kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы: "Таным» Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: "Балабақша гүлбағына саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаттары:  

 Тәрбиешілік:

 Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу

Дамытушылық:     

 Балалардың  бақтағы гүлдер туралы білімдерін кеңейтуге және атауларын білуге  мүмкіндік туғызу

Оқыту: 

 Бақтағы гүлдердің адам өміріндегі маңызы түсіндіріп, оларды қалай күту керектігін үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: "Таным» Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: "Балабақша гүлбағына саяхат"»

Ересек «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: "Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: "Балабақша гүлбағына саяхат"

Мақсаттары:

Тәрбиешілік:

Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу

Дамытушылық:

Балалардың бақтағы гүлдер туралы білімдерін кеңейтуге және атауларын білуге мүмкіндік туғызу

Оқыту:

Бақтағы гүлдердің адам өміріндегі маңызы түсіндіріп, оларды қалай күту керектігін үйрету

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету: балабақша суреті

Блингвальдық компоненті: ойыншық- игрушка, қонжық - медвежонок
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіміздің  тақырыбы: «Балабақша гүлбағына саяхат

«Шаттық шеңбері»

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!»- тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»- деп кіремін.

Тәрбиеші: Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?

Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?

Қане бәріміз бірге қайталайықшы.-«Қайырлы таң!».

Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».

Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».

Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»

Бүгін  біз   «Сүйікті  балабақшамыз» туралы  әңгімелейтін  боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер  сәби  болып  келдіңдер,  ересек  болып  кетесіңдер. Балабақша сендерге  білім береді,  тәрбиелейді. Әдептілікке,  достыққа,  ұйымшылдыққа  үйретеді.

Тәрбиеші: 

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын сендер  тапсаңдар, сол жануар қонаққа келеді:

Жұмбақ

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа қоян келіпті. Қоянмен амандасып, қоянды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.

Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады.

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып, сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.

(тәрбиеші тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)

– Балалар балабақша дегеніміз не?

-Балабақшамыздың аты қалай аталады?

– Балабақшада біз не істейміз?

Тәрбиеші:  Біздің ақылды, әрі деніміз сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар еңбектенеді.

Балабақша – біздің екінші үйіміз сияқты екен. Сендер  балабақшаға  сәби  болып  келгеннен, ересек  болып  мектепке кеткенше, осы  апайлар  қызмет етеді.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

Тәрбиеші: Балалар, сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтыңдаршы.

Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Кеш жарық! Рахмет!

1.Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік?

2.Балабақшада  немен  ойнағанды ұнатасыңдар?

3.Балабақшаның   қандай  тамағы ұнайды?

4.Балабақшада  нені  тыңдап үйрендіңдер?

  Дидактикалық ойын:

«Менің сүйікті балабақшам!»    

Шартты: Балабақша  суретін жапсырмалап  құрастыру керек.

Магнитті  тақтаға кезек  жапсырып,  құрастырады.

1.Балалар,  балабақша ұнайма?

2.Балалар, біздің тобымыздың аты қалай аталады?

3.Біз ненің суретін құрастырдық?

4.Шапағат балабақшасының суретін құрастырдық.

Тәрбиеші: Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы көреміз.

          Бүлдіршіндердің тәрбиешілерге жылы лебізі!

          Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығармыз.

Бізді жақтап отырған,

Сендерге де мың алғыс!

Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!

Сау болыңыздар!










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Білім беру саласы: "Таным» Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: "Балабақша гүлбағына саяхат"

Автор: Сактаганова Умут Тулегеновна

Дата: 09.03.2020

Номер свидетельства: 542199


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства