Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Біз мектепке барамыз"
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Біз мектепке барамыз"
Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткен тақырыптарды білім шыңына жету мақсатында бекіту. Мектепке баратын балалардың сөздік қорларын молайту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айта білуін қадағалау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Біз мектепке барамыз"»
Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№ 21 МдҰ–ның ересектер тобы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз
Мақсаты: Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткен тақырыптарды білім шыңына жету мақсатында бекіту. Мектепке баратын балалардың сөздік қорларын молайту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айта білуін қадағалау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, бейнесюжеттер, слайд
Қажетті құрал-жабдықтар: плакаттар, проектор
Әдіс-тәсілдер:сұрақ- жауап, түсіндіру,ойын, көрсету
Іс-әрекеттің барысы:
Сәлемдесу, жылдың мезгілін, айын, аптаның күнін айту.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Апта күні қандай?
-Балалар сіздер жақында мектепке барасыздар. Мектепке бару үшін білім шыңына жетуіміз қажет.
Асулардан өтіп көрейік.
1 асу: Қазақстан туралы.
Отан туралы тақпақтар айту.
ҚР президенті, ҚР рәміздері туралы слайд арқылы айту.
2 асу: Дидактикалық ойын «Дене мүшелерін орналастыр»
«Қаңбақ шал мен Дәу» етегісінен Дәу мен Шалды салыстыру.
3 асу:Сергіту сәті: «Бейнесюжет арқылы санамақ айту»
4 асу: «Жануарлар»
Жабайы жануар мен үй жануарларын мекендейтін жерін тап. (орман мен үйдің суреттерін слайд арқылы орналастыру)
5 асу: «Не артық?»
6 асу: «Жыл мезгілдерін білесің бе?»
Балаларға интерактивті тақта арқылы жыл мезгілдерінің суреттері ұсынылады. Сурет арқылы мезгілді баяндау тиіс. Қазақстан Республикасы жөнінде әңгімелейді.
Қорытынды: Сөздік ойын: «Біз білетін 100 сөз»
Ұсынылған бейнесюжеттегі сөздерді тез жауап беру тиіс.
-Балалар сіздер ақылды балалар екенсіздер!!!Білім шыңы алынды. Мектепке дайындықтарын өте жақсы.
Cіздеге сыйлыққа, мектепке қажет құрал – дәптерді ұсынамын. Тек 5 деген баға алыңдар!!!
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтуды
Түсінеді: ҚР туралы, жануарлардың, қазақ тілі оқу іс-әрекеттерінде қолданылатын сөздерін атап айтуды.
Жасайды: жыл мезгілдері туралы әңгімелеуді; дене мүшелердің атауларын; санамақты.