kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Балабақша - тәрбие бастауы! " Баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша – тәрбие бастауы

           Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады емес пе? Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге  баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз. Біз қанша дамып басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы тиіс. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші  тәрбиешінің міндеті. Бүлдіршіндердің сезімдері  өте нәзік, әсершіл келеді. Оларға айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі – шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек.Тәрбие – қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады.

              Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» дейді. Расында да балабақша табалдырығынан аттаған балаға тәрбие беру үшін тәрбиеші маманның өзі тәрбиелі, білімді, өнерлі болғаны жөн.

Ұлы Мағжанша айтар болсақ, балаға тәрбиені беруде адам ең бірінші өз тәжірибесіне сүйенеді. Адамның өз тәжірибесі – оның жүріп өткен жолы, көрген-білгені. Бірақ әр адамның жолы тура жол, бала тәрбиесінде қатып қалған осы жолмен жүру керек деуге де болмайды. Ол жолдың тек дұрысын ғана таңдап алу керек. Балаға міндетті түрде өзіңді қайталату мақсат емес, өзіңнен асырып түсіру мақсат. Бала кейде сенің ойлағаныңнан да артық затты немесе қиялына ерік берсе ешкімнің ойы түгіл түсіне де кіре бермейтін идеяларды дүниеге әкелетіні рас. Сондықтан педагогтың өз тәжірибесіне сүйенуі аздық етеді.

Екінші жағынан, ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу. Халқымыздың баға жетпес құнды қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен бала өскенде ұлтжанды, халқының намысын қорғайтын азамат болмасына кім кепіл?

           Балабақша. Осы сөзді қайталап айтып көріңізші. Құлаққа қандай жағымды, анық, қарапайым естілетін сөз. Жасы үшке толар толмастан тілі былдырлап, томпаңдап келген баланы бауырына қысып, еркелету, ойнату қандай қызық. Әрбір сәбидің жүзін көргенде бақыттың базарында жүргендей күй кешесің.

Балабақшада балалар бірі тілалғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық жайдарлы болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне,  осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді. Сөзімді «Тәрбие –тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылағым келеді. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Бала тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты.  Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Балабақша - тәрбие бастауы! " Баяндама»

Балабақша – тәрбие бастауы


Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады емес пе? Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге  баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз. Біз қанша дамып басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы тиіс. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші  тәрбиешінің міндеті. Бүлдіршіндердің сезімдері  өте нәзік, әсершіл келеді. Оларға айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі – шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек.Тәрбие – қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады.

Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» дейді. Расында да балабақша табалдырығынан аттаған балаға тәрбие беру үшін тәрбиеші маманның өзі тәрбиелі, білімді, өнерлі болғаны жөн.

Ұлы Мағжанша айтар болсақ, балаға тәрбиені беруде адам ең бірінші өз тәжірибесіне сүйенеді. Адамның өз тәжірибесі – оның жүріп өткен жолы, көрген-білгені. Бірақ әр адамның жолы тура жол, бала тәрбиесінде қатып қалған осы жолмен жүру керек деуге де болмайды. Ол жолдың тек дұрысын ғана таңдап алу керек. Балаға міндетті түрде өзіңді қайталату мақсат емес, өзіңнен асырып түсіру мақсат. Бала кейде сенің ойлағаныңнан да артық затты немесе қиялына ерік берсе ешкімнің ойы түгіл түсіне де кіре бермейтін идеяларды дүниеге әкелетіні рас. Сондықтан педагогтың өз тәжірибесіне сүйенуі аздық етеді.

Екінші жағынан, ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу. Халқымыздың баға жетпес құнды қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен бала өскенде ұлтжанды, халқының намысын қорғайтын азамат болмасына кім кепіл?

Балабақша... Осы сөзді қайталап айтып көріңізші. Құлаққа қандай жағымды, анық, қарапайым естілетін сөз. Жасы үшке толар толмастан тілі былдырлап, томпаңдап келген баланы бауырына қысып, еркелету, ойнату қандай қызық. Әрбір сәбидің жүзін көргенде бақыттың базарында жүргендей күй кешесің.

Балабақшада балалар бірі тілалғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық жайдарлы болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне,  осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді. Сөзімді «Тәрбие –тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылағым келеді. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Бала тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты.  Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Балабақша - тәрбие бастауы! " Баяндама

Автор: Рашева Акнур Сериковна

Дата: 30.06.2017

Номер свидетельства: 423478

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Баяндама «Отбасы мен балаба?ша" "
    ["seo_title"] => string(33) "baiandama-otbasy-mien-balabak-sha"
    ["file_id"] => string(6) "171924"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423741012"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Ата-аналар жиналысына баяндама: "Отбасындағы және балабақшадағы бала тәрбиесі""
    ["seo_title"] => string(79) "ata_analar_zhinalysyna_baiandama_otbasyndagy_zh_ne_balabakshadagy_bala_t_rbiesi"
    ["file_id"] => string(6) "506045"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1554382349"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Баяндама  "Балаба?шамен  бастауыш мектепті? саба?таcты?ы" "
    ["seo_title"] => string(62) "baiandama-balabak-shamien-bastauysh-miektieptin-sabak-tactyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "111412"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1407452348"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫ? БІЛІМ МЕН Т?РБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ "
    ["seo_title"] => string(77) "baiandama-bastauysh-synyptarda-ekologiialyk-bilim-mien-t-rbiie-bieru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "149100"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419950407"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Баяндама тақырыбы: «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»"
    ["seo_title"] => string(60) "baiandama_tak_yryby_otbasy_mien_balabak_sha_yntymak_tastyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "406033"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491202450"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства