kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бар мейіріміміз балаларға»

Нажмите, чтобы узнать подробности

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  жазғы сауықтыру сценариі.

                  Тақырыбы: «Бар мейіріміміз балаларға»

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін Халықаралық балаларды  қорғау күні.Біздің балабақшада бүгін мереке. Сіздер мереке жақсы көресіздер ме?

Балалар:

-Ия.

Жүргізуші:

Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,

Балаларды қорғау күнін тойлайық.

Алақай ау, алақай!

Той тойлайық, балақай!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

Алақай ау, алақай!

Ән шырқайық, балақай!

Ұғып сөзін тәрбиеші апаның,

Гүл жайнаймыз аясында Отанның!

Алақай ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай!м

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бар мейіріміміз балаларға»»

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы сауықтыру сценариі.

Тақырыбы: «Бар мейіріміміз балаларға»

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні.Біздің балабақшада бүгін мереке. Сіздер мереке жақсы көресіздер ме?

Балалар:

-Ия.

Жүргізуші:

Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,

Балаларды қорғау күнін тойлайық.

Алақай ау , алақай!

Той тойлайық, балақай!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

Алақай ау , алақай!

Ән шырқайық , балақай!

Ұғып сөзін тәрбиеші апаның,

Гүл жайнаймыз аясында Отанның!

Алақай ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай!

-Ендеше, алдарыңызда №1, 2 топтардың бүлдіршіндері тақпақтарын айтады.

1. Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз!

2. Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз.

3.Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір:

Тәрбиеші қарайды

Аяққа бір, қолға бір.


Жүргізуші:

-Өте жақсы! Мереке күні мен сіздерге банан сыйлағым келіп тұр. (Жүргізуші себетті іздейді, таба алмайды. Орнынан хат табады.) Ой , балалар, қараңыздар! Банан салынған себет орнынан хат қойып кетіпті. Оқып көрейік.

Хат: «Сіздердің сыйлығыңыз менде! Банандарыңызды мен алып кеттім. Іздемеңдер! Таба алмайсыңдар! Қарақшы.»

Жүргізуші:

-Мәссаған! Біздің банандарымызды қарақшылар ұрлап кетіпті. Енді не істейміз , балалар? Қарақшыны тауып алып , сыйлықтарымызды қайтып алайық! Келістік пе?

Балалар:

-Ия.

Жүргізуші:

-Онда барлығымыз саяхатқа шығайық!

Көңілді әуен қосылады. Барлық балалар мен жүргізуші әуен ырғағымен бір орында жүреді.

Кенет алдарынан Түлкі кездеседі:

-Ээээй, эээээй, эээээй! ( Әрлі -берлі жүгіріп өтеді) Ээээй, неғып жүрсіңдер?

Жүргізуші:

-Сәлеметсіз бе, Түлкі ! Біз қарақшыны іздеп саяхатқа шығып едік. Себебі ол біздің балаларымыздың сыйлығын сұраусыз алып кетті.

Түлкі:

-Еееее, солай де! Көңіліңіз түспесін, балалар!Мен балалардың дауысын естіп қуанып қалып едім. Мен көңілді балаларды жақсы көрем. Не істесем екен?! Олай болса би билеп алайық. Сосын мен сіздермен бірге саяхатқа шығамын!

Жүргізуші:

- Жарайды онда. Балалармен қандай би билейсіз?

Түлкімен :

-«Буги- вуги» биін.

Биге бар балалары шығады.

Түлкі :

-Сіздердің әлі көңіл күйіңіз жоқ сияқты ғой!

-Жақсы,Түлкі ! Балалардың қасына жайғасып отыра ғой! Ал, біз саяхатты жалғастырайық.

Көңілді әуенмен Сайқымазақ кездеседі:

-Сәлем, балақайлар!

Балалар:

-Сәлеметсіз бе!

Сайқымазақ:

-Менің атым Тинки. Сіздерді мерекемен құттықтаймын! Әрқашан ата-анаңызды ренжітпейтін, ақылды балалар болуыңызға тілектеспін.

Жүргізуші:

-Рахмет, Тинки! Біз саяхаттап бара жатырмыз, себебі біздің балаларымыздың сыйлығын қарақшы ұрлап кетіпті. Соны іздеп бара жатырмыз.

Сайқымазақ:

-Абыржымаңдар! Ол қарақшыны табамыз. Мен басқа елдерде тұратын достарыма телефон шалайын, қарақшыны табуға көмектессін.

Жүргізуші:

- Кел, балаларымызбен бірге көңіл көтер. Балаларымыз тақпақтар біледі, ән де айтады.

Тақпақтар:

1. Балғындардың үнінде

Көктемдегі бұлақ бар.

Балғындардың жүзінде

Жазғы жайма- шуақ бар.

2. Балғындардың көзінде

Тазалықтың сәні бар.

Балғындардың сөзінде

Даналықтың дәні бар.

Ойын: «эстафеталық жарыс» топ балаларымен.

Жолда сотқар бала кездесіп қалады:

-Ээээээй, мен компотқа тұз салып жібердім, ойыншықтарды сындырдым, қыздардың шашын тартам, балдарды жылатам. Мен ешкімді тыңдамаймын!

Балалардың алдында тентектік жасайды.

Түлкі :

-Олай болмайды. Бұл балабақшаның балалары тәртіпті, ақылды, тілалғыш, көңілді. Олар бізге тақпақтар, өлең айтып, би билеп, ойындар ойнап көңіл көтерді. Қалайша саған тентектік жасауға жол береміз?! Жоқ, олай болмайт!!!

Сотқар бала:

-Көрерміз!!! Ха- ха -хааа!!!

Сайқымазақ:

-Онда, сені ойын ойнауға шақырамыз! Егер сен ұтылсаң, тентек болмайсың! Біздің айтқанымызды екі етпей орындайсың! Келістік пе?

Сотқар бала:

-Бәрібір, мен ұтам!!! (мақтанады)

Ойын: «Арқан тарту» №5 топ балаларымен.

Шарты: арқанды екі жағынан ұстап ,екі топ балалары тартады .

Сайқымазақ қулыққа барады. Арқанның бір жағына балаларды, екінші жағына сотқардың өзін тұрғызып қояды. Ойын басталды. Балалар жағы көп болғандықтан сотқарды тартып кетеді. Тағы қайталанады. Сотқар бала ұтылғанына налып, реніш білдіреді. Сайқымазақ сотқар балаға бірге қосылып балалардың көмегімен тартып ойнауға шақырады. Сотқар әрең келіседі.Ойын басталды. Сотқардың тобы жеңіске жетеді.

Сайқымазақ:

-Көрдің бе, сотқар бала! Достық бар жерде жеңіске жетесің!

Сотқар бала:

-Кешіріңдер мені! Мен енді тентек болмаймын! Менде сіздермен бірге дос болғым келіп тұр!

Сайқымазақ:

-Балалар, дос боламыз ба?

Балалар:

- Ия!

Сайқымазақ:

-Жарайды онда!Доспыз бәріміз! ( барлығы көңілді әуенмен билейді)

Жүргізуші:

-Балаларымыздың тақпақтарын тамашалаңыздар: № 4 топ балалары.

1. Домала , доп домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қоымды.

Қуса, күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.

2.Күнмен бірге тұрамын,

Құспен бірге ән салам.

-Қайырлы таң,

-Ашық күн! -деп,

Барлығыңа айта алам.

Би « Гамми биар» балаларымен.

Сайқымазақ:

-Балалар , маған жаңа шетелдегі досым телефон шалды. Олар қарақшылардың қай жерде жүргенін анықтапты.

Жүргізуші:

-Онда сол жаққа қарай барайық!

Көңілді әуенмен сайқымазақ, мыстан кемпір, сотқар бала, жүргізуші шеңбер бойымен айналып жүріп келеді. Алдарынан қарақшы кездеседі:

-Қайда бара жатсыңдар! Тоқта ! Кім сендерге бұл жермен жүруге рұқсат берді!? Аааааааа!?

Түлкі :

-Ай, қарағым, қарақшы!!! Сен рұқсатсыз біздің балаларымыздың сыйлығын алып кетіпсің! Ұялмайсың ба? Кішкентай балаларды бұлай ренжітуге бола ма?

Қарақшы:

-Маған бәрібір! Мені ешкім кішкентай кезімде еркелеткен жоқ. Мен де балаларды аямаймын!

Жүргізуші:

-Енді қайттік? Қарақшы бала кезінде анасының мейіріміне бөленбеген екен. Оған біз ана туралы ән айтып берейікші, балалар!

Би « Қазақстан»

Қарақшы мәз болып:

- Қарақшы тығып қойған себетті жүгіріп барып алып келіп, балалардан кешірім сұрап қайтарып береді.

Балалар ду қол шапалақтайды.

Жүргізуші:

-Керемет! Балалар ананың махаббатымен, әкенің мейіріне бөленсе бала бақытты болады.


Жүргізуші:

-Балалар, әршан ата -анамыз аман болсын, сіздер де ақылды, тәртіпті болыңыздар, еліміз тыныш, рухымыз биік болсын!!!


Ән « Әрқашан күн сөнбесін »

Жүргізуші:

-Осымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған сауықтыру мерекеміз аяқталды. Барлық балаларымызды кейіпкерлерімізбен бірге биге шақырамын. Атсалысып қатысқандарыңызға рахмет!











«Келісілді» «Бекітемін»

МҚКК «Айналайын» МҚКК «Айналайын»

балабақшасының әдіскері балабақшасының директоры

Балтабаева М.Н._______ Кайтанова Г.Ж.________













Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы сауықтыру сценариі.

Тақырыбы:

«Бар мейіріміміз балаларға»









Тәрбиешілер: Сейткулова Галина Зейнекешевна













2017ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Бар мейіріміміз балаларға»

Автор: Сейткулова Галина Зейнекешевна

Дата: 24.08.2017

Номер свидетельства: 426168

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Бар мейіріміміз балаларға""
    ["seo_title"] => string(29) "bar_mieiirimimiz_balalarg_a_1"
    ["file_id"] => string(6) "466660"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1524031096"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Шұбар тауық ертегісі"
    ["seo_title"] => string(27) "shu_bar_tauyk_iertieghisi_1"
    ["file_id"] => string(6) "457811"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518775094"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Шұбар тауық оқиғасы"
    ["seo_title"] => string(23) "shu_bar_tauyk_ok_ig_asy"
    ["file_id"] => string(6) "457816"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518776182"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мейірімділік -асыл  ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-7"
    ["file_id"] => string(6) "292494"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455285291"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мейірімділік -асыл  ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-8"
    ["file_id"] => string(6) "292495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455285298"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства