kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аталар с?зі -а?ылды? к?зі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Аталар с?зі – а?ылды? к?зі.»

Ма?саты:  

Білімділік: Аталардан ?ал?ан ?ла?атты ?ибрат аларлы? с?здерді балалар?а ??ындыру; Т?рбиелілігі: Сол с?здерден ?неге алу?а баулу.

Дамытушылы?ы: Ойын на?ты д?рыс жеткізуге, тап?ыр с?йлеуге, а?ылды, салма?ты ой айту?а ?йрету.

К?рнекілігі: би-шешендерді?, а?ын-жазушыларды?  суреттері, шешендік с?здер, на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар, кітаптар к?рмесі.

 Жоспар:

1.Ата ?сиеті.

2.Баталы ??л – арымас.

3.Жарасып т?р д?ст?рім.

4. Аталар с?зі- а?ылды? к?зі.

Барысы:

Кіріспе

М??алім: ?аза? ж?рты жаратылысынан с?з ?неріне бейім халы?. Оны? ?иыннан ?иыстыра, т?теннен т?ге с?йлейтін тап?ыр да, ?анатты ойлары ж?нінде ?зіміз де, ?згелер та?дай ?а?ып айтудамыз. Би-шешендер даулы  м?селені т?йінді т?рт-а? ауыз с?збен тындырып отыр?ан. Олар барынша адал, ешкімге б?ра тартпайтын, тура с?йлейтін на?ыз шешен, ?рі а?ылг?й, халы? ?ам?оры бол?ан.

  Би –шешен бабаларымызды? ?руа?ы риза болсын, да??ы артсын, ел ?шін е?бегі елеусіз ?алмасын, кейінгі ?рпа? б?л кісілерді? ?сиеттерінесте са?тап, с?з ?адірін т?сіне білуге ?йренсін.

Таза мінсіз асыл тас

Су т?бінде жатады.

Таза мінсіз асыл с?з

Ой т?бінде жатады.

Су т?бінде жат?ан тас

Жел тол?ытса шы?ады.

Ой т?бінде жат?ан с?з

Шер тол?ытса шы?ады.

                                        Асан?ай?ы.

  Ендеше, к?нделікті ?мірде ата - ?желерімізді?, ата – аналарымызды? айтып отыратын, «Аталар с?зі – а?ылды? к?зі» атты т?рбие са?атымызды бастайы?.

Б?гінгі т?рбие са?атыны? негізгі ма?саты ?з хал?ымызды? салт-д?ст?рлері, асыл ?азыналары, асыл м?ралары туралы о?ушыларымыз?а т?сіндіріп бойларына сі?іру болып табылады.

Ата бабаларымыздан бізге жеткен к?птеген ?ла?атты ?ибрат аларлы?, тамаша т?лім – т?рбие берерлік ?сиет с?здер ?те к?п.

Соларды атап, к?н шапа?ына орналастырайы?.

                                            

                

                   ж?мба? жа?ылтпаш                                          

  

  шешендік с?здер ма?ал                                                                

              

                ?тірік    ?ле? на?ыл с?здер    

М??алім: Олай болса, «Аталар ?сиеті » б?ліміне с?з кезегін берейік.      

 Жерден ауыр не?

Судан тере? не?

Оттан ысты? не?

К?ктен биік не?

1-о?ушы: Жерден ауыр дегенім –а?ыл-білім,

Судан тере? дегенім-о?у ?ылым.

Оттан ысты? дегенім- адамны? ?мірі,

К?ктен биік дегенім-т?каппарды? к??ілі.

М??алім: Не жетім?

2-о?ушы:

Жа?быр жаумаса –жер жетім,

Басшысы болмаса –ел жетім.

??пас?а айтыл?ан- с?з жетім.

М??алім: Не т?тті?

Не ж?мса??

Не ?атты?

4-о?ушы: Не т?тті?

Ананы? с?ті т?тті.

Не ж?мса??

Ананы? ?олы ж?мса?.

Не ?атты?

?кені? ж?регі ?атты.

 М??алім: Не ?ымбат?

5-о?ушы:

Алтын ?я? –Отан ?ымбат,

??т береке? –ата? ?ымбат.

Аймалайтын  -ана? ?ымбат.

Мейірімді- апа? ?ымбат.

Ас?ар тауы? –?ке? ?ымбат,

Б?рінен де ?ят пенен ар ?ымбат.

М??алім:?аза?ты? ?она?ы неше т?рлі болады?

6-о?ушы: ?аза?ты? т?рт т?рлі ?она?ы болады.

Біріншісі- арнайы ?она?.

Екіншісі- ??дайы ?она?.

?шіншісі-?ыдырма ?она?.

Т?ртіншісі-?ыл?има ?она?.

М??алім: Жеті ата деген кім?

7-о?ушы: ?ке, бала, немере, ш?бере, ш?пшек, немене, туажат.

М??алім: Досты? нешеу болады?

8-о?ушы: Досты? екеу.

Бірі-адал досты?.

Екіншісі –амал досты?.

Адал досты? – ?мірлік н?с?а болады,

Амал досты? –?рісі ?ыс?а болады.

М??алім: ?аза? хал?ыны? е? ??рметті ?нері –с?з ?нері. Соны? бірі – шешендік ?нер. Шешендік с?з ?аза?ты? ?ай баласынан болсын шы?уы м?мкін. ?йткені суырып салма а?ын, ?ткір с?зді шешен адамдар к?п бол?ан. Бізді? хал?ымыз с?зді айта ж?не ты?дай білген адамдарды ерекше ??рметтеген.

    С?зге шешен ата?ты адамдар, билер: ?йтеке би, Т?ле би, ?азбек би.

?йтеке биді? шешендік  с?зінен:

Ашу бар жерде а?ыл т?рмайды.

Ашу деген- а?ын су,

Алдын ашса?, ар?ырар.

А?ыл деген-дария,

Алдын тосса?, то?ырар.

М??алім: Бата халы?ты? рухани к?ш алатын ??діретті сенім к?ші. Ол ел сенімін а?тайтын абзал азаматтар?а, таланты жастар?а, к?пті?  ж?гін к?терген, адамдар?а, жас с?биге, немесе ?лкендер жа?сы ісіне риза бол?ан жа?дайларда берілетін ?лы адамдар мен а?са?алдарды? а? тілегі, ?рі ?мірлік жолдамасы.

Батаны? т?рлері к?п.Соны? бір жас ?лан?а бата беру.(Т?ле биді? Жетеске бата бнруінен к?рініс.)

Бірде то?ыз жасар Жетес то?санда?ы Т?ле биге с?лем бере барыпты. Сонда Т?ле би былай деген екен:

Т?ле би: Бата- бас?а, ?ына -тас?а, а?ыл –жас?а, не ?алайсы?, балам?

Жетес: О, ?асиетті баба! Ат берсе?із ?ліп ?алады, тон берсе?із тозып ?алады. Ат, тон?а бергісіз, ?лмейтін, ?шпейтін, ?мірі естен кетпейтін бір ?сиет айтса?ыз со?ан ризамын.

Т?ле би: Онда ?олы?ды жай балам.

Бір ?йді? баласы болма,

К?п ?йді? санасы бол!

Бір елді? атасы болма,

Бар елді? данасы бол!

Бір тонны? жа?асы болма,

К?п ?олды? а?асы бол!

А?ты а? деп ба?ала,

?араны ?ара деп ?арала.

?зегі? талса ?зен бойын жа?ала

Басы?а іс т?ссе к?пшілікті са?ала.

?зі?е-?зі? к?міл бол,

Жауы?а ?атал бол!

Досы?а адал бол!

?умин!

М??алім:

Тілім барда, ?аза?ым бар, хал?ым бар,

Д?ст?рім бар, ата жолы салтым бар.

Ке? даладай жиналма?ан шал?айы,

А??ау ашы? мінезім бар а??ылда? – деп ендеше «Жарасып т?р д?ст?рім» к?рінісін тамашала?ыздар.

Жарасып т?р д?ст?рім!

А: С?йінші, с?йінші! Ауылдан ?жем келді.

Д : С?йінші с?рау шын ?уан?анды?ты? белгісі, ?атты ?уанып т?р екенсі?, м?, сыйлы?ы?ды ала ?ой.

А: Дильназ, арты?а жасырып т?р?аны? не н?рсе?

Д: Бай?азы берсе?, к?рсетем.

 Бай?азы балаларды? жа?а киімі ?шін берілетін сыйы.

А:Бай?азы с?ра?анны? арты?шылы?ы жо?. М?, ала ?ой, са?ан монша?ымды берейін, к?рсетші.

Д: (Басына бас киімін киіп) Міне, ?жем тігіп берген бас киім. Ал, атам ма?ан жа?а ?оша?ан сыйлады. ?озымды к?ргілері? келсе, к?рімдігін даярла?дар.

А: Бай?азы жансыз д?ниеге, ал к?рімдік жанды?а беріледі.

Д: Ж?р, онда к?рсетейін.

М??алім: Келесі б?ліміміз «Аталар с?зі- а?ылды? к?зі» деп аталады.

Ата-бабаларымыздан бізге мол м?ра –ма?ал, на?ыл с?здер, шешендік с?здер, ж?мба? –жа?ылтпаштар ?алды. ?арап отырса?, б?л ??р с?здер емес, оларды? белгілі бір м?н- ма?ынасы бар, белгілі бір жа?дай?а байланысты айтыл?ан.

Ма?ал –м?телдер мен на?ыл с?здерді? ма?ынасын т?сіндіру.

1.Бірлік т?бі –тірлік.

2. А?ыл базарда сатылмайды.

3. О?у инемен ??ды? ?аз?андай.

4. Досы к?пті жау алмайды,

А?ылы к?пті дау алмайды.

 Бізді? к?нделікті т?рмысымызда ?олданып ж?рген ма?алдарымызды? к?біні? авторлары бар. Олар да халы?ты? ж?регіне жа?ын келіп, орта? игілігіне, м?расына айнал?ан.

 ?ткен к?ннен алыс жо?,

Келер к?ннен жа?ын жо?.

                                     А. Байт?рсын?лы.

Білімі барды? аты ?седі,

Білімі жо?ты? аты ?шеді.

                                      ?. Науаи

Отан ?шін от?а т?скін- к?ймейсі?.

Ерлік елеусіз ?алмасын.

Ана ?шін аянба –ант ?рады,

Бала ?шін аянба- беті? к?йеді.

Ел ?шін аянба – ерлігі?е сын,

Ж?рт ?шін аянба – жігіттігі?е сын.

Т?ртіп т?н ?шін,

Ынтыма? жан ?шін керек.

Ерлік – елді? ?асиеті,

Ж?ректілік –жігітті? ?асиеті.

?мір ?шін ?лгенше к?рес.

Батыр жауда сыналады, жуас жайда сыналады.

?з ?лтын сыйламау, оны ма?таныш етпеу – сат?ынды?.

                                                         Б. Момыш?лы

Балалар, ?здері? дайындап ?келген кітапшалары?нан ма?ал-м?телдер, на?ыл с?здерді, ж?мба?тар мен жа?ылтпаштарды о?ып таныстыры?дар.

?орытындылау

М??алім:  Балалар б?гінгі т?рбие са?атынан ?андай ?сер алды?дар, ой т?йді?дер, ?андай ?неге алды?дар. ?з ойларымызбен б?лісіп б?гінгі т?рбие са?атын ?орытындылайы?.

М??алім: Кешегі к?нсіз келешек жо?. Б?гінгі жас ?рпа?ты сонау замандардан жина?тал?ан ата – бабаларымызды? мол м?расымен сусындату бізді? міндетіміз. ?лды? батыр, ?ызды? ?депті болып ?алыптасуы, бабалар м?расына байланысты. Демек, бабаларымызды? ?неге ?сиетін пайдалана отырып т?рбиелеу ?лтты? т?л?аны ?алыптастырады.

Аталар с?зімен ?сіп ?нген,

 Бабалар б?ла?ынан н?р ал?ан,

Даналар ?сиетінен т?рбие ал?ан,

?лылар т?рбиесіне та?зым еткен

?рпа?ымыз халы?ты? ?ибрат еткен.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аталар с?зі -а?ылды? к?зі »


Тақырыбы: «Аталар сөзі – ақылдың көзі.»

Мақсаты:

Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Көрнекілігі: би-шешендердің, ақын-жазушылардың суреттері, шешендік сөздер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар көрмесі.

Жоспар:

1.Ата өсиеті.

2.Баталы құл – арымас.

3.Жарасып тұр дәстүрім.

4. Аталар сөзі- ақылдың көзі.

Барысы:

Кіріспе

Мұғалім: Қазақ жұрты жаратылысынан сөз өнеріне бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер таңдай қағып айтудамыз. Би-шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен, әрі ақылгөй, халық қамқоры болған.

Би –шешен бабаларымыздың әруағы риза болсын, даңқы артсын, ел үшін еңбегі елеусіз қалмасын, кейінгі ұрпақ бұл кісілердің өсиеттерінесте сақтап, сөз қадірін түсіне білуге үйренсін.

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.


Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

Асанқайғы.

Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп бойларына сіңіру болып табылады.

Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.

Соларды атап , күн шапағына орналастырайық.





жұмбақ жаңылтпаш

шешендік сөздер мақал

өтірік өлең нақыл сөздер




Мұғалім: Олай болса , «Аталар өсиеті » бөліміне сөз кезегін берейік.

Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?

1-оқушы: Жерден ауыр дегенім –ақыл-білім,

Судан терең дегенім-оқу ғылым.

Оттан ыстық дегенім- адамның өмірі,

Көктен биік дегенім-тәкаппардың көңілі.

Мұғалім: Не жетім?

2-оқушы:

Жаңбыр жаумаса –жер жетім,

Басшысы болмаса –ел жетім.

Ұқпасқа айтылған- сөз жетім.

Мұғалім: Не тәтті?

Не жұмсақ?

Не қатты?

4-оқушы: Не тәтті?

Ананың сүті тәтті.

Не жұмсақ?

Ананың қолы жұмсақ.

Не қатты?

Әкенің жүрегі қатты.

Мұғалім: Не қымбат?

5-оқушы:

Алтын ұяң –Отан қымбат,

Құт берекең –атаң қымбат.

Аймалайтын -анаң қымбат.

Мейірімді- апаң қымбат.

Асқар тауың –әкең қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Мұғалім:Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

6-оқушы: Қазақтың төрт түрлі қонағы болады.

Біріншісі- арнайы қонақ.

Екіншісі- құдайы қонақ.

Үшіншісі-қыдырма қонақ.

Төртіншісі-қылқима қонақ.



Мұғалім: Жеті ата деген кім?

7-оқушы: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Мұғалім: Достық нешеу болады?

8-оқушы: Достық екеу.

Бірі-адал достық.

Екіншісі –амал достық.

Адал достық – өмірлік нұсқа болады,

Амал достық –өрісі қысқа болады.

Мұғалім: Қазақ халқының ең құрметті өнері –сөз өнері . Соның бірі – шешендік өнер. Шешендік сөз қазақтың қай баласынан болсын шығуы мүмкін. Өйткені суырып салма ақын, өткір сөзді шешен адамдар көп болған. Біздің халқымыз сөзді айта және тыңдай білген адамдарды ерекше құрметтеген.

Сөзге шешен атақты адамдар, билер: Әйтеке би, Төле би, Қазбек би.

Әйтеке бидің шешендік сөзінен:

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген- ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген-дария,

Алдын тоссаң, тоқырар...

Мұғалім: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Батаның түрлері көп.Соның бір жас ұланға бата беру .(Төле бидің Жетеске бата бнруінен көрініс.)

Бірде тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен:

Төле би: Бата- басқа, қына -тасқа, ақыл –жасқа, не қалайсың, балам?

Жетес: О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз, өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын.

Төле би: Онда қолыңды жай балам.

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол,

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

Әумин!

Мұғалім:

Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – деп ендеше «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.

Жарасып тұр дәстүрім!

А: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

Д : Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.

А: Дильназ, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

Д: Байғазы берсең, көрсетем.

Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.

А:Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.

Д: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

А: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.

Д: Жүр , онда көрсетейін.

Мұғалім: Келесі бөліміміз «Аталар сөзі- ақылдың көзі» деп аталады.

Ата-бабаларымыздан бізге мол мұра –мақал, нақыл сөздер, шешендік сөздер, жұмбақ –жаңылтпаштар қалды. Қарап отырсақ, бұл құр сөздер емес, олардың белгілі бір мән- мағынасы бар, белгілі бір жағдайға байланысты айтылған.

Мақал –мәтелдер мен нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру.

1.Бірлік түбі –тірлік.

2. Ақыл базарда сатылмайды.

3. Оқу инемен құдық қазғандай.

4. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Біздің күнделікті тұрмысымызда қолданып жүрген мақалдарымыздың көбінің авторлары бар. Олар да халықтың жүрегіне жақын келіп, ортақ игілігіне , мұрасына айналған.

Өткен күннен алыс жоқ,

Келер күннен жақын жоқ.

А. Байтұрсынұлы.

Білімі бардың аты өседі,

Білімі жоқтың аты өшеді.

Ә. Науаи

Отан үшін отқа түскін- күймейсің.

Ерлік елеусіз қалмасын.

Ана үшін аянба –ант ұрады,

Бала үшін аянба- бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Тәртіп тән үшін,

Ынтымақ жан үшін керек.

Ерлік – елдің қасиеті,

Жүректілік –жігіттің қасиеті.

Өмір үшін өлгенше күрес.

Батыр жауда сыналады, жуас жайда сыналады.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.

Б. Момышұлы

Балалар, өздерің дайындап әкелген кітапшаларыңнан мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды оқып таныстырыңдар.

Қорытындылау

Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.

Мұғалім: Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

Аталар сөзімен өсіп өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған,

Даналар өсиетінен тәрбие алған,

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аталар с?зі -а?ылды? к?зі

Автор: Ишаналиева Маншук Беккалиевна

Дата: 08.10.2015

Номер свидетельства: 237537


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства