Просмотр содержимого документа
«Баланың мектепке дайындығын анықтау әдістемелері»
Баланың мектепке дайындығын анықтау әдістемелері
1 тапсырма Адамның суретін салу
«Мына қағазды алып, адамның суретін сал. Ұлдың, қыздың немесе үлкен адамдардың суретін сал»
2 тапсырма
Қағаздың жарты бетінде былай «оған шай берілді» жазылған сөзді балаға беру:
«Қағазға мұқият қарап, онда не жазылып тұрғанын өзіңнің қағазыңа, дәл солай қылып жаз»
3 тапсырма
Қағаздың жарты бетінде 10 нүктелермен салынған бес бұрышты, оқушыға, мұқият қарап, дәл солай өзінің қағазына жазу.
«Қағазға мұқият қарап, онда не жазылып тұрғанын өзіңнің қағазыңа, дәл солай қылып жаз»
Нәтижелері:
1 тапсырма бойынша:
1 балл қойылады егер, адамды толық салса және 2 көзі, 2 қолы, аяқтары, денесі т.б.
2 балл қойылады егер, шәші, саусақтары, немесе олар толық болмаса.
3 балл қойылады, егер мойыны, құлақтары, шәші, киімі, сауасақтары болмаса.
4 балл – жай ғана сурет салынса
5 балл- аяқ, қолы ғана бар нәрсе салынса.
2 тапсырма бойынша:
1 балл қойылады егер, әріптер дәл салынса
2 балл қойылады егер, сөйлем дұрыс оқылады, бірақ әріптердің еңкіштігі жоқ.
3 балл – 4 әрпі ғана дұрыс жазылған.
4 балл – сызықтары көп
5 балл- түсініксіз жазылған
3 тапсырма бойынша:
1 балл қойылады егер, дәл салса
2 балл қойылады егер, арақашықтықтары 3 нүктеден алшақ болса
3 балл қойылады, егер ұқсайды, бірақ образға ұқсамайды. Суретте 20- дан артық, немесе 7 ден кем нүкте болмауы керек.
4 балл – ұқсастық жоқ. нүктелер образбен сәйкес емес.
5 балл- түсініксіз сурет салынса.
Барлығы: 3 – 5 балл алған оқушы мектепке дайындығы жоғары, 5-9 алған оқушы мектепке дайындығы орташа, 11 балл алған оқушы мектепке дайындығы төмен, 11 баллдан жоғары алған оқушының ауытқушылығы бар және ой өрісі дамымаған.
«Графикалық диктант»
Мақсаты: «Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б. Эльконин құрастырған) мұқият тыңдай алу және үлкендердің тапсырмасын ұқыпты орындау, сызықтың бағытын қағаз парағына дұрыс жаңғырту, үлкендердің тапсырмасы бойынша өздігінше әрекет ете алу қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Зерттеу жүргізу үшін әр балаға төрткөзді дәптер парағына төрт нүкте белгілеп, беріледі. Зерттеу алдында психолог балаларға түсіндіреді: Қазір біз сендермен әр түрлі өрнек саламыз. Олар әдемі болу үшін тырысуымыз керек. Ол үшін мені жақсылап тыңдаңдар –сендер қай жаққа және қанша төрткөз жүргізу керектігін айтып тұрамын. Мен айтқан сызықты ғана жүргізесіңдер. Жүргізген соң, мен келесі сызықты айтпайынша, күтіңдер. Келесі сызықты өткен сызық біткен жерден қаламсапты парақтан алмай сызыңдар. Бәрінің естеріңде ма, оң қолдарың қайда ? Оң қолдарыңды сызыңдар. Көрдіңдер ма, ол есікке бағыттап тұр (бөлмеде бағдар беріледі). Мен сызықты оңға қарай жүргізіңдер деген кезде, сендер оны есікке қарай жүргізесіңдер (тақтада солдан оңға қарай бір төрткөзге сызық жүргізіледі). Ал енді мен, қолымды алмай сызықты екі төрткөзге жоғары жүргіземін. Енді сол қолдарыңды созыңдар, көрдіңдер ма , ол терезені көрсетіп тұр. Енді мен, қолымды алмай, сызықты үш төрткөзге солға қарай жүргіземін. Сендер қалай салу керектігін түсіндіңдер ма? Бұдан соң, психолог жаттықтыру өрнегін салғызуға кіріседі: «Бірінші өрнекті салуды бастаймыз. Қаламдарыңызды ең жоғарғы төркөзге қойыңдар. Қаламды парақтан алмай, сызық салыңдар: бір торкөз төменге (қаламды парақтан алмай). Бір торкөз оңға. Бір тор көзге жоғары. Бір торкөз оңға. Бір тор көз төменге. Бір тор көз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз төменге. Ары қарай осындай өрнек салуды жалғастырыңдар».
Психолог оқып тұрғанда үзіліс жасап тұру керек, балалар сызықты жүргізіп үлгеру үшін. Өрнекті бетінше жалғастыруға 1,5 -2 минут беріледі. Балаларға өрнекті парақтың барлық көлеміне жалғастырудың керек емес екендігін ескертеді.
Жұмысты жүргізу процесінде психолог балалар әр бастағанды белгіленетін нүктеден бастауын бақылайды, балаларды жігерлендіріп отырады. («Тағы бір рет байқап көрші, сен саласың деп ойлаймын). Сонымен қатар, өрнекті салу бойынша ешқандай нұсқаулар берілмейді.
Жаттықтыру өрнегін балалар өз бетінше орындаған соң, психолог айтады: «Болды, бұл өрнекті ары қарай салмаймыз. Келесі өрнекті саламыз. Қаламдарыңды көтеріңдер, енді қаламды келесі нүктеге қойыңдар. Дайындалыңдар, оқып бастаймын. Бір төркөз жоғары. Бір төркөз оңға. Бір төркөз жоғары. Бір төркөз оңға. Бір торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Ал енді сол өрнекті өздерің жалғастырыңдар».
1, 5 -2 минут өткен соң, психолог айтады: «Болды бұл өрнекті ары қарай салмаймыз. Келесі өрнекті саламыз. Тыңдаңыздар!
Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз жоғары. Үш тор көз төменге. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Осы өрнекті енді өздерің жалғастырыңдар».
1,5-2 минуттан соң қорытынды өрнекті оқу басталады: «Қаламдарыңды төменгі нүктеге қойыңдар. Тыңдаңыздар! Үш торкөз оңға. Бір токөз жоғары. Бір торкөз солға. Екі торкөз жоғары. Үш торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз солға. Бір торкөз төменге. Үш торкөз оңға. Бір торкөз жоғары.
Бір тор көз солға. Екі торкөз жоғары. Енді осы өрнекті өздерің салыңдар.
Нәтижені бағалау.
Жаттығу өрнегі бағаланбайлы. Негізгі өрнектерден диктант түрінде салынған өрнек жеке, өз бетімен салған өрнек жеке бағаланады:
4 балл – өрнекті дәл салу (сызықтардың түзу еместігі, «ластығы»саналмайды);
3 балл – салынған, бір сызықтан қате кеткен;
2 балл – салынған, бірнеше қате кеткен;
1 балл – салынған, қрнектің кейбір элементтерінде ғана ұқсастығы бар;
0 балл – ұқсастық жоқ.
Өз бетімен салынған өрнек үшін әрбір шкала бойынша тапсырма бағаланады. Сонымен бала әр өрнек үшін 0-ден 4-тің аралығындағы 2 баға алады. Диктант үшін қорытынды баға 3 өрнектің міn және мах бағаларының қосындысынан алынады. Дәл осылай өзбетімен салынған өрнектің бағаллы шығарылады. Осы баллдардың қосындысы қорытынды балл береді., ол 0-ден 16 –ның арасында болады. Соңында қорытынды көрсеткіш келесідей болып интерпритацияланады:
0-3 балл – төмен;
3-6 балл – төменнен жоғары;
7-10 балл –орташа;
11-13 балл – орташадан жоғары;
14-16 балл –жоғары
Сөздік қорды анықтауға бағытталған тест
Тексеруге бағытталған басқа да тесттер сияқты, берілген тесті таңдау принципі бойынша құрылған: белгілі бір сөздер жиынтығы таңдалып алынады және олардың қайыссы балаға белгілі екені анықталады. Алынған нәтижелер негінде баланың жалпы сөздік қоры туралы айтуға болады. Тексерушілер құзырына қалыпты өзара байланысқан бес сөздік қатар берілген. Сондықтан да болашақ бірінші сынып оқушыларын зерттеу үшін тексерушілер бүл қатарларды кезекпен колданылуларына болады: бір балаға бір қатар, екіншісіне келесі қатар беріледі және т.с.с.
Баланың сөздік қорын тексермес бұрын мұғалім былай дейді: Ойланшы, сен шет ел адамын кездестірдің – сенің тіліңді нашар түсінеді. Ол сенен «велосипед» сөзінің мәнін түсіндіріп беруіңді сұранып тұр. Қалай жауап бересің?
Бала жауаптарын сөздік формада бергендіктен, оның енжар (шектеулі сөздердің ғана мәнін біледі) және белсенді (кейбір сөздерді белсенді сөйлеу барысында қолданады)сөздік қорын бағалауға болады. Егер бала сөздік жауап бере алмаса, онда тексеруші оған заттың суретін салуды немесе сол сөздің мәнін жесттер немесе қимыл арқылы көрсетуін сұранады.
Тест түсініктерді игеру іскерлігін тексеруді көздемейді. Келесі түрдегі жағдайлар да кездесіп жатады, бала ол түсініктерді игерген, бірақ ол сөздің орнына көбінесе диалекті сөздерді пайдаланады.
Сәйкес жағдайларда балаларға синоним сөздерді ұсынуға болмайды, өйткені тест қандай да бір түсініктердің игерілуін тексеруге емес, сөздерді білу яғни әдеби тілдегі сөздердің түсінілу деңгейін анықтауға бағыталған.
Бағалау әр 10 сөзге берілген ұпайлардың қосындылары негізінде жүргізіледі.
Бағалау шкаласы
0 ұпай- сөзді түсінбеу. Бала сөздердің мәнін түсінбейтінін айтады, немесе оның мәнін дұрыс түсіндірмейді, мысалы: «Жүн- оны жастықтың ішіне салады және жастанады»
1 ұпай- сөздің мәнін түсінеді, бірақ өз түсінігін сурет салу, практикалық әрекеттер немесе жесттер арқылы көрсетеді.
1,5 ұпай- бала затты сөзбен бейнелейді, мысалы: «Велосипед-онымен кәшенеді, оның екі немее одан көп дөңгелегі болады- екі үлкен, бір кіші». Немесе: «Ол – онымен сырғанау үшін»; «Қолшатыр-жауыннан қорғану үшін».
2 ұпай- бала ғылыми түсініктерге жақын анықтама береді (яғни шығу төркіні, жеке түрлері, белгілері көрсетіледі ). Мысалы: «Хат-өзің туралы жазып және пошта арқылы конвертке салып жіберуге болатын қағаз ».
Осылайша, тест бойынша максималды ұпай саны 2*10 = 20 ұпай болып есептеледі.
Жас ұлғая баланың сөздік қоры жылдам кеңейе береді, алты жасар және жеті жасар балалардың жауаптарын түрлі бағалау орынды. Осыған байланысты берілген қабілеттің даму деңгейін анықтау үшін келесі кестені пайдалану ұсынылады:
Жасерекшелік
Топтары
Сөздік қор даму деңгейі (алынған ұпайлар саны)
Төмен
Орташа
Жоғары
Алтыжасар
6,5
7-12
12,5
Жетіжасар
11,5
12-15
15,5
Шульте кестелері
Мақсаты: Зейіннің түрақтылығын жене жүмысқа қабілеттілік динамикасын анықтауға арналған. Шулые кестесі зейінді дамыгуға да қолданылады.
Орындау ережесі: Бүл әдістеме 1 ден 25-ке дейін сандар аралас орналасқан бес кестеден түрады. Зерттелінушіге олар ретімен көрсетіліп, келесі нүсқау беріледі: "Сізге бірінен соң бірі бес кесте көрсетіледі. Олардың өрқайсысында 1 ден 25-ке дейін сандар араластырып жазылған. Әр кестедегі сандарды тез-тез, ретімен тауып көрсетіңіз. Бірінші кестені орындап болғаннан соң екіншісін ашып, ондағы сандарды, дәл солтәртіппен 1-ден 25-ке дейін ретімен табыңыз".
Шульте кестелерінің улгісі
Нәтижесі:
Кестелер бойынша уақытпен саналады. Норма 30 -50 сек 1 таблицаға. Орташа 40-42 сек.