kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Кітап-асыл ?азына"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: “ Кітап-асыл ?азына”. 

Ма?саты: О?ушылар?а білімні? кітап ар?ылы  берілетінін ??ындыру. Кітапты? жасалу жолы туралы т?сінік беру.
Зейінін шо?ырландыру, шы?армашылы? ?абілетін, тіл байлы?ын,  ой-?рісін дамыту. 
О?улы?ты ??рметтей білуге, ??ыптылы??а, адамгершілікке т?рбиелеу. 

К?рнекілік: Интерактивті та?та, презентация, ма?ал-м?телдер, та?тада?ы суреттер , к?ріністер, кітап кейіпкерлері мен  бетперделері, жадынама, кітаптар к?рмесі.
Саба?ты? барысы: 
Кітап та алма а?ашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Т?тті алма?а балашы, 
Кітабы?ны? ?р бетін. 

Ж?мба? шешу. 
К?п ??гімем ?ле?ім, 
К?нде а?ыл беремін. 
Жа?сы к?рсе мені кім, 
Мен де оны жа?сы к?ремін. ( Кітап). 
Не білеміз?. 
Кітап – араб с?зі, “жазба”, ал т?рікше “д?птер”,”мерзімді баспас?з басылымы”деген с?з. 
Кітап ?мір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, о?у, т?рбие ??ралы. 

Адам кітап басатын ??ралды ойлап  тап?анша к?п уа?ыт ?тті. Кітаптар мазм?ны жа?ынан  ?рт?рлі болады. Оларды? ?а?азы да, тысы да м??абасы да, безендірулеріне де ?арай ?рт?рлі болады. (т?рлі кітап к?рсету)

Ал кітап ханшайымы ?з туралы не айтады екен?

(Кітап кіреді.)

Тарихтан м?лімет

Кітап ханшаймы. С?лемсіздер ме, достарым! Сендерді к?ргеніме ?те ?уаныштымын. Мен сіздерді? достары?мын. Достары? туралы к?п білесі?дер ме? Мені? ?жем ?андай бол?анын білесі?дер ме? Ендеше, ты?да?дар. Кітаптар ж?здеген жылдар бойы ?мір с?ріп келеді. Ертеде олар  м?лдем бас?аша болды. Баспа кітаптар?а дейін адамдар ?з ?олымен жаз?ан екен. Ол ?те ?иын ж?не ауыр ж?мыс болды. Он ?асыр б?рын Еуропада ?а?аз жасап ?йренді, сосын бізді? елде.

?азір кітаптар тез басылып шы?ады. Кітап жасауда к?п адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина  ?зі кітап істей алмайды. ?а?азды жасауды орманшыларды? да е?бегі зор. ?а?азды а?аштан жасайды. Жазушылар мен а?ындар ертегі, ?ле?, ??гіме жазады. Суретшілер  т?рлі суреттер салады. М?тінді теріп жазатын адамдар, басып шы?аратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да е?бек етеді. Адамны? е?бегі мол. Сол адамдар?а рахмет айтайы? балалар. Ал?аш?ы кітап баспасы а?аштан жасалды. ?аза? кітап баспасы Ресейге ?осыл?ан со? ?алыптасты.  Т???ыш ?аза? кітаптары 1800 жылы шы?арыла бастады. 

М??алім:-О?ушылар,ертеде бол?ан  кітапты? т?рлерін  тамашалайы?.

Т?ркі халы?тарыны? к?не жазба ескерткіші.( слайд) 
“Папирус” кітабы.( слайд) 
Мысырда жазу?а папирус ?олданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су ?сімдігінен дайындал?ан материал?а жазылып, ж?мыр тая?шалар?а шиыршы?тап оралды. 
“ Пергамент” кітабы.( слайд) 
Кітап басу цехы.( слайд) 
Т?птеу цехы.( слайд) 
М??алім: Кітап жасау о?ай ма?  Кітап жасауда ?анша адам ?атысады?  Кітапты? ?мірі ?за? па?  ?за? не ?ыс?а болса ол неге байланысты? Ал сен ?з кітаптары?ды ?алай са?тайсы??

