Сборник стихотворени для детей дошкольного возроста
Просмотр содержимого документа
«"Аталар сөзі - ақылдың көзі"»
Тәуелсіздік деген не?
Атам маған әрдайым,
Оқы дейді құмартып.
Тәуелсіздік туралы,
Айтып берді былай деп.
«Тәуелсіздік» деген сөз.
Бар асылың қарағым,
Азаттықтың жолы осы.
Тағзым етіп қарағын.
Тәуелсіздік тарихың,
Тәуелсіздік тілің ол.
Тәуелсіздік салт- дәстүр,
Тәуелсіздік дінің ол.
Тәуелсіздік біліп ал,
Басқа қонған бар бағың.
Есейгенде ер жетіп,
Сен де оны қорғағын...!
Тәуелсіздік мен білдім,
Көкке ұшқан көк қыран.
Тәуелсіздік әр таңда,
Шырқалатын Әнұран.
1-бала:
Туған жерім, Оттай ыстық мекенім,
Баршаға аян сенің көркем екенің.
Саған деген махаббатым қанат боп,
Туған жерде арманыма жетемін.
2-бала:
Қазақстан көк байрақты мекенім,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, шаттығым,
Өзің менің ұятым да, тірегім.
3-бала:
Таң арайлап атады,
Күн күлімдеп шығады.
Шаша берсің шапағың,
Тәуелсіздік шуағы!
Неткен байтақ туған жер,
Сауық сайран қуған жер.
Кіндігімді кескен жер,
Ойнап еркін өскен жер.
4-бала:
Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен
Байлығым атын айтсам- Қазақстан!
Қазақстан бабамнан қалған мұра
Сенбейсің бе даламнан бар да сұра
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған.
Батырларым демесем болар күнә.
5-бала:
Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,
Ұлылардың арманың биіктеткен.
Өзге де ұлт, ұлысқа қоныс болып,
Оларға да жақысылық ұшын төккен.
Қазақстан- республикам мақтанышым,
Мен сені жырламаймын мақтан үшін.
Құдайым маған құйттай жүрек берген,
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.
6- бала:
Айтамын әрқашан да сөздің шынын,
Атқарған сансыз еңбек халық үшін.
Биікке қол жеткізсе Қазақстан,
Данышпан саясаты Елбасының.
Астана бар әлемді елеңдетті,
Тамырын Бәйтерек те тереңдетті.
Аз жылда жаңа Астана салып алдық,
Қай халқың көрді мұндай кереметті.