Просмотр содержимого документа
«"Бөлімі:Мүсіндеу Тақырыбы: Торсық»
.Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы: Торсық
Мақсаты: қазақтың ұлттық бұйымы-торсықпен таныстыру
Білімділік мәні: торсықты әртүрлі әдіс-тәсілдермен безендіру;торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді шығармашылықпен таңдап,әшекейлеу жолдарын түсіндіру
Дамытушылық мәні: ұсақ қол қимылдарын дамыту,көру арқылы мүсіндей білу іскерліктерін қалыптастыру
Тәрбиелік мәні: ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын ояту,өнердісүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:торсық,шұбат құятын ыдыс, «қошқармүйіз».
Оқу іс-әрк кез/рі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация
Шаттық шеңбері:
-Балалар,бұл ұлттық бұйым-торсық.Торсыққа ұзақ жолға шыққан жолаушы (ержігіт) қымызды толтырып алып шығады,жолда ішкен қымыз,әрі шөл қандырады,әрі күш береді.Қымыз құятын ыдысты көрсету,оның пішініне,көлеміне,ою-өрнектермен әшекейленуіне,теріден жасалатынына,жеңіл болатынына назар аудару.
Шеңбер құрып тұрады.
Торсықты ұстап,сипап,аударып көреді.
Балалар торсықтың тұрмыста қолданылуы жайлы әңгімелейді.
Негізгі кезеңі
-Балалар,осы ұлттық бұйым,қымыз құятын әдемі торсықты мүсіндейік.
1-жолы.Ермексазды алақандарына салып,сопақша пішінге келтіріп,осы бөліктен шымшып созу арқылы мойнын шығарамыз,екі бүйірінен ұшын саусақпен созып шымшып,қысу арқылы үшбұрыштап ою тәріздес иіп,мүсінін келтіреміз.
2-жолы:торсықтың қақпағы.Ермексазды алақанға салып домалақтап,фломастердің қақпағы арқылы дайын болған домалақ пішіннің ортасына ойық жасаймыз.
Ойыққа саусақтың көмегімен қақпақтың пішінін орналастырамыз.
3-жолы:тәрбиешінің көмегімен балалар торсықты қалауы бойынша әшекейлейді.Ермексазды ұзыншалап созып,есіп, «Қошқармүйіз» оюымен әшекейлеуге болады.
-Балалар,бүгін ұлттық бұйымымыз-торсықты мүсіндеп,әшекейледік.
Жеке жұмыс жүргізу
Мұқият орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Кейбір балалар өз қалауларымен әшекейлеуі мүмкін.
Жұмыс орындарын реттейді
Қ/ды
-Торсық-шұбат,қымызды салқындатып сақтайтын ұлттық ыдыс.Жолаушыларға пайдасы өте мол екен.Өздерің мүсіндеген торсықтарыңды ұлттық бұрышқа орналастырыңдар
Балалардың бүгінгі жұмыстарын мақтап,мадақтау
Балалар жұмыстарын салыстырып,өз ойларын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:ұлттық бұйымдар туралы мәліметті
Түсінігі: торсық,шұбат құятын ыдыс, «қошқармүйіз» сөздерінің дұрыс қолдану
Көрсете алуы:мүсіндеу жолын,тазалық жұмыстарын,өзара көмектесуді.