Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті балабақша ұжымы, кішкентай бүлдіршіндер, сіздерді бүгінгі білім күніне арналған «Білімнің бастауы- балабақшада» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер дейміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Білімнің бастауы- балабақшада»»
Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
«Шағала» балабақшасы
мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты:
Қыркүйек Білім күніне арналған
Тақырыбы:
«Білімнің бастауы- балабақшада»
Дайындаған: екінші сәбилер тобы
Арынжанова Анаргуль Аманжоловна
2016-2017 жж
Білімнің бастауы – балабақшада
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
Жүргізуші:Құрметті балабақша ұжымы, кішкентай бүлдіршіндер, сіздерді бүгінгі білім күніне арналған «Білімнің бастауы- балабақшада» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер дейміз.
Алдияр:
Өмірдің бейбіт бағы бұл, Асудан асып асқарлы. Мінекей биыл тағы бір, Жаңа оқу жылы басталды. Айсана:
Бұл - екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз - осы үйдің гүліміз Біз - осы үйдің сәніміз. Нұрасыл:
Егемен елдің төсінде, Шуағын шашқан арай күн Азамат болып өсеміз, Қызыға әлем қарайтын. Гүлназ:
Биіктерге бастайтын асқаралы, Әр жүректің сүйікті, асқақ әні. Мерекеде бәріміз бір дауыспен, Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Айнара:
Бүкіл елде басталып бүгін жыры, Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны. Білім - ғылым бастауы, мерекелі Құтты болсын бүгінгі Білім күні! Алдияр:
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны Ауламыздың келісіп тұр бар сәні 1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен Құттықтайды меңгеруші баршаны! Сүйікті апайымыз –Тұрымтай Аухадиевнаға құрметті сөз кезегін ұсынамыз!
Құттықтау сөз
Тақпақтар: «Ақбота» тобы Алихан:
Риза етіп баршаны, Әсем әнге саламыз. Таудан биік талабы, Біз - сүйкімді баламыз!
Ән «Балдырғандар жыры» муз: Б. Жұмабекова
(Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір - бірімен сумен атылатын пистолетпен атысып (немесе майда түрлі - түсті доптармен ойнап келеді) 1 - Күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды! 2 - Күлдіргіш: Келіңдер балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық! 1 - Күлдіргіш: Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?...... 2- күлдіргіш: Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке! Балалар: Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз. 2 - Күлдіргіш: Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не?
Жүргізуші: Күлдіргіш, сен олай деме, білімсіз өмір жоқ. Білім алу үшін оқу керек, оқу үшін тәрбиеші апайларды тыңдап, ақылды бала болуымыз керек. Ал біздің балабақшамыздың балалары өте ақылды, солай ма, балалар?!
Балалар: Иә!
Тәрбиеші: Ендеше балалардың тақпақтарын тыңдап көрелік. Таирхан:
Корабльді басқарып Көк жүзіне самғатар Тауды бұзып, тас жарып Мұхиттарды жалғатар. Қарлығаш:
Сырлары көп ғылымның Шешілмеген әлі де Тереңдігі білімнің Керек екен бәріне! Фируза: Білім - менің ертеңім Өсу үшін өркенім Жүзем оқу - айдында Жайып білім желкенін.
Эльмира: Қиындықтан өтуге Армандарға жетуге Білім алам ерінбей Еліме қызмет етуге! 1 - Күлдіргіш: Керемет! Онда біз басқа да Күлдіргіш достарымызды шақырып сендерге мереке құрметіне би билеп берейік, шашуымыз болсын!
Би «Күлдіргіштер биі» (Нұрасыл, Жанали,Гүлназ, Мадина, Дария) Жүргізуші: Бүгін біздің бақшамыздың әншісі Алдияр ұлдарыңыз меркемізге арнап әннен шашу шашқысы келеді.Қабыл алыңыздар! Жеке ән «Тұлпарым» Дулат Алдияр
Тәрбиеші: Балабақшамыздағы нағыз ерке достарымыз апайларымен бірге би дайындаған екен. Қарсы алайық!(ІІ сәбилер тобы балалары ортаға шығады: Айару, Әйкерім, Мадина, Дария, Мағжан, Айару Қ.) Би «Ерке балалар биі» Рахат:
Шырылдаған тыным алмай Қоңыраудың үні қандай! Мақсатына жете ме адам Оқу оқып, білім алмай?! Айхан:
Ғылымның көп тас қамалы Ғалымдық та асқаралы Бар білімнің нұр бастауы - Балабақшадан басталады! Жеке ән «Анашым» муз: А. Еспенбетова Биболатқызы Гүлназ
Ән: «Қуыр, қуыр, қуырмаш» Тәрбиеші: Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық. Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік! Биіктерді бағындырудан жалықпайық!