Просмотр содержимого документа
«"Білім еліне саяхат"»
Білім беру саласы:Таным
Оқу іс-әрекеті:ҚМТҚ Тақырыбы:Білім еліне саяхат Мақсаты:Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.5 санымен таныстыру 0 ден 5 сандарды кері және тура санауға жаттықтыру.Балалардыңойлау қабілеттерін дамыту арқылы санамақтар логикалық есептер шығару арқылы білімдерін дамыту.Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі:Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, түсіндіру. Шаттық шеңбері: Біз қазақтың баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Иіліп сәлем береміз.
Балалар бүгін біз математика сабағында «Білім еліне саяхат» атты тақырыбта сабақ өтеміз. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Бір аптада неше күн бар? Апта күндерін атайық? Бүгін аптаның қай күні? Тәрбиеші:Ерте, ерте, ертеде математика атты патшалықта Есенбике атты ханша өмір сүріпті. Әдемі сарайда іші-пысқан ол былай деп армандапты: Ханша:Ох шіркін!Мына әсем сарайда менің көп достарым болса ғой.Мен олармен бірге ән салып,би билеп, өлең-тақпақ айтып, жұмбақ шешер едім, есеп шығарып бірге ойнар едім. Бастаушы:Осы кезде сарай алдына бойы сорайып, мойны қылқиып 1 саны келіп есік қағыпты. 1 саны-Асан:Тук-тук-тук кім бар екен сарайда.Егер рұқсат болса, мына әсем сарайға кіріп біраз тынығып алар едім. Ханша:Бұл үйде мен Есенбике ханша және «Қарлығаш» тобының балалары тұрады.Ал сен өзің кімсің. 1 саны-Асан: Мені келсе білгің, Мен таяқша бірлік. Барлық санға жол бастап Ең басында тұрмын. Ханша:Қош келдің «1» саны.Сен сарайға кіру үшін әуелі менің тапсырмамды орындауың керек.1 саны туралы санамақ айтып бер. 1 саны санамақ: Бір дегенім ілім, Жинап жүрмін білім. Әкелген тапсырмасын ұсынады. 2 саны-Аянат: Тук-тук!Бұл әдемі сарайда кімдер тұрады. Ханша:Бұл үйде мен Есенбике ханша және «Қарлығаш» тобының балалары тұрады.Ал сен кімсің. 2 саны-Аянат: 1 – ден кейін тұрамын,1- ден кейін тұрағым. 1-ді 1-ге қосқанда Мен шығамын,шырағым. Мен «2» деген санмын. Ханша:Сен сарайға кіру үшін 2 саны туралы санамақ айтып беруің крек. 2 саны санамақ: Екі дегенім елім Туып өскен жерім. Балаларға тапсырмасын ұсынады. Бастауыш:Осы кезде ілбіп басын, аяғын сүйретіп «3 саны» келіп есік қағады. 3 саны-Айжан:Тук-тук!Бұл әдемі сарайда кімдер тұрады? Ханша:Бұл сарайда мен Есенбике ханша және «Қарлығаш» тобының балалары тұрады.Ал сен өзің кімсің. 3 саны-Айжан: 2-ден соң әрқашан, 3 саны мен тұрамын. Байқап қарап түзіле, Екі айшықтан құралды. Мен «3» деген санмын. Сарайға кіріп демалайыншы шаршадым. Ханша:Сарайға кіру үшін өнер көрсетуің керек.Бізге «3» туралы санамақ айтып көрші. 3 саны санамақ: Үш дегенім – үміт, Үміт ақтар жігіт. 3 саны- Айжан: менде құр келгенім жоқ.Балаларға қоятын тапсырмам бар – деп коеверттегі тапсырмасын ұсынады. 4 саны – О.Аружан: Тук-тук!Бұл әдемі сарайда кімдер тұрады? Ханша:Бұл сарайда мен Есенбике ханша және «Қарлығаш» тобының балалары тұрады.Ал сен өзің кімсің. 4 саны-О.Аружан: Басым екі таяғым, Жалғыз бірақ таяғым! Менің мәлім баяғы Төрт-түліктің аяғы. Мен – «4 санымын. Сенің сарайына кіріп демалайыншы. Ханша:Әрине кіресің бірақ сен әуелі менің тілегімді орындап, 4 саны туралы санамақ айтып бер. 4 саны санамақ: Төрт дегенім – тоқтық Айтпа бала боқтық. Балаларға өз тапсырмасын ұсынады. Бастаушы:Сарайға елпілдеп жүгіріп 5 саны келеді. 5 саны-Жұлдыз:Тук-тук!Мынау неткен керемет әсем сарай.Мұнда кімдер тұрады екен. Ханша:Бұл сарайда мен Есенбике ханша және «Қарлығаш» тобының балалары тұрады.Ал сен өзің кімсің. 5 саны-Жұлдыз: 4 – тен кейін 5 ті Білу оңай десті Саусағыңды санасақ, Табаласың 5-ті. Мен – «5» деген санмын. Ханша:Дұрыс айтасың 1,2,3,4,5 шынында да саусағы 5-еу.Бірақ сарайға кіру үшін менің тапсырмамды орындайсың.Сенде басқа сандар сияқты, өзің туралы санамақ айтып бер. 5 саны санамақ: Бес дегенім – баға Беске жетпес баға. Менде құр келгенім жоқ, алып келген тапсырмаларым бар деп тапсырмасын ұсынады. Олай болса балалар сандардың алып келген тапсырмаларын орындайық. «1» санының тапсырмасы: 1-ден 5-ке дейін тура және кері сана Д/O «Көрші сандарды ата» «2» санының тапсырмасы: Логикалық сұрақтар: 1)Кемпірқосақта неше түс бар?(7) 2)Бір аптада неше күн бар? (7) 3)Жұлдызда неше бұрыш бар?(5) 4)Бағдаршамның неше көзі бар?(3) 5)Бір жылда неше мезгіл бар?(4) 6)Қандай математикалық амалдарды білесіңдер? (-,+) 7)Екі тышқанның неше құлағы бар? (4) «3» санының тапсырмасы: Геометриялық пішіндерді атандар? Балалар осы таяқшаларды пайдаланып әр түрлі пішінде құрастырыңдар.(Үй, жалауша) «4» санының тапсырмасы: Кеңістікті бағдарлау. Мына ортада не орналасқан? Ал оң жақ бұрышында не орналасқан? Сол жақ бұрышында не орналасқан? Ал оң жақ төменгі бұрышында не орналасқан? Сол жақ төменгі бұрышында не орналасқан? «5» санының тапсырмасы: Цифрларды суреттердің санымен сәйкестендір. Сергіту сәті: 1-дегенде тұрайық 2-3-4 алақанды соғайық . Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып. Бір отырып, бір тұрып. Біз жүгіріп алайық. Бес – дегенде асықпай орнымызды табайық
Логикалық жұмбақтар: Жарайсыңдар, балалар!Бүгін сендер сандардың әкелген тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар.Ал енді менің тапсырмамды орындап көріңдер.Олай болса сендерге «Бір қазан сүт» ертегіні айтқым келіп тұр.Баяғыда бір әже болыпты.Оның екі баласы болыпты.Әже екі баласына күнде бір қазан сүт пісіріп береді екен.Бір күні бір қазан сүтті пісіріп суытуға үй іргесіне қояды.Біраздан кейін келіп қараса ішінде сүт қалмапты. Әже:Төгіліп қалмапты, құстар ішіп кетіпті. Көбелек келіп күмп етіп, Көбігін ішіп ол кетті. Жапалақ келіп жалп етіп, Жартысын ішіп ол кетті. Қарға келіп қарқ етіп, Қалғанын ішіп ол кетті. Сауысқан келіп саңқ етіп, Сарқып ішіп ол кетті. Қырғауыл келіп қиқулап, Қарып түбі қаспағын, Қырнап ішіп ол кетті. Балалар Бір қазан сүтті қанша көбелек, қанша құс ішкенін санайық-шы (Құстардың бейнесін көрсете отырып балаға барлығы қанша екенін санатып және көбелек жалғыз, құстар көп деп топтау жұмыстарын жүргізеді) 1+4=5 Қорытынды:1-ден 5-ке дейінгі сандарды қатарластырып қояды және балаларға тура және кері санату. Бізге қонаққа кімдер келді? Сандар Олар не айтты?Өздері туралы тақпақтар,санамақтар. Олар бізге не әкелді? Тапсырмалар Біз оларды орындай алдық па? Ия Балалар бүгін сабаққа бәрлерін жақсы қатыстыңдар Рахмет Дөңгеленіп тұрайық Шеңберді біз құрайық Кездескенше күн жақсы Сау-саламат болайық, - деп келген қонақтармен қоштасу.