Ересек «Көгершін» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Алуан алуан кәсіп бар,таңдай біл де,талап қыл!»
Тақырыбы:
«Мамандықтың бәрі жақсы.»
Мақсаты:
Тәрбиелеу:
Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбие леу.
Дамытушылық:
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,қызығушылығын ояту.
Оқыту:
Мамандықтардың еңбегі туралы айту,зерттеу білімдерін шыңдау
Педагогикалық технологиялар:
Коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: мамандықтардың суреті
Билингвальдік компонент: мамандық- профессия
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар. Міне тағы да таң атып күн шықты.
Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң, құлақтарым! Қайырлы таң, қолдарым!
Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Ия біз ояндық!
Жарайсыңдар балалар!
Таңертең
Көздерім көріп тұр
Құлақтарым естіп тұр
Қолдарым қол соғып
Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық!
2.Негізгі бөлім:
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға
Балалар сендердің ата-аналарың қандай жұмыс істейді?
Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша әнгімелету.
Суретте не көріп тұрсыңдар?
Тісін немен емдеп жатыр?
Шаштараз шаш алып жатыр
Аспазшы тамақ әзірлеп жатыр
Тігінші киім тігіп жатыр
Қима суреттер таратып құрастыруды ұсыну.
Кімдердің суреттерін құрастырдыңдар
Шаштараз
Тігінші
Дәрігер
Аспазшы
Таңқаларлық сәт: (Жылаған балалардың дауысы естіледі)
Балалар мына баланың тісі ауырып тұр. Ал мына баланың шашы өсіп кетіпті, киіміде жыртық екен, ал мына бала тамақ ішкісі келіп отыр екен.
Тісі ауырған баланы кім емдеп жазады?
Ал шашты кім жөндейді?
Киімді кім тігеді?
Асты кім дайындайды?
Бұл балаларға көмектесу үшін мамандарға қажетті құралдарын сызба арқылы көрсетіңдер.
Суретпен әңгімелейді
Дәрігер баланың тісін емдеп жатыр
Арнайы құралдармен, қысқашпен
Тіс дәрігері (стоматолог)
Шаштаразшы
Тігінші
Аспазшы
3. Қорытынды:
Біз кімдер туралы әңгімеледік?
Бұларды кімдер деп атаймыз?
Сендер де жақсы маман иесі болу үшін казірден тәртіпті, білімді болып өсулерің керек. Ол үшін үлкендерді, ата-аналарыңды тыңдап жүріңдер.
Маман иелерінің еңбегін құрметтеп, бағалап жүріңдер!
Келістік пе?
Жарайсыңдар!
Мамандықтар туралы әңгімелестік
Мамандар
Иә, келістік.
Жеке жұмыс: мамандардың атауын, еңбегі туралы білімдерін бекіту.