kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланың тілін дамытудағы халықтың ауызекі шығармаларының рөлі

 Мақалалар 0 2,186 қаралған 2017-06-01

«Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» дейді дана халқымыз. Отбасы балаға шыр етіп дүниеге келген күннен бастап үлкен әсер етеді.Балаға кемелденіп азамат болып  қалыптасқанға   дейін жан-жақты тәрбие беру, ана тілін меңгеру  тікелей отбасының басты, әрі жауапты  міндеті десек те болады.
«Тәрбие тал бесіктен » екенін ұғына білген қазақ халқы кішкене сәбиіне бесік жырын айтып, тіпті баланы бесікке бөлеуде, бесіктен шешіп алуда айтылатын өлеңдер арнаған.
Адамның жан- жақты дамуына әсіресе отбасы жағадйының алар орнын «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің». «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп халық мақалдары арқылы дәлелдеп бергендей.
Отбасындағы  жағдайдың ата  – аналардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасының балаға әсер етуін бала аяғына тәй-тәй тұрып,  алғаш тілінің шыға бастауында арта түседі. Сондықтан ересектер бала дүниеге келген күннен оның болашақ тағдырына немқұрайлы қарамай баланы алғаш қадам басуға үйретуден бастап, денсаулығы мықты, саналы азамат иесі болуға, қажетті білімдерді меңгертуге, қоршаған орта мен тілдік  қарым – қатынас  жасауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, ақыл-ойының дамуына жағдайлар жасаумен бірге ана тілінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлгендері жөн.
Бүгін біз отбасында бала тілін дамытуда халықтық педагогикадағы халықтың, ауызекі шығармаларының кейбір түрлерінің маңызы туралы  сөз етпекпіз.
Халық педагогикасы отбасындағы тәрбиенің ең негізі болып табылады. Сондықтан баланың ана сүті арқылы бойына сіңген асыл қасиеттерін, рухани бай мұраларымызды  балаға ана тілі арқылы меңгертуге тиіспіз.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда – қазақ  халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор.Халық ауызекі шығармалары әсем тілге құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдері, ертегі, аңыз – әңгіме, мақал – мәтелге бай.Осы бай мұраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем – әдеби тілмен жазылған. Сазды халық әуенімен айтылатын бесік жырларының сан – алуан түрлері, тұсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын – өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілін, байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз.
Бала тәрбиесінің  әліппесі, үлгі өнегенің бастауы – отбасы болғандықтан тілдің қалыптасып дамуы да осы отбасынан басталмақ.Баланың тілін жоғары деңгейде қалыптасып, ақыл – ойының дамуы дер кезінде дұрыс ұйымдастырылған, жүйелі жүргізілген тәрбиеге, оқытуға тікелей байланысты.Бала тек қоғамдық тәрбие – оқу орындарында оқып, білім алады деген теріс пікірден аулақ болып, ата – ана өз баласының ең алғашқы ұстазы екендігін қатаң ескертіп, жауапкершілікті сезіне білген жөн.
Бала өмір есігін айқара ашып қоршаған ортаға бейімделе бастағанда көптеген ата – аналар материалдық қажеттілікпен қанағаттанып, физиологиялық дамуға ғана көңіл бөліп, рухани дамудың қажеттіліктерін естен шығарып алады.
Сондықтан балаға бесікте жатқаннан бесік жырын айтып, ән тыңдату, өсе келе жұмбақ, жаңылтпаш айтқызып, мақал – мәтел арқылы сөз мәнін түсіндіріп, қызықты сюжетке құрылған ертегіні өз мәнінде әңгімелеп айтқызу сияқты іс – әрекеттерін отбасында үнемі ұйымдастырып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, бұл міндеттерді жүзеге асыруда халық ауызекі шығармаларын баланың психологиялық дамуы мен жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып пайдаланудың маңызы зор.Ал, ол үшін әрбір ата – ана халық ауыз әдебиетін өздері жақсы біліп қана қоймай, оны пайдаланудың жолдарын, әдіс – тәсілдерін, бала тәрбиесінде алатын ролі туралы ғалымдарымыздың қаламдарынан туындап жатқан  әдістемелік құралдарды, баспасөз бетіндегі материалдарды оқып, орынды  пайдалана  білсе деген пікір айтпақпыз.
«Халық педагогикасының қайнар көзі – ең біріншіден, халық қазынасы атанған ауыз әдебиетінде» деген пікірге қосыла отырып, ең алдымен бала тілін дамытуда ойнақы тілге құрылған жаңылтпаштың маңызына тоқталмақпыз.Жаңылтпашты балаға тілдің орфоэпиялық сөлейу нормасын меңгертуде, ана тіліміздегі игерілетін дыбыстар жүйесін толық, дұрыс, тез айта білуге жаттықтыру мақсатында пайдалануға болады. Ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде ата – бабадан мол мұра ретінде бүгінгі күнге дейін сақталып келген тілге орамды жаңлытпаштар уақыт өткен сайын балалар жазушыларының шығармашылығындағы  жаңылтпаштармен толыға түсуде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту»

Баланың тілін дамытудағы халықтың ауызекі шығармаларының рөлі

 Мақалалар 0 2,186 қаралған 2017-06-01

«Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» дейді дана халқымыз. Отбасы балаға шыр етіп дүниеге келген күннен бастап үлкен әсер етеді.Балаға кемелденіп азамат болып  қалыптасқанға   дейін жан-жақты тәрбие беру, ана тілін меңгеру  тікелей отбасының басты, әрі жауапты  міндеті десек те болады.
«Тәрбие тал бесіктен » екенін ұғына білген қазақ халқы кішкене сәбиіне бесік жырын айтып, тіпті баланы бесікке бөлеуде, бесіктен шешіп алуда айтылатын өлеңдер арнаған.
Адамның жан- жақты дамуына әсіресе отбасы жағадйының алар орнын «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің». «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп халық мақалдары арқылы дәлелдеп бергендей.
Отбасындағы  жағдайдың ата  – аналардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасының балаға әсер етуін бала аяғына тәй-тәй тұрып,  алғаш тілінің шыға бастауында арта түседі. Сондықтан ересектер бала дүниеге келген күннен оның болашақ тағдырына немқұрайлы қарамай баланы алғаш қадам басуға үйретуден бастап, денсаулығы мықты, саналы азамат иесі болуға , қажетті білімдерді меңгертуге, қоршаған орта мен тілдік  қарым – қатынас  жасауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, ақыл-ойының дамуына жағдайлар жасаумен бірге ана тілінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлгендері жөн.
Бүгін біз отбасында бала тілін дамытуда халықтық педагогикадағы халықтың, ауызекі шығармаларының кейбір түрлерінің маңызы туралы  сөз етпекпіз.
Халық педагогикасы отбасындағы тәрбиенің ең негізі болып табылады. Сондықтан баланың ана сүті арқылы бойына сіңген асыл қасиеттерін, рухани бай мұраларымызды  балаға ана тілі арқылы меңгертуге тиіспіз.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда – қазақ  халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор.Халық ауызекі шығармалары әсем тілге құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдері, ертегі, аңыз – әңгіме, мақал – мәтелге бай.Осы бай мұраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем – әдеби тілмен жазылған. Сазды халық әуенімен айтылатын бесік жырларының сан – алуан түрлері, тұсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын – өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілін, байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз.
Бала тәрбиесінің  әліппесі, үлгі өнегенің бастауы – отбасы болғандықтан тілдің қалыптасып дамуы да осы отбасынан басталмақ.Баланың тілін жоғары деңгейде қалыптасып , ақыл – ойының дамуы дер кезінде дұрыс ұйымдастырылған, жүйелі жүргізілген тәрбиеге, оқытуға тікелей байланысты.Бала тек қоғамдық тәрбие – оқу орындарында оқып, білім алады деген теріс пікірден аулақ болып, ата – ана өз баласының ең алғашқы ұстазы екендігін қатаң ескертіп, жауапкершілікті сезіне білген жөн.
Бала өмір есігін айқара ашып қоршаған ортаға бейімделе бастағанда көптеген ата – аналар материалдық қажеттілікпен қанағаттанып, физиологиялық дамуға ғана көңіл бөліп, рухани дамудың қажеттіліктерін естен шығарып алады.
Сондықтан балаға бесікте жатқаннан бесік жырын айтып, ән тыңдату, өсе келе жұмбақ, жаңылтпаш айтқызып, мақал – мәтел арқылы сөз мәнін түсіндіріп, қызықты сюжетке құрылған ертегіні өз мәнінде әңгімелеп айтқызу сияқты іс – әрекеттерін отбасында үнемі ұйымдастырып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, бұл міндеттерді жүзеге асыруда халық ауызекі шығармаларын баланың психологиялық дамуы мен жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып пайдаланудың маңызы зор.Ал, ол үшін әрбір ата – ана халық ауыз әдебиетін өздері жақсы біліп қана қоймай, оны пайдаланудың жолдарын, әдіс – тәсілдерін, бала тәрбиесінде алатын ролі туралы ғалымдарымыздың қаламдарынан туындап жатқан  әдістемелік құралдарды, баспасөз бетіндегі материалдарды оқып, орынды  пайдалана  білсе деген пікір айтпақпыз.
«Халық педагогикасының қайнар көзі – ең біріншіден, халық қазынасы атанған ауыз әдебиетінде» деген пікірге қосыла отырып, ең алдымен бала тілін дамытуда ойнақы тілге құрылған жаңылтпаштың маңызына тоқталмақпыз.Жаңылтпашты балаға тілдің орфоэпиялық сөлейу нормасын меңгертуде, ана тіліміздегі игерілетін дыбыстар жүйесін толық, дұрыс, тез айта білуге жаттықтыру мақсатында пайдалануға болады. Ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде ата – бабадан мол мұра ретінде бүгінгі күнге дейін сақталып келген тілге орамды жаңлытпаштар уақыт өткен сайын балалар жазушыларының шығармашылығындағы  жаңылтпаштармен толыға түсуде. Жаңылтпаш айтқызу баланың  ой – өрісін кеңейтіп, тілін ширатады.
Жаңылтпаш оқу мен айтқызуда еске ұстайтын бір жайт, баланың жас ерекшеліктерні ескере отырып, жаңа дамып  келе жатқан тілге  жүктеменің, (нагрузка)шамадан көп  түспеуін қадағалау. Ол үшін ата – ана ана тіліміздегі дыбыстардың баланың жас кезеңдеріне орай қалыптасып, айтылу ерекшеліктерін білуі керек. Мысалы, сәбилік шақта балаға айтылуы қиын дыбыстар орын алған жаңлытпаштарды күштеп айтқызу үлкен қателік, әрі жаңа қалыптасып келе жатқан тілге қолдан кедергі  қоюмен пара – пар. Бала 5-6 жаста тілдегі дыбыстарды таза айтуға тиіс. Балалардың  көп жағдайда тілі келмейтін, дұрыс айта алмайтындары «р-л», «н-ң», «с-ш» т.б.дыбыстар,ал халықтың ауызекі  шығармашылығында осы дыбыстарды таза айтқызуға арналған жаңылтпаштар молынан.Мысалы: 

«Шілікті шаптым, жілікті астым

Жілікті жақтым, жілікті шақтым»

«Асхат  жамап – жасқап»

Жаңылтпаш сөздері қызықты, әрі күлдіргі, ұйқасқа құрылады.
Баланың тез жаттап алуына, есте сақтауына жеңіл. Отбасында баламен тілдік қарым – қатынаста жаңылтпашты пайдалану баланың ақыл- ойын, қиялын дамытып, дүние танымын кеңейтіп, тілдік нормаларды игеруге мол мүмкіндіктер береді.
Қазақ халқының бала тілін дамытудағы тиімді құралдарының бірі – жұмбақ айтып, оның шешімін тапқызу.
Жұмбақ  – қазақ фольклорында өзіндік ерекше орын алады. Әрі баланың ең сүйікті қызыға тыңдап, шешімін тез табуға тырысатын ауыз әдебиетінің бір жанры. Жұмбақтарды айтқызу арқылы ата – ана балаға ана тіліміздің сөздік байлығын меңгеріп қана қоймай, қоршаған орта туралы түсінігін, дүние  танымын кеңейте түседі. Яғни, жұмбақтың бала үшін  – танымдық рөл атқаратындығы көп дәлелдеуді қажет етпейді. Бос уақытында жұмбақтар айтқызу арқылы ата – аналар өздері мен балалар арасында жұмбақ жарысын ұйымдастырып бала тілін, ақыл – ойының дамуына жол аша алады. Жұмбақтар айтуда да баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, түсінігіне лайықты, қиындық келтірмейтін,балаға таныс заттардың, құбылыстардың шешімін табуға қиындық келтіретін жұмбақтардың айтылуы жұмбаққа деген қызығушылықты жоғалтуы мүмкін.

Тілі шығып, ана тілін меңгере бастаған балалар:

  • Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.         (Аяз)

 

  • Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр.     (От пен қазан)

 

деген сияқты өзтүсініктеріне жақын жұмбақтарды шешіп, әрі тез жаттап алады.
Отбасында балаға жан-жақты тәрбие беріп, тіл байлығын меңгертуде баға жетпес халық ауызекі шығармалырының бір ерекше жанры ертегі болып табылады.
Балаға отбасында ата – ана ертегі оқып беруге уақыт бөле білген жөн.Халық даналары туғызған сан алуан қиял – ғажайып, тұрмыс – салт, хайуанаттар туралы ертегілер бар. Қай ертегіні  алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын  арттыра түседі. Ертегілерді баланың тыңдауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, тілін грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын,қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп, түрлі  жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Ата-ана бала түсінігіне алйықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек қиял – ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелеу әдістерін жүргізуге болады.Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ, бала үшін ұзақ  уақыт оқытылатын ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тыңдату арқылы балаға жан-жақты  тәрбие беріп, тілін дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге, ұстамдылыққа үйрете аламыз. Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты  түрлі – түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелеу баланың қызығушылығы мен эстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурет арқылы ертегі мазмұнын айтып беру,шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау кабинетінде дамытады.
Бала тілін дамытуда ауызекі халық шығармашылығынан отбасында мақал – мәтелдерді кеңінен пайдалану тиімді. Мақал – мәтелдер халық шығармашылығының  ең көне түрі. Қазақ халқы өзінің ұрпақ тәрбиесінде сан ғасырлар бойы мақал – мәтелдерді тәрбиенің тиімді бір құралы ретінде пайдаланған.
Мақал – мәтелдерді бала бақша табалдырығын аттамас бұрын отбасындағы үлкендерден, ата – аналарынан естиді.Сондықтан баланың күнделікті іс-әрекеттерінде басшылықтар беріп қана қоймай, бақылау жасау,бағыт – бағдар, баға беруде мақал – мәтелдерді орынды пайдалана білуі тиімді тәрбие жолы бола алады. Халықтың  ауызекі  шығармашылығы арқылы баланың тілін дамытып қана қоймай,өз халқын,Отанын сүюге тәрбиелеуге тиіспіз,ал Отан,халық деген баланың өз отбасынан басталмақ.
Сонымен сан ғасырлар бойы жинақталған асыл мұрамыз халық, ауызекі шығармашылығын отбасында бала тілін дамытып қалыптастыруда тиімді пайдалануға ғана тәрбие кезінде өз орнын табады деп айта аламыз.
Халқымыз – өлең, жыр, ауыз әдебиеті үлгілеріне бай халық. Дегенмен  біз бүгін солардың кейбір түрлеріне ғана тоқталып отырмыз.Ал бала тілін дамытуда тілге  орамды ойын – өлеңдері, санамақтар, аңыз әңгімелердің және т.б. атқарар рөлі мен маңызының ерекшелігі өз алдына.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту

Автор: Мамбетбаева Жұлдыз Есенгелдіқызы

Дата: 03.02.2022

Номер свидетельства: 599520

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы балаларды? тілін  дамыту"
    ["seo_title"] => string(53) "khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-balalardyn-tilin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "257219"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448290578"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту"
    ["seo_title"] => string(58) "khalyk_auyz_diebiieti_ark_yly_balanyn_soilieu_tilin_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "438255"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510412364"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "А?ыл-ойы кем балаларды? халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы с?йлеу ж?не ойлау ?абілетін дамыту. "
    ["seo_title"] => string(95) "ak-yl-oiy-kiem-balalardyn-khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-soilieu-zh-nie-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "221424"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1435279468"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "А?ыл-ойы кем балаларды? халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы с?йлеу ж?не ойлауын дамыту. "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-yl-oiy-kiem-balalardyn-khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-soilieu-zh-nie-oilauyn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "224293"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1438683329"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "А?ыл – ой кем балаларды? халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы с?йлеу  ж?не ойлау ?рекеттерін дамыту."
    ["seo_title"] => string(96) "ak-yl-oi-kiem-balalardyn-khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-soilieu-zh-nie-oilau-riekiettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "298238"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456309937"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства