсынып тұрған балалардың
Суретін көрсетеді .
-Мереке кезінде балалар аналарына әдемі сыйлайды Гүлдерді баптап ,күтіп өсіреді . Әдемі болып өскен гүлдерді адамдардың бәрі жақсы көреді .
Сөздік жұмысы: «гүл шоғы ,қанқызы ,көлегейлеп « деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Тыныс алу жаттығуы
Гүлдерді көрсетіп көрсетіп ,терең тыныс алғызып ,иіскетеді .
Гүлге ұшып келген ара мен қанқыз туралы айтады :
-Олар гүлге келгенде онымен амандасады .Тыңдаңдаршы ,ара гүл туралы не айтады екен :
З-з-з-з –әдемі гүлді көріңіз .
Ал, қаңқыз болса:
Ж-ж-ж-ж –
Гүлді бекер жұлмаймыз.
Сергіту сәті
Қызыл-жасыл гүлдерді ,
Көре бергім келеді ,
Біротырып ,бір тұрып ,
Тере бергім келеді.
»Басқаша айт» сөздік « сөздік ойыны
Ата-әжелері ,ата-аналарының өздерін қалай еркелетінін сұрайды . Аналарын ерекше жылылықпен қалай сұрайды .Аналарын ерекше жылылықпен қалай атауға болатынын сұрайды .
Гүлді құшырлана иіскейді .
Жаңа сөздердің мағынысын түсінеді
«з» және «ж» « дыбысын айтып үйренеді .
Тәрбиешінің іс-қимылын қайталайды .
Өздерін аналары қалай атайтынын айтады
Рефлексивті –түзетушілік
Сұрақтар қойып,тақырыпты қорытады.
-Қандай мереке келе жатыр ?
-Анамызға не сыйлаймыз?
Балаларды мадақтап ,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды .
Сұрақтарға жауап береді .
Күтілетін нәтиже :
Нені білу керек : аналар мерекесі туралы .
Нені игереді: суретпен сөз арасына байланыс орнатуды .
Нені біледі: сөйлеу барысында сөздерді өзгертіп айтуды.
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Тар және кең жолдар.
Өткізілген уақыты:
Мақсаты: Балаларды жаяу жүргіншілерге арналған тар және кең жолдарды құрылыс материалдарынан құрастыру, олардың түсін ,пішінін көлемін ажырата алуға дағдыландыру,тәрбиешінң ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге үйрету,өзара қарым –қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Қажетті құрал –жабдықтар: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер.
Шаттық шеңбері.Балалардың белсенді сөйлеуіне және қимыл қозғалыс жасауына тәрбиеші назар аударады .Үлгіні көрсете отырып тар және кең жолдар жасайтын құрылыс материалдарын таңдап алуды.
Балалар шеңбер жасап бір-біріне алақандарымен жылу береді,жақсы сөздер айтқан соң орындарына отырады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік
Орындарына отырған соң ,балалардың назарын құрылыс материалдарына аударамын.Олардың түстерін ,көлемін ,пішінін сұраймын.
«Жаяу жүргіншілерге арналған жол тар болады,оны жасау үшін кірпіштерді бір-біріне тіркеп ұзыннан қоямыз,ал машина жүретін жолдар кең болғандықтан оны жасау үшін кірпіштерді көлденеңінен қатарластырып ,қоямыз деп суреттегі үлгіні көрсете отырып өзі жасап көрсетеді
Құрылысты балалардың дұрыс жасауына бағыт беріп ,басшылық жасайды. Олар жасап болған соң міне, мына ойыншық машинаны кең жолмен ,қуыршақтарды тар жолмен жүргізіп көрсетеді.Екінші ретте бір баланы шақырып машинаны жүргізіп көруді ұсынады.
Ойын:»Тар және кең» жолдар .Балаларға ұсақ машина ойыншықтарды таратып береді.Жолдардың шеттеріне ағаштарды ,текшелерден үйлерді тұрғызып құрылыс мазмұнын біртіндеп күрделендіре түседі .,өздігінен дербес ойлпнуға ,әрекет етуге бағыттайды.
Текшелер кірпіштер.Қызыл,жасыл ,көк.Балалар өздерінің алдарындағы құрылыс материалдарынан «тар «жол құрастырады.Тар жолды көк түсті кірпіштерді бір-біріне тіркестіріп қою арқылы жасаса .Кең жолды кірпіштерді бір біріне беттестіру арқылы құрастырады.
Балалар машинаны кең жолмен ,куыршақты тар жолмен жүргізіп көреді.
Рефлексиялық –түзетушілік .
Әр баланың құрастыру іс –әрекетіне көңіл бөліп ,өздері қандай жолмен жасағанын айтып беруді өтінеді. Түсі ,пішіні ,көлемін және кеңістікте қалай орналастыратынына мән береді .Жақсы жасаған балаларды мадақтайды .
«Кең» «тар» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап ,өздерінң қандай жол жасағанын айтып береді.
Игереді:»кең» ,»тар»ұғымдарынмеңгереді және іс-әрекет барысында көрсете алады .
Меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды оны көлемі пішіне сәйкес кеңістікке дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі :Сурет салу.
Өткізілген уақыты:21.02.2017ж
Тақырыбы:Қоянға арналған әшекей.
Мақсаты:Балалардың қылқаламмен бояу дағдыларын қалыптастыру,қызығушылықтарын арттыру.Сопақ және дөңгелек заттардың суретін салуға ,олардың көркемдік сипатын бейнелеуге үйрету.Аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар,сәбіз ,алма.
Қажетті құрал –жабдықтар:қағаздың түрлері,сурет дәптері,бояулар,қылқалам,сүрткіштер.
Сөздік жұмыс:сәбіз.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Балалардың назарын көңілсіз қоянға аударамын Олардың қарындары ашқанын түсіндіріп ,әрі рахаттанып сәбіз жегісі келетінін айтамын.Балалардың қояндарға көмектесеміз деген келісімін алғаннан кейін ,шынайы сәбізді көрсетеді.Балалардың назарын сәбіздің пішінін ерекшелігіне аудартады.
Сөздік жұмыс жүргізеді.
Балалар қояндармен амандасады.Қояндардың сәбіздерді жақсы көретіндігін еске түсіреді.Сәбізді күнделікті өмірде тағам ретінде пайдаланатындығы жайында әңгімелейді.
«Сәбіз» сөзін жаңғырық арқылы қайталайды.
Ұйымдастырушылық –ізденістік.
Балаларға қоянға арналған әшекейлердісалып беруді ұсынады.
Олардың әшекейі сәбіз бен алмалардан тұратындығын сурет арқылы көрсетеді .Жіпке тізілген алмалар мен сәбіздерді санатуға,олардың түсін анықтатуға болады.Алма мен сәбіздің пішініне талдау жасалынады.Оларды сызу-тәсілі.-қай жерінен бастау керектігін,қолды қалай ұстау керектігі түсіндіріледі.Қарындашпен тегіс бояу тәссілін естеріне түсіреді.Жіптің суреті салынған үлестірмелі материал таратылып беріледі.Осы жіптің бойына әшекей толтыру тапсырылады.Балалар бір қатарға алманы екінші қатарға сәбізді салып,Салып болғаннан кейін бояуға кіріседі.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ ,сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді,
Қарап еді артына ,қиығын салып,көзінің
Келе жатқан томпаңдап көжегі екен өзінің.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Дайын үлгіде берілген екі қатар жіпке алма мен сәбіздің суреттерін салады.Оларды қызғылт сары,және қызыл түске бояйды.
Сергіту жаттығуын қайталайды.
Рефлексиялық –түзетушілік.
-Қоянға қандай әшекей салдыңдар?
Түстері қандай?
Сендердің қоянға жасаған әшекейлерін маған қатты ұнады.
Балалардың саусақтарына «Менің саусақтарым» деген жаттығу жасатады.
Жұмыс жасаған орындарын жинақтауға шақырады.
Балалар қоянға арнап әшекей жасағандарын айтты.
Саусақ жаттығуларын жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қоянның сәбізді жақсы көретіндігін .
Игереді: алма мен сәбіздің суретін салуды.
Меңгереді :бояуды біркелкі түсіруді.
Білім беру саласы:Шығармашылық.
Бөлімі: Құрастыру.
Өткізілген уақыты:
Мақсаты:Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру,қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру,табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:үлгі суреттер,үлкенжәне кіші көлемді қағаздар.
