kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жаратылыстану. Тақырыбы: «Балабақша»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Балабақша»

Мақсаты:Балаларға балабақша туралы түсінік беру. Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілік: Суреттер,тірек-сызбалар,ойын.

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.        

Сөздік жұмыс: Қуыршақ,балабақша.

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Рефлексия

Жылулық  шеңберін ұйымдастыру.

Біздің топта балалар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Дос дегенің әрқашан,

Тек жақсылық тілейміз!

-Балалар Балабақша деген не?

-Балабақша ұнайды ма?

-Балабақшада кімдер бар екен?

Жарайсыңдар!

Балалар бүгін біздерге қонаққа Білімпаз келді!

Ол сендерге балабақша туралы айтып бергісі келеді

Олай болса Балабақшаға саяхатқа шығайық.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Піш,піш,піш,піш біз келдік,

Жүрісті біз үдеттік!

Д/О: «Қуыршақтарды киіндір»

Мақсаты: Балаларды қуыршақтармен таныстыру.Қол моторикаларын дамыту.

Бүгін сендермен не жайлы айттық?

Білімпазбен саяхатқа шықтық па?

Балабақша бізге не үшін керек?

Күтілетін нәтиже: 1.Балабақша туралы түсініктің болуы.

                                 2. Ойындарды дұрыс орындай білуі.

                                 3. сұрақтарға толық жауап бере алуы.

                                                                                                                                                                                                       Күні:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Отбасы»

Мақсаты:Балаларға отбасы  туралы түсінік беру. Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілік: Суреттер,ойын.

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс: Отбасы.Ата, әже, аға, сіңлі, іні, қарындас.

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Рефлексия

 шеңберін ұйымдастыру. «Біздің шаңырақ»Атамнан басталар,Әжеммен қосталар.
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар…
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз. 
Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен. Д/О «Отбасы мүшелерін ата»Мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру.-Бүгін  біздерге қонаққа Тоғжан кішкене бауырымен  келді.

Сәлемдесейікші!

-Балалар қалай ойлайсыңдар отбасы  деген не?

-отбасыларыңда кімдер бар?

Олай болса  бір сергіп алайық

«Отбасы»

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым ол-әкем,

Балаң үйрек ол- анам,

Ортан қолым ол- ағам,

Шылдыр шүмек – мен.

Титтей бөбек – сен,

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз!

 Бүгін сендермен не жайлы айттық?

Отбасы туралы не білдіңдер?

Күтілетін нәтиже: 1.Отбасы туралы және оның ішіндегі мүшелері туралы түсініктің болуы.

                                 2. Отбасының қаншалықты жақын, ыстық екендігін білуі.

                                 3. сұрақтарға толық жауап бере алуы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жаратылыстану. Тақырыбы: «Балабақша»»





Тілдік сабақ


Тақырыбы

Мақсаты

Қолданыла-тын  әдіс-тәсілдер

Қолданыла-тын  көрнекілік- құралдар

« Бауырсақ» ертегісі





« Бұл бауырсақ-кішкентай қу аң»



«Бауырсақ, бауырсақ  мен сені жеймін...»


«Бауырсақ»  ертегісінің  қойылымы

Ертегіні  еске түсіру  арқылы  балалардың  тілдерін дамыту


Ойын  арқылы  кей-іпкерлердің  рөлін  таңдай  отырып, ба-лалардың  қызығу-шылықтарын  арттыру


Тілдерін  жаттықтыру


Балалардың ойын  тиянақтау  және өнерлерін  іске асыру

Әңгімелеу, сұрақ- жауап, театр, ойын

Фланелеграф, қуыршақ  театры, орамал, тақия, кейіпкерлердің  атрибуттары

«Шалқан» ертегісі




Ата  мен әжемде қонақта болғанда



«Осындай  үлкен шалқан...»


«Шалқан» ертегісін  сахналау

Ертегіні  еске түсіру  арқылы  балалардың  тілдерін дамыту


Шалқанды  отырғызу  кезінде  айтылатын  өлең  шумағы  арқылы  балалардың  тілдерін  байыту  және білімдерін  кеңейту


Белсенді  балаларды  кейіпкерлердің рөлдерін  эмоция  арқылы  көрсете  білуге үйрету


Кейіпкерлердің  рөлін  атқара  білуге  дағдыландыру

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, театр, ойын

Фланелеграф, қуыршақ  театры, орамал, тақия, кейіпкерлердің  атрибуттары

«Үш аю» ертегісі





«Қане досым, сөзге қосыл»







«Үш аюға  қонаққа  барайық»


«Үш аю»  ертегісін сахналау

Ертегіні  еске түсіру  арқылы  балалардың  тілдерін дамыту


Ойын  арқылы  кейіпкерлердің  рөлін  таңдай  отырып, балалардың  қызығушылықтарын арттыру


Тілдерін  жаттықтыру


Балалардың ойын тиянақтау  және өнерлерін  іске асыру

Әңгімелеу, сұрақ- жауап, театр, ойын

Фланелеграф, қуыршақ  театры, кейіпкерлердің  атрибуттары

«Қасқыр  мен қоян» ертегісі




«Қасқыр  мен қоян» ертегісі





«Қәне досым, сөзге қосыл»





«Көз көруге  тоймайды, құлақ  естуге  жалықпайды» ертегісін  сахналау

Ертегіні  еске түсіру  арқылы  балалардың  тілдерін дамыту


Балалардың  тілдерін  байыту  және білімдерін  кеңейту


Белсенді  балаларды  кейіпкерлердің рөлдерін  эмоция  арқылы  көрсете  білуге үйрету


Кейіпкерлердің  рөлін  атқара  білуге  дағдыландыру

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, театр, ойын

Фланелеграф, қуыршақ  театры, кейіпкерлердің  атрибуттары

«Түлкі мен қояндар» ертегісі.


«Түлкі, түлкі, түлкішек»






Қу түлкі мен қорқақ қояндар

«Түлкі мен қояндар» ертегісін сахналау

Балаларды ертегінің мазмұнымен  таныстыру.

Қимылды ойындар арқылы кейіпкер-лердің рөлін айтып,  белсенді балаларды таңдай отырып, қызығу-шылығын арттыру. Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету. Түлкі мен қояндар арасындағы диалог.

Балалардың рөлді дұрыс ойнай білуін және сөздердегі әр  дыбыстарды анық айтуларын қадағалау.

Әңгімелеу, сұрақ – жауап, театр ойын

Конус театры, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары.

«Қоян мен түлкінің үйшігі» ертегісі.


Оқы да біл, ойна да күл



Досы көпті  жау  алмайды, ақылы  көпті  дау алмайды.


«Көз көруге  тоймайды, құлақ  естуге  жалықпайды» ертегісін  сахналау

Ертегі мазмұнымен таныстырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру.


Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айту-ға үйрету.

Кейікерлердің сөз-дерін дұрыс айтула-рын қадағалау және рөлдерін ретімен орындауға үйрету.

Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкер-лердің іс – әрекетіне қарап, әсерлі көңіл- күйін білдіре отыр-ып сезіне білуге үйрету.

Әңгімелеу, сұрақ – жауап, театр ойын

Фланелеграф, қуыршық театры, кейіпкерлердің атрибуттары

«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі.


Жібек шашақты, сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар.


«Сымбатты әтеш»



«Алтын айдарлы әтеш» ертегісін сахналау

Ертегінің  мазмұнымен таныстыру.



Кейіпкерлердің рөлдерін бере отырып, балаларға сөздері мен қимыл – қозғалыстарын үйрету.


Балаларды ертегіні диалог бойынша орындауға үйрету.


Ертегідегі кейіпкерлердің рөлін дұрыс  орындауларын қадағалау.

Әңгімелеу, сұрақ – жауап, театр ойын

кейіпкерлердің атрибуттары

Ертегі әлеміне саяхат




Ертегі елі жермен келе, жатыр!

Өткен ертегілерді еске түсіріп, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап  беру арқылы білімдерін тиянақтау.


Ертегі кейіпкерлерінің жағымды – жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету.

Әңгімелеу, сұрақ – жауап, театр ойын

Ертегі суреттері, кейіпкерлердің атрибуттары


Барлығы: 36 сағат
















І-бөлім

«Бауырсақ ертегісі»

Білім беру саласы: Қатынас.

Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Міндеттері:

  1. Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру.

  2. Сұрақ жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

  3. Көңіл -күйлерін терең түсініп, аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф; кейіпкерлер сүреттері

Жаңа сөздер: ұн, қамыр, илеп

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

Әдіс- тәсілдер

1. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

-Балалар, сендер ертегілерді көп білесіндер  ме? -Әрине.

-Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

-Иә

-Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші, олар қалай басталушы еді? –(Білгендерін айтады)

-Ерте, ерте, ертеде

Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып беремін, сендер мұқият тыңдандар.

2.  Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Ертегінің атын атау «Бауырсақ», кейіпкерлерді атап таныстыру.

Ертегіні айта бастау, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

-Ерте, ерте, ертеде «Ата мен әже өмір сүріпті.

Бауырсаққа    кім кездесті?

-қоян,

-қасқыр

- аю

-түлкі

3. Сергіту сәті

4. Рефлексивті-түзету:

Сұрақ –жауап арқылы

Сабақта түсінгендерін сұрау. ертегіге қандай кейіпкерлер қатысты?  Мінездерін салыстырып беру.

Жақсы жауап берген балаларды мадақтау.

Сурет арқылы  әңгіме








Әңгімелеу






Сұрақ -жауап




2 –ші сабақ

Тақырыбы: «Бұл  бауырсақ-кішкентай  қу аң»

Міндеттері:

  1. Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерге бөлу.

  2. фланелеграф арқылы –қызығушылықтарын, қиялдарын,

эстетикалық талғамдарын  қалыптастыру. Мазмұндау мен тіл байлықтарын   дамыту.

3). Мейрімді, тату –тәтті, дос болуға үйрету.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сөздік жұмыс:  Аңқау,  қорқақ, қу, ашулы

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

Әдіс- тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Балалар «Бауырсақ ертегісі естеріңде ме? Кәне естеріңе түсіріңдерші.

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1)Бірінші кейіпкерлерді атап шығайық – Бауырсақ, қоян, түлкі, аю, әже, ата.


2)Бұл кейіпкерлердің мінезі қандай? Қоян (мейірімді, қорқақ, аңқау) Ал түлкі қандай (қу, жаман) аю (салмақты) қасқыр ( ашулы), бауырсақ  көңілді.


3) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ойларын түйіп айтқызу


4) Баланың түсінгеніне қарай, жақсы қатысқанына қарай 6 кейіпкерлерді таңдап, рольдерін беру. Қандай мінез қылықта болатындарын айту.

Сергіту сәті:

Рефлексивті-түзету:

Бұл ертегіде кім сендерге ұнады? Неге ертегі көңілсіз аяқталады?

Үй тапсырма: Балалар, үйге келгенде аналырыңа айтып беріңдер



Әңгімелеу



Суреттерді  жапсыру арқылы қызықтыру




Кейіпкерлерді талдау




Сұрақ -жауап



3 –ші сабақ

Тақырыбы: «Бауырсақ, бауырсақ  мен сені жеймін....»

Міндеттері:

  1. ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер

сөздерін айтып үйрету.

  1. фланелеграф арқылы –сөздерін дұрыс, анық , ашық айтуын

қадағалау, қимыл –қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

  1. бір-бірлерін қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

Әдіс- тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Балалар, қалай ойлайсыңдар «Бауырсақ» ертегісі. Неге көңілсіз аяқталады?

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Балаларға ертегіні еске салу.

Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару-Ата, Әже, қоян, түлкі, аю, қасқыр

2) Балаларды тақтаға шақырып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.

3) Балалар сөздерді ашық анық, бар эмоциямен айтқызу. Қате  жерлерін түзетіп  отыру.

3. Сергіту сәті

4. Рефлексивті-түзету:

Сұрақ -жауап арқылы сабақты қорыту. Балалардың дұрыс емес жерлерін түзетіп, жақсы жерлерін мадақтап кету.

Өткенді қайталау





Сурет жапсыру арқылы қызықтыру




Сұрақ- жауап








4-ші сабақ

Тақырыбы: «Бауырсақ»  ертегісінің  қойылымы

Міндеттері:

1) Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау.

2) Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс- әрекеттерін, әсерлі-көңіл

күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету

Рөлдердің  дұрыс орындалуын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық

талғамдарын, техникалық дағдыларын  қалыптастыру

3) кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете

білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ширма, кейіпкерлер атрибуттары.

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

Әдіс- тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Сабаққа бір-бірден ертегі атрибуттары кіріп таныстырады. Балалар бұл кім? Ата, .......Ал мынау кім? –деп барлық кейіпкерлер шығарылап көрсетіледі. Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегіде ойнайды?

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Балаларға «бауырсақ» ертегісін естеріне түсіру.

1. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шақыру

2) Балаларды ширма жаңына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балаларды көрермен ретінде  тамашалауға отырғызу.

3) Балаларға сөздерді ашық, анық, бар эмоциямен сахналатқызу.  Көрермендерді қолдарын ду қол шапалақпен  кейіпкерлерді  қарсы  алғызу.

ІІІ. Сергіту сәті

Рефлексивті-түзету:

Ертегі қалай аяқталады? Балаларды мадақтау, бағалау



өткенді қайталау







тамашалау



сұрақ -жауап







ІІ-бөлім

«Шалқан» ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас.

Сабақ түрі:  Ертегілер әлемінде

Тақырыбы « Шалқан»

Мақсаты: ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру

Міндеттері: 

1). Сұрақ- жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

2). Мимикалық, дидактикалық ойын арқылы эмоциялы

шығармашылықтарын дамыту.

3). Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері. Қуыршақ әже.

Сөздік жұмыс: шалқан

жоспар – кестесі

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдер

І. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Қонаққа қуыршақ әже келеді. Балалармен амандасады. Әже сіздің келгеңігізге өте қуаныштымыз.

Әже: -Балалар сендер ертегілерді көп білесіндер ме?

- Әрине.

- Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші, олар қалай басталушы еді? (Білгендерін айтады)

- «Ерте ерте ерте екен, ешкі жүні бөрте екен» деп басталады

Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып беремін сендер мұқият отырып тындандар.

ІІ. Ұйымдастырушылық - ізденіс:

1) Ертегінін атын атау «Шалқан», кейіпкерлерді атап таныстыру -

- ата, әже, немересі, ит, мысық және тышқан

2) ертегіні мазмұндау. Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

-Ерте, ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні ата барып шалқанды тартады, тартады,  бірақ тарта  алмайды. Ол кемпірді көмекке  шақырады.

1 кемпір де тартады, тартады бірақ тарта алмайды ол   немересін шақырады.

2 немересі көмекке келеді, тартады, тартады бірақ тарта алмайды, сөйтіп көмекке итті шақырады.

3 ит мысықты,

4 мысық тышқанды,

Тек тышқан  көмеккке келгенде шалқанды тартып алады

Сергіту сәті

Рефлексивті-түзету:

1.     Ертегіге қандай кейіпкерлер қатынасты? Жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.

Қызықтыру


Әнгімелеу







Таныстыру






Әнгімелеу






Сұрақ-жауап



2 ші сабақ

Тақырыбы: «Ата мен әжемде  қонақта  болғанда».

Міндеттері:

1). Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу

2). фланелеграф арқылы – қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық

талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндауды, тіл дамытуды көздеу;

3). мейірімді, тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері

жоспар – кестесі

Сабақ   барысы

Әдіс- тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Балалар алғашқы сабақта біз «Шалқан» ертегісімен таныстық Сұрақ қою: кім шалқанды екті? Кім шалқанды тартты?

ІІ Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) балалар « Шалқан» ертегісі естеріңде ме? Кәне есімізге түсірейікші.

Бірінші кейіпкерлерді атап шығайық ата әже, немересі, ит, мысық тышқан Бұл ертегіде кейіпкерлер бір біріне көмек бере  ме ?

2) балаларды тақтаға шақырып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ойларын түйіп айтқызу.

Баланың  түсінгеніне қарай, жақсы қатысқанына қарай 5 кейіпкерлерді таңдап, рөлдерін беру.

ІІІ. Сергіту сәті

4  Рефлексивті-түзету:

Сұрақ-жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау. Бұл ертегіде сендерге кім ұнады?

Қоян кіммен дос болып қалды?

Әнгімелеу





Түсіндіру Өткенді қайталау.

Сурет  жапсыру арқылы қызықтау

түсіндіру



сұрақ-жауап


3- ші сабақ

Тақырыбы « Осындай  үлкен   шалқан»

Міндеттері: 

1) ертегіні қайталай отырып таңдаған балаларға кейіпкерлердің

сөздерін айтып үйрету.

2) фланелеграф арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтуын қадағалау,

қимыл қозғалыстарын көрсете біліуін дамыту.

3) Бір бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Фланелеграф кейіпкерлер суреттері

жоспар – кестесі

Сабақ    барысы

әдіс- тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:    Біздің көзіміз (көреді) Біздің құлағымыз (мұқият тыңдайды).  Біздің қолымыз бізге бөгет болмайды, олар бізге көмектеседі

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

-Кім шалқанды екті? (Ата)

-алдарына атаның  суретін қою

- Ата  кемпірді қалай шақырды шақырады?

(кемпір кел, шалқанды тартайық (балалармен бірге шақыру)

-Қалай кемпір шалқанды тартуға) т. б....

Сурет  арқылы сөйлем құрастыру, тәрбиеші екі  бейнені  көрсетеді Балалар сөйлем құрастырады (Ата кемпірді шақырады. Кемпір Машаны шақырады! ....т.б....)

Ойын:  Кім кімді шақырады?

Мысалы:  «Кемпір, кел шалқанды тартайық! балалар сөйлем құрастырады,  «Ата кемпірді шақырады» осылай ертегіні қайталау ойын Кім жоқ?

Тәрбиеші –Кім бірінші келді? (Ата ) бейнесін  алдында қояды) –Кім жоқ? (кемпір) бейнесін   қояды т. б

Балалар

-Кім кімге көмектеседі? –Ата

-Енді бәріміз айтып көрейікші -кемпір кімге көмек берді? –кемпір атаға көмек берді

-  Маша кімге көмек берді? (бірге айтайық)

Сергіту сәті

Рефлексивті-түзету:

Дұрыс,  бәрі бір – біріне  көмек беріп шалқанды тартып алды.

Ал сендер үйлеріңде кімге көмек бересіңдер? Апаларыңа, аналарыңа, топтағы тәрбиешілеріңе.

Түсіндіру




Сұрақ –жауап

Сұрақ жауап


Тамашалау








Ойынмен қызықтыру



Кейіпкерлердің  бейнесі  арқылы қызықтыру





Сұрақ-жауап




4- ші сабақ

Тақырыбы «Шалқан»  ертегісің  сахналау.

Мақсаты:

1) ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау

2) кейіпкерлер атрибуттары арқылы – іс әрекеттерін, әсерлі көніл

қүйлерін білдіре отырып, сезімдерді көрсете білу, рөлдердің дұрыс

орындалуын қадағалау. Қиялдарын эстетикалық талғамдарын

техникалық дағдыларын қалыптастыру

3) кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге оны ашып көрсете білуге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Ширма, кейіпкерлер атрибуттары

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

әдіс тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Сабаққа ертегі атрибуттары бір – бірден кіріп таныстырылады.  Балалар бұл кім? Ал мынау кім? деп барлық кейіпкерлер шығарылып көрсітіледі

Балалар бұл кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шақыру.

Ұйымдастырушылық - ізденіс:

балаларды ширма жанына шығарып кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп сөздерін айтқызу. Қалған балалар көрермен ретінде тамашалауға отырғызу.

3. сергіту сәті

4. Рефлексивті-түзету:

Ертегі қалай аяқталады? Қуанышты екенін айтып ескерту. Балаларды мадақтау, және бағалау.



Сұрақ –жауап




сахналау




ІІІ-бөлім

«Үш аю» ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас.

Сабақ түрі. Ертегілер әлемінде.


1 -ші сабақ

Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі

Міндеттері: 

1) Ертегі кейіпкерлер арқылы мазмұнымен таныстыру.

2) Сұрақ жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

3)  Көңіл –күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімі қамқоршы

болуға үйрету.

Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері

жоспар – кестесі

Сабақ   барысы

әдіс-тәсілдері

1.     Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Балалар, мен сендерге бүгін өте тамаша ертегіні айтып беремін.

–Ал, сендер мұқият тындап отырыңдар.

2. Ұйымдастырушылық - ізденіс: (ауызша айту)

1)    ертегінін тақырыбын атау, кейіпкерлерді атап таныстыру Настасья Петровна  (анасы), Михаил Потапыч (әкесі), қонжық, Маша.

2)    Ертегіні баяндау. Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

Орманда бір үйде  үш аю тұрыпты.......

Серуеннен  келген соң асқа отырады.

Михаил Потапыч  былай дейді: «Бұл менің   ыдысым,  дейді, Настасья  Петровна

Кішкентай  қонжық

Ойын: «Ормандағы  аю»

3. Сергіту сәті

4. Рефлексивті-түзету:

Сұрақ –жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау. Балаларды мадақтау.



Таныстыру


Түсіндіру




Ойынмен қызықтыру






Д/о



Сұрақ-жауап



2-ші сабақ

Тақырыбы: «Қане досым, сөзге қосыл»

Міндеттері:

1) Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөльдерін бөлу.

2) фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндаулары мен  тілдерін дамыту.

3) Мейірімді, тату-тәтті -, дос болуға үйрету.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, суреттер

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

Әдіс тәсілдер

І. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Д/о кейіпкерлер тандап, тілдерін

дамыту. 3 қасық пен 3 тәрелке тарату:

2.     Балалар үстел үстінде отырып айтады:

«Бұл менің қасығым!.....

Мен онымен сорпа ішемін!»

ІІ. Ұйымдастырушылық - ізденіс:

1) Балалар, ертегінің кейіпкерлерін атап шығайықшы – Михаил  Потапыч, Настасья Петровна, қонжық және Маша.

2) Балаларды тақтаға шақырып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін  жабыстыра отырып ойларын түйіп айтқызу.

3)    Балалардың түсінгеніне қарай, жақсы  қатысқанына қарай 5 кейпкерлерді тандап, рөльдерін беру.

Сергіту сәті:

ІІІ. Рефлексивті-түзету:

Сұрақ –жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау


Ойынмен қызықтыру






Сурет арқылы





Сұрақ- жауап





3 –ші сабақ

Тақырыбы: « Үш аюға  қонаққа  барайық»

Міндеттері:

1) Ертегіні қайталай отырып, тандалған балаларға кейіпкерлер

сөздерін айтып үйрету

2) фланелеграф арқылы-сөздерін дұрыс, анық, ашық айтуын

қадағалау, қимыл –қозғалыстарын көрсете білгендерін дамыту.

3) бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектерін, ренжітпеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: фланелеграф, суреттер

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

әдіс- тәсілдер

І. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Алғашқы сабақта біз қандай ертегімен таныстық?

-Кім кейіпкерлерін атап  шығады?

ІІ. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Балаларға ертегіні естеріне түсіру. Таңдалған  кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шақыру.

Балаларды тақтаға шақырып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.

ІІІ. Сергіту  сәті:

ІҮ. Рефлексивті-түзету:

Ү. Қорытынды сұрақ –жауап арқылы қорыту Балалардың   дұрыс емес жерлерін түзетіп  отыру.

Сұрақ-жауап





Сурет жапсыру

Қателерін жөндеу

Сұрақ –жауап



4 ші сабақ

Тақырыбы «Үш аю» ертегісін  сахналау

Міндеттері:

1) ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау.

2) кеіпкерлер атрибуттары арқылы іс -әрекеттерін, әсерлі   көңіл-

күйлерін білдіре отырып сезімдерін көрсету. Рөльдерді дұрыс

орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын,

техникалық дағдыларын  қалыптастыру

3)    кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашық көрсете білуге

үйрету.

Көрнекіліктер: Ширма, атрибуттар.

жоспар – кестесі

Сабақ барысы

Әдіс- тәсілдер

І. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Сабаққа атрибуттар бір - бірден кіргізіп таныстырылады Балалар бұл не?.....

ІІ. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару.

2) Балаларды ширма жанына шақыру кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу.

3) балаларға сөздерді ашық, анық эмоциямен сахналау

Ш. Сергіту сәті

ІҮ. Рефлексивті-түзету:

Сұрақ –жауап арқылы ертегіні аяқтау. Ертегі қалай аяталады? Қуанышпен айтып беру, мадақтау, бағалау





Сахналау






Сұрақ-жауап



ІҮ-бөлім

Білім беру саласы: Қатынас.

Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.

1- ші сабақ

Тақырыбы: «Қасқыр мен қоян» ертегісі.

Мақсаты:

1). Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, ондағы кейіпкерлерді жаңа техника бойынша қабылдауға үйрету.

2). Балаларға эстетикалық (талғамдылық) тәрбие беру арқылы шығармашылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, іскерлік дағдыларын дамыту.

3). Әдептілікке, өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, орман суреті.

Сөздік жұмыс: Үңгір, азық, озбырлық.

жоспар – кестесі

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Ең алдымен балаларға  ертегі туралы әңгімелеп, түсінік беру.

Ертегі дегеніміз -  біздің халқымыздың арман-қиялынан туған шығарма. Ертегілердің түр-түрі өте көп. Солардың бірі – «Қасқыр мен қоян » ертегісін бүгін мен сендерге оқып, түсіндіріп беремін.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Ертегі кейіпкерлерін  атап шығу – Қоян, Қасқыр т.б.

2) Тәрбиеші мәнерлі рөлге еніп, ертегіні айтып береді.

«Ерте, ерте, ертеде ,

Ешкі жүні бөртеде,

Құйрық жүні ұзын екен,

Қырғауылы қызыл екен...»деп бастайды.

3)  «Кім көп ертегі біледі?» деген ойын ойнату. Балаларды екі топқа бөліп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді. Ойынның мақсаты: Ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілеттерін  арттыру.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету:

Балаларға бірнеше сұрақ қойып, ертегі туралы білімдерін жинақтап, ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп беруге дағдыландыру.




Түсіндіру





Әңгімелеу









Ойынмен қызық-тыру

Сұрақ - жауап



2 - ші сабақ

Тақырыбы: «Қасқыр мен қоян» ертегісі

Мақсаты:

1). Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой-белсенділігін арттыру. 2).Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәбиелеу.

3). Ертегіге терең еніп, сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I. Уәждеу-қызығушылық:   Балаларға аңдар туралы өлең оқып беру: «Ормандағы аю», «Ұзын құлақ сұр қоян», «Ақымақ қасқыр», «Қу түлкі» туралы.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Өткен сабақты еске түсіру.

-         Балалар сендер қандай аңдарды білесіңдер?

-         Олар қайда мекендейді?

-         Қоян түсін өзгерте ме?

Ертегі кейіпкерлерін фланелеграф тақтасына жабыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме бергізу. 3 – 4 баланы ортаға шақырып, шағын көрініс жасау.

«Қасқыр» - қандай ертегілерде кездеседі? Ойланып көріңдерші? (Бауырсақ, Қасқыр мен түлкі, Аңқау қасқыр, Қызыл телпек, т.б. кездеседі.)

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Ойынның мақсаты: Танымдық қасиеттерін, ой-өрістерін, қызығушылықтарын арттыру.

III. Сергіту сәті.

IV.  Рефлексивті-түзету:

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, бағалау. Сұрақ – жауап бойынша сабақты қортындылау.



Әңгімелесу


Өткенді қайталау




Сурет жапсыру арқылы қызықтыру


Кейіпкер таңдау



Ойнату



Сұрақ - жауап



3 - ші сабақ

Тақырыбы: «Қане досым, сөзге қосыл».

Мақсаты:

1). Ертегіні қайталай отырып, балаларға кейіпкерлер сөздерін дұрыс, анық айту, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыруды, сөздік қорын дамыту, ертегі туралы алған білімдерін, ойын-жаттығу арқылы тиянақтау.

2). Атрибуттар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл – күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту.

3). Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

жоспар – кестесі

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:    Сабаққа бір- бірден ертегі атрибуттары кіріп таныстырылады. Олар қандай ертегіде ойнайды?

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Ертегіні еске түсіру. Тәрбиеші жүргізушінің рөлін, ал балалар қалаған кейіпкерлердің рөлдерін ойнайды. Ертегі сөздерін дұрыс айтуға, кейіпкерлерді көрсеткен кезде дауыс ырғағының сай болуын қадағалау.

«Айырмашылығын тап!» ойынын ойнату.

Мақсаты: Сурет бойынша аңдардың бір – бірінен айырмашылығын тауып, өз сөзімен жеткізе білуге, тіл байлығын дамыту.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау. Ертегі жағымды – жағымсыз кейіпкерлеріге сипаттама беру. Ертегіні немен аяқтар едің? деген т.б. сұрақтармен нәтижелеу.


Өткенді қайталау


Түсіндіру



Әңгімелеу



Қателерін түзету

Ойнау

Сұрақ - жауап


4 - ші сабақ

Тақырыбы: «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды»

Мақсаты: Ертегі туралы  түсініктерін бекіте отырып, сахналау.

Міндеттері:  

1)  Кейіпкерлер атрибуттары арқылы  – іс - әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.

2) Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын

қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге,оны

ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

3) Кейіпкер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз

әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: Ширма, кейіпкерлер атрибуттары, көрме.

жоспар – кестесі

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I.  Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:  

Қонаққа сиқыршы келеді.

-         Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер?  Мен сендердің бүгінгі ертегілеріңді тамашалауға келдім. Көруге рұқсат па?

-   Бүгін біз ««Қасқыр мен қоян» ертегісін сахналаймыз. Кейіпкерлер келіңдер қайдасыңдар?

II.   Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1)Балаларға  қасқыр мен қоян ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару– қоян мен қасқырды. 2) Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп,  сөздерін айтқызу. Қалған балалар көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. 3) Балалар сөздерді ашық, анық, бар эмоциямен сахналатқызу. Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу.

III.    Сергіту сәті.

IV.    Рефлексивті-түзету: Сиқыршы:

-  «Сендер қандай ақылдысыңдар, маған сендердің қойған ертегілерің ұнады» - деп рахметін айтып қайтады. Көрермендер кейіпкерлерді бағалау.

Сұрақ – жауап. Мадақтау.



Қонақ

күту






Түсіндіру


Өткенді қайталау

Тамаша-лату




Сұрақ - жауап




Ү-бөлім

1- ші сабақ     «Түлкі мен қоян»  ертегісі.

Білім беру саласы: Қатынас.

Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісі.

Мақсаты: Ертегі суреттері арқылы мазмұнымен таныстыру.

Міндеттері: 

1) Дидактикалық ойын арқылы ой - өрістерін, танымдық қасиеттерін

кеңейту. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын

дамыту.

2) Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, іскерлік дағдыларын дамыту.

3) Кейіпкер көңіл – күйлерін, мінез – құлықтарын сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, жалмауыз кемпір атрибуты.

Сөздік жұмыс: Үңгір, азық, озбырлық.

жоспар – кестесі

Сабақтың барысы

Әдіс-

тәсілдері

I. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Қонаққа жалмауыз кемпір кіреді.

Жалмауыз кемпір: - «Е, е, е –(айқайлап), мен сендерді қазір өзімнің үйіме алып кетіп, бір – бірлеп жеймін» - дейді.

Тәрбиеші:  Жоқ жалмауыз кемпір, бізді ешқайда әкетпеші, біз саған ертегі айтып береміз.

Жалмауыз кемпір: - Айтыңдар қане ертегілеріңді, ұнаса жемеймін, ұнамаса алып кетемін.

Тәрбиеші:  Ал ендеше тыңдаңыз.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Ертегінің тақырыбын атау. «Түлкі мен қоян » ертегісі. Оны оқып кейіпкерлерін  атап шығу – қоян, түлкі .

2) Фланелеграфқа суреттерді жапсыра отырып, түсіндіру.

-         Ұзын құлақ сұр қоян қашып келіп, бұта түбіне бұғып отырғанда, артынан бір қу түлкі ізіне түсіп, жортып келе жатыр екен. Қоянның екі құлағынан бас салып ұстап алды. Қоян түлкіні сол кезде алдап жіберіп, құтылып кетеді.

-         Бұл ертегіде қоян аңқау болса да, қулақ жасап, өз өмірін сақтап қалды. Ал түлкі керсінше, қоянға алданып қалды.

Дид.ойын: «Ойлап тап!». Бұл ойын арқылы жануарлар мінез-құлықтарын терең танып түсінеді.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету:

Жалмауыз кемпір:

- Балалар маған сендердің ертегілерің ұнады, сендерге тағы да келуге бола ма? Сау  болыңдар. Балаларға бірнеше сұрақ қойып, ертегі туралы білімдерін жинақтап, ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп беруге дағдыландыру.



Қызықтыру









Түсіндіру





Әңгімелеу







Ойынмен қызықтыру



II - ші сабақ

Тақырыбы: «Түлкі, түлкі, түлкішек» ертегісі

Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой-белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сабақ   барысы

Әдіс-тәсілдері

1.Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Балаларға түлкі мен қоян туралы жұмбақ жасыру.

1. Халық қу деп

Қылған күлкі

Бұл не ...              /түлкі/

2. Қорқақ жасық

Құлағы ұзын

Бұл не ...              /қоян/

-         II. Ұйымдастырушылық - ізденіс:

-         1) Балалар қоян мен түлкі ертегісін есімізге түсірейікші, кейіпкерлерін атап шығайық.

Ертегі кейіпкерлерін фланелеграф тақтасына жабыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме бергізу. 3 – 4 баланы ортаға шақырып, шағын көрініс жасау.

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Ойынның мақсаты: Танымдық қасиеттерін, ой-өрістерін, қызығушылықтарын арттыру.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету:

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, бағалау. Сұрақ – жауап бойынша сабақты қорытындылау.


Жұмбақ жасыру





Өткенді қайталау

Әңгімелесу



Сурет жапсыру арқылы қызықтыру





Ойнату


Сұрақ - жауап


III - ші сабақ

Тақырыбы: «Қу түлкі мен қорқақ қоян».

Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, балаларға кейіпкерлер сөздерін

дұрыс, анық айту, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттық

тыруды, сөздік қорын дамыту, ертегі туралы алған білімдерін, ойын-жат

тығу арқылы тиянақтау. Атрибуттар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл – күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I. Уәждеу-қызығушылық:   Сабаққа бір- бірден ертегі атрибуттары кіріп таныстырылады. Олар қандай ертегіде ойнайды?

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Ертегіні еске түсіру. Тәрбиеші жүргізушінің рөлін, ал балалар қалаған кейіпкерлердің рөлдерін ойнайды. Ертегі сөздерін дұрыс айтуға, кейіпкерлерді сомдаған кезде дауыс ырғағының сай болуын қадағалау.

«Айырмашылығын тап!» ойынын ойнату. Мақсаты: Сурет бойынша аңдардың бір – бірінен айырмашылығын тауып, өз сөзімен жеткізе білуге, тіл байлығын дамытуға арналған.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету:

Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау. Ертегінің жағымды – жағымсыз кейіпкерлеріне сипааттама беру. Ертегіні қалай аяқтар едің т.б. сұрақтармен нәтижелеу.


Өткенді қайталау


Түсіндіру



Әңгімелеу



Қателерін түзету


Ойнау

Сұрақ - жауап


IV - ші сабақ

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау

Мақсаты: Ертегі туралы  түсініктерін бекіте отырып, сахналау.

Кейіпкерлер атрибуттары арқылы  – іс - әрекеттерін, әсерлі – көңіл күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге,оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу. Кейіпкер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: Ширма, кейіпкерлер атрибуттары, көрме.

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I.      Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Қонаққа ит келеді.

-         Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-         Сәлеметсің бе, ит. Саған не болды, сен неге сондай көңілсізсің?

-         Менімен ешкім дос боғысы келмейді, қорқады.

-         Балалар біз иттен қорқамыз ба? Жоқ,

-         Біз сенен қорықпаймыз және сенімен дос болуға дайынбыз.

-         Бүгін біз «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналаймыз. Сен келіп балалармен тамашала.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1)Балаларға  түлкі мен қоян ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару– қоян мен түлкіні.

2) Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп,  сөздерін айтқызу. Қалған балаларды көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. 3) Балалар сөздерді ашық, анық, бар эмоцияларымен сахналатқызу. Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкер атрибуттарын қарсы алу

V.               Сергіту сәті.

VI.           Рефлексивті-түзету: Ит :

Балалар рахмет сендерге, мен бірсыпыра қуанып, көңіл көтеріп қалдым. Кеш батпай үйіме қайтайын. Сау  болыңдар!» - деп кетіп қалады. Көрермендер балаларға сұрақ қойып, түсінгендерін тексеру. Кейіпкерлерді бағалау, мадақтау.



Қонақ

күту






Түсіндіру


Өткенді қайталау





Тамаша-лату




Сұрақ - жауап


6-бөлім

«Қоян мен түлкінің үйшігі»  ертегісі.

Білім беру саласы: Қатынас.

Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.

I - ші сабақ

Тақырыбы: «Қоян мен түлкі»

Мақсаты: а) Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

ә) Мимикалық дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.

б)  Көңіл – күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, Ерден ата қуыршағы.

Сөздік жұмыс: Шалғы, ағаш және мұз үйшіктері.

Сабақ  барысы

Әдіс-тәсілдері

I.  Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Балалар біздің бүгінгі сабағымызға Ерден ата келіпті. Балалармен амандасады. Ерден ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз.

Ерден ата:

- Балалар сендер ертегілерді көп біледі деп естідім?

-         Әрине.

-         Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

-         Иә.

-         Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші,  қалай басталушы еді?

-         (Білгендерін сұрау)

-         «Ерте, ерте, ертеде...» деп немесе  «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен...» деп басталады.

Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып беремін, сендер мұқият отырып тыңдаңдар.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Бүгінгі біздің ертегіміз «Қоян мен түлкінің үйшігі» , кейіпкерлерді атап таныстыру – Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтеш.

2) Ертегіні баяндау. Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін  жабыстыра отырып түсіндіру.

- Ерте, ерте, ертеде бір қоян мен түлкі орманда өмір сүріпті. Қоян үйшігі ағаштан, ал түлкінің үйшігі мұздан жасалған екен. Түлкі қоян үйшігіне кіріп алғаннан кейін, қоян жолда жылап келе жатып, қарсы алдынан:

1. Ит кездеседі

2. Аю кездеседі.

3. Әтеш кездеседі.

Тек әтеш  қана  түлкіні қуып шығара алады.

3) Д/о (мимикалық): Кейіпкерлердің көңіл күйлерін салу. Мыс: Қоян жылап ренжіп тұр. Ит пен аюдың қорқып қалғаны. Әтеш пен қоянның қуанышы.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау. Ертегіге қандай  кейіпкерлер қатысты? Қоян мен түлкінің  мінездерін салыстырып бер?  Түлкіні кім қоянның үйшігінен қуып шығара алды?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Қызықтыру



Әңгімелесу













Таныстыру


Түсіндіру




Әңгімелеу









Ойынмен қызықтыру

Сұрақ - жауап


II - ші сабақ

Тақырыбы: «Оқы да біл, ойна да күл»

Мақсаты: а) Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерді бөлу.

ә) Фланелеграф арқылы - қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау және  тіл байлықтарын дамыту.

б)  Мейірімді, тату-тәтті, дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I.  Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Балаларға жұмбақ жасыру  -

« Сыбдырдан қорқады,

Шошынып жортады.»

(Қоян.)

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Балалар қоян мен түлкі ертегісі естеріңде ме? Кәне есімізге түсірейікші. Бірінші кейіпкерлерді атап шығайық – Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтеш. Бұл ертегіде кейіпкерлердің мінезі қандай? Қоян (мейірімді, қорқақ, аңқау),  ал түлкі қандай? (қу, жаман), ит пен аю (қорқақ), әтеш (батыр, күшті) болып келеді. Ертегі соңында қоян ба, әлде түлкіні кім жеңеді? Қоянға кім көмектеседі? Әтеш.

2) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін  жабыстыра отырып, ойларын түйіп айтқызу.

3) Баланың түсінгеніне, жақсы қатысқанына қарай 5 кейіпкерді таңдап, рөлдерді бөлу.   Қандай мінез құлықта болатындарын айту.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау. Бұл ертегіде сендерге кім  ұнады? Қоян кіммен дос болып қалды?





Әңгімелесу



Түсіндіру

Өткенді қайталау





Сурет жапсыру арқылы қызықтыру

Кейіпкер таңда

Сұрақ - жауап


III - ші сабақ

Тақырыбы: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды».

Мақсатары: а) Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету.

ә) Фланелеграф арқылы – сөздерді дұрыс, анық, ашық айтуларын қадағалау, қимыл – қозғалыстарды  көрсете білуді дамыту.

б)  Бір – біріне  қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Балаларға тәрбие жағын   түсіндіре  отырып, мақалдап айту.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды - деген

мақалдың мән – мағынасын аша отырып, түсіндіріп кету. Бір – бірлеріңе дос болсаңдар ешкім сендерге тиіспейді де, ешкім сендерді ренжіте алмайды. Сондықтан дос қиын кезде  көмектеседі.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Балаларға  қоян мен түлкі ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару– Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтешті. Бұл ертегіде мыс: Қоян сен мейірімді, қорқақ, аңқау боласың,  ал түлкі қу, жаман боласың, ит пен аю қорқақ болады, әтеш батыр, күшті болады.

2) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін  жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.

3) Балаларға сөздерді ашық, анық, бар эмоциямен айтқызу. Қате  жерлерін түзетіп отыру.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорыту.  Балалардың дұрыс айтпаған  жерлерін түзетіп,   жақсы жерлерін мадақтау.





Тәрбиелеу



Түсіндіру


Өткенді қайталау


Сурет жапсыру арқылы қызықтыру


Қателерін түзету


Сұрақ - жауап


IV - ші сабақ

Тақырыбы: «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды»

Мақсаты: а) Ертегі туралы  түсініктерін бекіте отырып, сахналау.

ә) Кейіпкерлер атрибуттары арқылы  – іс - әрекеттерін, әсерлі – көңіл күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Рөлдердің дұрыс орындалуын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.

б)  Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге,  оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ширма, кейіпкерлер атрибуттары.

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдері

I. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:    Сабаққа бір-бірден ертегі атрибуттары кіріп таныстарылады. Балалар бұл кім? Қоян. Ал мынау кім? – деп, барлық кейіпкерлер шығарылап көрсетіледі. Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегіде ойнайды? «Қоян мен түлкі үйшік» ертегісінде.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Балаларға  қоян мен түлкі ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару– Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтешті. Бұл ертегіде мыс: сен Қоян мейірімді, қорқақ, аңқау боласың,  ал түлкі қу, жаман боласың, ит пен аю қорқақ болады, әтеш батыр, күшті болады.

2) Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп,  сөздерін айтқызу. Қалған балаларды  көрермен ретінде тамашалауға отырғызу.

3) Балаларға  сөздерді ашық, анық, бар эмоциямен сахналатқызу. Көрермендерге қолдарын шапалақтатып, кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы  ертегіні аяқтау.  Көрермендерге қандай кейіпкер жақсы ойнағанын сұрау. Ертегі қалай аяқталады? Қуанышты екенін айтып ескерту. Балаларды мадақтау, бағалау.



Атрибуттармен қызықтыру




Түсіндіру


Өткенді қайталау




Тамашалату




Сұрақ - жауап


7-бөлім

Ертегілер әлеміне.

Білім беру саласы: Қатынас

Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.

1 сабақ

Тақырыбы: «Жеті лақ және қасқыр» ертегісі.

Мақсаты: а) Ертегі кейіпкерлері арқылы  мазмұнымен таныстыру. Ертегінің  мазмұнын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту, ой өрістерін дамыту. Сұрақ -жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. ә) Мимиканың дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығарылауын дамыту.

б) Көңіл – күйлерін көтеріп, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу..

Кейіпкерлер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, Ерден ата қуыршағы.

Сөздік жұмыс: тоғай, лақ

Сабақ барысы

Әдіс - тәсілдер

1.Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Қонаққа Ерден ата келді. Балалармен амандасады.

Ерден ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз.

Ерден ата: балалар мен сендерді ертегілерді көп біледі деп естідім.

- Әрине

-         Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

-         Иә

-         Балалар ертегіні естеріңе түсіріңдерші, олар қалай басталушы еді?

-         (Білгендерін айтады)

-         «Ерте, ерте, ертеде.....» деп басталады.

Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып берейін, сендер мұқият отырып тыңдаңдар.

2.     Ұйымдастырушылық-ізденіс: Ертегінің атын атау. «Жеті лақ және қасқыр», кейіпкерлерді атап таныстыру.

-         Ешкі, лақтар, қасқыр.

3.     Ертегіні әңгімелеу:

Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

-         Ертеде бір ешкі үй жасап, лақтарымен сонда тұрыпты.

-         Ешкі тоғайға кеткенде, лақтарына бөтен біреуге есік ашпаңдар, -  деп ескертіп кетеді.

-         Қасқыр келіп, есік қаққанда, лақтар есікті ашпайды.

-         Анасы келіп, анасының сөзін тыңдағаны үшін лақтарын мақтайды Д/О(мимикалық) кейіпкерлердің көңіл күйін салу.

4.     Мысалы: ешкінің өтініші, лақтардың ақылдылығы, қасқырдың алдауы.

2.     Сергіту сәті.

Рефлексивті - түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау. Ертегіге қандай кейіпкерлер  қатысты?

Лақтар анасының айтқан сөзін тыңдады ма?

Анасы лақтарына не деп тапсырған еді?

-         Жақсы қатысқан балаларды мақтау.

Қызықтыру

Әңгімелесу
















Таныстыру



Түсіндіру




Әңгімелесу







Ойын мен қызықтыру

Кейіпкерлерді таңдау





Сұрақ - жауап


2 сабақ

Тақырыбы: «Лақтарым менің, айналайын, лақтарым менің!»

Мақсаты: а) Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, Ойын арқылы рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету және тілдерін дамыту. Мәнерлі сөйлесу дағдыларын жетілдіру, шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аудару, сөз өнеріне, шешендікке баулу. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету.

б) Фланеграф арқылы қызығушылықтар мен  қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндаулары мен, тіл байлықтарын байыту.

б) Мейірімді, тату- тәтті дос болуға тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: фланелеграф, кейіпкерлер суреті.

Сабақ барысы

Әдіс - тәсілдер

1.Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Балаларға жұмбақ тапсыру: «сегіз тұяғы бар, иегінде сақалы бар» (ешкі)

5.     Ұйымдастырушылық -ізденіс: Балалар «Жеті лақ және қасқыр» ертегісін естідіндер ме? Кәне есімізге түсірейікші! Бірінші кейіпкерді атап шығайық: ешкі, лақ, қасқыр.

Бұл  ертегіде кейіпкерлердің мінезі қандай?

Ешкі – ақылды, жауапты.

Лақтар – анасын тыңдайды, тіл  алғыш.

Қасқыр – жаман, жыртқыш, лақтарды жегісі келеді.

Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ойларындағы түйінін айтқызу.

Балалардың түсінгендеріне, жақсы қатысқандарына қарай, кейіпкерлерді таңдап, рөлдерін беру. Қандай мінез құлықта болатынын айту.

3.     Сергіту сәті: Шөре – шөре лағым.

Тентек болма шырағым,

Секектеме, деміңді ал.

Селтеңдемей құлағың.

IV Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау.

Бұл ертегіде сендерге кім ұнады?

Лақтары  кіммен қалады?

әңгімелесу

Түсіндіру

Өткенді қайталау





Сурет жапсыру арқылы қызықтыру




Кейіпкерлерді таңдау




Сұрақ - жауап





3 сабақ

Тақырыбы: Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді.

Мақсаты:   а) Ертегіге  деген қызығушылығын арттыру. Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелеуге үйрету. Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға, сұлулықты тануға баулу.

ә) Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтатынын қадағалау, қимыл – қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

б) Бір – біріне қиын жағдайда көмектесіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптыстыпу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері

Сабақ барысы

Әдіс - тәсілдер

1. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Алдымен сендерге жұмбақтан ертегі кейіпкерін оқимын, сендер не екенін айтыңдар.

Жарға шығып ойнайды,

Ойыныңа бір тоймайды.

Болса –дағы саналы,

Секеңдеуді қоймайды.  (Ешкі)

Жақсы, дұрыс шештіңдер.

Кәне қайталайық: Ақ, ақ секеңдейді лақ.

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы айттыңдар.

2       Ұйымдастырушылық-ізденіс: Балаларға ешкі, лақтар және қасқыр ертегісін естеріне түсіру.

Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару: жеті лақ (Балаларды) олардың қуаныштарын  бөлісуі.

Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.

3.     Балаларға сөздерін ашық, анық бар эмоциямен айтқызу.

III Сергіту сәті

IV Рефлексивті-түзету:

Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорыту.

Балаларды мадақтау, бағалау.

Тәрбиелеу


Түсіндіру










Өткенді қайталау



Қызықтыру


Сұрақ - жауап





4 сабақ

Тақырыбы: «Жеті лақ және қасқыр» ертегісін сақналау.

Мақсаты: а) Ә р бала өз рөлін дұрыс орындағаның қадағалау, сөздерін үйрету. Балалардың тілін, сөздік қорын байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.

ә)кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс  әрекеттерін, әсер көңіл күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, естетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.

б) кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге оны ашып көрсете  білуге тәрбиелеу.

Кейіпкерлер:  ширма, кейіпкерлер атрибуттары.

Сабақ барысы

Әдіс - тәсілдер

1.     Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Сабаққа бір бірлерін ертегі атрибуттары кіріп таныстырылады.

Балалар бұл кім?

-         Ешкі

-         Ал мынау кім?

-         Лақтар

-         Ал мынау ше?

-         Қасқыр

Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегі де ойнады?

«Жеті лақ және қасқыр» ертегісінде.

2.     Ұйымдастырушылық-ізденіс: Балаларға жеті лақ және қасқыр ертегісін естеріне түсіру таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару.

Бұл ертегі де мысалы: сен ешкі мейрімді анасы боласың, ал лақтар – ақылды, тіл алғыш боласыңдар. Ал қасқыр – жаман, айлакер, жыртқыш болады.

Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балалар көрермендер ретінде тамашалауға отырғызу.

Балалар сөздерді ашық, анық бар эмоциясымен сахналатқызу. Көрермендер қолдарын шапалақтатып, кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу.

3.     Сергіту сәті:

4.     Рефлексивті – түзету: Сұрақ – жауап арқылы ертегіні сақтау. Көрермендерден қандай кейіпкерлер жақсы ойнағанын сұрау. Ертегіні қалай аяқтады? Қуанышты екенін айтып ескерту. Балаларды мадақтау, бағалау.

Атрибуттармен қызықтыру





Түсіндіру




Өткенді қайталау








тамашалау




8 бөлім

«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі.

Білім беру саласы: Қатынас

Сабақ түрі:  Ертегілер әлемінде.

І – САБАҚ

Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі.

Мақсаты:  Ертегі мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

Міндеттері:  а) Ертегінің не жайында баяндалғанын, қалай аяқталғанын, көмекші сұрақтарға сүйеніп, ауызша талдап, мәнісін түсіндіріп баяндауға үйрету.

Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелетуге үйрету, мәнерлі сөйлеу дағдыларын үйрету. Шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аударту. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету.

ә) Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға баулу.

б) Көңіл күйлерін терең түсінуге, сұлулықты тануға, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:   Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, Шопан ата қуыршағы.

Сөздік жұмыс. Айдарлы, оттық (қорадағы), сұлу, жетіген.


Сабақ барысы

Әдіс – тәсілдер

І.  Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Қонаққа Шопан ата келді, балалармен амандасады.

Шопан ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз.

-         Балалар, сендер ертегіні көп білесіңдер ме?

-         Әрине

-         Ертегіні  жақсы көресіңдер ме?

-         Иә

-         Қазір мен қызық ертегі айтамын, алдымен сендерге жұмбақтап ертегі кейіпкерінің жүрісін, дыбысын көрсетейін, сендер не екенін табыңдар.

-         Түлкі, әтеш, мысық.

-         Ендеше «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін  тыңдаңдар.

ІІ. Ұйымдастырушылық - ізденіс:

1) Кейіпкерлерді атап таныстыру:

-         Әтеш, мысық, түлкі.

1)    Ертегіні айта бастау. Фланелеграфқа кейіпкер

суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

Ертеде бір алтын айдарлы әтеш пен мысық дос болыпты, екеуі бір үйде тұрыпты.

Әтешті, мысығы жоқта екі – үш рет түлкі алдап, алып кетеді.

Тек мысық, үш рет  барып, түлкіден қорғап, әтешін алып қайтады.

2)    Д/о. Кейіпкердің көңіл-күйлерін салу (мимикалық).

Мысалы: Әтеш, түлкіге алданып қалды.

Түлкі – қу, айлакер

Мысық – пысық, өжет, қамқоршы.

ІІІ. Сергіту сәті.

Әтеш әнге басады

Әтеш ұйқы ашады.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау.

-         Балалар ертегі ұнады ма?

-         Қызықты ма?

-         Кәне балалар, алтын айдарлы әтешті қорғап қалған мысыққа қошеметтеп, қол соғып қояйық.

-         Тыңдағандарыңа,  рахмет!


Қызықтыру



Әңгімелесу












Таныстыру


Түсіндіру








Ойынмен қызықтыру

II – САБАҚ

Тақырыбы:  Жібек шашақты сақалы бар,

майға батырып алған тәрізді басы бар.

Мақсаты:

а) Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлеін таңдау, рөлдерді бөлу.

Балаларға сөздері мен қимыл қозғалыстарын үйрету.

Көркем сөздер арқылы балалардың тілін, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін арттыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, еске түсіру, ойлау т.б.

ә) Фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

б) Байқағыштыққа, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке, дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сабақ барысы

Әдіс – тәсілдері

І. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:     Балалармен жұмбақ жасыру:

Ерте тұрады

Жыр шақырыды      (Әтеш)

От басында құмған,

Екі көзін жұмған        (Мысық)

ІІ. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

3)    Балалар алтын айдарлы әтеш ертегісі естеріңде

ме?

Қане, есімізге түсірейікші.

Бірінші кейіпкерлерді атап шығайық: Әтеш,

мысық, түлкі.

Бұл ертегіде кейіпкерлердің мінездері қандай?

Әтеш – аңқау.

Мысық – ақылды, қамқор болуды біледі.

Түлкі – қу, айлакер.

Ертегі соңында кім жеңеді?

Мысық па, әлде түлкі ме?

Әтешке кім көмектеседі?      Мысық

2) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ой түйінін   айтқызу.

3) Балалардың қабілеттеріне қарай кейіпкерлерді таңдап, рөлдерді беру. Қандай мінез-құлықта болатынын айту.

ІІІ. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау.

Бұл ертегіде сендерге кім ұнады?

Әтеш кіммен қалды?







Әңгімелесу




Түсіндіру


Өткенді қайталау








Суреттерді жабыстыру арқылы қызықтыру


Кейіпкерлерді таңдау




Сұрақ - жауап


ІІІ – САБАҚ

Тақырыбы: Сымбатты әтеш.

Мақсаты:

а) Ертегіні қайталай отырып, балаларға кейіпкерлер сөздерін диалог бойынша орындауға үйрету.

Балалардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.

ә) Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтуларын қадағалау, қимыл-қозғалыспен көрсете білуді дамыту. Қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

б) Ұқыптылыққа, шеберлікке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.

Сабақ барысы

Әдіс – тәсілдері

І. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Балалар бүгін біздің  сабағымызға қонақ келеді.   Ол   кім екен? Тауық.

- Достар, бүгін мен сендердің топтарыңа, өзімнің сымбатты досым әтеш туралы айтайын деп келдім

ІІ. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Балалардың естеріне алтын айдарлы әтеш ертегісін түсіру.

-         Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару.

Мысық, түлкі, әтеш.

Бұл ертегіде мысалы: мысық ақылды, әтеш – аңқау, біраз ақымақтау, түлкі – қу, қырағы көз, айлакер.

Түлкі жыртқыш аң. Ең сүйікті аңы: тышқан, көжек, балықпен қоректенеді. Түлкінің есту, иіс сезу қабілеті ерекше. Бірақ көзбен көруі - әлсіз.

2) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.

3) Балаларға сөздерін ашық, анық айтқызу.           Қате жерлерін түзетіп отыру.

ІІІ. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Балаларды мадақтау.







Түсіндіру


Өткенді қайталау



Суреттерді жабыстыру арқылы қызықтыру








Сұрақ - жауап


ІV – САБАҚ

Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін сахналау.

Мақсаттары:

а) Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.

Ертегідегі кейіпкерлердің рөлдерін дұрыс орындауларын қадағалау.

Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.

ә) Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, көңіл-күй  әсерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауларын қадағалау.

Ұқыптылыққа, мейірімділікке, шеберлекке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.

б) Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:   Ширма, кейіпкерлер атрибуттары.

Сабақ барысы

Әдіс – тәсілдер

І. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:   Сабаққа бір-бірден ертегі атрибуттары кіріп таныстырылады.

-   Балалар бұл кім?

-         Мысық.

-         Ал мынау кім? – деп барлық кейіпкерлер шығарылып көрсетіледі.

-         Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегілерде ойнайды?

-         «Алтын айдарлы әтеш» ертегісінде.

ІІ.  Ұйымдастырушылық - ізденіс:

1)    Балалардың    естеріне «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін түсіру.

Таңдалған кейіпкерлер мысық, әтеш, және түлкіні (балаларды) тақтаға шығару.. Бұл ертегіде мысалы: сен мысық – ақылды, қамқоршы боласың, әтеш – ақылсыз сенгіш боласың, ал түлкі сен – қу, жаман боласың дейміз.

2)    Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу.

Қалған балаларды көрермендер ретінде тамашалауға отырғызу.

3)    Балаларға сөздерді анық, ашық, бар эмоциясымен сахналатқызу. Көрермендерге қолдарын шапалақтатып кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу.

ІІІ. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ – жауап арқылы ертегі сабағын аяқтау.

-         Көрермендерден қандай кейіпкерлер жақсы ойнағанын сұрау. Ертегі қалай аяқталды?

Қуанышты екенін айтып ескерту.

Балаларды мадақтау, бағалау.


Атрибуттармен қызықтыру








Түсіндіру



Өткенді қайталау








Тамашалау

Сұрақ - жауап


9 бөлім

Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат (2с)

Мақсаты: «Ертегілер әлеміне саяхат» деген  тақырыптағы сабақта балаларды қоршаған  ортамен таныстыру ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту, есте сақтау, және қайта айтып бере алу дағдыларына үйрету

Әдіс – тәсілдері: көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: Ертегі кітаптарды «Жеті лақ», «Шалқан» ертегілерінің стол үстіндегі көрінісі арқылы әңгімелеп беру, ғажайып орман көрінісі- құстар, тасбақа, орман аңдары пайдаланылады.

Сабақ барысы

әдіс-тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Балалар «Ерте, ерте, ертеде» деген музыка әуенмен жәйлап кіреді. Музыка аяқталғаннан кейін қонақтармен сәлемдеседі.

Тәрбиеші: Балалар, сендер «Ертегілер әлеміне» барғыларың келе ме? – деп сұрайды.

-         Иә;

Ендеше бүгін біз «Ертегілер әлеміне саяхатқа, барамыз».

Осы кезде есік қағылып, қызыл телпек  кіреді.

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендер мені  танисыңдар ма? Мен кіммін?

Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі қызыл телпексіз.

-          Сендерге сол ертегі ұнай  ма? Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Ұнайды, жақсы көреміз. Олай болса мен сендерді өздеріңе таныс ертегілер әлеміне қонаққа шақыра келдім.

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Ертегілер әлеміне саяхатқа апарайын. Бірақ, ертегілер әлеміне барар жолымыз ұзақ, шаршап қалмаңдар. Жолда бірнеше судан, үңгірлерден өтуге тура келеді. Үстел үстінде ертегі кітаптар, неше түрлі ертегілердің мазмұны бейнеленген ширмалар қойылған суреттер.

Қызыл телпек:

-         Балалар, біз қайда келдік? Не көріп тұрсыңдар?

-         Ертегі кітапханасына келдік.

-         Мынау қандай ертегі кітабы?

-         Ол «Қызыл телпек», «Үш аю» ертегілері.

-         Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Балалар кітапханадан шығып, ертегілер әлемінің бірінші «Шалқан» ертегісіне келеді.

-         Балалар мынау қандай ертегі? (балалар ертегінің кейіпкерлерін атап береді).

-         Балалар, қараңдаршы, сендердің «Ертегілер әлеміне» келгендеріңізді біліп, қоян күтіп отыр екен.

-         Кім бізге қоян туралы тақпақ айтып  береді?

-         Ерсұлтан айтып береді.

Балалар енді екінші ертегіге келе жатып, бір үңгірге тап болды, осы үңгірден бір бірлеп отейік. Ал, мынау қай ертегі?

- «Жеті дақ»

-         Балалар, бұл ертегіні де айтады?

-         Енді лақ туралы тақпақты кім айтады?

Дильназ:

Шөре- шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секеңдеме, деміңді ал

Селтеңдемей құлағың

-         Енді ғажайып орманға  барып, құстармен танысамыз, деді.

Қызыл телпек:

Мына ұшып бара жатқан қандай құстар?

-         Торғай, саусқан, қарға.

-         Неше  торғай ұшып барады?

-         Үш торғай.

-         Түсі қандай?

-         Қарала.

Дария тақпақ айтады.

Торғай, торғай, тоқылдақ.

Жерден тары шоқып – ап,

Бөтегесі бұлтиып, шиқ- шиқ етіп отырмақ.

Қызыл телпек:

Ал, балалар, кішкене бой жазып аламыз

Қарлығаш боп ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ болып шоқиық.

Балалар келе жатып  суға  кездеседі. Судың көпірінен еңбектеп өтіп, онда жүзіп жүрген балықтарды, үйректі көреді.

Үйректің балапандарымен танысып, олардың түстерін, үлкен – кіші екенін ажаратып, санап, нешеу екенін айтып береді.

Судан өткен соң тағы бір ертегіге тап болады.

Қызыл телпек:

-         Балалар мынау қандай ертегі?

-         «Маша мен аю». Балалар Машаны да аюды да танып көрсетеді, түсіндіріп  айтып береді.

-         Ал мынау не?

-         Тал.

-         Түсі қандай? Нелері бар?

-         Жасыл жапырақтары бар.

-         Балалар аю қалай жүреді?

-         Қорбаңдап (балалар жүрісін салады)

-         Ой, балалар, біз нағыз «ертегілер әлеміне» келдік. Бәріміз отырып қол соғайық.

-         Бізге қандай ертегі көрсетер екен («Ертегілер әлемі» сахналық қуыршақ театры)

-         «Бауырсақ ертегісі», көрсетілді.

Рефлексивті-түзету:

-         Балалар, сендерге «ертегілер әлеміне » саяхат жасау ұнады ма? Онда қандай ертегілер көрдіңдер?

-         «Жеті лақ», «Шалқан», «Маша мен аю» т.б

Қызыл телпек балалармен қоштасып кетеді.



Қонақ келеді













Саяхатқа шығу



Сұрақ-жауап







Әңгімелеу














Тақпақтар  айтқызу







































Сергіту сәті







Имитация



Сахналау




балаларды

мадақтау

Тақырыбы: Ертегі елі жермен келе жатыр. (2 с)

Мақсаты: «Ертегі кейіпкерлерінің жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету, тілін дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Көрнекілік: қуыршақ театры, кейіпкерлерінің атрибуттары.

Сабақ барысы

Әдіс - тәсілдер

Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Тәрбиеші: - Балалар, сендердің «Ертегілер әлеміне»  барғыларың келе ме?

-Ия

Ендеше бүгін біз «Ертегілер әлеміне поезбен саяхатқа барамыз.»

-         Жолда

Аядымыздан қоян, түлкі, қасқыр кездеседі

-         Бұлар нелер?

-         Түлкі, қоян, қасқыр

Балалар сендер олармен қай ертегіде кездестіңдер?

-         «Түлкі мен қоян»

Бауырсақ» Мейірімді қоян,

Алтын айдарлы әтеш- (түлкі)

Жеті лақ және қасқыр т.б.

Дұрыс айтасыңдар

Қызықтыру





Әңгімелеу






Сұрақ - жауап

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Ал енді балалар, кім айтады

-         Түлкі қандай?

-         Түлкі – айлакер, қу, әнші, пысық

-         Түлкі сияқты алдаушы  болғыларың келе ме?

-         Жоқ

-         Қоян ше?

-         Қоян қорқақ, мейірімді, мақтаншақ.

-         Қоян сияқты мейірімді, жамандық ойламайтын боламыз.

-         Ал қасқыр ше?

-         Қасқыр – айбынды, жыртқыш өте иіс сезгіш, ол өз көсемдеріне адал.

-         Дұрыс айтып бердіңдер

-         Қане, маған «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісіндегі жағымды өздеріңе ұнаған кейіпкерлерді атандаршы.

-         Ол ешкі және лақтар

-         Ешкі  сендерге   неге  ұнады?

-         Ол балаларын жақсы көреді, сүт береді, ақылын айтып отырады

-         Балаларын мақтайды.

-         Енді  үйде  болыңдар, ақылдысыңдар  ғой.

-         Есікті ашпаңдар, сендерді қасқыр алып кетеді.

Әңгімелесу




Өткенді қайталау


Таныстыру



Сұрақ - жауап

Рефлексивті-түзету:

Аналары жылап қалар еді, - деп

-         Лақтар ше?

-         Лақтар анасын тыңдайды.

-         Лақтар ақылды.

-         Жақсы.

-         Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаңдар?

-         Олар  кімдер?

-         Қасқыр

-         Тәрбиеші айтады: ендеше «қасқыр мен аю» ойынын ойнайық.

-         Қасқырды неге жаман деп  ойлайсындар?

-         Ол лақтарды  жегісі келді

-         Өтірік ешкі дауысын салып, алдағысы келді.

-         Қасқыр зұлымдық жасағысы келді

-         Дұрыс айттыңдар, балалар

-         Сендерге көп рахмет!

-         Өмір сабағы деген осы.

Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмысына қорытынды жасап , баға берді.

Таеыстыру




Ойынмен

Қызықтыру

Сұрақ – жауап













Жақсы қатысқан

Балаларды

мадақтау






















Дата создания: 11.04.2011








Copyright © 2007-2012 UNIPRADE
Все права защищены


1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жаратылыстану. Тақырыбы: «Балабақша»

Автор: Смагулова Анар Тауекеловна

Дата: 10.01.2019

Номер свидетельства: 494655

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""Балабақша ауласындағы өсімдіктер""
    ["seo_title"] => string(33) "balabaksha_aulasyndagy_osimdikter"
    ["file_id"] => string(6) "489776"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1544364072"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Білім беру саласы: "Таным» Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: "Балабақша гүлбағына саяхат""
    ["seo_title"] => string(80) "bilim_beru_salasy_tanym_bolimi_zharatylystanu_takyryby_balabaksha_gulbagyna_saia"
    ["file_id"] => string(6) "542199"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1583768934"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Конспект Жаратылыстану Тақырыбы: "Біз көмекшіміз""
    ["seo_title"] => string(48) "konspekt_zharatylystanu_takyryby_biz_komekshimiz"
    ["file_id"] => string(6) "551610"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1590586832"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "“Аквариумдағы балықтар”"
    ["seo_title"] => string(21) "akvariumdagy_balyktar"
    ["file_id"] => string(6) "491132"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545015063"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Жабайы жануарлардың тіршілігі. Қардағы аңдардың іздері (ашық оқу қызметі)"
    ["seo_title"] => string(80) "zhabaiy_zhanuarlardyn_tirshilighi_k_ardag_y_an_dardyn_izdieri_ashyk_ok_u_k_yzmie"
    ["file_id"] => string(6) "466123"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523644732"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства