2. Т?лім – т?рбие беретін дана с?здерді о?ып, рухани байып,?о?амымызды адамгершілік, рухани с?лулы? ?леміне айналдыру.
І о?ушы: ?аза? хал?ы – жаратылысынан шешендік ?нерге бейім халы?. Хал?ымызда ел таны?ан шешендер к?п бол?ан. ?сте ?аза?ты? шешендік ?нері, билік ??ру д?ст?рі ?з-Ж?нібек ханны?, Жиренше шешенні? т?сында ?ркен жайып, ?з-Т?уке ханны? кезінде биік шы??а к?терілсе керек. Ата?ты Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке билерді? да??ы осы кезде б?кіл ?аза? даласына жайылды емес пе? ?ш ж?зді? басын біріктіріп, Т?ркістан ша?арында ханды?, билік ордасын ??р?ан Т?уке ханны? кезінде билер ке?есі ??рылып, ол жыл сайын Т?ркістан, Сайрам ша?арлары ма?ында?ы Бит?бе, М?рт?беде ?тіп отыр?ан.
ІІ о?ушы: На?ыл с?здер атадан бала?а сонау ерте замандардан бері айтылып, ?рпа?тан- ?рпа??а с?рыпталып, беріліп келеді. ?ла?атты с?здер ?ыс?а да болса н?с?а, бейнелі, ма?ынасы тере?, шымыр логика?а ??рылады да ты?даушы к?кейіне бірден ?она кетеді, оны ілезде ?зіне баурап алады. ?йткені, ?анымыз?а сі?істі, жанымызды серпілтетін, мар?айтып ?анаттандыратын осынау а?ыл, на?ыл с?здер- т?рбиені? бастау б?ла?ы.Ол – заман та?басы, т?рбиені? п?рменділігін арттыру ?шін ?олданылатын т?сіл.
І о?ушы : ?аза?та: «Жа?сы с?з – жан азы?ы», «Жа?сымен с?йлессе?- жаны? рахаттанады» дегендей адамдар ?атынасында ибалы с?зі, жарасты ??гімесі бар жандар ?р уа?ытта ж?рт арасында сыйлы, ж?зі жар?ын ж?рер деген ойды ме?зейді.
С?з ?адірін а?дамайтын, оны? ?адір- ?асиеттерін байыптау?а ?ресі жетпейтін, ауыр с?зді ойламай айтып, адамны? к??ілін ?алдыруды с?кет к?ре ?оймайтын жандар?а да халы? даналы?ы ?з т?жырымдарын ?сынады.
Бір с?з айтса? жа?сы?а, Асы?у ашулану шайтан ісі,
Аталы с?зге то?тайды. Б?лар?а жол бермейді жа?сы кісі.
Бір с?з айтса? жаман?а, Кемге – ра?ым, ашу?а сабыр керек,
Бар жо?ына ?арамас, Аузына келгенді с?йлеу – наданны? ісі,
Аны? жомарт, ер кісі. Аузына т?скенді жеу – хайуанны? ісі.
?з ?йінде сал?ыртсу, ?.Науаи
Сара?ды?ты? белгісі.
ІІ о?ушы: Адам?а на?ыз адам болудан бас?а ма?сат болуы м?мкін емес. Адам белгілі бір ма?сат ?оймаса, а?ылды? ?зі ада болады. Адамны? ілгерілеу талабы не??рлым биік болса, со??рлым оны? ?абілеті, таланты тез дамиды. ?ркім ?зіні? ?айрат- жігерін, ?зіні? еркін шы?дай беруі керек. ?з бойында?ы ?ор?а?ты?ты,жас?анша?ты?ты, ашуша?ды?ты же?е білу керек. Б?л не ?шін керек? Не ?шін керектігі белгілі. Жігерсіз адам кез- келген наданды?ты? ермегі.
Алтау ала болса, ауызда?ы кетеді,
Т?ртеу т?гел болса, т?бедегі келеді.
Май?ы би
Аты? жа?сы болса, ер жігітті? пыра?ы
Бала? жа?сы болса, жан мен т?нні? шыра?ы
?ызы? жа?сы болса, жай?алып ?скен ??ра?ы
?йелі? жа?сы болса,
Бірінші- иманы?,
Екінші- жи?аны?
?шінші- ырысы?ны? т?ра?ы.
Т?ле би
?ркенім ?ссін десе?, кекшіл болма
Кесепаты тиер елі?е.
Елім ?ссін десе?, ?ршіл болма,
?скені?ді ?шіресі?.
Басына іс т?скен па?ыр?а, ?асты? ?ылма,
?ай?ысы к?шер басы?а.
Жанашыры жо? жарлы?а, ж?рдемші бол асы?а.
?иын- ?ыстау к?ндерде, ?зі келер ?асы?а.
Б?гін са?ы сынды деп, жа?ыны?ды басынба!
?азыбек би
Ашу деген а?ын су,
Алдын ашса? ар?ырар.
А?ыл деген дария,
Алдын тосса? то?ырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туыс?ан со? с?з ?уыспау керек.
С?з ?у?ан б?леге жолы?ады,
Жол ?у?ан олжа?а жолы?ады.
?йтеки би
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«саба? "Аталар с?зі - а?ылды? к?зі" »
Сабақтың тақырыбы: Аталар сөзі-ақылдың көзі
Сабақтың мақсаты:
Жастарды оқуға, өнер-білімге шақыратын, оларды рухани байытатын, адалдыққа, кішіпейілділікке үйрететін, еңбек етуге дағдыландыратын, достық пен махаббатқа, әділеттілікке баулитын, Отанына деген ыстық сезімін арттыратын ұлағатты сөздердің мағынасын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Ақыл – нақыл сөздердің адам өміріндегі, тәрбиедегі маңыздылығын көрсету.
2. Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мектептің орыс сыныптары оқушыларының сөйлеу мәдениеті мен рухани байлығын дамыту.
3. Қазақтың би-шешендері айтқан асыл сөздерге тоқталу және оларды күнделікті өмірде керекті жерінде қолдану.
4. Оқушылардың ойлау,сөйлеу, тіл мәдениетін және нақыл сөздер арқылы Ана тілімізді насихаттау.
5. Ақыл-нақыл сөздерден үлгі алатын тәрбиені көрсету
Күтілетін нәтиже:
1. Шешендік өнер мен ақыл – нақыл сөздерге үлкен қызығушылық туғызу.
2. Тәлім – тәрбие беретін дана сөздерді оқып, рухани байып,қоғамымызды адамгершілік, рухани сұлулық әлеміне айналдыру.
І оқушы: Қазақ халқы – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Халқымызда ел таныған шешендер көп болған. Әсте қазақтың шешендік өнері, билік құру дәстүрі Әз-Жәнібек ханның, Жиренше шешеннің тұсында өркен жайып, Әз-Тәуке ханның кезінде биік шыңға көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы осы кезде бүкіл қазақ даласына жайылды емес пе? Үш жүздің басын біріктіріп, Түркістан шаһарында хандық, билік ордасын құрған Тәуке ханның кезінде билер кеңесі құрылып, ол жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарлары маңындағы Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырған.
ІІ оқушы: Нақыл сөздер атадан балаға сонау ерте замандардан бері айтылып, ұрпақтан- ұрпаққа сұрыпталып, беріліп келеді. Ұлағатты сөздер қысқа да болса нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр логикаға құрылады да тыңдаушы көкейіне бірден қона кетеді, оны ілезде өзіне баурап алады. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызды серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер- тәрбиенің бастау бұлағы.Ол – заман таңбасы, тәрбиенің пәрменділігін арттыру үшін қолданылатын тәсіл.
І оқушы : Қазақта: «Жақсы сөз – жан азығы», «Жақсымен сөйлессең- жаның рахаттанады» дегендей адамдар қатынасында ибалы сөзі, жарасты әңгімесі бар жандар әр уақытта жұрт арасында сыйлы, жүзі жарқын жүрер деген ойды меңзейді.
Сөз қадірін аңдамайтын, оның қадір- қасиеттерін байыптауға өресі жетпейтін, ауыр сөзді ойламай айтып, адамның көңілін қалдыруды сөкет көре қоймайтын жандарға да халық даналығы өз тұжырымдарын ұсынады.
Бір сөз айтсаң жақсыға, Асығу ашулану шайтан ісі,
Аталы сөзге тоқтайды. Бұларға жол бермейді жақсы кісі.
Бір сөз айтсаң жаманға, Кемге – рақым, ашуға сабыр керек,
Бар жоғына қарамас, Аузына келгенді сөйлеу – наданның ісі,
Анық жомарт, ер кісі. Аузына түскенді жеу – хайуанның ісі.
Өз үйінде салғыртсу, Ә.Науаи
Сараңдықтың белгісі.
ІІ оқушы: Адамға нағыз адам болудан басқа мақсат болуы мүмкін емес. Адам белгілі бір мақсат қоймаса, ақылдың өзі ада болады. Адамның ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, соғұрлым оның қабілеті, таланты тез дамиды. Әркім өзінің қайрат- жігерін, өзінің еркін шыңдай беруі керек. Өз бойындағы қорқақтықты,жасқаншақтықты, ашушаңдықты жеңе білу керек. Бұл не үшін керек? Не үшін керектігі белгілі. Жігерсіз адам кез- келген надандықтың ермегі.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Майқы би
Атың жақсы болса, ер жігіттің пырағы
Балаң жақсы болса, жан мен тәннің шырағы
Қызың жақсы болса, жайқалып өскен құрағы
Әйелің жақсы болса,
Бірінші- иманың,
Екінші- жиғаның
Үшінші- ырысыңның тұрағы.
Төле би
Өркенім өссін десең, кекшіл болма
Кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма,
Өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға, қастық қылма,
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға, жәрдемші бол асыға.
Қиын- қыстау күндерде, өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!
Қазыбек би
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеки би
Ашуыңа сүйенсең, адасудың белгісі.
Аңғал болсаң әр іске, алжасудың белгісі.
Екі адамға жалтақтау, еріншектің белгісі.
Еселеп шашу шашқаны, көңілшектің белгісі.
Артық ішу тамақты, ақылсыздан шыққан іс
Ақшасыз берсе аңғарып, қарыныңа өлшеп іш!
Ауру болар түбінде, артық ішкен асыңыз.
Орта құрсақ жүрсеңіз, аман болар басыңыз.
Ашылып кетсе араның, аурудың түбі ас болар.
Ақылы жетпей кейбіреу, ақылдыға қас болар.
Бөлтірік шешен
Ішіп- жеп тойғанын айтар
Саудагер сөйлей қалса.
Кездеме қызыл байрағын айтар
Шаштараз сөйлей қалса, ұстарасы мен қайрағын айтар.
Ақылды сөйлей қалса,
Сөздің қаймағын айтар.
Ақымақ сөйлей қалса,
Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар.
Ең тәтті де – тіл.
Ең ащы да – тіл.
Ең жұмсақ та – тіл.
Ең қатты да – тіл.
Қызыл тілден- қан да тамады, бал да тамады.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте.
Сөзі жоғалған, жұрттың өзі де жоғалады.
Сапақ шешен
Жылқының үсті- жел, сүті – ем.
Мінсең – тұлпар, ұшсаң – сұңқар
Жүрісі – бұлбұл, қылы – шылбыр.
Еті – бал, қазы, қарта, жал.
Терісі – киім, тұяғы – бұйым.
Жерден ауыр – ақыл, білім
Судан терең – оқу, ғылым.
Оттан ыстық – ғашықтық
Көктен биік – тәкәббарлық.
Досбол би
Жуыма опасызға көңіл сенбес,
Зиянды, ол бір ағаш жеміс бермес
Бар болса еркелейді ит секілді,
Жоқ болсаң өлдім десең қолын бермес.
Асығу ашулану шайтан ісі,
Бұларға жол бермейді жақсы кісі.
Кемге – рахым, ашуға сабыр керек,
Жұмсасаң жетіп шығар ердің күші.
Сөзге сынық болады қу бас адам,
Оны қу бас деп айтар кейбір надан.
Туысында ешкімненкемдігі жоқ,
Тілегі болмай қалған бір алладан.
Өнерің болса оқыған,
Тау суындай тасыңдар.
Өнер – білім болмаса,
Мақтанудан пайда жоқ
Кеуделеуден көкиіп.
Шағырай шешен
І оқушы: Шешендік сөздер, нақылдар мен толғаулар – үлкенге де, кішіге де өмірлік ғибрат аларлық тұнып тұрған өсиет. Мені әр дәуірлерде өмір сүрген әлемнің ұлы ойшылдары мен атақты би-шешендердің кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге боларлық ой-пікірлері, толғаулары қатты ойландырды. Адамның жалғыз қалып ойланатын кездерінде осы дана сөздер маған ақыл-кеңес, рухани байлық және күш-қуат береді. Осы аталар сөзін оқи отырып, мен өзіме керектілерін жаттап, жазып, өзімнің өмірлік серігім қылып алдым. Рас, қазір өзімнің құрдастарым, сыныптастарым әдеби кітаптар мен аталар сөздеріне көңілдегідей ден қоймайды. Осынысымен олардың ішкі жан-дүниесі жұтаңданып бара жатқанын да сезінбейтініне, түсінбейтініне қынжыламын. Егер әрбір жас жігіт, әрбір қыз біздің елімізде игілікті, асқақ идеялар құшағында өмір сүретін болса, егер идея әркімнің ар-намысының сақшысы болса, онда біздің қоғамымыз арман еткен адамгершілік, рухани сұлулық әлеміне айналар еді. Сол үшін мен мына бір нақыл өлең жолдарын өзімнің құрдастарыма арнағым келеді:
Маңдайда көз барында,
Ауызда сөз барында,
Отыз екі тіс барында,
Білекте күш барында,
Жүрегің соғып тұрғанда,
Қаның толық тұрғанда,
Миың істеп тұрғанда,
Майданға түс деп тұрғанда.
Серпілмеген адамды,
Саңылаусыз наданды,
Болар ма екен жан деуге?
Отырмын жақын мал деуге.
Меніңше адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу. Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да, қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.
ІІ оқушы: Жаман мінез-құлық, рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек. Меніңше әркім өзін-өзі тәрбиелеу үшін, ол өзіне-өзі қатаң бейтарап әділ сотына шақыруы керек. Өзіңнің ар-намысыңды, тіпті аз да болса өзімшілдігіңді аямай, өзіңнің кемістік жерің мен айыбыңды дер кезінде байқай білу керек және барлық уақытта жаман қылықтарға жол бермеу керек.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды, - деп айтып кеткен Әйтеки би
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен ... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет.
Егер адам бойындағы зиянды әдет-дағдыларды түптамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді ... Бірақ та қиыншылығы сонда – мысқалдап ұзақ уақыт енген жаман әдет-дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек.
Жуыма опасызға көңіл сенбес,
Зиянды, ол бір ағаш жеміс бермес
Бар болса еркелейді ит секілді,
Жоқ болсаң өлдім десең қолын бермес.
Асығу ашулану шайтан ісі,
Бұларға жол бермейді жақсы кісі.
Кемге – рахым, ашуға сабыр керек,
Жұмсасаң жетіп шығар ердің күші.
Сөзге сынық болады қу бас адам,
Оны қу бас деп айтар кейбір надан.
Туысында ешкімненкемдігі жоқ,
Тілегі болмай қалған бір алладан.
Өнерің болса оқыған,
Тау суындай тасыңдар.
Өнер – білім болмаса,
Мақтанудан пайда жоқ
Кеуделеуден көкиіп.
Шағырай шешен
Тектіменен дос болсаң,
Қадіріңді біледі.
Тексізбенен дос болсаң,
Өзіңді сыртқа тебеді.
Әйеліңмен дос болсаң,
Отаныңа береке кіреді.
Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақыл береді.
Бигелді би
Астыңдағы атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы.
Алғаның жақсы болса,
Үй мен қонақтың тұрағы.
Әкең – асқар тау,
Шешең – қайнар бұлақ,
Балаң жақсы болса
Екі көздің шам – шырағы.
Міне – бес бақыт осы.
Атың шабан болса,
Жалғанның азабы
Алғаның жаман болса,
Дүниенің тозағы
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Міне – үш кемдік осы.
Қалың ел көшсе,
Көл құлазиды.
Қаптаған мал кетсе,
Бел құлазиды.
Нарқын танымаған,
Сөз құлазиды.
Қатарынан айрылған
Шал құлазиды.
Міне, - төрт құлазу осы.
Қанай шешен
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Асан Қайғы
І оқушы: Қорытынды сөз
... Дарға салса алмастай қиған, сезімге салса қорғасындай балқытқан, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қаймағы бұзылмай ділі мен діні аман тұрған қазақ халқының тағдырына солтүстік көршіміз озбырлықпен араласып, аталар аманат етіп тапсырған тіліміздің өзін жоғалтып алуға сәл-ақ қалған біздің елде егемендікке қол жеткізген бүгінгі уақытта, тарихымызда елеулі із қалдырған, шешендігі, даралығы адамзатқа рухани азық боларлық тұлғаларымызды таныту арқылы Ана тілімізді де насихаттаймыз.
Иә, қазіргі замана ағымына байланысты шешендік сөздердің пайдаланылуы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің заманындағыдай емес. Сонда да, бұл шешендік сөздер, бұрынғыдан қалған нақыл сөздер қолданыстан шығып қалады дегенді білдірмейді (автомобиль жолдарының бойындағы тақтайшадағы нақыл сөздер осының дәлелі). Сондықтан біз, әсіресе, жастар арасында ұлт жадынан шыға қоймаған нақыл сөздерді жарнамалауға баса назар аударуымыз керек.
ХVІ ғасырда Әнет баба айтып кеткен «Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын » өсиетін қазіргі Президентіміз ұстанып отырған саясаттың негізгі бөлігі ретінде жүзеге асырып келеді. Қанша ғасыр өтсе де ескі, ұлағатты сөздер жаңа заманда өз орнын тауып, өзектілігін жоғалтпай отыр.