Ұйымдастырушылық ізденіс | Балаларды қазақ халқының ұлттық шеберлігімен таныстыру (сандық,домбыра,табақ, тостаған, кесе) Осы бұйымдарда не бейнеленгенін сұрау. Ою өрнектерге естеріне түсіру. Қазақ халқының ұлттық ыдыс – аяқтарының ішінде «торсық» ыдысына толығырақ тоқталу. «Торсық» ыдысының пайдасы, қолданылуы жайында түсінік беру. Сергіту сәті: Затқа қарап торсықты мүсіндеп, қазақ оюларымен әшекейлеуге үйрету. | Мұқият тындайды. Өздерінің түсініктерімен қазақ халқының ұлттық шеберлігі туралы көрген, білгендерін айтады. Ою өрнектер. Ою өрнектерді естеріне түсіріп,атап шығады (қошқар мүйіз,толқын,шеңбер және т.б.) Қызығушылықтарын білдіріп тыңдайды,естеріне сақтауға тырысады. Сергіту сәті: Балық болып жүземіз,жүземіз. Қоян болып секіреміз,секіреміз. Құс болып ұшамыз,ұшамыз, Орнымызға қайтып отырамыз. Мүсіндеудің әдіс тәсілдерін естеріне сақтайды. «Торсықты» өз шеберліктерін қолданып, қазақ оюларымен әшекейлейді. |
Рефлексивті-коррекциялау | Қорытынды жасау. Балаларды мақтап,мадақтау. Көрме жасау. | Қорытынды жасайды. Риза болады. Балалар бір-бірінің суреттерін бағалап, тамашалайды. |