kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала тілін дамытудағы ойынның ролі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша ата-аналарына арналған кеңес. Бала дамуына ойынның әсері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала тілін дамытудағы ойынның ролі"»

Бала тілін дамытудағы ойынның рөлі



Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үй-рене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.
Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын тех-нологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгі-лерін қолданған дұрыс.
Ойын дегеніміз не? Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тә-жірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі:ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Ойын арқылы баланың бойында адам-гершілік қасиеттерді, өмірге деген құштарлықты қалыптастыруға болады.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін
жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазия-сыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды»,дейді.
Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойын-ның тілді дамытуда орны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де олар бір - бірімен қарым - қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір - біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір - бірлерін бақылайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ойын барысында тәрбиешінің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан жөн. Бала рөлде өзін неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Бастапқы кезде тәрбиешінің балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады. Тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, оның жұмысына жәрдем беруіне болады. 

Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдірт-пей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейне-сін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешен-ге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пай-далану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, хал-қымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою;
2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою.
Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
2. Балаларды сөйлеуге үйрету;
3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзін-де көрсете білуге машықтандыру.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеу-ге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрле-рінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым - қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады.
Ойынның мәні - баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып - білуіне жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағанда-рын жүзеге асырып, айналасындағы адамдардың іс - қимылдарына еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зерек-тікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата – бабалары-мыздың баға жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қорын байыта түседі. Сабақтарды ұлттық ойындармен байланыстыра түсіндіру тақырыптарды тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов:
«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағына-лары болған»,- деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді.
Тіл - халықтың ажары, базары, бағы. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзі-нің айналасында болып жатқан өзгерістерді, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілі-нің дамуына ең алдымен ата - анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым - қатынасына тығыз байланыс-ты. Баланың өзге адамдармен қарым - қатынасының негізі де отбасында қалыптасады. Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата - аналардың да мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигі-зері сөзсіз.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалар-дың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарыла-тын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Бала тілін дамытудағы ойынның ролі"

Автор: Сражанова Роза Сарсенқызы

Дата: 18.09.2017

Номер свидетельства: 428603

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Балабақшадағы бала тілін дамытудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(47) "balabak_shadag_y_bala_tilin_damytudag_y_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "384211"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485449899"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "«Тіл дамыту саба?тарында?ы театр ж?не оны? бала тілін дамытуда?ы ма?ызы»"
    ["seo_title"] => string(63) "tildamytusabaktaryndagytieatrzhnieonynbalatilindamytudagymanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "322306"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461567121"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "К?рнекі ??ралдарды? бала тілін дамытуда?ы ролі "
    ["seo_title"] => string(50) "kornieki-k-u-raldardyn-bala-tilin-damytudag-y-roli"
    ["file_id"] => string(6) "204870"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429759390"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Баланы? тіліні? дамуына   ойынны? ма?ыздылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(45) "balanyn-tilinin-damuyna-oiynnyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "133953"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416633758"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту"
    ["seo_title"] => string(44) "khalyk_auyz_debieti_arkyly_bala_tilin_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "599520"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1643910222"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства