-Балалардың назарын бейне таспа аудару. - Балалар нені көріп тұрсыңдар? -Ал балалар, балықтар қайда өмір сүреді екен? Ия, дұрыс айтасыңдар, балықтар суда өмір сүреді екен. Олар сусыз өмір сүре алмайды. -Балықтар суда не істейді? -Дұрыс –ақ, суда жүзеді екен. Балықтар сусыз тіршілік ете алмайды екен. -Балалар, қараңыздаршы, су тұнық, мөлдір, сұйық. Ойын: «Кішкентай балықшы» Шарты: балалар қармақты алып судағы балықтарды аулайды. Кішкентай балықтар тегешке салынады. Балалар балықты аулау үшін сабы ұзын «қармақ» беріледі.Ұстаған балықтарын шелекке салады. Тәрбиеші балалардың ұстаған балықтарының көлемін (үлкен-кіші ұғымдарын), түстерін сұрайды. -Азиз сенің балығыңның көлемі қандай? Үлкен бе, кіші ме? Ал түсі қандай? -Амина сенің балығың ше? -Жарайсыңдар балалар, ойынды оқу қызметінің соңында жалғастырамыз. -Балалар енді мына суретке қараңдаршы. Бұл ненің суреті? Онда балықтар жүзіп жүр екен. Аквариумның түбінде нені көріп тұрсыңдар? -Дұрыс-ақ, балдырлар, түрлі түсті тастар бейнеленген екен. -Ендеше балалар, алдарыныңызға аквариумның суреті берілген. - Осы аквариумге тастардың, балдырлардың суретін сұқ саусақ арқылы бейнелейміз.Сурет салу тәсілдерін түсіндіру. Сергіту сәті: Біз жүземіз оң жаққа Біз жүземіз сол жаққа Шоршимыз біз көл үстінде Ыршимыз біз көл үстінде Тұңғиыққа батамыз Тәтті ұйқыға жатамыз (1-2 рет қайталау) -Жарайсыңдар, балалар, енді мына жерде сендерге балықтар берілген. Алдымен балықты сипаттап алайықшы. Балықтың қандай дене мүшелері болады екен? -ия, дұрыс айтасыңдар. Олай болса алдымызға берілген балыққа қарайықшы не жетіспейді? Ойын тапсырма: «Құйрығын құрастыр» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту және ойынға деген қызығушылығын ояту. Саусақтың ұсақ маторикасын дамыту. Шарты: Берілген түрлі түсті балықтардың құйрығын балықтың түсіне кәйкес түсті қыстырғыштармен қыстыру қажет. | Балалар балыққа қызығушылықпен қарайды. -балықтарды -суда өмір сүреді -суда қалықтап жүзеді Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды Балалардың жауабы -аквариум -балықтар жүзеді -балдырлар, түрлі түсті тастар Бой сергітіп сергіту жаттығуларын орындайды Балықтың денесі, қанаттары, құйрығы болады -құйрық жетіспейді Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды. |