 («Сыныпта?ы е? таза, ??ыпты кітап» тексерісіні? ?орытындысы.)

(?ліппе жылап кіреді.)

Кітап ханшайымы: -Бар кітапты? т?ресі, сізге не болды?

?ліппе: О, кітап ханшайымы, мені ??ыпсыз о?ушылар ??ртып жібере жаздады, Бір ?депті бала к?мек беріп, ??т?арды

Кітап ханшайымы: ?атты реніштісіз ?ой.
?ліппе: ?алай ренжімейін?! Бар білімні? к?ш басы ?ліппе едім салма?ты. Б?лдіршіндер менімен Сауат ашып достасып, ??рметтеп мені ?оштас?ан. Балалар?а не істегенімді білмеймін, пара?ымды паршалап, ?ор?аныш м??абам ?абыр?асын к?йретіп,  мені апарып с?йретті.
(жылайды)
Кітап ханшайымы: ?иын бол?ан екен, б?л б?зы? балаларды? ісі ?ой. Аман ??тыл?ан екенсіз, сабыр са?та?ыз. Сіз б?гін осы жерден на?ыз дос табасыз. Мына балалар кітаппен дос боламыз отыр.

(?атты ?уен ойнайды)

Кітап ханшайымы: Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану м?мкін емес ?ой. Сендер ?зі ?ай кітап боласы?дар?

К?рініс: «Кітаптар м??ы»
Ана тілі: Мен «Ана тілі» о?улы?ымын. Мен ?шін авторлар т?н ?й?ысын т?рт б?ліп, ?анша ?ызмет етті десе?ші! Сонда кім ?шін? Балалар о?ысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ?ой б?рінікі. Мен де ?олымнан келгенше, ?з бойымда?ы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасат?а т?рбиелеуге тырысып ба?тым. С?йткен к?нім не болды? Сорым ?айна?анда Адырбай деген баланы? ?олына т?сіп, бір жыл болмай мына к?йге ?шырадым. Егер к?тіп ?стаса келер жылы мені бас?а балалар о?ымас па еді? Жыртылма?ан, шимайланба?ан, сия тамба?ан пара?ым кемде - кем.
Математика: Мені? де о?ып т?р?ан жерім жо?, ?ріптесім. Мен «Математика» о?улы?ы боламын. Сот?арбай деген баланы? меншігіне тидім. ?депкіде о?улы? болып, мектеп боса?асына атта?аныма ?уан?ан едім. Оным к?пке бармады. Бірнеше к?н ?тпей - а? Сот?арбай к?зімді ба?ырайтып ?ойып, суретімді сиямен бастырып - бастырып сызып тастады. Онан к?теріп ж?руге ауырсынды ма, кейде ?зіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шы?арды. О?у жылы ая?тал?ан к?ні мектеп ауласында доп ?ылып тепкілеп - тепкілеп тастап кетті.
Ана тілі: Шынды?ын айт?анда, ?ркім ?з д?ниесіне ??ыпты болуы керек ?ой. Ондай балалар жо? та емес, бар. Алайда оларды? бір кемшілігі - Адырбай мен Сот?арбай сия?тылар?а досты? а?ыл айта алмай келеді.
Математика: Мені? ?зім сия?ты ??рдасым болды. Екеуміз - мектеп кітапханасына бір к?нде т?стік. Міне, о?ушы деп оны? иесін айт. Ондай баланы? ?олына т?ссе?, арманы? болмас, шіркін! Кітабына ша? жуытпайды. Сызбайды, сия тамызбайды.
Ана тілі: ?й, достым, бізден енді о?улы? шы?пайды. Бізді ?айтадан фабрикада бая?ыдай ?а?аз жасап, баспаханалар?а ж?нелтеді, ол жерден ?айта кітап етіп шы?арады. Тек келесі жолы ??ыпты о?ушыны? ?олына т?ссек екен.

