Просмотр содержимого документа
«С?т ж?не с?т та?амдары »
Сабақтың тақырыбы:Сүт және сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: төрт түлік малдан өндірілетін сүттің атауларын, жеке қасиеттерін түсіндіру, сүттің атауларын, жеке қасиеттерін түсіндіру, сүттен жасалатын түрлі тағамдардың жасалу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: сүттің құрамын ажыратуарқылыадам ағзасына пайдасынан хабар беру, сиыр сүтінен дайындалатын ұлттық тағамдармен таныстыру.
сақтап,өз орнын таза ұстауға, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап ,іздену,жазба жұмыстар арқылы талдау ,ой қозғау.
Сабақтын көрнекілігі:төрт түлік малдын суреті, сүттен даярланған тағам түрлері, сөзжұмбақ жазылған плакат.
Керекті құрал-жабдықтар:кішкене тегеш,қасық.
1.Ұйымдастырушылық кезені.
Балалар, 1,2,3-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3 өз алдына топ құрады. «Сиқырлы сандықшадан» өз топтарына есім алады.
1-топ. «Балқаймақ» тобы.
2-топ. «Қатық» тобы.
3-топ. «Айран» тобы.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Макарон өнімдері дегеніміз не?
2.Макарон өнімдерінің қандай түрлерін білесің?
3.Макаронды неше тәсілмен пісіреді?
4.Макарон өнімдерін қашан және қайда ойлап шығарды?
5.Макаронды пісіру уақыты қандай?
6.Макарон бидайдың қандай сортынан жасайды?
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Қызығушылықты ояту.
Қой сүйеді баласын «Қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін « момыным!» деп,
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған « қорқағым!» деп,
Түйе сүйеді баласын «боташым!» деп»,
«Жаудырағанкөзіңнен « тоташым!» деп,
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан-тасқа секірген «шұнағым!» деп,
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірген « жүйрігім» деп,
- Ал балар, «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші, енді біз «Жайлауға» саяхат жасайық.
2. Мағынасын ашу.
- Жайлаудан не көріп тұрмыз?
- Төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар? Слайд 2
Сүт-дәрумендердің көзі.Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы А,В,С,Д тобындағы дәрумендермен қанағаттандырылады.Оның құрамына ақуыз 3,6%,майлар 3-4% көмірсулар 4% витаминдер және минералды сусындар кіреді. Ең бағалысы жаңа сауылған сүт. Өйткені витаминдер сақталынады бірақ оның құрамында кауіпті микроптар болуы мүмкін. Сүтті зиянсыздандыру және ашып кетпеу үшін үй жағдайында оны қайнатады. Сүт және сүт өнімдерін тоңазытқышта сақтау керек.
Сүт және сүт өнімдерін сақтау мерзімі
Азық түлік
+4-тен +8С температура жағдайында
сақтау мерзімі
Сүт Ашытылған сүт өнімдері
Ірімшік Қаймақ Сыр
Сары май
20сағат
24 сағат
36 сағат
72 сағат
5-тен 15 тәулікке дейін
5 тәулік
Сөздік жұмыс.
Сүт - малдан алынатын өнім
Уыз - жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті
Малта- езілген құрттың жұқанасы, ұсағы.
Меңіреу - қой сүтінен ұйытылған қатық түрі.
Ұйытқы - сүтті ұйыту үшін мәйек, айран, сүзбе сияқты ащылар «ұйытқы» деп аталады.
Күбі - айран пісуге арналған ыдыс.
Құрт-қышқыл сүт тағамына жатады.Құрт-сиыр мен қойдың сүтінен жасалынады.Бұл тағам асқазан сөлін шығаруды жақсартады,ішектегаз жиналуын және ішектін жиырылып –созылуын реттейді. Бабаларымыз жауынгершілік жорық кезінде немесе ұзақ жолға сапарға шыққанда, жылқы бағып, күзетте тұрғанда, қоржындарында құрт, малта салып алып өзектерін талдырмай сорып,азық етіп шөлдерін басқан. Құрттың өзге тағамдардан артықшылығы ұзақ сақталады, бүлінбейді.Жолда алып жүруге ыңғайлы. Тіске басқанда тістің түбін бекітеді, асқазан сөлін шығаруын жақсартады. Көбінесе қысқа дайындалады.
Сүт және сүт тағамдарына байланысты ырымдар мен тыйымдар.
Жерге төгілген ақты басуға болмайды.
Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды.
Сүтті үрлеп ішуге болмайды, майлылығы азайады.
Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгіп тастауға болмайды.
Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды, құты кетіп қалады.
Жұмбақ: Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты, әрі тәтті
Дәмін кім жеп көрген? ( Құрт)
ІҮ.Сарамандық жұмыс.
Енді технологиялық карта бойынша құрт жасап үйренейік. Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін сақтайық
Қолды мұқият жуу қажет.
Алжапқыш, орамал тағу керек.
Қолданатын ыдыстарды таза ұстау қажет.
Құрт дайындау тәсілдері.
Құртты жасау технологиясының бір түрі.
Ұйытылған айранды сәл ашытыңқырап, таза ыдысқа құйып бір қайнатып алады.
Салқындаған айранды дорбаға құйып, астына ыдыс қойып сүзіп ал.
Суы әбден сорғыған айран қою сүзбеге айналады.
Қалтадан үлкен тегенеге аударып алып қалауларыңша тұз қосып әбден аралыстырыңдар.
Сүзбені мөлшермен алақандарыңа салып домалақ, сопақ түрінде құрт жасаңдар.
Құртты құрғақ тақтай, не сөреге тізіп кептір немесе астына ауа келіп тұратын ши өрешеге кптір.
Тобарсып кебе бастаған құртты ауа өтетіндей жұқа дорбаға салып іліп әрі қарай кептір.
Ү. Қорытынды.
Тест сұрақтарын тапсыру
1. Уыз неден жасалады?
а) ашыған сүттен ә) сүттен б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен
2. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?
а) сиыр сүтінен ә) түйе сүтінен б) биенің сүтінен
3. Тағамды дайындамас бұрын ең алдымен нені сақтау керек?
а) техника қауіпсіздігін ә) тамақтану мәдиенетін б) тазалық- гигеналық талабын
4. Май пісіруге арналған піспегі бар ыдыс.
а) күбі ә) мес б) торсық
5. Меңіреу дегеніміз не?
а) жылқы сүті ә) қой сүтінен ұйытылған қатық б) түйе сүті
Сүт және сүт тағамдарының өзге тағамдардан өзгешелігі жайлы әңгімеле.
Сабақты қорыту,пысықтау.
1.Сабақ ұнады ма?
2.Сабаққа қатысты пікірлеріңіз?
3.Қандай сұрақтарыңыз бар?
4.Нені білгіңіз келеді?
ҮІ.Үйге тапсырма.
1. Өздерің құрт жасап, достарыңа және ата-аналарыңа дәмін татқызып, пікірін біл.
2. Қымыз, шұбаттың емдік қасиеттері жайлы мәліметтер іздеп келу.