Сөздік жұмыс:жапалақтап қар жауды,қар мамықтай ұлпа.
Іс-әрекет кезеңдері .
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық –қозғаушылық.
Балаларға үлгі сурет бойынша көрсетіп ,қар жауып тұрған сәтті бейнелейтіндерін түсіндіреді.Жауған қарға бақылау жасағандарын естеріне түсіреді.»Жапалақтап қар жауды» ойынынын ойнайды.
Балалар сурет бойынша әңгімелейді және ойын ойнайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік.
Тәрбиеші үлгіні көрсетіп,балаларға бүгін жауған қарды қағаздан қалай жасауға болатынын көрсетіп,түсіндіреді.Жолақ жұмсақ қағаздарды үзіп алыпбалалар алақан арасына салып умаждайды.оны домалақтайды ,жұмсартып домалақ бейнеге келтіріп,қағаз бетіндегі көріністерді пайдалана отырып ,мазмұн бере орналастыруға бағыт беріледі.Балалардың іс-әрекетіне көмек корсетіліп,оны қағаз бетіне қалай орналастыруға болатынын қадағалайды.
Балалар екі қағазды да кезекпен алып,алақан арасына салыпумаждап ,домалақтауға әрекеттенеді.Қар ақ, жұмсақ оны қағаздан жасағанда да жұмсартып ,домалақтап бір бейнеге келтіреді.
Рефлексиялық –түзетушілік.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығады,сапасына назар аударады,кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді ,мадақтайды.
Өздерінің жасаған жұмыстары жайында айтып беруге талаптанады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жапалақтап жауған қар туралы.
Игереді: қағаздың көлемі»үлкен» «кіші» және оны умаждау әдістерін .
Меңгереді: қағаздан умаждап белгілі бір пішінге келтіріп ,оны кеңістікке дұрыс орналастыруды білуді.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша.
Бөлімі аппликациядан тақырыптық жоспар
Тақырыбы
Мақсаты
Сағат саны
Уақыты
1
«Менің үйім»
Балаларды пішіндермен таныстыру,геометриялық пішіндерден үй құрастыру.
Үй жануарларымен таныстыру,Қойлардың суретін жайлауға орналастыруға үйрету.Үй жануарларына қамқор болуға үйрету.
1
4
«Вагон сүйреген паровоз»
Көлік түрлерімен таныстыру.2-5 бөліктен тұратын түрлі зат бөліктерін орналастыруға үйрету.
1
5
«Жеңіл машина»
Көлік түрлерімен таныстыру.дайын пішіндерден жеңіл машина құрастыруды үйрету.
1
6
«Жеміс сусыны»
Жеміс түрлерімен таныстыру.Қағазға салынған банка ішіне дайын жеміс суреттерін орналастыруды үйрету.
1
7
«Қуыршақтың тақиясын сәндейміз»
Қазақтың ұлттық бас киімін –тақиямен таныстыру.Қазақтың ұлттық ою өрнегімен таныстыра отырып ,тақияны әшекейлеуге үйрету.
1
8
«Жаңа жылдық шырша»
Жаңа жылдық мереке туралы түсінік беру.Жаңа жылдық шырша ойыншықтарын орналастыруға үйрету.
1
9
Жүк машинасы»
Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.Дайын пішіндерді пайдалана отырып ,компазиция жасауға үйрету.
1
Білім беру саласы: Таным Өткізілген уақыты:02.03.2017ж
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Көктемгі табиғат
Мақсаты : Көктемгі табиғатты бақылатып,оның ерекшеліктерін түсіндіру.Сурет бойынша сөйлем құрап, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Табиғатты аялауға баулу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету , сұрақ-жауап, бақылу ,еңбек іс-әрекеті.
-Көктемде қар ериді күн жылынады,ағаштар бүршік жарып, алғашқы гүл-бәйшешек шығады.Көктемде табиғат жаңарады ,барлық тіршілік иелері оянады .Балалар, көктемде үлкендердің көмегімен балабақша ауласында гүл егеміз,ағаштардың түптерін қопсытамыз, құстарға ұя жасаймыз.Сондықтан да үлкендердің еңбектерін бағалап ,құрметтеуіміз керек .
Сергітусәті: «Сұр қоян» Т.Бердияров
Ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Шарты :көктем мезгілінің басты ерекшелігін атап айту.
-Көктемде қанда й өзгерістер болады?
-Қар ериді
-Құстар ұшып келеді
-Ағаштардың жапырақтары шығады,Жаңбыр жауады.
Сұрақтарды тақтаға ілемін .
-Дұрыс айтасыңдар балалар ,көктемнің алғашқы ерекшеліктерін атап өттік ,Көктемнің тағы бір ерекшелігі –жыл құстарының ұшып келуі . Олар :бозторғай, қарлығаш ,су құстары.Осы құстарға қандай көмек көрсетеміз?
Тыйым сөздер:Көк шөпті жұлма,ағашты сындырма,құстың ұясын бұзба.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіремін.
Игереді : сурет бойынша сөйлем құрап, байланыстрып, сөйдеу дағдылырын
Меңгереді: көктемдегі құстардың келуі, ағаштардың бүршік жаруы , көктемгі құбылыстарды туралы білімді.
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін уақыты:03.03.2017ж
Бөлімі Сурет салу.
Тақырыбы: Торғайларға жем шашамыз.
Мақсаты: Фломастер ,қағазбен жұмыс істеу дағдылырын ұалыптастыру,қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету;
Ойын –тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамыту.;
Құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар:фломастер немесе үшкір ұшталған таяқша ,торғайлардың суреті ,сазбалшық ,жем салғыш, сүлгі . «Мысық пен торғай» оцынына қажетті суреттер.
Сөздік жұмыс: нүктелер,жем салғыш.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық -қозғаушылық
Балалардың назарын тақтадағы суретке аударып, не ілулі тұрғанын сұраймын.
-Суреттегі торғайларға қараңдаршы,олар не істеп отыр ? Торғайларға қанда йкөмек көрсетуге болады?
Торғайлар ағаш басына қонып отыр.Жем салғышқа салып,балалар жем іліп жатыр деп көріп тұрғандарын айтып әңгімелеп береді .
Ұйымдастырушылық-ізденісттік.
Сурет бойынша әңгімеден кейін ,әрқайсысына торғайдың суреті салынған парақты таратып беремін
Енді біз торғайларға жем шашайық .
Нүктелерді тақтадағы қағаз бетіне түсіре тұрып, келесі өлең жолдарын оқимын.
Торғай,торғай торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың ,
Дән шашайын тойып ал ,
Суыққа сонда тоңбайсың
Қолдарындағы торғайдың мүсінін қозғалта отырып,салынған нүктелерді жем деп шоқытады.
-Ал енді өздеріңнің торғайларыңа жем шашыңдар , мен көрейін .Менің торғайым бөтегесі бұлтиып тойып алды.Кәне, сендер торғайларыңа жемді қалай беретіндеріңді көрейін Аралап жүріп қарап шығамын.
-Жемді көбірек берсеңдер ,тез тояды .Балалар жұмыстарын аяқтағанна кейіе ;кәне,балалар енді маған торғайлар қалай ұшатынын көрсетіңдерші.
Сергіту сәтін жасатады :
-Даладағы торғайлар тоңып , жем таба алмай жүр , өйткені далада күн суық ,барлығын қар басып қалғанОларға жерді домалақтап жасап көрейік .Сазбалшық пен ермексаз кесегінен ұсақ бөлшектер бөліп аламыз.Көлемі жағынан кішкене , оны саусақтардың арасына салып айналдырамыз, домалақ пішінге келтіреміз . Өзім жасап көрсетемін. Жасаған жұмыстарын қағаздан жасаған жем салғышқа салады.
Қолдарын жандарына созып кимылдар жасайды .
Балалар қағаз бетіне нүктелер салады шашырата .
Сергіту сәтін жасап ,біраз демалып , алады .
Тәрбиешінің көрсеткендерінің барлығын жасайды .
Рефлексиялық –түзетушілк
Балалардың жұмыстарына басшылық жасап,жеке нұсқаулар беремін .Аяқталған жұмыстарды мадақтап ,қорытындылаймын.
«Мысық пен торғай» ойынын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қағаз бетіне нүктелерді түсіруді ,ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамытуды.
Игереді: құстар және оларды тамақтандыру жайында түсініктерді
Меңгереді : фломастермен немесе таяқшамен ,қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.