(Екі кітап м??айып т?рады, сол кезде ?аза? тілі о?улы?ы келеді)
?аза? тілі: Ж?рі?дер, достар! Мені ?ста?ан Д?уренбек деген бала бар. Сол сендерді б?тіндейді, ??дайым Адырбай мен Сот?арбай сия?тылардан са?тасын. Келесі о?у жылында Д?уренбек сия?ты бала?а тап бол?айсы?дар.
Кітап ханшайымы:
Кітаппен дос болайы?,
Ата - баба ?мітін біз а?тайы?!
Балаларым, о?ы, ойна,
О?у - білім са?ан пайда.
Ана тілі: Кітабы?ны? шетін жыртып,
Сияменен бояп ?ойма.

М??алім: ?р бала?а  жадынама ?лестіру.
Есі?е са?та! 
1.Кітапты ??ыпты,таза ?стау керек.?здері?нен кейін оны к?птеген балалар о?итынын есі?нен шы?арма. 
2.Кітапты т?секте жатып, ас ішіп отырып о?ыма, кітап о?уды ?лкен ой е?бегімен о?у керек. 
3.Кітапты ?алай болса солай о?ыма. 
4.Кітапты жырту?а,сызу?а болмайды. 
5.Кітапханада шулау?а болмайды, ?йткені бас?алар?а кедергі келтіресі?. 
<!- [if !supportLineBreakNewLine]->
<!-[endif]->

М??алім: Ал балалар, кітап туралы ?ле?, та?па? білесі?дер ме? Орта?а ша?ырамыз.

?деби монтаж. 

1 - о?ушы:
Са?ан білім жемісін,
О?улы?ы? береді.
Талай адам сол ?шін,
Ма?дай терін т?геді.
2 - о?ушы:
Орманшыны? аялы,
Ала?аны ?сірген.
Сонау а?аш саялы,
?а?аз ?шін кесілген.
3 - о?ушы:
А?аш кесіп ?аншама адам,
Ормандарда ж?реді.
А?а ?анша шарша?ан,
А?аш тиеп ?немі.
4 - о?ушы:
Машинист боп жасынан,
Д?бірлетіп даланы,
Сол а?ашты тасы?ан,
Білер ме екен к?п адам.
5 - о?ушы:
Заводтарда к?н - т?ні,
?а?аз жасап ба?алы.
?анша адам кім ?шін,
Ма?дай тері тамады.
6 - о?ушы:
О?улы?ты барша?а,
Талай ?алым ?ол?а алып.
Жылдар бойы ?аншама,
Жазады ?за? тол?анып.
7 - о?ушы:
?демілеп берсем деп,
Бояу жа?ып не т?рлі.
Суретшілер к?ркемдеп,
?анша уа?ыт отырды.
8 - о?ушы:
?ріп теру ?шін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным к?рмеді.
9 - о?ушы:
О?улы?ты мектебі?
Берер са?ан теп - тегін.
Білмейсі? - ау еш біра?,
?аншама е?бек кеткенін.
10 - о?ушы:
О?улы?ы? ??ралы?,
Жа?ар білім шыра?ын.
Баса алмайсы? еш?ашан,
Онсыз ал?а бір адым.
М??алім: Ал ??рметті ?она?тар, ханшайым, о?улы?тар бізді? дайында?ан  ертегіміз бар соны тамашалайы?.

Р.Босилек. «Жа?сыларды? жа?сысы» (ертегі кейіпкері ?ызды ?л?а ауыстырдым)

Автор:  Бая?ыда бір адам баласымен жал?ыз бірнеше б?лмелі жары?, биік, ?те ?сем ?йде т?рыпты. ?йді? айналасы бау-ба?ша екен. Бір к?ні оны? кішкентай ?лы ба?шаны, барлы? б?лмелерді аралайды. Кірмеген жал?ыз ?ана б?лмесі ?алыпты. Ол ыл?и да жабы? т?рады екен.

?ыз:

-?ке, ма?ан жабы? т?р?ан б?лмеге кіруге р??сат еті?із.Осы б?лме бас?а б?лмелерге ?ара?анда жа?сы ?ой деп  ойлаймын.

?кесі:

-Оны? д?рыс ?лым. Жа?сыларды? е? жа?сысы сонда. Біра? сен ?лі жассы?,  ?скенде б?л б?лмені са?ан беремін. Сен о?ан ?мір бойы риза боласы?.

Автор: Ай ?теді, жылдар ?теді, ?л есейіп ер жетеді. ?кесі ?лына жабы? б?лмені? кілтін ?сынады.

?кесі: -Міне, балам, ер жетті?. Енді мына б?лмедегі асыл ?азына сенікі.

?лы: -Ала?ай, Ала?ай! (барып есікті ашып, санды?ты алып келеді)

Автор: ?лы ?уанып, ?уанышы ?ойныны сыймай ж?гіріп барып есікті ашады. Б?лмеде тек ?лкен санды? т?р?анын к?реді. Ол санды?ты ашса, оны? ішінде тек ?ршы?, кітап, ?рмек ?ана.

(Бала барлы? заттарды алып шы?ады)

?л: -?ке, сен  жабы? б?лмеде «жа?сыларды? жа?сысы бар деді? ?ой. Мен одан ?ршы?, ?рмек, кітаптан бас?а еште?е таппадым.

?кесі: - Міне, жа?сыларды? жа?сысы деген осылар, балам!

?ршы? пен ?рмек болса, е?бегі? жанады. Ал кітап о?ыса?, білімін артады. ?лемде б?лардан арты? жа?сы н?рсе жо?. Д?ниедегі м?лікті? б?рі е?бекпен, біліммен табылады.  Соны ?мытпа, балам!

?лы: Жарайды, ?ке, а?ылы?ызды ??тым. (екеуі  бір минут?а  ?нсіз ?алады)

Автор: Сол бала осы ?ш н?рсені ба?алап, на?ыз данышпан болады екен.

М??алім: -Бізді? ?ртістерімізге ?ошемет.

-Балалар, сендер кітапты кіммен о?исы?дар?

-Егер кітапты бай?аусыз жыртып алса?, не інілері? жыртса не істеуге болады? Кітаптар ?немі ?демі, б?тін болу ?шін  ?алай к?мектесуге болады?

(балаларды? жауаптары)

-?ане, кітап нені  жа?сы к?реді, нені жа?сы к?рмейтінін аны?тайы?.

(Та?та?а  кітаптарпды?  суреттері ілінеді.)

Кітап жа?быр мен ?ардан ?ор?ады.  Неге? (1 сурет).

(балаларды? жауабы)

Д?рыс, себебі судан ол б???лінеді. М??абасы ісіп, беттері мыжым-мыжым болады. Оны ?ста?ы? келмейді. Сен кітапхана?а баруы? керек. Далада жа?быр, не ?ар жауып т?р. Не істеуге болады? 

О?ушылар. Кітапты су ?ткізбейтін  пакетке не с?мкеге салу керек.

М??алім:   Кітап кір ?олдан ?ор?ады. (2-3 сурет). Неге?

О?ушылар. Кір ?олдан із ?алады. Майдан ?ал?ан да?ты кетіруге ?иын.

М??алім. Тама? ішіп отыр?анда кітап о?у?а болмайды.

-Кітап нені ?натады деп ойлайсы?дар? Д?рыс, оны к?тіп,  ??ыпты ?ста?анды  ?натады.

М??алім: “Жал?астыр”.  Ойынын ойнайы?. 
1.Білім -. (таусылмайтын байлы?). 
2.Кітап - білім б?ла?ы,. (білім - ?мір шыра?ы). 
3.Кітап –. (алтын ?азына). 
4.О?у инемен (??ды? ?аз?андай).

5. ?ліппені? ар жа?ы- (білім ба?ы)

6.К?п біл,  «аз с?йле)

7. - Білім бізді? шамшыра?ымыз,( кітап бізді? ?стазымыз.)
8. О?усыз  білім  жо?, (Білімсіз к?ні? жо?)

9. Кітапсыз ?й – (жансыз дене.)

10. А?ыл- баста, (Білім- кітапта).

М??алім. –Жарайсы?дар!  Сендер кітапты к?п о?исы?дар ма?

?андай ертегілерді білесі?дер?  (жауаптары.)

Ойын: «Суретті с?йлет». Балалар суреттерге ?арап, ертегіні? атын атайды. Слайдтан ?арап айтады.
М??алім: -Кітапты к?п о?исы?дар  екен. Жарайсы?дар! Ж?мба?, жа?ылпаштар о?ыды?дар ма?

-?ане, жат?а білесі?дер ме? (Балалар білгендерін айтады.)

?орытынды:  Ой ?оз?ау. 
Кітап неден, ?алай жасалады? 
Кітапсыз ?мірді елестету м?мкін бе? 
Кітапты ?алай ?стау керекпіз? 
Кітапханалар?а барып кітаптар алып о?имыз ба? 
?андай кітап о?ы?анды жа?сы к?ресі?? 
М??алім: -Жарайсы?дар балалар! Кітап о?у ?шін бізді? мектептегі немесе М? кітапхана? бары?дар.

(Барлы? о?улы?тар орта?а шы?ады)
Кітап ханшайымы:  Кітабы? сені?, ??ралы?, 

Жа?ар білім шыра?ын. 
Баса алмайсы? еш?ашан, 
Онсыз ал?а бір ?адам. 
Кітабы?ды ??рметте, 
К?тіп ?ста кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет, 
Да? т?сірмей бір бетке.

-Рахмет сіздерге балалар!  Кітапты  ??ыпты  ?ста?дар! Сау болы?дар.

МАРАПАТТАУ С?ТІ.  (ата-аналар?а ал?ыс хат, о?ушылар?а «О?ырман бала» мада?тамасы.

М??алім: Осымен т?рбие са?атымыз ая?талды. ??ыпты, білімді бала болып ?сі?дер. Белсенді ?атыс?андары?а рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Кітап-асыл ?азына"»

Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-асыл қазына”. 

 

Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы  берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.
Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын,  ой-өрісін дамыту. 
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, мақал-мәтелдер, тақтадағы суреттер , көріністер, кітап кейіпкерлері мен  бетперделері, жадынама, кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы: 
Кітап та алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы, 
Кітабыңның әр бетін. 

Жұмбақ шешу. 
Көп әңгімем өлеңім, 
Күнде ақыл беремін. 
Жақсы көрсе мені кім, 
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап). 
Не білеміз?. 
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. 
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы. 

Адам кітап басатын құралды ойлап  тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар мазмұны жағынан  әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады. (түрлі кітап көрсету)

Ал кітап ханшайымы өз туралы не айтады екен?

(Кітап кіреді.)

Тарихтан мәлімет

Кітап ханшаймы. Сәлемсіздер ме, достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздердің достарыңмын. Достарың туралы көп білесіңдер ме? Менің әжем қандай болғанын білесіңдер ме? Ендеше, тыңдаңдар. Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар  мүлдем басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын біздің елде.

Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина  өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер  түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.  Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. 

Мұғалім:-Оқушылар,ертеде болған  кітаптың түрлерін  тамашалайық.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд) 
“Папирус” кітабы.( слайд) 
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. 
“ Пергамент” кітабы.( слайд) 
Кітап басу цехы.( слайд) 
Түптеу цехы.( слайд) 
Мұғалім: Кітап жасау оңай ма?  Кітап жасауда қанша адам қатысады?  Кітаптың өмірі ұзақ па?  Ұзақ не қысқа болса ол неге байланысты? Ал сен өз кітаптарыңды қалай сақтайсың?

 («Сыныптағы ең таза , ұқыпты кітап» тексерісінің қорытындысы.)

(Әліппе жылап кіреді.)

Кітап ханшайымы: -Бар кітаптың төресі, сізге не болды?

Әліппе: О, кітап ханшайымы, мені ұқыпсыз оқушылар құртып жібере жаздады, Бір әдепті бала көмек беріп, құтқарды

Кітап ханшайымы: Қатты реніштісіз ғой.
Әліппе: Қалай ренжімейін?! Бар білімнің көш басы Әліппе едім салмақты. Бүлдіршіндер менімен Сауат ашып достасып, Құрметтеп мені қоштасқан. Балаларға не істегенімді білмеймін, парағымды паршалап, қорғаныш мұқабам қабырғасын күйретіп,  мені апарып сүйретті...
(жылайды)
Кітап ханшайымы: Қиын болған екен, бұл бұзық балалардың ісі ғой. Аман құтылған екенсіз, сабыр сақтаңыз. Сіз бүгін осы жерден нағыз дос табасыз. Мына балалар кітаппен дос боламыз отыр.

(Қатты әуен ойнайды)

Кітап ханшайымы: Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану мүмкін емес қой. Сендер өзі қай кітап боласыңдар?

Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Ана тілі: Мен «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұстаса келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде - кем.
Математика: Менің де оңып тұрған жерім жоқ, әріптесім. Мен «Математика» оқулығы боламын. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасына аттағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей - ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып - бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп - тепкілеп тастап кетті.
Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес, бар. Алайда олардың бір кемшілігі - Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді.
Математика: Менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуміз - мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Сызбайды, сия тамызбайды.
Ана тілі: Әй, достым, бізден енді оқулық шықпайды. Бізді қайтадан фабрикада баяғыдай қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді, ол жерден қайта кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен.

(Екі кітап мұңайып тұрады, сол кезде қазақ тілі оқулығы келеді)
Қазақ тілі: Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.
Кітап ханшайымы:
Кітаппен дос болайық,
Ата - баба үмітін біз ақтайық!
Балаларым, оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Ана тілі: Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

Мұғалім: әр балаға  жадынама үлестіру.
Есіңе сақта! 
1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 
2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 
3.Кітапты қалай болса солай оқыма. 
4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды. 
5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. 

Мұғалім: Ал балалар, кітап туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме? Ортаға шақырамыз.

Әдеби монтаж. 

1 - оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
2 - оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
3 - оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
4 - оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
5 - оқушы:
Заводтарда күн - түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6 - оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7 - оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
8 - оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
9 - оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп - тегін.
Білмейсің - ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
10 - оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Мұғалім: Ал құрметті қонақтар, ханшайым, оқулықтар біздің дайындаған  ертегіміз бар соны тамашалайық.

Р.Босилек. «Жақсылардың жақсысы» (ертегі кейіпкері қызды ұлға ауыстырдым)

Автор:  Баяғыда бір адам баласымен жалғыз бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай ұлы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлмесі қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.

Қыз:

-Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп  ойлаймын.

Әкесі:

-Оның дұрыс ұлым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың,  өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың.

Автор: Ай өтеді, жылдар өтеді, ұл есейіп ер жетеді. Әкесі ұлына жабық бөлменің кілтін ұсынады.

Әкесі: -Міне, балам, ер жеттің. Енді мына бөлмедегі асыл қазына сенікі.

Ұлы: -Алақай, Алақай! (барып есікті ашып, сандықты алып келеді)

Автор: Ұлы қуанып, қуанышы қойныны сыймай жүгіріп барып есікті ашады. Бөлмеде тек үлкен сандық тұрғанын көреді. Ол сандықты ашса, оның ішінде тек ұршық, кітап, өрмек қана.

(Бала барлық заттарды алып шығады)

Ұл: -Әке, сен  жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар дедің ғой. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа ештеңе таппадым.

Әкесі: - Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, балам!

Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімін артады. Әлемде бұлардан артық жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады.  Соны ұмытпа , балам!

Ұлы: Жарайды, әке, ақылыңызды ұқтым. (екеуі  бір минутқа  үнсіз қалады)

Автор: Сол бала осы үш нәрсені бағалап, нағыз данышпан болады екен.

 

Мұғалім: -Біздің әртістерімізге қошемет.

-Балалар, сендер кітапты кіммен оқисыңдар?

-Егер кітапты байқаусыз жыртып алсаң, не інілерің жыртса не істеуге болады? Кітаптар үнемі әдемі, бүтін болу үшін  қалай көмектесуге болады?

(балалардың жауаптары)

-Қане, кітап нені  жақсы көреді, нені жақсы көрмейтінін анықтайық.

(Тақтаға  кітаптарпдың  суреттері ілінеді.)

Кітап жаңбыр мен қардан қорқады.  Неге? (1 сурет) .

(балалардың жауабы)

Дұрыс, себебі судан ол бұһүлінеді. Мұқабасы ісіп, беттері мыжым-мыжым болады. Оны ұстағың келмейді. Сен кітапханаға баруың керек. Далада жаңбыр, не қар жауып тұр. Не істеуге болады? 

Оқушылар. Кітапты су өткізбейтін  пакетке не сөмкеге салу керек.

Мұғалім:   Кітап кір қолдан қорқады. (2-3 сурет). Неге?

Оқушылар. Кір қолдан із қалады. Майдан қалған дақты кетіруге қиын.

Мұғалім. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқуға болмайды.

-Кітап нені ұнатады деп ойлайсыңдар? Дұрыс, оны күтіп,  ұқыпты ұстағанды  ұнатады.

 

Мұғалім: “Жалғастыр”.  Ойынын ойнайық. 
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 
2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 
3.Кітап – ... (алтын қазына). 
4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

5. Әліппенің ар жағы- (білім бағы)

6.Көп біл,  «аз сөйле)

7. - Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.)
8. Оқусыз  білім  жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

9. Кітапсыз үй – (жансыз дене.)

10. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).

 

Мұғалім. –Жарайсыңдар!  Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?

Қандай ертегілерді білесіңдер?  (жауаптары.)

 

Ойын: «Суретті сөйлет». Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан қарап айтады.
Мұғалім: -Кітапты көп оқисыңдар  екен. Жарайсыңдар! Жұмбақ, жаңылпаштар оқыдыңдар ма?

-Қане, жатқа білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.)

Қорытынды:
  Ой қозғау. 
Кітап неден, қалай жасалады? 
Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? 
Кітапты қалай ұстау керекпіз? 
Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? 
Қандай кітап оқығанды жақсы көресің? 
Мұғалім: -Жарайсыңдар балалар! Кітап оқу үшін біздің мектептегі немесе МҮ кітапханағ барыңдар.

 

(Барлық оқулықтар ортаға шығады)
Кітап ханшайымы:  Кітабың сенің, құралың, 

Жағар білім шырағын. 
Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір қадам. 
Кітабыңды құрметте, 
Күтіп ұста кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет, 
Дақ түсірмей бір бетке.

-Рахмет сіздерге балалар!  Кітапты  ұқыпты  ұстаңдар! Сау болыңдар.

МАРАПАТТАУ СӘТІ.  (ата-аналарға алғыс хат, оқушыларға «Оқырман бала» мадақтамасы.

 

Мұғалім: Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Ұқыпты, білімді бала болып өсіңдер. Белсенді қатысқандарыңа рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "Кітап-асыл ?азына"

Автор: Оразалиева Айнур Койшибаевна

Дата: 19.11.2015

Номер свидетельства: 255623


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства