kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Асық-алтын қазынам!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойындар арқылы асыққа деген қызығушылықтарын арттыру,Шапшаң да жинақы,әдепті болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Асық-алтын қазынам!»

«Асық-алтын қазынам!»


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:

1.Білімділігі: Асық ойынының атауларын үйрену,асық ойнау денсаулыққа пайдалы екенін меңгеру.Асық туралы білімдерін бекіту.

2.Дамытушылығы:Төзімділікті,ептілікті,икемділікті дамыту.Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3.Тәрбиелігі: Ойындар арқылы асыққа деген қызығушылықтарын арттыру,Шапшаң да жинақы, әдепті болуға тәрбиелеу.

Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен қарапайым математикалық сандарды санап үйрету. Сонымен қатар,санай отырып түстерін ажыратуға, асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке,шапшаңдыққа баулу.

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті асықтар, сандар белгіленген карточкалар, фетрден жасалған қолғаптар,асықтан жасалған шоттар..

Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, дамытушы ойындар, санамақ,сандарды салыстыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Ал балалар олай болса барлығымыз шеңберге тұрайық.Бүгінгі оқу-қызметімізді жақсы көңіл күймен бастайық!

 Шаттық шеңбері:Жарқырап күн де ашылды,

                               Айналаға нұр шашылды.

                               Қайырлы күн!

                               Біз көңілді баламыз!

                               Қайырлы күн!

                               Біз сүйкімді баламыз!

Сұрақ-жауап: Жыл ерекшеліктері

Тосын сәт: Есік қағылады.

-Көмекші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бұл №42 «Түймедақ» балабақшасындағы 6-топ балалары мекен?

-Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Ия бұл 6-топ балалары. Сіз кім боласыз?

-Көмекші: Мен білім патшалығынан келіп тұрмын балалар! Осы топтың балаларына білім патшалығы мына сандықшаны беріп жіберген болатын.

-Тәрбиеші: Солай ма?Қандай керемет! Білім патшалығына біздің балалардың атынан үлкен рахметімізді айтарсыз!

-Көмекші: Жарайды,олай болса мен кетуім керек .Сау болыңдар балалар!

-Балалар:Сау болыңыз!

-Тәрбиеші:Балалар бұл сандықшаның ішінде не бар екен ашып көреміз бе?

-Балалар: Ия!

-Тәрбиеші:Олай болса бәріміз бірге ашайық. Ой балалар бұл не?

-Балалар: Түрлі-түсті асықтар!

-Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Білім патшалығы бізге асықтар беріп жіберіпті.Қандай керемет! Ендеше мен сендерге ата бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынға ойнайтын асық туралы кішкене мағлұмат айтып берейін.

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Оның түрлері көп.Атап айтқанда сақа, кеней, шүкейт, көктабан және тағы басқа да түрлері бар. Асықтың тұрысының өзі әртүрлі боп бөлінеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай.Асықтың осы тұрыстарынан оң жақ және сол жақ екенін ажырата аламыз. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.

-Тәрбиеші:Балалар асықпен ойын ойнағыларың келе ме?

-Балалар: Ия!

- Тәрбиеші:Ендеше мына қорапшаның ішінде бізге асықтардан тапсырма берілген екен.Орындап көремізбе?

-Балалар: Ия орындайық.


1-тапсырма. «Асықтарды түстеріне және сандарға қарай шоттарға орналастыр»

Мақсаты:Түрлі-түсті асықтарды түстері мен жазылған сандарға қарай асықтарды шоттарға дұрыс орналастыру. Түстерді ажыратып білуге және сандарды ретімен орналастыруға үйрету.

-Жарайсыңдар балалар!Бірінші тапсырманы өте дұрыс орындап шықтыңдар. Ал енді екінші тапсырмаға көшейік.


2-тапсырма. «Кім шапшаң?»

Мақсаты: Карточкада берілген нүктелерге сәйкес асықтарды дұрыс орналастыру. Ой өрісін дамыту.

-Балалар сендер екінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар,жарайсыңдар! Ендеше бәріміз ортаға шығып бір шынығып,сергіп алайық.


Сергіту сәті:      Секіреміз топ-топ,

                                 Шапалақтап көп-көп.

                                 Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш,

                                Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.

Жарайсыңдар балалар! Енді барлығымыз орнымызға отырып қалған тапсырмаларды орындайық.


3-тапсырма. «Салыстыру»

Мақсаты: Карточкадағы суреттерді салыстыру. Қайсысы көп және қайсысы аз екенін белгілеп,ауызша айтып түсіндіру.

-Ал балалар білім патшайымының барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындап жатырсыңдар!Керемет,жарайсыңдар!


4-тапсырма. «Қолшам» арқылы суреттегі асықтардың нешеу екенін табу.

Мақсаты: Суреттегі асықтардың нешеу екенін қолшам арқылы тауып, сол тапқан сандарға сонша асықты орналастыру.

-Өте тамаша балалар,қолшам арқылы тапсырмаларды керемет орындадыңдар!



Қорытынды:

-Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге білім патшалығы не беріп жіберіпті?

-Балалар: Асықтар беріп жіберіпті.

-Тәрбиеші: Асықты біз неден аламыз?

-Балалар:Төрт түлік малдың сүйегінен.

-Тәрбиеші:Асықпен қандай тапсырмалар орындадық?

-Балалар: Асықтарды санадық,түстеріне қарай ажыраттық.Сандарды салыстырдық.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар,жарайсыңдар.Осымен бүгінгі біздің оқу-қызметіміз аяқталды! Сендерге көп-көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Асық-алтын қазынам!

Автор: Ермакбаева Жулдыз Жанабаевна

Дата: 18.04.2022

Номер свидетельства: 605029

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Асық алтын қазынам""
    ["seo_title"] => string(18) "asyk_altyn_kazynam"
    ["file_id"] => string(6) "591163"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1636715145"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Кітап-асыл ?азына""
    ["seo_title"] => string(34) "t-rbiie-sag-aty-kitap-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "255623"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447953530"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-сарқылмас қазына”."
    ["seo_title"] => string(44) "sabak_tyn_tak_yryby_kitap_sark_ylmas_k_azyna"
    ["file_id"] => string(6) "393703"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487562833"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салт-д?ст?р – асыл ?азына "
    ["seo_title"] => string(24) "salt-d-stur-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "204507"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429684175"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(31) "klasssagatyatasaltymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "327041"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства