Екінші кіші «» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: "Орман алаңы"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Заттар бір немесе бірнеше болатыны және оларды кеңістікте түрліше орналасатыны туралы тусінік беру.
Дамытушылық: Қоршаған ортадан бір немесе бінеше затарды таба білуге үйрету; ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Ойын-жаттығу: «Поезд» - кеңістікті бағдарлау.
Билингвалдық компонент: орман-лес, саяхат-путешествие.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қайыңның жапырағы, теректің жапырағы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балаларды саяхатқа шақырады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар сендер саяхатқа барғыларың келеді ме?
Саяхатқа баруға келіседі.
Ендеше біз бүгін орманға саяхатқа барамыз.
Саяхатқа балалар біз пойызбен барамыз.
Балалар саяхатқа дайындалып, пойызға отырады.
Қимылды ойын: «Пойыз»
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу-гу, гу-гу гүілде,
Қалып қойма біріңде.
Балалар қимылдарды орындайды.
2.Негізгі бөлім:
-Қане балалар тоқтайық пыш-ш-ш.
Балалар таңғалады.
Балалар, біз міне орманға да келіп қалдық. Қане пойыздан түсейік.
Ой, балалар қараңдаршы орманда қандай әдемі.
Бұл – ағаш.
-Балалар, мынау не?
Ал мынау оның жапырағы.
-Ал мынау ше?
Ағаш үлкен, ал жапырақтары кішкентай.
Балалар, менің сол қолымда қандай жапырақ, ал оң қолда ше?
Сол қолыңызда – ақ қайыңның жапырағы, ал оң қолыңызда – теректікі.
-Орманда қанша ағаш бар?
Бақшадағы ағаштарды санайды:
көп.
Ал шырша ағашы қанша?
Шырша ағашы біреу.
Шырша ағашы қандай түсті?
Жасыл түсті.
-Шырша қандай пішінге ұқсайды?
Ұшбұрыш.
Шыршаны қандай мерекеде кездестіруге болады?
Жаңа жыл мерекесінде.
Сергіту сәті.
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем.
Сол қолымды көтерем,
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын.
Солға қараймын,
Біраз сергіп аламын.
Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды орындайды
Ойын- жаттығу: «Балық қайда жүзіп барады?»
3. Қорытынды:
Балалар, енді бізге балабақшамызға оралу үшін пойыз болайық.
Сендерге саяхатымыз ұнады ма? Балалар пойыз болып, балабақшаларына оралады. Сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Өз ойларын айтады
-Сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Тәрбиеші балаларды мадақтайды.