Мотивация-лық қозғаушы Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі | “Шаттық шеңбері” -Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын! -Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толы болсын! -Менің балабақшамның іші күлкіге, сәбиге толы болсын! ІІ. Қайталау: - Қазір жылдың қай мезгілі және қай ай? -Аптаның қай күні? Таңғажайып сәт. Секіріп бақа шығады. -Мынау не? Бақа бізге неге келді екен сұрап көрейік-Балалар бақа бізге қонаққа келіпті. Бақа туралы ән айту. Бақа, бақа, балпақ, Басың неге жалпақ? Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ. -Мына сөздер қандай дыбыстан басталады? -Балға, борсық, бөшке, балдыр, бақа, бұғы, бүркіт, бұзау. Суретпен жұмыс. Д/о:«Дыбыстың сөздегі орнын тап» Б дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. -Б дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс. Б дыбысын көк текшемен белгілейміз. Балға, шалбар сөздерін буынға бөлу. -Неше буын бар екен? Неше дауысты дыбыс бар? -Міне, балалар, жаңа дыбыспен таныстыңдар. Дәптермен жұмыс: 1)Бөрік, барыс, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасау 2)Үлгі бойынша бастырып жазу. 3)Тәрбиеші Б б әрпінің жазылуын тақтада көрсетеді. Ауада жазу. Дәптерге жазу. Сергіту сәті: Жұмбақ шешу. Табада бар, Танада жоқ. Сабада бар, Санада жоқ. Ойын «Екінші буыным қайда» суретті көрсетіп екінші буынын айтқызу. Бұ-зау, Бүр-кіт...... Д/о: «Саңырауқұлақ» Балапан сөзін буынға бөлу. | Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлайды. Балалар сұрақтарға жауап береді Балалар өлеңді айтады. -Б дыбысынан басталады. Балалар суреттегі заттарды атайды. Балалар тіл жаттығуын орындайды. Балалар сөздерді буынға бөледі. Балалар дыбыстық талдау жасайды. Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Балалар сергіту сәтін орындайды. Жұмбақ шешеді. Балалар сурет арқылы екінші буынды табады. | | |