Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,құрастыру,қоршаған ортамен таныстыру,жапсыру.
Мақсаты:Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру,1-5 ке дейінгі сандар туралы түсініктерін кеңейту,әр-түрлі пішіндермен жұмыс жасау арқылы қабілеттерін дамыту,айналадағы қоршаған ортамен таныстыра отырып,сөйлеу қабілеттерін дамыту,математика сабағында өткендерін пысықтау.
Дамытушылық:инновациялық технологияларды пайдалана отырып,балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті көрнекіліктер:кеме макеті,капитанның бас киімі,роль,кілт,сиқырлы сандық,үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек,сопақша,көлік суреттері(жүк машина,ұшақ ,кеме)
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Суымыз мөлдір болсын
Нанымыз көп болсын
Еліміз тыныш болсын.
Балалар шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену ұйымдастырушы
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
-Жарайсындар!
-Мына менің қолымдағы алтын сандықшаның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
-Ендеше бұл сандықтың кілтін алу үшін,менімен бірге "Білім" еліне саяхатқа баруымыз керек.Саяхатқа барғыларың келе ме?
-Саяхатқа шығуымыз үшін не керек?
-Ал қандай көлік түрлерін білесіңдер?(тақтамен жұмыс)
-Әуе,су, жол көлігі болып бөлінеді.
Балалар мынау қандай көлік?
-Ұшақ қайда жүреді?
-Ия ұшақ әуеде ұшады.
-Келесі көлік қандай?
-Ол жол көлігі екен балалар.
-Мынау қандай көлік балалар?
-Өте жақсы ,олай болса,бүгін су көлігі"Болашақ" атты кемемен саяхатқа шығайық.Балалар кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
-Табиғат дегеніміз не?
-Табиғат бізді қоршап тұрған бүкіл әлем.Дұрыс айтасыңдар .
-Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?Ия сосын дәрумендер пайдалануымыз керек екен.
-Дәрумендер қайда болады?Ия дұрыс айтасыңдар.
-Қандай жеміс-жидектер мен көкөністерді білесіңдер?
-Балалар олай болса кемеге мініп "Чунга-чанга"әнімен саяхатқа шығайық.Кеменің капитаны сайланады.
-Балалар қараңдаршы кемеміз суда жүзіп келеді(проектордың көмегімен көрсетеді)
-Су қандай?
-Су қайда болады?
-Суда нелер тіршілік етеді?(поректордың көмегімен су асты әлеміне үңіледі)Ия балықтар және өсімдіктер,балықтар өздері қоректерін тауып жейді.
Капитан:
-Бұл "Білім" елі тапсырмалар осы елде!Балалар Аралға да келіп қалыппыз.(кемеден түсіп орындарына отырады)
1-ші тапсырма:(проектордың көмегімен көрсетіледі)
"Тура және кері санау"(1ден-5 ке дейін)
2-ші тапсырма:
1.4алманың біреуін
Досың сұрап алады
Айтшы,сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.?
2.Екі балапан тұр еді,
Біреуі су ішуге кетеді
Неше балапан қалады?
-Жарайсыңдар балалар тапсырмаларды дұрыс орындадаңдар.Сиқырлы сандықтың кілтінің бірінші бөлігін өздеріңе табыстайын.
Сергіту сәті:
Ойын:"Өз түсіңді тап!"(қ. ойын)
Шарты:пішіндер туралы жұмбақ жасырамын,ал сендер тауып,ақ қағаз бетіне(үшбұрышты ортаға,төртбұрышты оң жаққа,сопақшаны сол жаққа,дөңгелекті төменге)орналастырасыңдар.
Жұмбақ.
1.Бұрышым үшеу,үш жағым,
Биік тауғңа ұқсаймын
Бұл қандай пішін болады?(үшбұрыш)
2.Төрт жағым төрт бұрышым
Кірпішке мен ұқсаймын.
Бұл қандай пішін болады?(төртбұрыш)
3.Дәмді жасыл қиярға,
Сопақ денем ұқсайды,
Бұл қанай пішін болады?(сопақша)
4.Алмаға денем ұқсайды,
Допқа да мен ұқсаймын
Мен қай пішін боламын?(дөңгелек)
-Кілттің екінші бөлігін табыстаймын.
4-ші тапсырма:
-Балалар, біздер "Білім"еліне немен келдік.
-Кемемен жүзіп келдік олай болса,кәнекей кемені өз бетімізше жапсырып шығайық.
-Жарайсыңдар,өздерің шебер екенсіңдер!Мен өз уәдемде тұрып,кілттің соңғы бөлігін табыстаймын.
-Ал балалар,сиқырлы сандықты ашу үшін кілттің барлық бөліктерін құрастырдық.Ендеше балабақшамызға тез жетіп алайық.Әндетіп барайық.Ән"Туған жер"